Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 14:51, дипломная работа
Интеграция - бұл жеке және қоғамның бір - біріне өзара бейімделуі. Бұл процессте жекенің ғана бірлестікке үйренуі емес, сол сияқты осы жекеге бірлестіктің де бейімделуіне қажет қадамдар жасайды.
Интеграциялық білім беру кезінде мұқтаж балалармен қалыпты ақыл есі дұрыс балаларды оқыту тең дәрежеде жүреді. Ерекше назарды тек білім беру орталықтарына ғана емес, сонымен қатар баланың өмір сүріп жатқан әлемінеде көңіл бөлуіміз керек.
Кіріспе
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан
Республикасының Президенті Н.
Ғылыми-техникалық революцияның қарқынды дамуы қоғамдық өмірдің барлық ортасын ақпараттандыру процесінің дамуы кең көлемде өзгеруін талап етеді. Барлық дамыған және дамушы елдерде кеңмасштабта білім берудің ақпараттық бағдарламалары (программалары) іске асырылған. Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның дұрыс ойлау қабілетін, оның үздіксіз мәдени дамуының, білімі және кәсіпкерлік деңгейі өмірдің жаңа қоғамдық шарттарына тез бейімделуінің қабілеттілігін тәрбилеу. Қазіргі кездегі білім берудің негізгі даму деңгейі – оқу орталықтарының нақты шегіне және әртүрлі дұрыс интеграция қажеттілігіне шығару.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастылығында оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті қазіргі кезде алдымызға қойылған мәселелердің бірі болып табылады.
ҚР «Білім туралы» заңында (8 бап,1 б) білім жүйесінің басты міндеті білім алуға жағдай жасау, барлық деңгейдегі жене интеллектуалдық дамуы, психофизиологиялық және жеке қабілеттеріне қарай білім берілуі керек.
Балалық шақтың ерте кезеңі - адамның тез жетілетін, физиологиялық, конитивтік және эмоционалдық өзгерістер болатын кезең. Ерте кезден даму бағдарламаларына қатысқан бала әлеуметтік және эмоционалдық жағынан дайын, сенімді және мейірімді, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан,мәселелер мен міндеттерді шешуге дайын болып өсетіні дәлелденген.
Бүгін ешкімге құпия емес соңғы он жылда әр - түрлі себептерден шапшаң түрде даму қабілеттері төмен, көбінесе алуан түрлі балалар саны көбейіп кетті. Сонымен қатар ата - аналар ондай балаларды көбінесе тәрбиелеуге мемлекеттік жабық мекемелерге тапсырмай, отбасында қалдырады. Бұның бәрі білім алуға ешқандай мүмкіндіктері жоқ балалар санының тез өсуіне әкеп соқты, олардың отбасылары қандайда бір әлеуметтік - психологиялық қолдаудан айырылған, не заңдық негіз, не білім беретін - түзету тәжірибелері бұндай «серпіліске» дайын емес болып шықты.
Соңғы он жылда анық рәсімделіп, жағдай тенденциясы ұлғая бастады: неғұрлым ақыл естері төмен екендігі қатты біліне бастағаны, соғұрлым көрсетілетін көмек баланы отбасынан алыстатып және қоршаған ортадан оқшаулап ұстаумен байланысты болды. Өзіне ұқсас ортада көп уақытын өткізіп, бала кашанда әдеттегі әлеуметтік ортадағы өмірге бейімделу мүмкіндігін біртіндеп жоғалта бастайды. Олар өз мініндегі психологиялық даму мәселесін шеше алмай, тіпті өз ортасында кемтар бала білімін жетілдіріп ғана қоймайды, керісінше жүйке - жүйесіне қиындық туғызады.
Осы уақытқа дейін балаларды «оқыған» және «оқымаған» деп бөлу тәжірибе бойынша айтылып келеді. Осыған байланысты мемлекет баланы (кейде кіші жастағы) «оқымаған» деп санаған, белгілі нормативтік актілерге байланысты оқытуға тыйым салынған. Өкінішке орай, даму қабілеттері төмен балаларды білім беру жүйесінен және оларды төменгі қатардан алшақтатты. Балаларды теңестіріп, «оқыған» және «оқымаған» деп бөлу осы уақытқа дейін айтылып келеді.
Бірақ, қазір қоғам өзінің, барлық отбасы мүшелерінің, бірінші кезек - әлсіздерді қорғай білген жағдайда ғана денсаулығын күтетін және зиян келтіретінін терең түсіне бастады. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша болашақ кепілі үшін интернатта қалдыруға қарағанда, отбасы ортасында тәрбиеленуі тиімді екендігін көрсетті.
Сондықтан бірінші орында отбасында осындай балаларды қалдыру: олардың дамуына және оқуына қажет көмекті көрсетуге, дұрыс болашағын кепілдендіру, отбасын толық сақтауға көмектеседі. Осы сияқты қамқорлықтың нәтижесінде мүмкіншілікпен қамтамасыз ету болып табылады, қоғамның және барлық мүшелерінің өзара бірігуін жүзеге асыру, сонымен қоса мүмкіншілігі шектеулі адамдардыңда бірігуін жүзеге асыру қажет. Мұндай бірігу құқықты бірдей етуге қамтамасыздануына негізделген, бірінші орында білім алуға құқықты, әрбір балаға тепе - тең әлеуметте белгілі жастағы білім болып табылады. Жас өспірім жасынан және әрі қарай қалыпты қауыммен араласқанда мұндай адамға кәсіптілікке бейімділік және қабілеттіліктің адекватты түрі көрінеді, қоғамдық - пайдалы еңбекке одан әрі қосылуы маңызды.
Пайда болған қарама - қайшылықты шешу үшін, тәжірибеде де қоғамға «ерекше» баланы интеграциялау ойын іске асыру, ол үшін мұндай балаға тиімді сауықтандыру жүйесін жасау қажет. Бұл жүйе міндетті оның өмірлік жолының барлық сатыларын - баланын жастық шағынан ер жетіп қоғамдық - пайдалы еңбекке дейін қамтып, қалыпты қауымда дұрыс өмірді кепілдендіру қажет. Баланы қалдыру немесе интернатқа тапсыру деп таңдау алдында тұрған отбасы өмірлік жолдың игерілген моделі баланың әрі қарай қайда баратынын мектепке дейінгі мекемені қоса, мектепте оқуы, одан кейін қанағаттандыратын және басқаларға жұмыспен пайда әкелуін көру қажет. Ата - анаға баланың барлық өмір жолының келешегін көрген маңызды: егер бала мектепке дейін немесе мектепке ойдағыдай орналасса, одан кейін «үйде отырса» біртіндеп алған білімін жоғалтса, одан әрі әлеуметке бірігуін, қоғамға үйренуі, оған және оның отбасына ешқандай келешексіз – бұл нағыз күйреу. Мұндай отбасынан баланың нағыз өмірлік келешегінің әлеуметтік қиындылығын шешуі мүмкін.
Оқушылық, ұстаздық, ата-аналық коллективті, денсаулығында мүмкіншілігі шектеулі балаларды қабылдауға және оларға оқыту жағдайын жасауға дайындау, яғни барлық балаларға және естуінде аққауы бар балаларға ыңғайлы және де дамытуды максималды деңгейге жеткізуге мүмкіншілік тудыртады, және де баланы әлеуметтік ақтауға және оның қоғамға кірігуіне ықпалдасады.
Бірлестікті құрастыру (сынып, топ, мектеп), толеранттық дағдылық, төзімшілдік, қайырымдылық, өзара сыйласу.
Кемшіліктері шындығына келе ешкандай кешіліктері болуы тиіс емес, инклюзивтік білім әлеуметтік осал топтардың және қоғамдағы барлық ауысуға бет алған балалардың өмірлік сапаларын жақсартуға мүмкіндік туғызып жатыр. Бірақ біздің әлеуметтік - экономикалық жағдайымызды және қоғамның саналы деңгейін есепке алсақ, инклюзивті білім әзірше тәжірибелік сипатта ғана.
Біздің елде инклюзивті білімнің даму жүйесі орта жүйедегі (барлық мектеп үшін сияқты) маңызды өзгерістерді ғана емес кәсіби және қосымша (барлық білім үшін) жүйедегі дамытуды қажет етеді. Қазіргі уақытқа дейін, дамуында ерекшеліктері бар балалардың инклюзивті білімдерінің негізіне қатысты мемлекет аралық заңға сүйену және қаржы - экономикалық жағдай нормалары жоқ.
Бүгінгі таңда интеграциялық білім беру жалғыз халықаралық ұйым: мұқтаж жандардың білім алу құқығы мен бақытты өмір сүру құралы әлемде ерте кезден–ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғап, білім алуына көмек көрсету, ересек адамдардың қамқорлық жасауға жағдайлары болмаған.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балардың ата - аналары жалпы білім беретін орта мектепті тандаудың екі ұғымы бар: арнайы мектеп, жалпы білім беретін мектеп қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған.
Интеграция - бұл жеке және қоғамның бір - біріне өзара бейімделуі. Бұл процессте жекенің ғана бірлестікке үйренуі емес, сол сияқты осы жекеге бірлестіктің де бейімделуіне қажет қадамдар жасайды.
