Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 12:09, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Содержание работы

Кіріспе
§1. Көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың пәндік білімін қалыптастыру құралы
§2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны
§3. Озат мұғалімдер тәжірибелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Қабылханова курсовая работа.docx

— 79.98 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі күнде де баланы көрнекі құралдары қолданып оқыту проблемасы оның тиімді жолдарын табу, оны дұрыс қолдану әдістемесі төнірегінде көптеген педагогтар, ғалымдар еңбек етуде. Педагогиканың арнайы дидактикалық саласында осы көрнекі оқытуға көрнекілік принципін негіздесе, оқыту әдістемесі бөлімі көрнекі оқытуды зерттейді.Сонымен көрнекілік дегеніміз балалар оқып-үйренетін білімнің моделі. Көрнекілік жағынан тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, материалды есте жақсы сақтау үшін де қолданылады.

К.Д.Ушинский «егер оқу балада ақыл ойды дамытуға талап қоятын болса, онда бұл олардың байқау кабылетін жаттықтыруға тиіс» деп әділін айтқан еді.Жай байқауларды оқушы күн сайын жасап отырады. Бұлардың сипаты алуан түрлі: мысалы құтыдағы балықтардың жүріс-тұрысын байқау өсімдіктердің өсуін, жануарларды байқау т.б. болуы мүмкін. Байқау оқушыларымен бірге мұғалім белгілі бір тұжырымдаған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Олар материалды оқуды алдын ала белгілеуші немесе жинақтаушы, қортындылаушы болуы мүмкін. Байқау кезіндегі теңестіру, салыстыру тәсілдері ұғынып ойлауды жетілдіреді, жеңілдетеді, материалдың есте берік қалуын артырады. Байқау тиімділігінің соңғы шарты оны оқушылардың практикалық жұмыстары әдісіне біріктіруі, бұл да қәзіргі кезде кеңінен таралып отыр.

Демонстрация – дегеніміз түрлі заттарды, материалды, құралдар мен тәжірбиелерді көрнекілік көрсету. Демонстрацияны кеңінен пайдалану оқу материалдарын қабылдаудың алғашқы кезіңін оқушылардың бірінші дыбыс жүйесінің қосылуын қамтамасыз етеді, кейде сөзбен санадағы ұғымдар арасында туатын үзілістерді жеңуге көмектеседі. Заттарды, схемаларды, таблицаларды, арнаулы кинофильмдерді демонстрациялау окытуды жүзеге асырудың басты құралы болып саналады. Оқу процесінде мұғалім заттарды, картиналар мен схемаларды, диапозитивтерді, диафильмдерді, оқу    кинофильмдерін  демонстрациялауды, тәжірибелерді демонстрациялауды қолданады.

Дидактика заттарды демонстрациялаудың төмендегідей ережелерін қалыптастырады: затты түрлі сезім органдарымен қабылдайтындай етіп көрсету. Сыныпта заттың бәрін бірдей көрсете беруге болмайды, сондықтан да оқу процесінде картиналар мен схемаларды демонстрациялаудың маңызы зор. Көптеген мұғалімдер алуан түрлі қолдан жасалған көрнекі құралдарды ойдағыдай пайдаланады. Көрнекіліктің бақылау және демонстрациялау әдістерін сабақ үстінде тиімді пайдалану мұғалімнің тәжірибесіне, біліктілігіне байланысты.

Принцип – латын сөзі (pzincipium) негіз, жетекші идея, негізгі ереже, іс-әрекетке қойылатын негізгі талап  деген ұғымдарды береді оқыту теориясы мен практикасының тарихында тұрақты орын алып келе жатқан дидактикалық принциптер бар. Мысалы, «Баланы жеңіл, қызықты әрі тиянақты оқыту», «білімді саналы меңгеру», «көрнекілікпен оқыту» т.б.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Коменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екендігін дәлелдейді. Сондықтан, оның пікірінше оқытудың көрнекілік принципін (ең басты ережесі) – табиғатқа сай болу принципі.

И.Г.Пестолоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойдауды дамытатын маңызды құралы деп санаған.

К.Д.Ушинский оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған.

Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деген.

Енді оқыту принциптерінің бірі – көрнекілік принципін қарастырайық.

Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.

Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негізделеді.

Көрнекілікті қолдану  бала психологиясының ерекшеліктеріне, әсіресе образдық ойлауға байланысты болады.

Бұл принциптің негізгі талаптары:

- Көрнекілікті  белгілі мақсатқа байланысты қолдану;

- Көрнекілікті қолдану оқушылардың бақылау әрекетін ұйымдастыруды керек етеді;

-Көрнекілікті қолданудың маңызды бір шарты мұғалімнің образбен (бейнемен) өзінің сөзін дұрыс байланыстыра алуында; Көрнекілікті артық қолдануға болмайды, оқушылардың теориялық ойлау процесінің    дамуына кедергі болмауы керек;

- Көрнекі құралдардың түрлерін (заттық, бейнелік, графикалық, символикалық, техникалық т.б.) оқу пәндерін және оқушылардын жас ерекшеліктеріне сай қолдану.

Бастауыш мектептегі оқу тәрбие жұмысында көрнекілік принціпін пайдалану бағдарламалық материалды оқыту әдісіне ықпал жасаумен қатар, оқу ісінің тәрбиелік, дамытушылық, жақтарының жақсарыуына да әсерін тигізеді.

Сабақта білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен тығыз байланысты жүзеге   асырылады:   саналық көрнекілік  жүйелілік,   бірізділік,   жас ерекшеліктерінің ескеріліуі, жекеше қарым-қатынас т.б. Соның  ішінде көрнекілік принціпінің ролі ерекше.

Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек. Көрнекілік принципін жүзеге асыра отырып, бір жағынан оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан, олардың түсініктеріне (ұғынуына) сүйенеді.

Бастауыш сынып оқушыларын көрнекілік арқылы оқытқанда, мұғалімнің оқушыларда жанды,  айқын образдар тудыратын, өздеріне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқушылардың оқу материалы сапаны игеруіне көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны

 

Мектеп оқуындағы көрнекілікке қойылатын талаптарды XVII ғасырда Я.А. Коменский негіздеді. Оның айтуынша, түйсік әсері болмайынша ақыл-ойға өздігінен қонатын ешнәрсе болмайды.

Сондықтан оқу да, нәрсе, заттар жөнінде талдау-тұжырымдаудан бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау қажет деген. Коменскийдің ойынша, білім түйсікке негізделіп, соған аяқ тіресе, сол дәлелді, нанымды болады. Өз көзімен байқау дәлелдеумен тепе-тең. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатының дәлелдеді.

Ян Амос Коменский балаларды оқытуда мына жағдайды ең бағалы ереже деп санады: "Мұғалім үшін алтын ереже бала сезім арқылы қабылдай алатын нөрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы, тағыларын байқасын, кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы" ("Ұлы дидактика", XX тарау).

Мұнан кейінгі кезендерде педагогиканың классиктері. Әдіскерлер жеке әндердің оқыту әдістерін зерттеп, оқытудың көрнекілік принципін нақты анықтай түсті.

Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің тарихында ұлы ағартушыларың, қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері туралы көзқарастары ерекше орын алады.

Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігі, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, ерік-жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғынды. Білім алуда педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлері дидактикалық мұра болып есептеледі.

Ұлы Абайдың: "Адам баласы... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен үстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады", деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады.

Сонымен, окуда көрнекілікті қолдау арқылы оқушылардың білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы терендей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, нәрсе-заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе-заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.

Балалар әрқашан да оқылатын нәрсе-заттармен қолма-қол тікелей танысуға әуес, ынталы келеді, сондықтан көрнекілік әрқашан да окушылардың білімдерді меңгеру үстінде белсенділігін дамытуға әсер етеді, дүние тану-білу жұмысында оқушылардың назарын белгілі бағытқа жұмылдырады.

Бірақ бүкіл оқу көрнекілікке негізделеді деуге тек көрнекілік арқылы ғана шешіледі деуге де болмайды.

Педагогиканың классиктері оқылатын нәрсе мен заттар және құбылыс оқиғаларды алғашқы рет білуді байқаудың ролін жоғары бағалай отыра, байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертті.

Сондықтан олар байқауларды ақыл-ой арқылы бағыттауда талап етті, адам ақылы арқылы құрылатын топтылауларды меңгерудің қажеттілігін айтты. Сыртқы сезімдер ақыл арқылы бағытталуга тиіс. Я.А. Коменский өз кезіңде егер ең жоғарғы байқаушың ақыл-ой сыртқы сезімдерді мұқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ материал болып қалуы мүмкін деген. Осы кезде байқау мен сөз сөйлеуді тиімді түрде байланыстыру мәселесін шешуде академик И.П. Павловтың адам санасындағы бірінші жөне екінші сигналдық системаларының өзара байланысы жөніндегі оқуына сүйенеміз. Бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін нақты материалдар, екінші сигнал сөз, сөйлеу, екінші сигнал бірінші сигналсыз болмайды. Екеуі бір-бірінен айырылмайды. Адамда сөзбен ойлау дамыған сайын екінші сигнал системасының функциясы өсе береді. Бірақ, сөз сөйлеу қоздырғыштары бірінші сигналдың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу, сөз сөйлеу қайталана берсе, ол адамды ақиқат, шындықтан алыстата береді.

Сонымен бірге, бірінші сигнал системасы арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат нәрселерді тек қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала береді, логикалық дәрежеге, топшылау-қорытындылау дәрежесіне көтерілмей қалады. Топшылау қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігін туғызатын әңгімелесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз кезінде Коменский оқылатын нәрсе-заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр салалы сезім мүшелері арқылы қабылдауын талап етті.

Шынында да, оқуда көбінесе көзбен көру арқылы қабылдау кең орын алады. Оқушылар білімінің сапасы көзбен көрумен бірге оқуда бұлшық етпен сезіну арқылы қабылдау да арта түседі. Егер оқушылар көрсетілген тәжірибелерді көріп қана қоймай, сол тәжірибені өзі жасаса білімдері нақты және негізді болады.

К.Д. Ушинский оқушыларда байқағыштықты, таным-білім белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытудың маңызын жақсы түсінді. Төменгі класс оқушыларын көрнекі оқытудың табиғатын талдау негізінде ол мұғалімдерге оқушыларда жанды жарқын бейнелер тудыра алатын, оларға таныс заттардың жаңа жақтарын ашып беретін, оқушылардың оқу материалын неғұрлым берік игеруіне жол ашатын құралдарды көрсетуге кеңес берді. Сондықтан да оқу программаларын білімдердің теориялық дәрежесін арттырумен ұштастырғанда мектеп білімінің көрнекілік сипатын сақтау қажеттігіне сүйенеді. Осыған байланысты оқу процесінде оның көрнекілік функциясы, сипаты мен пайдаланылуы өзгереді. Көрнекі құралдар нақтылы заттарды жақсылап қабылдау үшін ғана емес, ұғымдарды қалыптастыру үшін бастапқы материал ретінде пайдаланылады, көрнекі оқыту, бір жағынан, окушыларда білімге қажеттілікті тудырып, ой жұмысын ынталандыру үшін, екінші жағынан, қабылдаудың абстракты ойлаумен неғұрлым тығыз бірлігін қамтамасыз ету үшін бағытталады.

Оқу процесінде заттай көрнекілік (минералдар, өсімдіктер, қарашылар, модельдер) және бейне көрнекілігі (фотография, картина, карталар, схемалар және тағы басқалар) пайдаланылады. Көрнекі құралдармен жұмыс заттың сипатына қарай, балалардың жасына қарай өзгеріп отырады, бірақ кейбір жалпы ережелерде белгіленуі мүмкін.

Мұғалімнің сөзінің көрнекілікпен дұрыс ұштасуының үлкен маңызы бар. Дидактикада сөз бен көрнекілікті ұштастырудың екі жолы белгілі. Бірінші жол көрнекі құраларды көрсету мұғалім сөзінің алдынан келеді. Бұл жағдайда мұғалім оқушының байқауына басшылық етеді, ал байқаулардың барысында олар қажетті білімдерді алады. Екінші жол сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің алдынан келеді. Бірінші жол неғұрлым тиімді саналады, өйткені бұл білімдердің хабарлауын қамтамасыз етіп ғана қоймайды, сондай-ақ оқушылардың байқағыштығын дамытуға жол ашады. Бірақ екінші жолды да толығынан қолдануға тұрады, уақытты аз керек етеді және материалдың сипаты мен оқыту жағдайларына қарай пайдалануға болады.

Көрнекі құралдарды тек мұғалім ғана емес, сондай-ақ білімдерін бекітіп, тексергенде оқушылар да пайдаланады.

Сабақты көрнекі материалмен бастырмалатуға болмайды. Көрнекі құралдар тым толып кеткенде туатын әсерлердің молдығы оймен толғап қорытуды қиындатады және оқушылардың білім сапасына нұқсан келтіреді.

Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблемасы Л.В. Занковтың "Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ісідегі ұштастығы" және "Оқыту ісіндегі көрнекілік пен оқушылар белсенділігін көтеру" деген еңбектерінде анағұрлым толық талданған. Л.В. Занковтың пікірінше, мұғалім сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:

1-форма: мұғалім сөздің көмегімен окушылар жүргізетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы бөлімді оқушылар бақылау процесінде көрнекі объектінің өзінен алады.

2-форма: мұғалім сөздің көмегімен окушылардың өздері көрнекі объектілерге жасаған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға тән тұжырымдауға бастайды.

3-форма: объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы мәліметтеді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады, ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәлімдемелерді дәлелдеп немесе мақтай түсу қызметін атқарады:

4-форма: мектеп оқушыларының көрнекі объектіге жасаған бақылауларына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекелеген деректерді біріктіреді, жинақтайды.

Информация о работе Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру