Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 12:09, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Кіріспе
§1. Көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың пәндік білімін қалыптастыру құралы
§2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны
§3. Озат мұғалімдер тәжірибелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
5-форма: яки сөз жәрдемімен, яки көрнекі түрде көрсете отырып мұғалім оқушыларға қолда бар объектілермен жұмыс істегенде орындалуға тиісті іс-әрекеттерге қатысты, сондай-ақ ол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.
6-форма: педагог сөздің жәрдемімен оқушыларға қолда бар объектілермен олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма-қол көрсетіліп отырады.
Эксперименттік жүмыстың нәтижелеріне анализ жасай келіп, Л.В. Занков мектеп окушыларын нәрсенің сыртқы бейнесімен таныстырған кезде мұғалімнің сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың 1-формасының аса тиімділігін және 3-форманың басқалардан гөрі тиімділігі төмендегідей, атап өтеді. Құбылыстардың байланысы мен тәуелділігін оку қажет болған жағдайда 4-форма емес, 2-форма анағүрлым тиімді болатын көрінеді. Сонымен бірге эксперимент оқушылардың білімді баянды меңгеруі үшін мұғалімнің сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың 1 және 2-формаларының тиімділік әсерінің жоғары болатынын көрсетті.
Сонымен, көрнекі кұралдар мен білім беру кездерінің бірі ретінде пайдаланылмай, мұғалім сөзінің иллюстрациясы ретінде ғана қызмет атқарса, оларды қолданудың тиімділігі анағұрлым төмен болып шығатын көрінеді. Өкінішке орай, мектеп практикасында мұғалімнің сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың дәл осы формасы әлі күнге дейін анағұрлым кеңірек етек алуда. Демек, оку процесін жетілдіру міндеттерінің бірі сабақтарда көрнекі құралдарды мәлімет берудің дербес кездері ретінде кеңінен пайдалану болып табылады.
Бұл оқушылардың сабақ үстінде жеке дидактикалық материалдардың әр алуан түрлерімен өздігінен жүмыс істеп отырай, зат сабақтарын, жеке тәжірибелер мен бақылаушыларды (табиғат тану және еңбек оқу сабақтарында) жүргізіп отыруды, демонстрациялық көрнекі қүралдарды оқып-үйренуге негізделген тапсырмаларды орындаттыруды және т.с.с. керек етеді.
Көрнекі құралдарды пайдаланудың танымдылық тиімділігі, Л.В.Занковтың пікірі бойынша, оларда берілетін мәліметтерді оқушылардың өздігінен қорыта алу және атап өту, -деп жазды Л.В. Занков, бұл әлі сөз бен көрнекі образдың оқушының басында тиісті дәрежеде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы объектінің мүғалім оның зейінін аударып қана қойған қасиетін өзі айыра алса, және оған сөзбен өзі сипаттама бере алса, мектеп оқушысының бойында объект туралы ап-айқын түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі".
Мектеп окушыларының теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің, бір жағына, көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттерін айырып тануға және олардың мәні шамалы қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік беретін, ал екінші жағынан үғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қолдану жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М. Пышкало жазған мақалалардың бірінде тәп-тәуір ашылып көрсетілген. Ол былай деп жазған болатын: "Әр алуан нәрселермен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығына, түр-түсіне, жай-жапсарына, салмағына және тағы сол сияқты қатысы шамалы оларға анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды.
Көрнекілік принципінің негізгі талаптары:
Көрнекілікті артық қолдануға болмайды, ол оқушылардың теориялық ойлау процесін дамуына кедергі болмауы керек.
Көрнекілік әдісі мұғалімнің әртүрлі көрнекі оқу-құралдары мен оқытудың аудио-физуальдық (есту-көру) техникалық құралдарын кітаптар, карталар, таблицалар және басқа да ашық бояулы, анық та айқын өрнектеліп, баспадан шыққан оқу құралдарын жасаған дидактикалық материалдарды пайдалану өз көрінісін табабады.
Көрнекіліктің негізіне бірінші сигнал системасының тітіркендігіштері жататын болса, екінші сигнал системасы оның сигналдарына реттегіш ыкдал жасайды. Қандай да болсын көрнекі құралдарды көрсету әрқашан сөзбен қосарлана жүргізіледі. Атап айтқанда, сөз оқушылардың назарын ең басты және маңызды нәрсеге аударуға, көрініп тұрған ағыл-тегіл құбылыстардан оқыту мақсаты үшін ең қажетін тандап алуына көмектесуі.
Сөз бен көрнекіліктің оқыту процесінде өзара қатынасы нақты дидактикалық мақсатына, көрнекі құралдардың бар жағына, олардың санына және сапасына т.б. тәуелдікті көрсетеді.
Көрнекі құралдардың бірнеше түрі бар:
1. Жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілермен (өсімдіктер, хайуанаттар т.б. сыныпта, мектепте жоқ) заттармен таныстыруды көздейді (табиғатқа шығу, экскурсия арқылы). Бұл әсіресе баланың алғаш санау, сан ұғымымен танысқанда өте тиімді. Мысалы: Көшеге, ауылға экскурсия кезінде ағаштарды, үйлерді малды көрсету арқылы санату. Жаратылыс көрнекілігінің басқаша түрі эксперименттік көрнекілік болып табылады. Онда окушыларды шын мағынасында өтіп жатқан процестер мен құбылыстарды таныстыру және оларды экспериметтер мен тәжірибелер жасауы барысында шектелген табиғи материалмен таныстыру көзделеді.
Символдық көрнекілік (графикалық) абстрактылы ойлауды дамытады, өйткені бұл типтегі құрал нақты болмысты шартты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (мысалы, карталар, жоспар, схемалар, чертеж). Абстрактылы теориялық, білімнің жедел дауына және олардың мектеп курсында орын алуына байланысты көрнекіліктің бұл түрінің бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, даярлық кезенде алдымен зат тобын әртүрлі заттарды көрсету арқылы санатса, бірте-бірте олардың орнына символдар (белгілер мен цифрлар). Яғни басқа түрлі көрнекі құрал келеді. Сол сияқты бір көрнекіліктің орнын екіншісі алмастырып, дамытып отырады. Математика сабағында көрнекілікті қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, оқушылардың осы пәнге байланысты қызығушылығын, ынтасында дамытады.
§3. Озат мұғалімдер іс-тәжірибелері
Дүниетанудан оқыту-әдістемелік комплект. Дүниетану (оқулықтар). 1,2,3,4 сыныптар. Бақылау күнделегі (оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар. Хрестоматия (оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар, «Дүниетану» пәнін оқыту (әдістемелік нұсқау). Дидактикалық материалдар. 1,2,3,4 сыныптар. Оқу кестелері. 1,2,3,4 сыныптар. Альбом (көрнекі құралдар) 1,2,3,4 сыныптар. Аудиовизуальды құралдар (оқу кинофильмдері, слайдар, диафильмдер, жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспалар, т.б.) 1,2,3,4 сыныптар. Өсімдік кеппе шөптерінің жинақтамалары. 1,2,3,4 сыныптар. Жануарлардың қатырылған жинақтамалары, ылғалды препараттар, тұлыптары. 1,2,3,4 сыныптар. Тау жыныстары, қазба байлықтар үлгілерінің жинақтамалары. Киіз үй, ер-тұрман, қазақтың ою - өрнектері, үй жихаздарының кішкентай көлемді макеттері. Қазақстанның физикалық, экономикалық карталары. Глобустар. Қазақстанның түрлі жер бедерін (таулы аймақтар, жазық дала, сусымалы құм, орман, суқойма, т.б.) үзінділер түрінде бейнелейтін сұлбалар. Қазақстанның көрнекті мемлекет, қоғам әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерінің портреттері.
Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады. Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония, традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.
Бастауыш кластарда табиғатты зерттеу негізінде өлкетану принципі алынған. Табиғаттанудан сабақ беруді жүзеге асыру өз өлкесін жүйелі түрде зерттеуді көздейді. Ол үшін туған жер туралы фактілер мен деректерді үнемі жинап, әрі қарай ол материалдарды қорытып отыру қажет. Материал жинауды оқушылар экскурсиялар, серуендер, жорықтар кезінде жүзеге асырады.
Өлкетану мүйісінің негізгі бөлімдері мынадай болуы мүмкін.
Біздің мектеп.
Мектеп тұрған шағын аудан.
Мектептің тарихы туралы деректер.
Біздің мектептің табиғаты.
Ашық жерде табиғаттанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек (ол жалпы білім беретін орта мектеп алаңының бөлігі болуы мүмкін).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Экрандық көрнекілік түрлері, қолдану ерекшелігі
1 Экрандық көрнекілік түрлеріне сипаттама.
2. Экрандық көрнекіліктерді дүниетану сабақтарында қолдану ерекшелігі.
Экрандық көрнекі құралдар оқушылардың танымдық өрісін кеңейтуге себебін тигізеді. Оқушылар табиғаттан тікелей бақылай алмайтын құбылыстармен танысуға мүмкіндік алады.
Экрандық құралдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады. Мысалы, 3-сыныпта «Табиғаттағы қысқы құбылыстар» бойынша өткізілген сабақта қыс туралы әңгімелесудің соңынан, кинофильді көрсетуден бұрын, мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, «Қыс» кинофильмін көрсетеді, сосын қойылған сұрақтарға жауап бергізеді.
Жаңа материалды түсіндіру кезінде, мысалы, пайдалы қазбаның қасиеттерімен таныстырып, оны қалай өндіретінін диафильмен көрсеткен жөн.
Экрандық құралдарды пайдаланудың алдында проблемалық сұрақтар қою керек: «сендер тастардың суда, теңіздер мен мұхиттар тереңінде пайда болғаны туралы бұрын естідіңдер ме? «Известняки» диафильмі осы сұрақтан басталады. Оқушылар қызығады, белсене қарайды.
Оқушылардың ойлау қабілетін жандандыру үшін сабақта экрандық құралды пайдаланғанда алған білімді есте сақтауға мүмкіндік беріп, оны нығайтып, кеңейте түсуге ықпал жасайды. Логикалық ойлау әрекетін дамытуға себебін тигізеді.
Мұғалім диафильмнің толық немесе жаңа кадрларын көрсете отырып оқушылармен әңгімелесе алады.
Дүниетанудың кез-келген сабағында иллюстрациялар көрсетуге компьютер тамаша құрал болып табылады.
Кинофильм көркем мәнерлі құрал, эстетикалық сезімдер дамытады. Тәрбиелік маңызы зор. Ол біздің табиғатымыздың байлығы мен әдемілігін көрсетеді. Оны аялап қорғауға үйретеді. Бейнефильмнің де маңызы зор.
Педагогикалық тәжірибе оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақгы зерттеу обьектісі, фактылар мен ғылыми мәліметтерді жинақгаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықган педагогикалық озат тәжірибе оку-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстазтардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлік пен пайдаланудың жолдарын қарастырды. Бізде осы еңбегімізде бірнеше мұғалімнің іс-тәжірибесін тақырып бойынша зерттеп, жинақгауды жөн көрдік.
Жас ұрпақка сапалы білім, саналы тәрбие беруде қазіргі заман талабына сай жемісті еңбектеніп жүрген үстаздардың бірі Жаңабаева Әтеркүл Ырысқызының Ол Ұстаз алдындағы әр шәкіртінің мінез-құлқын, қызығушылығымен әсерленуін, жан-дүниесі, үйелмен жағдайын жан-жақга зертеуге баса назар аударды. Соның нәтижесінде әр оқушының ерекшелігіне бүкіл оқу тәрбие процесін сол бағытта құрады. Мысалы өткен оку жылындағы ұстаздың негізгі қойған мақсаты — оқушылардың білімге құштарлығын арттыру. Міне, осыған орайсабақты ұғымды етіп өткізуде әр тақырыпқа арналған, бір жүйеге келтірілген схеиалар, тіл дамытуға арналған суреттер, альбомдар, табиғаттың құбылыстары бейнеленген сюжетті суреттер, карталар, ойындар, дидактикалық және үлестірмелі топтамалар т.б материалдар сыныпта ұқыпты жинақталған. Ұстаз бұл материалды оқу-тәрбие процсінде оқушыларды оку еңбегіне тәрбиелеуде, ізденімпаздыққа баулуда, пәнге қызығушылығын арттыруды тиімді пайдалануда.
Талмай ізденетін еңбекқор ұстаз өзінің мол тәжірибесін әріптестеріне үйретуде. Ол окушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыта отырып,негізгі бөлімді сыныпқа меңгертуді, осыған орай сабақгың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктерін өз ара тығыз байланыстырып, шығармашылықпен жұмыс істеуді, ізденуді оқытудың белсевді формаларымен әдістері игеруді мақсат етуде. Енді төмевде үстаздың кдзақ тілінен өткізген бір сабағын баявдайық 2-сынып жыл бойы өткен таідырыптарда окушының қаншалықгы меңгергені анықгау, сауатты жазу дағдысы мен байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіре тусу үшін кдйталау сабағын өткізеді. Бұл сабақга тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытуды көздейді.
Информация о работе Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру