Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 19:21, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің бірі – адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімдідігін қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу.
Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігінде дамыту. Бұл бағыттағы негізгі мәселе – оқушыларды сөйлеуге,қарым-қатынас жасауға үйрету. «Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны». Сондықтан Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастың дағдыларын жетілдіруге яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шыңдауға септігін тигізеді.
1. «Сөз ( сөз тіркесі ( сөйлем ( мәтін »; (
2.«Мәтін ( сөйлем ( сөз тіркесі
( сөз »; (
сөз (сөз форма) сөйлем
3.Сөйлеу грамматикалық байланыс
Мысалы,мәтінмен жұмыс берілетін болса: Мәтін – ішкі күрделі құрылымға ие жүйе. Мәтін құрамындағы сөйлемдердің өзара байланысы оны құрауға негізделеді. Мәтінді құраушылар арасындағы байланыстар жасалуын қамтамасыз ететін элементтер, О.Р.Каменскаяның айтуынша, коннектор деп аталады.
Сөз тіркесі мәтін ішіндегі
құрылымдық-семантикалық байланыстылығы
жағынан тек бір сөйлемнің
ішінде қалып қоймайды. Бір сөйлемнің
мағынасын құрауға қатысқан сөз
тіркесі тұтас сөйлем мағынасының
кіші бөлшегі бола отырып, келесі сөйлемге
мағыналық жағынан
Жасырақ шақтарында бұлар ұрлықты бірге
істескен дейтін сыбыс бар-ды. Ол өте аз
сөйлейді. Оразбай сапылдап: ашуын да,
боқтығын да, шешен тілді қар боратқан
дауын, жаласын да аласапыран айта жөнелгіш
кісі. Ал Есентайдан сондайда Оразбайды
бес-алты рет ақтарылта сөйлетіп алмайынша,
үн шықпайтын. Тегі, әр жиынның ең артқы
сөзін айтуды өзіне тәсіл ететін. Әуелі
сөзге сараң, онан соң айтса, неғылса біреуді
соқтырып, өшіктіре, қиян-кескі қиталастыра
сөйлемесе, іші кебетіндей болған. Пәлесіз,
үлкен ылаңсыз, алыс-жұлыссыз аяқтайтын
сөздің тұсында Есентай көбінше тіл бермей,
үн қатпай, жым-жырт қалатын. Әсіресе, даңғойлау,
есерсоқ, аңғалдау адамдар болса, Есентайдың
қолына түссін. Ол бітік көзін жұма беріп,
маңғаз, биік бойдағы сырын сездірместен
сызданып отырып алады. Бір де бір езу
тартып, жылы жүз беріп келген, жылыған,
жібіген ажар көрсетпейді. Сырт қалпында
адамды алдар деген титтей белгі болмайды.
Бірақ сөйте отырып, талайларды алдап
соғады, мысқыл етеді, мазақ қып кетеді”
(М.Әуезов). Талдау жұмысын мынадай
жүйеде жүргізуге болады: Мәтінді
іштей үш бөлікке бөліп, олардың әрқайсысына
тақырып бердік: 1-тақырыпша – Есентайдың
сыртқы бейнесі. 2-тақырыпша – Есентайдың
ішкі дүниесінің бейнесі. 3-тақырыпша –
Есентайдың әрекетінің бейнесі. Бұл тақырыптардың
байланысуында сөз бен сөз тіркестерінің
де үлкен роль атқарып тұрғанын көрсету
мақсатында оқушылармен біріге отырып
теориялық талдау жүргізілді.1-тақырыпшадан
2-тақырыпшаға желі тартқан сөз тіркесі
– Оразбайдың жолдасы, үзеңгі жолдасы.2-тақырыпшадан
3-тақырыпшаға қарай өтетін жолды біз біреуді
біреуге соқтыру, іші кебу; қиталастыра
сөйлеу деген сөз тіркестері арқылы көрсетуге
болады. 3-тақырыпшадаға үзінді мәтіннің
шешімін талайларды алдау, мысқыл ету,
мазақ қылу деген сөз тіркестері көрсетеді.
Сонда, сөз тіркестерінің өзі сөйлемнің
құраушы материалы болғанымен, шын мәнінде,
өздерінің орналасу жүйесі арқылы мәтіннің
құраушы материалына айналып тұр. Сөйтіп,
“Есентай” деп басталған мәтін, алдымен
оның сыртқы бейнесі, одан ішкі дүниесін,
ең соңында зұлым адамның тұтас бейнесін
суреттеп аяқталып тұр.
Осы яғни сөз тіркестерінің орналасқан логикалық желісін біз оқушыларға мынадай үлгіде де талдауды үйреттік:
1-тақырыпшадағы сөз
2-тақырыпшадағы сөз
3-тақырыпшадағы сөз тіркестерінің тізбегі:
даңғойлау, есерсоқ, аңғалдау адам түссін(Есентайдың
қолына түссін( сырын сездірмейді(сызданып
отырып алады(жылы жүз бермейді( жібіген
ажар көр сетпейді(адамды алдар белгі
болмайды( алдап соғады ( мысқыл етеді(
мазақ қып кетеді”.
Берілген үзінді мәтіндегі Есентайдың
бейнесі, шын мәніне келсек, романдағы
Оразбайдың зұлым бейнесін аша түсетін
қосымша персонаж ретінде беріледі. Ол
Оразбайдың бейнесі болса, тұтас романдағы
“жауыздық” деген концептіні танытатын
бір элемент ретінде суреттелген. Көрсетілген
сөз тіркестері болса, сол үлкен тұтастықтағы
мазмұнды ашуда белгілі бір маңызға ие
болып тұр. Мәтіннің тұтастығын тану оны
бөлшектерге бөлу арқылы жүргізіледі.
Бірақ, бөлшектерге бөлген кезде, олардың
арасындағы грамматикалық және мағыналық
байланыс жойылып кетпеуі тиіс. Сөздердің
байланысу түрлері туралы сабақтарда
қабыса байланысқан сөз тіркестерінің
ерекшелігіне көбірек назар аударған
дұрыс. Мынадай мәтінді талдау арқылы
оқушылардың талдау әдістерін меңгеруі
жетілдіріле түсті: “Ақылды адамдар күн
тәулігіндегі уақытты істелетін жұмыс,
атқарылатын қызметтің ауқымына қарай
бөліп қояды. Ол істерді бірімен-бірін
араластырмайды. Олардың қызметкерлері
де қай кезде қандай іспен шұғылданатынын
біледі. Сондықтан да олардың атқаратын
жұмыстары белгілі бір қалыптағы тәртіпке
бағынады” (Кабуснаме).
Бірінші сөйлемдегі ақылды адамдар деген
сөз тіркесіне талдау жүргізілді. Мұндағы
тіркестің түрі – қабысу. Басыңқы сөзі
– адамдар. Келесі сөйлемде осы басыңқы
сөз – ол есімдігімен ауыстырылып, енді
қиыса байланысқан тіркестің алғашқы
яғни бағыныңқы сыңарына айналған (ол
араластырмайды). Үшінші сөйлемде адамдар
деген сөз олардың болып, матаса байланысқан
сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына айналып
кеткен (олардың қызметкерлері). Төртінші
сөйлемде де осылай (олардың атқаратын
жұмыстары). Сөйтіп, оқушыларға мәтінмен
жұмыс жасатуда сөз тіркесінің өзі компоненттерінің
түрленуінде белгілі бір тұтастық құруға
деген бағыныштылық, тәртіп бары көрсетіледі.
Жазбаша сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу.
Сұрақ-жауапқа жаттықтыру
жұмысы стилистикадан алғаш мәлімет
беру кезінде, тіл ұстарту мақсатында
жүрізіледі. Онда оқушыларға белгілі мақсатқа
байланысты сұрақтар беруі талап етіледі.
Ал ол сұрақтарды мұғалім белгілі бір
мәтіннің немесе сөйлемнің стильдік ерекшеліктерін
білдіретіндей етіп ұйымдастырады. Яғни,
сұрақтар әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,
оларға стилистикадан берілетін білімнің
ауыр-жеңіліне байланысты беріледі. Тегінде,
сұрақ қоя білу, қойылған сұрақтарға орынды,
дәйекті жауап қайтару дағдылары оқушыларға
нақтылы көмек берудің нәтижесінде қалыптасады.
Оны ауызекі жұмыстан гөрі жазбаша жаттығулардың
үстінде жүзеге асыру мүмкіндігі мол.
Өйткені, оқушы жіберген кемшілікті (сөз
таңдау, сөйлем құрау, ой нақтылығы т.б.)
жазып, сызып көрсетуге, дұрыс жазудың
үлгілерін беруге болады. Дегенмен, жазу
жұмыстарының сапалы орындалуы оған дейінгі
сұрақ-жауапқа жаттығу кезінде оқушылардың
алған білім, дағдыларына байланысты.
Мысалы, мына мәтін қай стильде жазылған?
деген сұрақ беру үшін, ол мәтінмен оқушылар
бұрын танысқан немесе стиль туралы бұрын
мәлімет берілген болуға тиіс. Демек, сұрақты
белгілі мақсатқа лайықты құрастыру, оны
оқушының дұрыс түсініп, орынды жауап
қайтаруы – жұмыстың сәтті орындалуының
басты шарттары болып есептеледі. Өзіміздің
көп жылдық педагогтық іс тәжірибемізге
сүйене отырып түйгеніміз оқушылардың
қалың көпшілігі сыныптық және сыныптан
тыс қабылданған материялдарды жинақтап,
логикалық жүйеде байланысқа түсіріп,
жазбаша баяндап беруге қабілетсіз келеді.Оның
басты себебі бұл мәселе қазақ тілін оқыту
әдістеме ғылымында күні бүгінге дейін
зерттеу нысаны болмағандықтан мұғалімдер
әр түрлі білім көздерінен жинақтап біріктіру
арқылы бала тілін жазбаша дамытудың тиімді
әдіс-тәсілдері кең көлемде белгіленбей
келді. Сондықтан оқушыларды мұндай жұмыс
түріне жаттықтыру ісі талап деңгейінде
көріне алмай жүр.
Жоғарыдағы аталғандарға сәйкес, оқушыларды
әр түрлі білім көзінен жинақталған материалдарды
біріктіру нәтижесінде тұтас байланысқа
түскен мәтін түзу дағдыларын қалыптастыру,
яғни олардың контекстік тілін дамыту
жолдарын анықтауды сұрақ-жауап, яғни
әңгіме әдісі арқылы жүргізу тиімді. Біз
біріктірілетін материалдарға әдебиет
оқулығындағы әңгімелерді, сурет-иллюстрацияларды,
табиғат құбылыстары мен өмір шындығын
бақылаудан алынған мәліметтерді, жүргізілген
тәжірибелердің нәтижелері мен оқушының
жеке басының пікірін пайдаландық. Ең
негізгі білім көзіне оқылатын мәтін алынады
да, ал қалғандары оған қосымша қызмет
атқарады. Әр түрлі білім көздерінен біріктіру
арқылы балалардың контекстік тілін дамыту
мақсатында жүргізілетін жұмыс үдерісін
мынадай бөлімдер бойынша қарастырдық.
1. Оқылатын мәтінді ұғу.
2. Оқылған мәтінді сапалы толықтыру үшін екінші білім көзінен материал жинақтау.
3. Оқыған материал мен
оқушылардың басқа білім
4. Біріктірілген материалдар
бойынша әңгімелету, жазбаша мәтін
құрауға жаттықтыру.
Оқулықтағы мәтін мен басқа
білім көзінен жинақталған (бақылау, сурет,
тәжірибе т.б.) материалдарды бір мезгілде
талдау үдерісі тек тақырыптық байланысын
белгілейді сөйлемдер арасындағы мағыналық
дәнекерлікті анықтайды, мұның өзі баланың
контексті тілін дамытуда маңызды роль
атқарады. Сөйлемдер арасындағы бұл қатынастар
әр түрлі білім көздерінен алынған материалдардың
логикалық негізде жүйеге түсуді қамтамасыз
етеді, оқушыларды байланыстырып сөйлеуге
дағдыландырады.
Оқылатын мәтін мен сыныптан тыс табиғат
құбылыстарына жүргізілген бақылаудың
немесе мектепте жүргізілген тәжірибенің
барысында жинақталған материалдарды
біріктіріп, тұтас әңгіме құру дағдыларын
қалыптастыру жайындағы жұмыстарға мысал
келтірейік.
Егер сабақта күнделікті тұтынылатын
зат не құбылыс жайында жазылған әңгіме
оқытылса, мұғалім сабақты түсіндіруде
оқушылардың жеке басының тәжірибесіне
сүйенеді (жаңа мәтінді оқығанға дейінгі
игерген), ал егер шала таныс немесе мүлде
таныс емес нәрселер жайында баяндалған
мәтін талданатын болса, онда оқушыларды
онымен тереңірек таныстыру мақсатында
белгілі бір зат не құбылысқа бақылау
ұйымдастырады не тәжірибе (басқа да білім
көздерін пайдалануы мүмкін) өткізіледі.
Әңгіме мәтінін оқудан бұрын оқушыларға
сол зат не құбылысқа бақылау жүргізу
тапсырылады. Бақылау нәтижелі болу үшін,
нені, қашан, қалай бақылау керектігі,
оқылатын мазмұнда сөз болатын нәрселер
жайында қосымша мағұлмат алатындай етіп
егжей-тегжейлі нұсқау, сұрақтар беріледі.
Олай дейтініміз, оқушының оқу материалын
ұғынуды тікелей сезу үдерісіне сүйеніп,
іске асады. Ал тікелей сезу үдерісінде
түйсіну, қабылдау, елестеу жатады.
Қабылдаудың ерекше түрі –
бақылау. Бақылау үдерісі белсенді
жүргізілуі шарт. Бақылаудың белсенділігі
дегеніміз – жұмысты жүргізерде
оқушыларды қандай нәрселерге мән беруді
ескерте отырып сұрақтар арқылы жетелеу.
Демек бақылау дегеніміз
Енді жұмыс барысын мысалдар арқылы көрсетейік.
1. “Керемет көктем”әңгімесін
оқу (оқушылардың табиғат
2. “Ұя сыры” әңгімесін
оқу (мектепте жүргізілген
Мұғалім бақылау нәтижелі болу үшін нақтылы
жоспар – сұрақ ұсынады:
1. Қардың еруі (таңертең, түсте, кешке). Қар неліктен ериді? Еріген кар неге айналады? Су қайда, қалай ағады?
2. Көктемнің хабаршыларын
қалай білесің (жердің көктеуі,
3. Адамдардың көктемгі іс әрекеттері қандай? (Жер жырту, егін салу, бау-бақшаларын күтіп баптау, т.б.)
Ендігі жерде қандай құбылыстарға
зейін аудару қажеттігіне бағыт
беріліп “Керемет көктем” әңгімесін
мәтінімен оқушылардың
“Керемет көктем” мәтінін екі мағыналы
бөлікке бөлінген талдау кезінде бақылау
нәтижесінде жинақталған материалдарда
осы екі бөлік бойынша сұрақ-жауап мынадай
жүйеде жүргізіледі.
Берілген тапсырма түрінің бірінші
бөлімі бойынша жұмыс:
Мұғалімнің сұрақтары:
Оқушылардың жауаптары:
1.Әңгімеде қар жайында не айтылған?
2. Көк туралы не жазылған?
3.Құстар туралы не айтылған?
4.Бірінші бөлімде көктемнің неше белгісі сөз болады?
5.Қар қалай ериді?
1.Қар кетті.
2. Қылтыйып көк те көріне
бастады. Шөптің кішкентай
3. Құстар – көктем хабаршысы. Құстар аспанда
қалықтап ұшып, қанатын кең сермейді.
4. Үш белгісі сөз болады: а)
қардың кетуі; ә) шөптің шығуы; б) құстардың
келуі.
5. Күн біртіндеп жыли бастады. Таңертең
қар қатты болғанымен, түс кезінде ериді.
Қар асты тола су. Су ағып жылғаларға құяды.
Жылғадағы су сылдырлап ағады.
Үй шатырлары мен беткейлерде қар еріп біткен. Тек шұңқырлар мен жылғаларда ғана қалған. Кешке қар қатаяды. Өйткені күн батады.Су бетін жұқа мұз басады.
Тапсырманың екінші бөлігі
бойынша жұмыс. Мұғалімнің сұрақтары:
Оқушылардың жауаптары:
1.Дәрмен неге ерте оянды?
2.Дәуреннің әжесі керемет көктем-нің келуін қалай түсіндірді?
3.Әңгіме неліктен керемет көктем деп аталады?