Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 20:51, дипломная работа

Описание работы

Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Файлы: 1 файл

Дип. «Қиын» жасөспірімдер.DOC

— 624.00 Кб (Скачать файл)

Ерiксіз,  стихиялы  түрде  иландыру,  әлеуметтік  педагогтің  ақыл-кеңесін,  талап-тілігн  қарсылықсыз,  таңдаусыз  қабылдауын (суггестия) айтамыз. Педагогикалық  процесте  еріксіз,  стихиялы  тәсілді  қолданудың  методикалық  ерекшелігі  бар. Мысалы,  егер  де  баланың  интеллектік  жағы  басым  болса,  оның  ықпалын  төмендеткен  орынды. Ал,  керісінше  иландырудың  әсерін  күрделендіріп, қиын  баланың санасына  жеткізу  немесе  ол  аффектік  күйде  болғанда (дидактогения)  еріксіз,  стихиялы  иландыруды  қолданудың  нәтижесі  жоғары  болмақ. Өйткені,  қиын  бала  қатты  ашуланғанда,  өзінің  эмоциясын  басқара алмай,  тәртіпсіз  қылықтарын  жалғастыра  беруі  мүмкін. Сонда,  әлеуметтік  педагог  ашудың  қарқынын  төмендетуге  онымен  тіл  тауып  тежеп,  өзін-өзі  ұстауға  себепші  болып,  дауыс  ырғағымен,  мимикасымен  қолдау  білдіреді.

      Мақсатты түрде  қиын балаларды қайта тәрбиелеудің  ең басты  әдісі – «көше»  жолдастарымен  жағымсыз  байланыстарын үзу. Айтылып  отырған  тәсілді  іс  жүзіне  ауыстырудың  мектеп  практикасында  бірнеше  жолдары   бар.                                                                                              

Соның  бірі – территориялық  тұрақты  мекенін  ауыстыру,  мектеп  алмастыру. Қиын  жеткіншекті  бір  жылға,  бірнеше  жылға  басқа  облыс,  аудандарда  тұратын  туған-туыстарына жіберу. Кейбір  ата-аналар  мектепті  алмастырғанымен  қиын  балалар  бірін-бірі  тауып  алып,  байланыстарын  жалғастыра  береді. Көптеген  отбасыларының  басқа  қалаларда,  ауданда  туыстары болмау мүмкін. Бұл жағдайда  іске  асыратын  екінші  тәсіл –жағымсыз  достық  байланыстағы  қиын  балаларға  екі  жақтың  да  кездесулеріне  тыйым салу.

Бұл  тәсілді негізгі  үш жағдайда  қолданған  орынды:

а)  қиын  бала  мен «көше»  жолдастарының  арасындағы  байланысты ата-ана,  мұғалім, балалар  ісі  жөніндегі  инспекция тоқтата  алмағанда;

ә) ата-ана  мен  мұғалім  баланың қарым-қатынасына  көңілдерін  аудармай, тәрбиелік  мәні  бар түсіндіру  жұмыстарын  жүргізбегенде;

б) жеткіншектің көше  жолдастарымен  байланыстары тереңдегені  сонша,  қоғам  және  жеке  меншік  мүліктерін  ұрлау,   тонау,  қорқыту  әдеттеріне  жүгінген  жағдайда  тағы басқа  өте  сақтықпен  тыйым  салу  тәсілін  методикалық  шеңберлікпен  қолдану  қажет. Әрине  бұл  сәтте  мұғалімнің,  ата-ананың,  милиция  қызметкерлерінің  беделі  болуы  шарт.

Екінші  әдіс – моральдық  тұрғыдан  айыптау. Осы  тәсілдің  тыйым  салу тәсіліне  қарағандағы артықшылығы – баланың  ар-ұятына бағытталып,  көлемді   нәтижелер  бере  алатыны. Мысалы,  қиын  баланың  әрбір  теріс  қылығын,  істерін,  тәртіпсіздігін  былайша  айтқанда,  темекі,  наша  тарту,  арақ-шарап  ішу,  оқуға  бармау,  қаңғыбастықпен  айналысу,  ұрыс-керіс,  дау-жанжал  шығару  істерін  ата-ана,  аға-іні,  қарындастары,  туған-туыстары тарапынан  педагогикалық  этикаға  сай  жанұяда  айыпталынады.

Сонымен  қатар,  педагогикалық  ұжымы,  құрбы-құрдастары,  милиция  инспекциясы, аула  көршілістері  де  баланың  арына  тигізбей  айтпаса,  бұл  істер  өз  нәтижесін  бермек. Көп  жағдайда  қиын  жеткіншек  немесе  жасөспірім  болмасын  өзі  сыйлайтын  сыныбындағы  құрбыларының  талап-тілектері  мен  пікірлерін  жерге  тастап  кетпейді.

Үшінші  әдіс – қиын  баланың бағдарын,  мақсатын-міндетін  қайта  бейімдеу, құру. Бұл  әдістің  құндылық  мәні – бала  қателігін  түсінгенімен,  өмір  тәрбиесінің жоқтығынан  өзін  қалай ұстап  жүрудің  жолын  біле  бермейді, Осы  педагогикалық  жағдайды  дер  кезінде  байқаған  әлеуметтік  педагог, оның  ішкі  позициясына  талдау  беріп,  өзін-өзі  тәрбиелеудің  бағдарламасын  құруға  көмек береді.

         Қиын тәртiптi балаға айналмау үшiн оған көптеген  ақыл-кеңес сонымен қатар тәрбие  берiлуi Аристотельден кейiнгi 2-шi ұстаз аталған ұлы ғалым Абу-Нәсiр Әл-Фарабидiң ,,Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие беру керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне опат әкеледi,,(11.) дегенi мәлiм.

Бәрiмiзге белгiлi, бiздiң қоғам аса күрделi жағдайларды бастан кешiрдi. Өтпелi кезеңге тән өмiр ауыртпалығын ешкiм жоққа шығармайды. Қазiргi кезде оқушы жастардың 20-пайызы iшiмдiкпен таныс, 10 пайызы шылым шегедi, есiрткi қолданушылар қатары өсiп келедi. Қылмыстың ең ауыр түрiне баратын жастар көбейiп отыр. Осылардың   арасында қазақ балаларының үлес салмағы аз емес.

Абу  Насыр  Әл-Фараби  «Тәрбиесіз  қолға  білім  салма»(10.) деген  екен. Ең  бірінші  тұлға  қалыптасуына тәрбие өз ықпалын тигiзедi. Сондықтан да, балалармен тәрбиенің ролін күшейту қажет.

 

 

Қолданған әдебиеттер:

