Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 12:09, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Содержание работы

Кіріспе
§1. Көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың пәндік білімін қалыптастыру құралы
§2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны
§3. Озат мұғалімдер тәжірибелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Қабылханова курсовая работа.docx

— 79.98 Кб (Скачать файл)

Білім беруді түрлендіріп, оқытудың тиімді әдістерін қолданудағы басты мақсат-оқушының білім сапасын көтеру. Білімді меңгерудің сапалығына жету. Бұл ұғым үдерісінде үш кезеңнен өтуге тиіс: бірінші кезең-оқушы берілген мәліметті (білімді) саналы қабылдап, есте сақтайды; екінші кезеңде-сол алған білімін үлгі бойынша қолдануға төселеді; үшінші кезеңде үлгі – меңгерілген білімнің сапалылығын байқатады. Алған білімді өзіне бұрын таныс емес жаңа жағдайда қолдана білуге жетсе, меңгерудің осы үшінші кезеңін шығармашылық деңгей деуге болады.

Ойын арқылы, көрнекілік арқылы оқушылардың танымын   қалыптастыру құралы. В.А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.

Әрине, ең алдымен оқушыларды ойынның өткізілу түрі қызықтырады, ал содан соң ғана, егер де білмесе ойынға қатыса алмайтын, оқу материалы.

Ойын барысында оқушылар өздері де байқамай әр түрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтай отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.

Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері ,жауапкершілік толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш жігер, мінез-құлық тәрбиеленеді.

Көру, есту, қимыл әрекет көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері , жұмбақтар, әзіл есептері, ахуал жағдайлары, сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.

Даярлық топ оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің сабақтарымда ойын элементтерін кең түрде пайдаланамын.                 Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері түсіндіріп отырған материалымды оқушыларым аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші екендігіне көз жеткізіп отырмын.

Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады. Оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. Өз басым, А. С. Макаренконың «Жақсы ойын – жақсы жұмысқа тең» деген сөзімен толық келісемін. Себебі, сабақтарымда ойын технологияларын немесе ойын элементтерін кіріктіріп, оқытылатын материалмен ұштастырған уақытта проблемалық жағдаяттар туады. Ал сол жағдаяттарды шешу үшін оқушылар ойынның ережелерін сақтай отырып, ойынға бірден еніп кетеді. Қызығушылықтары артып, қайтсе де басқалардан бұрын жеңіске жетемін деген оймен алдында тұрған міндеттерді орындауға құлшынады. Тапсырманың барлығы әр баладан ой қозғалысын, күш-жігер, талпыныс пен шығармашылықты талап етеді. Ал бұның барлығы еңбек. Баланың бойындағы барлық қабілеттері бірдей жұмыс атқарса ғана, ол жетістікке жете алады.

 

Енді, озат мұғалімдердің тәжірибесіне тоқталайық.

Қ.Есенбаева, № 11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаттары: 1) Әртүрлі тәжірибелер нәтижесінде судың қасиеттерімен оқушыларды таныстыру; 2) Оқушылардың байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту, әртүрлі деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу; 3) Оқушыларды суды таза сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.

Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен материалды қайталау. Үйге берілген «Су» мәтіні бойынша жұмыс. 5-6 оқушыға мәтін мазмұнын әңгімелету.

Оқушылардың өздеріне мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойғызып, қорыту.

ІІІ. Өткен материалды бекіту. Оқушыларды 2-топқа бөліп, әр топқа осы үй тапсырмасына берілген «Су» мәтіні бойынша қорытынды жасату.

  • Балалар, үйге берілген мәтіннің негізгі ойын, идеясын бір сөйлеммен немесе бір мақалмен қорытып көріндерші. (Әр топ өз ойын айтады).
  • Мысалы: «Сусыз тіршілік жоқ» - «Су қадірін шөлдеген білер».
  • Ең үздігін атап өту.

ІV Жаңа сабақ.

  • Ой шақыру. «Еділ - Жайық» аңызын оқып, әңгімелету. Аңыздың негізгі идеясы «Су – тіршілік көзі» екенін атйқызу.
  • Оқушылардың су туралы білімдерін, түсініктерін анықтап байқау.
  • Су қандай зат? (Сұйық)
  • Судың түсі қандай? (Мөлдір)
  • Суды қандай жерлерде кездестірдік? (Көл, өзен, жаңбыр, суы, т.б.)
  • Судың қасиетін анықтайтын тәжірибелер жасату.

І топ: судың иісін, түсін, дәмін білдіретін тәжірибе жасату. Схеманы толтыру.

                       Иіссіз

Су                  Түссіз

                       Мөлдір

                       Дәмсіз

ІІ топ: Су пішінін көрсететін тәжірибе жасату, қорытындысын ауызша айтқызу.

ІІІ топ: Судың ағатынын, жұғатынын көрсететін тәжірибе жасату.

Схеманы толтыру:

                       Аққыш

Су                  Жұққыш

                       Жабысқақ

IV топ: Судың табиғат пен адам үшін маңызын айтқызу:

                      Тазалық

Су                  Денсаулық

                      Ас, тағам

                      Қатынас жолы

V. Оқулық жұмыс. Мәтінді оқыту, мұғалімнің берген сұрағы бойынша оқушылар керекті бөліімді тауып оқиды, түсінгенін айтады.

  • Судың түсі, иісі жайында айтылған бөлімді (І топ).
  • Судың пішіні жайында айтылған (ІІ топ).
  • Судың аққыштығы, жабысқақтығыжайында (ІІІтоп).
  • Судың буға айналу жайында (IV топ).
  • Оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйене отырып, су туралы білімдерін толықтыру:

а) «Су мәңгі саяхатшы» су – бу – мұз.

ә) Судың түрлері: сұйық, қатты, газ.

б) Судың пайдасы, оны қорғау.

  • Су туралы тыйым сөздер, мақал-мәтелдер айтқызу.

VІ. Жаңа сабақты қорыту. Сабақ бойында өтілген материалды пайдаланып 4 топқа «Сусыз – тіршілік жоқ» деген ауызша мәтін құрастыру.

VII. Үйге тапсырма. Сыныпта құраған мәтін желісімен шығарма жазып келу, оқулықтағы мәтінді оқу, мазмұндау.

VIII. Бағалау.

Мұғалімнің нәтижесінде судың қасиеттерімен оқушыларды таныстырып, оқушылардың байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту, әртүрлі деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулыды, оқушыларды суды таза сақтауға, оқушының танымдық қызығушылығын артыру мақсатында толығымен  қорытындылауымызға болады.

Келесі сабақ:

№2. Г.Сағатбекова. Жетіарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы тәрбие көзі.

Сабақтың мақсаттары:

  • Білімдік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыра отырып ауылды жер мен қала халқының тіршілігі жайлы және қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білуге баулу;
  • Дамутышылық Оқушылардың топ алдында еркін сөйлеуін, өз ойларын қорытындылап жүйелі айта білуін дамыту;
  • Тәрбиелік: Ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, қойылым.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакат, тақта, компьютер.

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру. «Бәйге ойыны».

Үй тапсырмасы.

  • Жаңарған еңбек дегенді қалай түсінесіндер?
  • Шаруа қожалығының жұмысын кім шешеді?
  • Отбасы мердігерлігін қалай түсінесің?
  • Шағын жеке меншік ұжымының тиімділігі?
  • Жаңаша құрылған шаруашылық жұмысы халық тұрмысының жаңаруына себебі бар ма?
  • Өзің білетін қандай ұжымдар бар?
  • Ата-анаң қандай ұжымда еңбек етеді?
  • Өзің тұрған жерде қандай кәсіпорын ұйымдастыруға болады деп ойлайсың?
  • Өзің қандай ұжымда еңбек еткің келеді?

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Бұрынғы еңбек пен жаңарған еңбек түрлерін салыстыра отырып пайдасын атап көрсет.

Жаңа сабақ. Сұрақ-жауап.

Ауылды жердің тұрмыс тірлігі жайлы не білесің? Қала адамдарының тыныс тіршілігі қандай?

Топпен сурет бойынша жұмыс.

1-топ. Шілдехана, ат қоюға байланысты сурет.

2-топ. Бесікке салу, тұсау кесуге байланысты сурет.

3-топ. Атқа мінгізу,сүндетке отырғызу және тілашарға байланысты суреттер таратылып беріледі.

Осы суреттер бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты дауыспен оқып беремін. Оқушылардың ойларын толықтыра отырып, түсінік беремін.

Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынаста күшейту мақсатымен енгізілген. Ұрпақты сыйлауға, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған. Осы салт-дәстүрлердің көрінісі ауылды жерде көп кездеседі. Ауылдың тәрбиесі балаларды салт-дәстүрді бойына сіңірумен қатар еңбекқорлыққа, төзімділікке, инабаттылыққа тәрбиелейді.

Сахналық қойылым: Сынып оқушылары «Бесікке салу» рәсімін көрсетеді.

Сабақты қорытындылау

  • Қандай әдет-ғұрып өзіңе ұнайды? Әдет-ғұрып қалай қалыптасады? «Ауылдағы тәрбие көзі» дегеніміз не?

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Мазмұнын ашу. Қазақтың салт-дәстүрлерін білу, үйрену.

Бұл жұмыста оқушыда қазақ халқының салт-дәстүрі, тумыс тіршілігі арқылы өзiндiк көзқарасын, сезiмiн эстетикалық талғамын артыра білді.

Келесі сабақ:

Бастауыш сынып мұғалімі Өксікбай Г.Т.

Сабақтың тақырыбы: Жарық- жануар тіршілігіне қажетті жағдай. Сусыз тіршілік жоқ.

Мақсаттары:

а) Оқушылардың ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Жануар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырыптың мазмұнын меңгерту;

ә) Жануар тіршілігін зерделеуде білім, білік, дағдысын қалыптастыру, тапсырманы орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

б) жануарлардың мұқтаждығы бар екенін, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жануарлар суреті, энциклопедия, тест.

Әдісі: Ақпараттық технологияны пайдалану, түсіндірме, сұрақ – жауап, әңгімелеу, ой-толғау, топтастыру, проблемалық сұрақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

Пәнаралық байланыс: Әуен.

Сабақтың формасы: жеке, жұптық, топтық.

Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру бөлімі. Құралдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
  • Үй жұмысы (Өткенді қайталау). Сұрақ – жауап.

- Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді? Өлі және тірі болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатты ата.

- Топтастыру. (Оқушылар интерактивті тақтаға қаламмен жануарларды күн бейнесіне топтастырады).

Құстар

Сүтқоректі Бунақденелілер

Жорғалаушылар Балықтар

Қосмекенділер

1. Айырмашылығы. Ал, енді әр жануарлардың айырмашылығына тоқталамыз. Мысалы: құс ұшады, балық суда жүзеді, сүтқоректілер сүтпен қоректенеді. Барлық жануардың қасына қажетті жағдайларды апарып қою керек.

Мысалы (жапалақ суреті), тышқан (қорегі) – ауа – жылу.

Құстар Сүтқоректі Бунақденелілер (түйе суреті) «балық» (маса суреті) ауа-жылу(қорегі) шыбын-шіркей ауа-жылу  (қорегі)

Жорғалаушылар Балықтар (жылан суреті) (сазан суреті)  
ұсақ жәндіктер ауа-жылу ұсақ балықтар ауа -  (қорегі) жылу(қорегі) Қосмекенділер (бақа суреті) құрт-құмырсқа қорегі ауа-жылу

2. Ұқсастығы: Осы жануарлардың бәріне де аталған қажетті жағдайлар қажет.

3. Дұрысы-бұрысы: Түйе балықпен емес, шөппен қоректенеді.

IV. Сергіту сәті (оқушылар екі топқа бөлініп, қимылмен көрсетеді).

1-топ:

Бақа, бақа, балпақ,

Информация о работе Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру