Интеграциялық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 14:51, дипломная работа

Описание работы

Интеграция - бұл жеке және қоғамның бір - біріне өзара бейімделуі. Бұл процессте жекенің ғана бірлестікке үйренуі емес, сол сияқты осы жекеге бірлестіктің де бейімделуіне қажет қадамдар жасайды.
Интеграциялық білім беру кезінде мұқтаж балалармен қалыпты ақыл есі дұрыс балаларды оқыту тең дәрежеде жүреді. Ерекше назарды тек білім беру орталықтарына ғана емес, сонымен қатар баланың өмір сүріп жатқан әлемінеде көңіл бөлуіміз керек.

Файлы: 1 файл

интегратив.doc

— 4.25 Мб (Скачать файл)

Американдық мамандардың  байқауы бойынша,мұғалімдер, мектепке дейінгі дамуы ерекше балалар  мен балабақшада бірге болған оқушылардың, сыныпқа бірінші рет  қабылдануына үлкен түсіністікпен  қарайды.

Ерекше балалардың дамулары қалай және қашан қалыптасады  деген тақырыпқа зерттеу нәтижесі, бұндай балаларды оң және теріс қабылдау 5 жасқа дейінгі кезеңді толықтай қамтиды.

Оң тәжірибе

Басты шолуда біз айтқанбыз  Манчестор университеттінің Питтер Миттер прфессорының түрлі елдердің бірнеше тәжірибелерінің есептерінің негізінде мыналарды ұсынып, мысалға келтіреді, білімнің инклюзивті түріне табысты ауысуды жүзеге асыруына шақырады.

Ұсынылған әрекеттерін  қысқаша былай айтуға болады.

  • Инклюзивті түбегейлі жоспарының анық саясатын жасау және жүзеге асыру.
  • Жоғары деңгейде (президенттік) мықты НТО және ата - аналар тобын қосып біріңғай жоспарлайтын топты құру.
  • Мектеп пен балабақша үшін бірнеше әуелік - жобалық байланыстарды анықтау.
  • Әуелік жобалардың нәтижелер есебімен әр түрлі аудандарда, қалаларда бірнеше бастауыш мектептерін бөлу, олар ерекше қажеттіліктері бар балаларды қабылдау үшін, оларды қаражатпен, қызметкерлермен қамтамасыздандыру.
  • Мамандандырылған және мектептер жұмыс қатынасымен әрекет ету.
  • Жалпы мектеп қабырғасында қызмет ететін ерекше қажеттіліктері бар балаларды жай немесе арнайы сыныптарға қабылдау туралы шешім шығару. Қазір арнайы сыныптардан бас тарту құбылыстары байқалады.
  • егер бірінші кезеңде жалпы білім беру мектептерінде арнайы сыныптар ашылса, жеке жоспар әзірлеу және еңгізу.
  • Топтық мектеп құру. Кейбір елдерде мектептерді формальді емес, қосып құрады, 5 - 10 бастауыш мектеп, екі сатылы қызметкерлерге және қорларға, сондай - ақ бірлесіп жарыстар өткізуге арналған арнайы мектеп.
  • Көмекші қызметкердің дамуы. Сыныпта екінші үлкен адамның болуы, барлығы үшін оқу процессінің тиімділігін жоғарлатуға көмегін көрсетеді. Ұзақ мерзімде қызмет ететін мықты топты құру қажет, топ мұғалімдерден және де сонымен қатар басқа да мамандардан құрылу керек, яғни логопед, физиотерапевт, психолог және де тағы басқа да дәрігерлер.
  • Қаржыландыру. Көп деген европа елдерінде ерекше қажеттіліктерді қажет ететін балаларға қосымша ақша «бөлінген», бірақ интеграциялық ойын дамуына бұл жақсы шешім болып есептелінбейді, басқа елдерде, мысалы Канаданың кейбір қалаларында жалпы мекетп бюджетінде интеграцияға ақшашның жарты бөлігін қосады, бұл бөлік ерекше қажеттілікті қажет ететін балалар санына пропорционал.
  • Әрбір мектепте топты құптау координаттарын шығару.
  • Мұғалімдерді қолдауға және дайындауға анық стратегия әзірлеу.
  • Мәселені бірден анықтағаннан кейін ата-аналармен серіктестікті жөндеу. Ата-аналар бағалауда және шешім қабылдауға қатысады.
  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды ұйымдастырып, қызмет ету. 

Әр түрлі елдердің тәжірбиелерін қарастыру бірнеше  қорытындыға әкеледі:

Біріншіден, көп елдерде интеграция ойына көп көңіл бөледі.

Екіншіден, осы ойды жүзеге асыру үшін, қиындықтарына қарамасатан  әр түрлі елде салынған күштің нәтижесі әр түрлі.

Үшіншіден, интеграцияның  бір - бірінен өзгеше тиімді моделі көп. Интеграциялық оқуды ұйымдастыруда түрлі көзқарастар көп, сыныптық ұйым құру түрі, пәнді беру әдісі, көмекші қызметтердің рөлі, ерекше қажеттілікті қажет ететін оқушыға ассистенттің білім беру принциптері, оқыту бағдарламаларын ынталандыру түрлері, дұрыс емес тәртіпті жөндеу және өзгерту. Осы берілген шарада барлық немесе ең маңызды әдістерді жазу мүмкін емес. Бірақ, қосымша американдық тәжірибеде құрылған бір модельді жаздық.

Осы уақытта жай сыныптар мен топтар, сол сияқты арнайы сыныптар ашылған мектепке дейінгі және мектептерде  білім беру процесстерінде интеграция бірнеше түрге бөлінді.

  • құрамды интеграция, психофизикалық және сөйлеу дамыту деңгейіндегі балалар, жақын жас нормаларына сәйкес, жалпы топта (сыныпта) дефектолог мұғалімнен тұрақты түзету көмегін алады.
  • жартылай интеграция, сау қатарластарындай білім алу стандартын қабылдауға толықтай тең қабілеттері жоқ балалар, жарты күн ғана оқи алады (мысалы, сыныпта 1-2 адамнан оқиды, жаппай топты 2 жартыға бөледі. )
  • уақытша интеграция, барлық арнайы топтағы (сыныптағы) балалар психофизикалық және сөйлеу дамыту балаларымен, сау балалар айына 2 реттен артық емес тәрбиелеу шарасында әр түрлі мерекелерді өткізу үшін бірігеді.
  • аралас интеграция, мектепке дейінгі оқыту мекемелерінде араласқан топтар құрылады, жалпы оқушылардың азаюынан және сау балалар топтары және 2:1 кем емес дамуында ерекше балалардың арақатынасы пропорционалды. Осындай интеграция түріндегі топта дефектолог мұғалімі жұмыс істейді, оқыту және тәрбиелеу процессінің жетекшісі болып табылады.
  • толық интеграция, жоғары психо - физикалық дамудағы «ерекше бала» өзі сияқты дамыған қатарластарымен мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барады, ал мамандандырылған көмекті сыртқы мекемеден алады. (ППМС- сурдокабинет, логопункт орталықтары және т.б.)

Интеграция туралы айту қиын, ол табиғи зат, жоғалған кезде ғана, ол біздің көңілімізде болғанын байқаймыз.

Бір жағынан, интеграция - адамның әділ өмір туралы арманының орындалуы, ешқандай топ адамдары басқалардан оқшауланған емес және қандайда бір адамдар бөлігінің мүддесі мен қажеттіліктері басқалардың мүдделері мен қажеттіліктері де қаналған емес. Бұндай бір кездерде болды, біздің әрекетіміз осыған қайтадан жақындауы мүмкін деп болжай аламыз.

Басқа жағынан, интеграция - бұл процесс, егер дұрыс ұйымдастырылса, қоғамның жағдайы бізді осы идеалдыға жолдайды. (шынында - дұрыс және табиғи)

Соңғы он жылда мүгедектер мен дамуылары ауыр бұзылған тұлғалар қоғамның арасынан таса болып кетті. Олардың көрінбеулері қажет. Бұндай жағдай қазірде сақталынады. Бұрынғыдай мемлекеттік саясат дамулары қалыптан ауытқыған тұлғаларға қарым-қатынасы интегринді жүйеге негізделген. Дамулары бұзлған тұлғаларды қоғамнан алыстатып, оларды жабық стационарды мекемеде ұстайды.

Көп жылдық зерттеулердің  қорытындысы бойынша, дамуы бұзылған балаға отбасында дамып, тәрбиеленген қолайлы.

Керісінше, адам интернатта көп болғанда, бұл жүйеден қалыпты  өмірге шығу мүмкіндігін жоғалтады. Әсіресе, бала кезінен интернатта болған балалар. Бұл адамдардың өмірлік  болашағы қалып қойған.

Балалардың даму «іс  қаупі» қандай түрде? Дамулары бұзылған балаларға көмек көрсету ортасында жұмыс істейтін мамандар келесі суретті байқайды.

Ресейдегі әлеуметтік және білім беру жүйелері субъектінің  жеке танымының және әлеуметтік мәртебесін төмендетуде жұмыс істейді. Қоршаған орта және білім беру дамулары бұзылған балаларға агрессивті қарым-қатынас қалыптасқан, біртіндеп оларды және олардың отбасыларын білім беру жүйесіне және «дұрыс» қоғамға үйрету керек. Балаға физиологиялық және психологиялық орта қажет.

Ғылым, көбінесе түрлерінің бұзылуларын бір-бірінене айырып тануға, саралауға жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін барлық дефектология дәрігерлік сегрегацияға көңіл аударылған, «балаларды топқа бөліп» жоқ жағдаймен жұмыс істеуге талаптанған. Балаларды аурутану қағидатына бөлуде ойдық процедура түрінде емес, зерттелінген есептеме шешіміне жолданған тәжірибеде жүзеге асырылады және де сегрегация сияқты есептемеге негізделген.

Кең таралған бұзу тәжірибесі- қайтадан жөндеуге келмейтін диагностика. Аса ерте қойылған таңба, әсіресе  баланың және оның отбасының тағдырын бұзады. Қате диагностиканың салдары  жаман.

Құрылған көмек көрсету  түрі мен сәйкес қызметтер және осындай  түрде құрылған көмек көрсету мекемелерінде баланың жағдайының біртіндеп төмендеуі табиғи, қалыпты және дұрыс болып табылады.

«Бір жері дұрыс емес»  балаға білім беру жүйесі және психолог мұғалімнің көмегі мүлдем көрсетілмеген  жағдайда, баланы бір маманнан екінші маманға ауыстырады. Маманның алдында сол балаға көмектесу амалы жоқ. Көп балаларға көмек мүлдем көрсетілмейді.

Білім беру тәжірибесінде  әрбір оқыту стандарттары арасында үлкен деңгейде келіспеушілікті  көріге болады және осыған жете алмаған  қиналатын балалар саны көп. Стандарттар аз, стандарттар арасында саңылау жоғары. Балада жоғарғыға ақырындап шығу мүмкіндігі жоқ.

Оқыту стандарттары қоғамның білім құндылығының елестетуін қатайтады; нені білген оңтайлы. Оған қарамастан бағдарламалар, әдістер, білімге деген құжаттар мен жолдар «оқыту ортасы» соның бәрін қосып түсінеміз, абстракті балаға көзделген физикалық, тез әсерлену және зияткерлік «сау» біздің өмірімізде кездестіру қиын, қазіргі заманғы балалар мүмкіндігімен сәйкес келмейді. Баланы осы абстракті оқыту ортасына үйрету ол үшін зақым.

Мұғалімдер өздерінің  мұғалімдік амалдарын шешпейді, олар көбінесе оқу, іс жақтарына тоқталған. Олар көп қажет етеді, көп береді және әлсіздерді шектейді.

Дамуында ауытқулары бар балалардың «шекаралық жiкпен» және «жiгiнiң» аралығында толқын тосқыштың рөлi ПМПКтердi орындайды. ПМПК балаларды ешкім шыға алмайтын тығырыққа тірейді: аралас сыныптар, түзететін сыныптар, қосалқы мектептер, әлеуметтік қорғау жүйесінің интернаттары. Әрбір түзеу сыныбы, аралас сыныптар немесе қосалқы мектептер және тағы басқа сыныптар ешқашан ешкімді жоғарғығы жібрмейтіндеріне көбі назар аударады. Егер балаға жақсы қарым-қатынас жасаса, онымен жақсы адамдар жұмыс істесе де, өз сыныптарында немесе мекемелерінде жылы, жайлы ішкі өмір құрса да, олардың айтуынша: «біз оларды қалай жаман сыртқы өмірге жібереміз, әрине оларға ол жақта қиын болады!».

Әрқашан төмендету, ал осы  саты бойынша ешкім жоғары көтерілмейді. Нәтижесінде балалардың көп бөлігі біртіндеп, дамуында бұзушылығы бар  балалар санатына «қауіпті аймаққа» өте бастайды. Олардың әрі қарай өмір сүруі, бұл мүмкін болмайтын жиылым. Бала және оның отбасы тығырыққа түседі. Осы балалардың жартысы интернатқа түседі, басқаларға өз үйі «түрме» болып кетеді, ал үшіншілері далада қалады.

Сонымен, қазіргі уақытта біздің өсіп келе жатқан ұрпағымыз, зиян және жағдайдың әлсіреуіне бағытталған қоршаған ортаға өтеді, бұл барлық мәселелердің күшеюіне әкеліп соғады және қоғам мүшелерінің «мәселелерінің күрделенуіне, өсіне» әкеп соғады. Қалыптан ауытқу өршіп келеді, егер бәрі бұрыңғыдай жалғаса берсе, онда жақын арада болшақта Реейдің халқының басым бөлігі «дұрыс» қоғамның сыртында қалып қояды.

Жоғарыда жазылған процесстер шынында дезинегративті деп түсініле бастады, интеграция осыдан жаншып кете бастады. Интеграция мен қоғамнын «сауығуына» үмітімізді байланыстырамыз.

Мәселе бойынша

Қоғам мүшелерінің «ерекше», «ауру», «әлсіз» дамадарға ерекше қарым-қатынасының қажеттілігі –  жаңа мәселе емес. Әр түрлі бірлестіктер оны әр ғасырда әр түрлі шешкен.

Неге мұндай адамдар  пайда болады? Оларға қалай қарау керек? Оларға көмек көрсетуге бола ма және көмек көрсетуге тұрарлық па? Бұны қайтадан болмайтындай етіп істеуге мүмкін бе?

Уақыттың және бейнелеменің өзгеруінен сол бір үлкен емес ыңғайдың жиынын байқауға болады; әлде біз «ерекше» адамды өзімізге тең етіп сондай деңгейде мойындаймыз, немесе өзімізге тең адам ретінде қабылдауға дайын емеспіз. Тарихи мысалдардың көрінісі көрсеткендей сол өркениет, қоғам, тәртіп, «ерекше» және әлсіздерден, қоғам бірлестіктерінен әдейі құтылған.

Осы қоғамдағы көз қарас қатты деп мемлекеттік саясат анықтады. Үстем жолдан «ерекше» адамның туғанынан бастап өмірінің қалыптасуы, оның жақындарына байланысты.

Мүгедекті қамау қажет  пе? Мүгедек баланы өздері үйде тәрбиелеуге  алып қалған отбасына бұл сұрақ емес. Әдетте басқаларына ол туралы уақытынан ерте ойлау ойларына келмейді. Олар өздері немесе олардың жақындары тығырықта қалып қалмағанша сол есеппен бүкіл өмірлерін осылай құруға мәжбүр болады.

Бірақ кім қиын жағдайда, кім қоршаған ортадан тәуелді, себебі ол оларсыз өмір сүре алмайды – мұның бәрі интеграциялық мін.

Интеграция – бұл  араластыру емес және «сау еместі», «сауға» ұштастыруда емес. Бұл барлық айырықтағы бір-біріне қарсы шығу.

Интеграция - бұл мүмкінділігі шектеулі адамдарға жұмақ емес. Міндеттерді шешуде және дамытуда тозақ та, жұмақ та қажет болмай қалады. Өте жақсы, өте жаман болғанда, бұл дамымайды. Интеграция – бұл нағыз өмірге жол. Бұл қалыпты ортада ұйымдастырылған күнделікті жол.

Сонымен қатар интеграцияны дамуында ауытқуы бар адамдар  оны қабылдауға материалды, діни дамымаған жай бірлестікке, ортаға қосу деп дұрыс түсінбейді. Бұндай интеграция екі жаққа да жоқ болуы мүмкін. Біз интеграцияны қиын процесс деп түсінеміз, бiрдей коммуникативтік - таңырлық орталардың бiртiндеп тiркесiн мұқият құрастыру,әрбір баланың мүмкіншілігінің кенеюіне көмектесіп, интеграцияның келесі деңгейіне өтуіне дайындайды.

Интеграциялық бекiту жиыны, мүмкiндiктердiң жиынымен тiкелей  байланысты.

Ұғымды түсіндіру

Абилитация (осы жағдайда ақтап шығару деген терминді қолданамы, әлдеқашан жоғалған мүмкіндіктердің қайтуы). Жаңа мүмкіндікті құру, қоғам әлеуетін өсіру және тағы басқа бірлестікте тұлға мүмкіншілігінің жүзеге асуы.

Баланың сөйлеуін дамытудағы функцияларының және қабілеттерінің дамуы  туралы, қоршаған ортаны қалпына келтіру кезінде тырысуы, ал мамандардың жұмыс істеу кезінде балаларда күрделі мәселе тууы мүмкін.

Бейімделу - сол бірлестікте жеке қоғамдық жинақталған әлеуеттің дамуы.

Интеграция – осы  бірлестіктегі қоғамда әрбір  жекенің әлеуетін максималды жүзеге асыру үшін осы бірлестік шегінде жағдайларды қамтамасыз ету процессі. Интеграциялық міндеттерді сырттан шешуі мүмкін емес, бұл міндеттерді бірлестік ішінде ғана шешуге болады.

Информация о работе Интеграциялық оқыту