Интеграциялық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 14:51, дипломная работа

Описание работы

Интеграция - бұл жеке және қоғамның бір - біріне өзара бейімделуі. Бұл процессте жекенің ғана бірлестікке үйренуі емес, сол сияқты осы жекеге бірлестіктің де бейімделуіне қажет қадамдар жасайды.
Интеграциялық білім беру кезінде мұқтаж балалармен қалыпты ақыл есі дұрыс балаларды оқыту тең дәрежеде жүреді. Ерекше назарды тек білім беру орталықтарына ғана емес, сонымен қатар баланың өмір сүріп жатқан әлемінеде көңіл бөлуіміз керек.

Файлы: 1 файл

интегратив.doc

— 4.25 Мб (Скачать файл)

Есте болатын жәйт, қабылданған заңдар, өкімет тарапынан  көрсетілетін  қолдаулар мен көмек түрлері кемтар балалардың  барлық мәселелерін  түбегейлі  шеше алмайды. Әлі күнге дейін негізгі ауыртпалық  кемтар  баланың ата - анасының немесе олардың орнындағы  жақын -  жуықтарының үлесінде.

2001 жылы құрылған Республикалық әлеуметтік бейімдеу және  еңбекпен қалыптастыру  орталығы  жоғарыды көрсетілген олқылықтарды  шешеу үшін  республика көлемінде жүйелі бағдарлама бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда: әр облыс орталықтарында, ірі қалаларда   кемтар балаларды қалыптастыру орталықтары ашылды. Олар  жоспарлы түрде, облыстық білім және денсаулық департаменттерімен бірлесе отырып, әртүрлі кемістіктері бар  балаларды анықтап, бақылауға алып, оларды қалыптастыру  орталықтарымен қамту, тиісті  көлемде заңдарда көрсетілген  көмек, қолдау  түрлерімен қамтамасыз ету  жұмыстарын  бастады. Бұл  жұмысты сапалы жүргізу әлеуметтік саланың мамандарымен бірге дефектология саласының  мамандарының да міндеті.

«Ел болам десең, бесігіңді  түзе» деп қазақтың аңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, болашағымыздың жарқын кепілі-кейінгі толқын. Осы тұста, балалардың денсаулығы мен білімі мемлекеттің әлеуметтік қауіпсіздігінің басты негізі екендігін ұмытуға болмайды. Халық санасының, сапасының өсуі де осы жеткіншек ұрпақтың қолында. Сол себепті, оларың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы-зайырлы мемлекет орнатудың бірден бір жолы. Осы орайда, бала құқығын қорғауда ерен еңбек жатқан облысымыздың бала құқығын қорғау департаментінің жұмысын айта кету орынды.

«Бала құқығы туралы»  Конвенцияның 20-жылдығы қарсаңында Бала құқығы туралы Конвенцияның принциптерінің бірі: балалар мәселесіне қатысты шешімде ҚР Заңын орындау барысында «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмек көрсету» Қарағанды облысы бойынша ғаріптерді қолдау бойынша 2006-2008 жылдарға арналған бағдарлама іске асырылды.

Облыста екі психолого-медико-педагогикалық  консультация қызмет көрсетеді, онда тек  сапалы дамуында ауытқу барларға сапалы диагностика жасалмайды, сондай-ақ арнайы білім мекемелеріне жіберу ұсынылады, алайда Ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың коррекциялық педагогика орталығында ПМПК есептік саны облыс бойынша бар қажеттіліктерге сәйкес келмейді.

 

1-кесте

2006-2007 жылдар аралығындағы  мүмкіндіктері шектеулі балаларға  әлеуметтік, медициналық және педагогикалық  қолдау көрсететін мекемелер  санының көрсеткіші

 

 

жыл

Мектеп-интернат (үйде оқыт.)

Бала саны

ПМ ПК

Реабилитац.орталықт.

Бала саны

КППК

Бала саны

Лого пункт

Бала саны

2006

12

2588

  2

1

40

1

24

53

1683

2007

12

2394

  2

1

  45

1

24

62

2455

2008

12

2332

2

1

72

1

85

64

2695




«Мүмкіндігі шектелген балаларға арналған облыстық №5 арнайы мектеп-интернаты» қызметі негізінде келесі нормативті құжаттарды басшылыққа алады:

  • «Білім туралы» ҚР-ның заңы;
  • «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заң;
  • «2015 жылға дейін ҚР білім беру концепциясы»;
  • ҚР-дағы білім беру ұйымдарына тәрбие берудің кешенді бағдарлмасы;
  • Нашақорлық және есірткіні таратумен күрес  мемлекеттік бағғдарламасы;
  • Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында қылмыс және құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы:
  • ҚР-ның білім беру  және ғылым министрлігінің 200 жылғы (түзеу) ұйымдарының  қызметін ұйымдастыру тіртібі туралы ереже;
  • ҚР-ның білім беру және ғылым министрлігінің 20.08.2004 жылғы № 696 бұйрығымен бекітілген кемтар балаларға арналған білім берудің арнайы (түзеу) ұйымдарының үлгілік оқу жоспарына түсіндірме.

Мектепте жеңіл «жеңіл ақыл-ой кемістігі» (Ғ -70) және «қалыпты ақыл-ой кемістігі» (Ғ- 71) диагноздары  қойылған оқушылар  оқиды.

Мектеп Жарғысына сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап 10-жылдық оқытуға көшті.

Ақыл – ой кемістіге бар балаларды арнайы (түзеу) мектепте оқыту екі кезеңнен тұрады:

  • 1 кезең – І-ІY  сыныптар;
  • 2 кезең негізгі (Y- ІX сыныптар, Х өндірістік сынып). 

Дайындық сыныбы мен 1-сыныпқа 7-8 жастағы балалар қабылданады.и көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта, тәрбиеленуші топтарда оқушылар саны 12 адамнан аспайды. 1-4 сыныптарды оқушыны жан-жақты психолого-медико – педагогикалық үйрету және түзеу арқылы қолдаумен бастауышқа білім беру жүзеге асырылады.

Оқушылардың білім алуға  қызығушылығы артып, оқу ісінде, өз бетімен жұмыс істеуде дағдылары  қалыптасады. Ақыл-ойы кем балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, 1-ден 9-сынып аралығындағы базалық оқу жоспарына «Танымдық әрекетті түзеу» пәні енгізілді. Түзеу әрекеті негізгі кемістікке – оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру, моторика бұзылысын, эмоциялық-ерікті жағын, мінез-құлқын түзеуге бағытталған.  

Оқу білімдерінің нұсқалық нормасы негізіне В.В. Воронкованың жетекшілігімен Ресейдің Білім беру Академиясының түзеу педагогика Институты қызметкерлері әзірлеген көмекші мектеп оқушыларын педагогикалық саралау кіреді. Ақыл-ойының кемістігі бар оқушыларды оқытудың негізгі көрсеткіштері:

  • Ойын қорытындылау, оның ішінде білімі мен ептілігі;
  • Ойлау әрекетінің сөйлеу – логикалық және практикалық компоненттерінің арақатынасын ұғыну;
  • Тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс істеу;
  • Оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарастары.

Мектептегі психолого-медико-педагогикалық консилиумы қызметіне БҰҰ-ның бала құқығы туралы конвенциясын, «Білім беру туралы» заңдарын,                   ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативті – құқықтық құжаттарын басшылыққа алады.

Мектептегі консилиум  мектептегі дезадаптация (оқыту мен мінез-құлықтағы бұзылыстар проблемаларына) дамуындағы әр түрлі ауытқуларға байланымты проблемаларды шешуге бағытталған, функциялық  бірлік және диагностикалы кеңес беру типінің құрылымы болып табылады. Консилиумды ұйымдастыру мақсаты кемтар балаларды оқытып, тәрбиелегенде олардың жастарын, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы емдеу – сауықтыру және психолого-педагогикалық жағдайды қамтамасыз ету. 

Консилиумды ұйымдастыру  мақсаты кемтар балаларды оқытып, тәрбиелегенде олардың жастарын, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы емдеу–сауықтыру және психологиялық-педагогикалық жағдайды қамтамасыз ету.

Консилиумның міндеттері: балаларды оқыту мен тәрбие беруге дайындау мақсатында балаларды тексеру; түзеу – дамыту және әлеуметтік жұмыстарды өткізу; оқытудағы ауыртпаушылықтар мен оқушылардың мектепке бейімделуін  анықтау; танымдық іс-әрекеттің деңгейін (сөйлеу, есте сақтау, назар аудару, еңбекке қабілеттілік және т.б. психикалық функциялар) ерекшелігін анықтау, алдын-алу; оқыту мен тәрбие беруде жеке – нақтыланған әдістермен қамтамасыз етілген, түзеу психолого-педагогикалық және әлеуметтік іс-шараларды анықтауға арналған баланың эмоциялық – ерікті және тұлғалық дамуын зерттеу; баланы дамытуға қолайлы оқу бағдарламасын таңдау; жалпы және түзеу арқылы оқыту мен тәрбие беру процесінде жеке-нақтылай әдістерді қамтамасыз ету арналған оқу – тәрбие беру процесіне қатысушыларға ұсынымдарды дайындау. 

Қазіргі таңда елімізде 56 облыстық, қалалың және аудандық психологиялық-медициналық консилиум жұмыс жасайды, соның ішінде біреуі республикалық.

Сонымен қатар Астана қ-да (3), ШҚ обл-да (7), Ақмола облсында (4), БҚ-да (3), Қызылордада (5), Повладарда (5) және Солт.Қазақстан облыстарныда (3) ПМПК-ның саны жеткілікті.

Бірақ ОҚ облысындағы (883,6 мың бала санына қарастырылған 15 консультацияның орнына 2 ғана жұмыс жасайды), Қарағанды облысында (362,2 мың бала санына  6 консультация қарастырылған, бірақ  2 ғана жұмыс жасайды),  Алматы қ-да (283,6 мың бала санына 5 консультацияның орнына 2 ғана жұмыс жасайды).

ПМПК желісі кеңеюінің арқасында даму мүмкіншіктері шектелген балаларды анықтау жағдайы жақсарды. Мысалы, 2002 жылы даму мүмкіншіктелі шектелген балаларды анықтау саны 115,2 мың адамға жетті (2,3 %  бала популяцисы), ал 2009 жылы 149,246 бала анықталған және анықтау үрдісі 3,2%  өскен, бірақ дамыған елдерде  10 % -тен асады (Ресей – 4%, Германия, Ұлыбритания, Швецияда - 10% бастап 15% дейін)

Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Астана қаласында  болып табылады, қалада анықталған дамуы шектелген балалардың жалпы санына шаққанда  – 555 бала немесе 11,7 %.

Арнайы коррекциялық білім ұйымдары жүйесінің  дамуы

Үй жағдайында білім  алу құқығына денсаулығында немесе дамуында  ауытқу бар балалар  ала алады және ҚР Денсаулық Министрлігі  бекіткен нұсқаудағы ауру түрлеріне сәйкес келсе. Алайда үй жағдайында білім алу мүмкіндігі психикасында айтарлықтай ауытқуы бар балаларға беріліп, олардың  жеке қабілеттері ескерілгенмен, мұндай оқыту  толық оқу  үрдісінен және мектеп жағдайында құрбыларымен, қатарластарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін бере алмайды.

Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультацияның  мәліметі бойынша 870 бала дамуында  айқын психикалық-физиологиялық ауытқуы болғандықтан  үй жағдайында білім алады және бұл оқушылар  коррекциялық-педагогикалық және реабилитациялық бағдарламалар бойынша оқытылады,алайда бұл бағдарламалардың сапасын әліде  зерттеу қажет.

Интеграциялық оқытуды  жүзеге асыру оқушылардың танымдық қызығуы мен білім сапасын  арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Бұл әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді.

Жалпы қарастыратын болсақ интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Пәндердің өзара байланыс деңгейі оқушылардың блімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың жолы - сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.

Демек, бүгінгі мектептің  мақсат - міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр. Мұндағы бар салмақ мектеп айнасы болып есептелетін мұғалім иығына түспек. Мектеп, білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже береді деп айту артық болады.

Интеграция - бұл шын өзгерістің толық комплексі: барлық мектеп жүйелерінің өзгеруі, қалыптасудың құндылығы, мұғалім рөлін түсіну. Өткен 30 жылдан бастап интеграциялық қозғалыстар басталғаннан зерттеушілер бірінші кезеңде реформа қатысушылары қандай мәселелермен қақтығысатындарын, сонымен қатар жағымды тәжірибелерін жинақтай алды.

Бұл жерде Г. Стангвиканың «Норвегиядағы интеграциялық оқыту саясаты» мақаласын айтуға болады. Оның жазуынша: «Кәсіптілік қызмет тікелей қалыптасу құндылығымен байланысты. Интеграция идеясы шын мәнінде «жұмыс істеп» кету үшін, мұғалімнің ақылдарымен санасатын кәсіптік ойларының болуы қажет. Бұл өз кезегінде арнайы соңғы өзгертілерді қажет етеді».

Стангвиктың ойы бойынша  Норвегия тәжірбиесі көрсеткендей мамандар қажет кәсіптілік рөлдерді толықтай меңгере алмайды. «Процесс бірнеше  сатыны қамтиды: Анық немесе жасырынды  қарсылық білдіру арқылы сол қабылдаудан  оң қабылдауға өту. Бүгін біз қорытынды сатыға жақынбыз. Бірақ бұл үшін 20 жылдай талап етілді.» Бірақ осы зерттеу авторлардың ойлары бойынша, шынында бізде түпте қорқыныш отыр. Болмайтын жағдаймен қақтығысамыз деп, өзіміз өліміз деп қорқамыз. Бұл түптегі тығылған қорқыныш – біздің мәдениетіміздің әдеті. Бәрін «оларды» көзден алыс алып тастауды үйретті. Не істейміз? Бізге жауап береді: өз істерімді бәрі бір істендер деп. Біз бәрін қосуымыз қажет. Бізге үйреншікті емес, кей кезде қорқынышты, бірақ қорқыныш кетеді. Біздің қорқынышымыздың бетіне қарап, оларға қарамастан өз ісімізді жалғастырамыз, олар бізден азайып және алыстайды.

«Ерекше» балалардың және олардың ата - аналарының қарым – қатынасы.

Ерекше түрде дамыған  балалардың ата-аналарына, балаларының  дамуларының қалып қоюынан сақтану керек. Тәжірибе көрсетеіндей, сондай түрде дамыған балалардың үлгерімдері жаман болмай, жалпы шектегі жай сыныптарға қарағанда, көбінесе интеграциялық жағдайдан олардың көрсеткіштері жоғары екендігі анықталады. Ерекше қажеттіліктерді қажет ететін балаларды оқытатын мектер бар және олар барлығы үшін ең жақсы мектеп болып саналады. Керісінше: барлық балалар үшін ең жақсы деп саналатын мектеп, ерекше қажеттіліктерді қажет ететін балалар үшін де ең жақсы болып саналады. Осы мағынада мамандандырылған және интеграциялық мектептердің Даун ауруымен ауыратын балалар мен жас өспірімдердің үлгерімділіктерін ұзақ мерзімді талдаудың нәтижесі көрсетті. Бұл Даун мәселесімен айналысатын Англиядағы ең күшті орталықпен тіркелді. Интеграциялық мектептегі оқушылардың тәртіптері, әлеуметтік дамуы және академиялық жетістіктері, ең бастысы сөйлеуі, айтарлықтай жоғары екендігі анықталды. Қатарластарының тұрақты қарым-қатынастарына байланысты, бұл жерде үлкендердің және сыныптағы жалпы орта ең басты рөлді ойнайды.

Информация о работе Интеграциялық оқыту