Интеграциялық білім беру кезінде мұқтаж балалармен қалыпты ақыл есі дұрыс балаларды оқыту тең дәрежеде жүреді. Ерекше назарды тек білім беру орталықтарына ғана емес, сонымен қатар баланың өмір сүріп жатқан әлемінеде көңіл бөлуіміз керек.
Енді, мемлекеттік білім беру орталықтарында көптеген өзгерістер болуда. Мемлекеттік білім беру бағдарламасында баланың жан - жақты білім алуына көп көңіл бөлінген. Мысалы: мектептерде медбикелер, психолог және ұстаздар ұжымы мен көптеген жиналыстар, дөңгелек үстелдер, профилактикалық орталықтар, психологтар мен жеке жұмыс істеу, сенім жәйшігі сияқты шаралар жүргізілуде.
Мемлекеттік заңға сай бүгінгі таңда, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеуге жағдай тудыруда. Білім беру, тәрбие берушінің, яғни ұстаздардың қалай жұмыс жасауына байланысты анықталады.
Әлемдік мектептердің тәжірибесінде
инклюзия дамуында ақауы бар балалардың
жалпы білім беретін
Халықаралық тәжірибеде «интеграцияланған білім» термині «инклюзивті білім» терминіне ауыстырылған.
Дамуында ерекшеліктері
бар балалар тұрғылықты жеріндегі
жалпы білім беретін
Артықшылықтары ерекше қажеттіліктерді қажет ететін балаларды оқыту үшін жалпы білім беретін мекемелерде арнайы әлеуметтік жағдайды қалыптастыру.
Қазіргі білім беретін мекемелерде, барлық оқушы - балалардың білім алулары үшін ыңғайлы, қайта қалыпқа келтіретін ортаны құру керек.
Жаппай мектептерде барлық сыныпты оқыту үшін жағдай жасау керек, оқушыға профилді мамандардың педагогикалық - психологиялық қолдауын ұсыну керек.
Дипломдық жұмыс негізінен кіріспе, теориялық, практикалық бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде қазіргі кездегі деректер қорының жалпы берілуі мен ДҚБЖ- рі және оның түрлері жайында қысқаша ақпарат берілген.
Тақырып кеңінен екінші
теориялық бөлімде
Дипломдық жұмыстың кейінгі бөлімдері мүгедектердің құқық декларациясын қарастыруға бағытталған.
Дипломдық жұмыстың соңғы,
яғни практикалық бөлімінде
Баланы дарынды, бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне сендіру ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса сапалы тәрбие беру - әрбір ұстаздық абыройлы борышы.
1.1 Интеграция мәселелері
2002 жылдың 11 шілдесінде қабылданған "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық және педагогикалық қолдау" туралы №343- П ҚРЗ заңына сәйкес, 2003 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап дамуында әртүрлі физикалық, психикалық ауытқулары бар балалардың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзету әдістері қайта қаралып, толықтырылып, кемтар балаларды әлеуметтік қалыптастырудың тиімді шаралары белгіленді.
Осы заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. Олармен қатар, бұл шараларға әртүрлі қоғамдық ұйымдар, қорлар, жеке азаматтар ат салысуына болады. Заңда көрсетілген негізгі бағыттар бойынша қолдау шаралары мүмкіндіктері шектелген, даму процесстерінде әртүрлі дәрежедегі ауытқулары бар балалар үшін мемелекет тарапынан көрсетілген үлкен қамқорлық болып саналады.
Осы заңды іске асыру - әлеуметтік саланың қызметкерлерінің, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, арнайы әдістермен оқыту, сауықтыру, түзету әдістерін іс жүзіне асыратын мамандар - дефектологтардың негізгі міндеттері.
Жоғарыда көрсетілген министрліктердің білікті мамандарының бірлесіп жүйеге келтірілген шаралары іс жүзінде жақсы нәтиже беретініне сенім зор.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігігнің мәлеметі бойынша Қазақстан Республикасында 2001 жылы 386,2 мың мүгедектер тіркелсе, оның 49,8 мыңы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Соңғы деректер бойынша кейінгі екі жылда бұл көрсеткіш 16% өскен, оның негізгі бөлігін әртүрлі интеллектуалды кемістігі бар және туа біткен ақаулығы бар балалар құрайды. Бұл көрсеткіш толық емес. Өйткені, білім министрлігінің 01.01.2001 жылғы мәліметіне байланысты мүмкіндіктері шектеулі балалрдың саны 92 015 болса, денсаулық министрлігінің мәлеметі бойынша – олардың саны 832 523.