  1. Ағыбаев А. «Жасөспірімдер қылмысына не себеп?». Заң, №5, 2004.
  2. Ақанов А.А., Жылқыайдарова А.Ж. «Мектептердегі нашақорлықтың алғашқы профилактикасының проблемалары», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №2, 2004.
  3. Аманқұлова Р.К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №1-2, 2005.
  4. Алпысбаева Г. «Есіктен енді есірткі», Оңтүстік Қазақстан газеті, №74,26 маусым, 2001.
  5. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. Аламты. 1973.
  6. Атемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі», Қазақстан мектебі, №1,2006.
  7. Ахметжанова Н. «Мінез-құлқы қиын балалар», Ұлағат, 2001ж. №1.
  8. Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2000.
  9. Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері , Алматы: Ана тілі.
  10. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2004.
  11. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие  теориясы мен әдістемесі : Оқу  құралы, - Алматы: Дарын. 2004. 452б.
  12. Бикенов К.Ү., Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А.  Отбасымен әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы.- Алматы.- 2003.
  13. Байтабанова А. «Сынып жетекшінің қиын оқушымен жұмысы», Сынып жетекшісі, №4, 2004.
  14. Батталханов Е. ««Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі», тәрбие құралы, №4, 2003.
  15. Байшуақова М. « Ата-аналармен  жұмыс », №3/2005.
  16. Белинский В.Г. ,,О воспитаний детей,,.
  17. Бейсебаева С.Б. « Жастардың девиатттық мінез – құлқының дамуына әсер ететін факторлар ». Весник КазНУ Серия юридическая. № 3        2003.
  18. Бейімбет Қ.Ж. Ұрпақ тәрбиелеу ұлағатты іс. Алматы. 2005.
  19. Василькова В.А., ВасильковаВ.В. Социальная педагогика.М.:200
  20. Галагузова М.А. ,,Социальная педагогика,, .Курс лекций. М. 2000г.
  21. Грачев Л.К. Программа социальной работы с семьями, имеющими детей-инвалидов.-М,1992.
  22. Гребенников И.В. Основы семейных жизни. М., Просвещение, 1991.
  23. А.И.Кочетов, Н.Н. Верцинская , Работа с трудными детьми. М, 1986.
  24. Қайырова.Ж, «Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен фокторлары», Қазақстан мектебі, №1.2006.
  25. Керимов Я.К., Трофинов В.В. Трудный подросток А., 1989.
  26. Керимов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелерi А., 1991.
  27. Қалаубек С. «Қиын балаларға көмек», Ұлағат, №5, 2004.
  28. Қазымбетова Д.К. « Жастардың жат қылықтарының профилактикасы мен күресу жолдары » ҚазҰУ хабаршы, Психология және социология сериясы. №1 .2004.
  29. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы. 1998.
  30. Қоянбаев Ж.Б. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Алматы: Рауан, 1990.
  31. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты          туралы» Заң, Әдістемелік құрал: ОҚО әкімдігі, Жастар ісі және  ішкі саясат департаменті.
  32. ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», 1998. 17 желтоқсан.
  33. ҚР «Білім туралы заңы», 1999. 7 маусым.
  34. ҚР Президентінің қазақ халқына жолдауы, 2006. 1 наурыз.
  35. ҚР Парламентінің жаршысы. 2002.№16.
  36. Жарықбаев Қ., Қалиев С., Қазақ тәлім-тәрбиесі: Оқу құралы. –Алматы: Санат. 1995. – 352б.
  37. «Жастар арасындағы маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания зардаптары», Денсаулық, №4,2004.
  38. Жумабаев Қ. ,,Қиын,, оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелерi. А., 1974.
  39. Дети с отключениями в развитий. М., 1988.
  40. Личко А.Е. ,,Подростковая психатрия,,. Ленинград, 1983.
  41. Мадин И.Б., Керимов Л.К. ,,Қиын оқушыларды тәрбиелеу мәселелерi,,. 1974.
  42. Мудрик В.А.   Социальная педагогика. М.:2000
  43. Мұсырманов А. «Ата-ана және мектеп ынтымақтастығы», Қазақстан мектебі, №11, 2004.
  44. Мырзабаева.Б, Оразымбетова.А, Жайлаубекова.С. «Әлеуметтік педагогтың ауыл мектебіне арналған жұмыс жоспары», Ауыл мектебі №2,2003
  45. Назарбаев Н. «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», Егемен Қазақстан, 11 қазан, 1997.
  46. Назарбаев Н. «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады», Егемен Қазақстан, 11 қазан, 1997.
  47. Нұралиев Р. «Философиялық сөздік». Алматы: Қаз.энциклопедиясы бас редакциясы, 1996.
  48. Макаренко А.С. ,,Ұстаздық дастан,,. 1986.
  49. Макаренко А.С. ,,Ата-аналар,, кітабы. 1988.
  50. Рамазанова П. ««Қиын» балалардың тағдыры қинап тұр», Шымкент келбеті, 3 желтоқсан, 2004.
  51. Сағымбекова А. ««Қиын бала» мәселесі әлі де қиын», Тәрбие құралы, №3, 2004.
  52. Сухомлинскиий В.А. «Балаға  жүрек жылуы». Минск, 1981.
  53. Степанов В.Г. Психология трудных школников. М., Академия, 1996.
  54. Төлеуова Ж.А. « Ата-ана  жауапкершілігі », Шағын мектеп, №6/2005.
  55. Уманов Г.А., Порфенов А.В. ,,Бала бақыты,  А., 1978

 

Қосымша 1.

Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс бағдарламасы

 


Қосымша 2.

Әлеуметтік педагогтың мектептерге арналған жұмыс жоспары

Сыныпқа жетекшілік ету – жақсы мұғалімге жүктелген қосымша міндет. Ол шәкірттермен бейресми қарым-қатынаста болып, оқушыларларының  әрқайсысының  өзіне тән жеке  қабілет-қасиеттерін  аша білуге тиіс. Бұл, сонымен қатар, баланы әлеуметтік ортаға бейімделудің бір жолы.

Осы арада мектеп  оқушысын әлеуметтік ортаға неғұрлым оңтайлы бейімдеудің және оның жеке басына әлеуметтік тәрбие берудің  жолдары қандай деген заңды сұрақ туады.

Кейбір авторлар бұл үшін мұғалімдік жұмыстан қолы босаған  арнайы  сынып жетекшілерін  тәрбиелеу қажет деп санайды. Осылайша, сынып жетекшісі  педагогикалық ұжымның  мүшесі бола тұрып шәкірттерді  әлеуметтік жағынан  тәрбиелеу қызметін неғұрлым толық атқара алар еді дейді олар. Біздің ойымызша, бұл бағытты  ұстануға болмайды. Елеулі қаражатты жұмсау қажеттігімен қоса, мұндай жағдайда арнайы сынып жетекшісінің қызметінің жемісті болатынына көзіміз жетпейді.

Мектеп оқушысының  қоршаған ортамен байланыстарының  сипаты  өзгеруі үшін, оқу орындарының барлық түрлері шын мәнінде әлеуметтік жәнем мәдени тәрбие орындары ретінде танылып, оларды әлеуметтік педагогикаға  лайықты орын алуы қажет.

Ал енді қоғамға, әрбір оқушы мен оның отбасына қажет болып отырған әлеуметтік педагог дегеніміз кім, ол қандай болуы керек?

Алдымен, әлеуметтік педагог  әрбір өскелең  жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардың әлеуметтік  құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог  кәсіби психологиялық жағынан  дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде  оқушы жастармен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан  қорғай  алатын  жеке адамның әлеуметтік ортада  оқу барысында  еңбек қызметінде  және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының  мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын мамандарға  ғана тиесілі. Әлбетте, бұл міндеттерді жүзеге  асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері,  спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың бірлестіктердің  тағы басқаның көмегімен пайдаланады.

Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ баланы  әлеуметке бейуімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар  тамағына бөлінген қаржының  дұрыс жұмсалуына бақылау, интарнат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы қажет.

Қазіргі әлеуметтік педагогтің  ең алдымен әлеуметтік  педагогика, әлеуметтік психология, педагогика, социология, жас шамасының психологиясымен педагогикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқықтану,  ортаны педагогикаландыру  сияқты салалардан арнайы білім болуы тиіс.

Бүгінгі таңда мектептерінде әлеуметтік педагогтің аса қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Әлеуметтік педагог мектептерде  тек мектеп оқушыларымен ғана емес  білім процесіндегі ересектерге  де (педагогтар, әкімшілік мүшелері, ата-аналар) дағдарыс жағдайынан  және қиын ситуациялардан (бақытсыз жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен, конфликт, аурулар және тағы басқа) шығу  жолдарын  көрсетеді.

Әлеуметтік педагог жұмысындағы бастауыш  мектептерімен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар екендігіне сөзсіз. Біріншіден, ол төменгі мектеп жасындағы  балалармен жұмыста,  олардың  іс-әрекет  мәселелерін  нақтылауда оқушының  оқу және  тәрбие жетістігі мәселесіне  ден қояды. Бастауыш мектеп  оқушыларын өмірсүйгіштік,  оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналарымен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді.

Әлеуметтік педагогтің  жұмысының  негізгі  мақсаты оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

 

 

                                                         Міндеттері:

  1. Оқушылардың қажеттілігімен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деңгейін анықтау.
  2. Оқушыға қажетті  қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.
  3. Оқушы – жеке тұлға мен мекеменің,  отбасы, орта, әлеуметтік қызмет мамандарын әкімшілік орындары тікелей байланыстырушы.
  4. Жеке  тұлғаның бостандығы мен құқығын жүзеге  асыруда  оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде тағы басқа әлеуметтік  қорғау  барысында шара қолдану.
  5. Әлеуметтік инициативаны  дамытуға,  әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған мерекелік шаралар ұйымдастыру  және оларды талдап бектіуге қатысу.
  6. Мекемеде, отбасында және қоршаған  әлеуметтік  ортада  білім алушы жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен психологиялық  үйлесімділігіне жағдай туғызуына ықпал ету.
  7. Оқушының салауатты  өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алуы.
  8. Оқушыларға  көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара  әрекетін  үйлестіру.

Әлеуметтік  педагогтың жалпы білім беру мектептердегі  жұмысының жылдық жоспарын біз төмендегідей бейнеде көреміз

Тамыз

  1. Жаңадан келген оқушыларға диагностика жасау.
  2. Әлеуметтік-медико-педагогикалық сарапшыларға осы мағлұматтарды тапсыру (көрсету).
  3. Алынған нәтижелерді талдау және түзету-дамытып оқытудағы сыныптарыды қалыптастыру.
  4. Жүргізілген диагностикалық нәтиже бойынша оқушыларға деген көзқарас қалыптастыру.
  5. Оқушыларды қолдауда және әлеуметтік қорғауда әкімшілік ұйымдары мен әлеуметтік қызметкерлер мамандарының өзара әрекеттесуі.
  6. Алынған мағлұматтарды талдау негізінде әлеуметтік педагогтің түзету жұмыс жоспарын жүргізу.

Қыркүйек

  1. Сынып жетекшімен жұмыс:
    • оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыстың нәтижелерін сынып жетекшілерін таныстыру;
    • түзете-дамытып оқытуда сынып оқушылар туралы педагогикалық көзақарас пен мінез-құлқын қалыптастыруға кеңес беру;
    • түзете-дамытып оқуты сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда біркелкі талаптарға байланысты жоспар құру;
    • өткен оқу жылында өткізілген педагогикалық консилиумді мектеп мұғілімдермен бірлесе отырып талдау;
    • мектеп бітіруші оқушыларға (9-11 сынып) педагогикалық мінездеме беруге байланысты кеңес беру.
  2. Оқушылармен жұмыс:
  • мектеп оқушыларының қоршаған ортасның дамуын бақылау, мониторинг жасау;
  • оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшелігін диагностикалау;
  • жалпы оқу қабілеті мен дағдыларын диагноситкалау;
  • оқушылардың әлеуметтік ортасын диагностикалау (отбасы, қарым-қатынас жасайтын ортасы,  қызығушылығы мен қажеттілігі);
  • оқушыға әлеуметтік психологиялық-педагогикалық мінездеме құру;
  • оқушыларға жүргізілетін түзету жұмыстарының жолдарын жасау.
  1. Отбасымен жұмыс:
  • оқушылардың әлеуметтік өмірінің жағдайын диагностикалау;
  • оқушылардың отбасымен зерттеу жұмыстарын талдау;
  • ата-аналар жиналысында, ата-аналарға дәріс тақырыптарын өңдеу;
  • сынып жеткешілерінің ата-аналармен жұмысын талдау, ұсыныс беру;
  • оқушылардың мектепте, әлеуметтік ортаға бейімделу процесін мектеп ішінде бақылауға жоспар құру;
  • ата-аналарға жеке кеңес беруді жүргізу.

Информация о работе Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі