Курстық жұмыстың мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 19:21, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің бірі – адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімдідігін қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу.
Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігінде дамыту. Бұл бағыттағы негізгі мәселе – оқушыларды сөйлеуге,қарым-қатынас жасауға үйрету. «Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны». Сондықтан Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастың дағдыларын жетілдіруге яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шыңдауға септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

Курсовой сабакта орындалатын жумыстар.docx

— 90.55 Кб (Скачать файл)

В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады: 1. Оқушылық (ученический) 2. Алгоритмдік (алгоритмический) 3. Эвристикалық (эвристический) 4. Шығармашылық (творческий).Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сәйкестігіне байланысты. Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады. Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы, іздендірушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады. Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады. Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерін пайдалана отырып, оны жаңа әдістермен байытып, білім алуды оқушының өзіндік іс-әрекеттері арқылы ұйымдастыруды талап етеді. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының іскерлігі, шеберлігі, белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Оқушының осындай зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара қатынасы ескеріледі. Оқушының өзін өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне, ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік – мәдени кеңістік жасау қажет. Деңгейлік оқыту технологиясын келесідей қылып қолданамыз. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Әр сыныпта оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Әр оқушының жеке дамуының көрсеткіші жасалады. Оқушы өзін -өзі бақылайды. Жыл соңында әр оқушының білім сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған әр оқушының білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады. Оқушы жыл бойы өзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып отырады. Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын  талаптар мынадай: Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс. Екіншіден, оқушының физио –психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн. Үшіншіден, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Әсіресе орыс мектептеріндегі қазақ тілі тапсырмаларына әдебиет материалдарын пайдалану өте тиімді.

Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар  қызықты, баланың ойлау қабілетін  дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті  болуы қажет. Бесіншіден, тапсырмалар  біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн. Деңгейлік  тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың  ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі төрт деңгейлік  тапсырмалардан тұрады. Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. 4- сынып бағдарламасына байланысты оқушылар лексикалық тақырыптар мен  тілдік ережелерді, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, айтып, оқып, аударып, жаза алады. Адамдардың айтқанын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды игереді. Мәтінмен жұмыс жасайды. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушылар сынып бағдарламасына сай  тақырыптарды меңгеру барысында  жұмыстың барлық түрлерімен танысады. Оқушы өз бетімен ізденеді, жеке қабілетіне қарай еңбек етеді. Баланың  ықыласы өседі. Оқушының сөйлеуі, хабарды  түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. Осындай талаптарға байланысты оқушы  сөздерді дұрыс құрастыру, сөйлемді толықтыру, сұраққа жауап, диалог құру сияқты тапсырмаларды еркін меңгере  бастайды. Үшінші деңгей тапсырмалары танымдық –іздену, алған білімді  жинақтау, бекітуге бағытталады. Бұл  тапсырмалар оқушылардың пәнге  дәрежесінің жоғары болуымен, баланың  өз жеке басының белсенділігімен  өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға сай пайдалануымен  сипатталады. Ол хабарлау; суреттеу; тілдік жағдайға, ортаға байланысты бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық –іздену түрдегі  жұмыстарды іске асырып, өз бетімен  орындайды. Оқушы үйренген сөздерінен, тіркестерден өзінше тұжырым жасауға  ұмтылады. Бірінші сатыда оқушы мұғалім  көмегімен бағдарлама бойынша тиянақты білім алады, не оқыса, соны қайталап айтып береді, орындаушылық қызмет атқарады. Екінші сатыда осы алған білімін тереңдетіп, түрлендіріп, өзгертілген тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз бетімен еңбек етеді. Үшінші сатыда танымдық-іздену жолындағы тапсырмалар орындап, бала өз тұжырымын жасайды. Сонымен педагогика ілімінде қолданылатын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінің белгілі түрі және сапалы оқытуды ұйымдастыру формаларының жиынтығы, оқыту жүйесі. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан, оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан, әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.

ҚОСЫМША 4 сыныпқа арналған тапсырмалар 

 І деңгейлік тапсырма 

Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу) Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт

ІІ деңгейлік тапсырма

Берілген сөздерді буынға бөл.

Мектеп, әже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дәптер, кітапхана, дәрігер.

ІІІ деңгейлік тапсырма

Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.

Жаңа технологияны меңгеру  мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта  қолданылатын әдістер көмегімен  жеке тұлға ретінде жан-жақты  дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды  шешуде жаңа технологиялардың атқаратын  орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі  күннің мақсаты.

       Осындай  өзгерістерден кейін көп жылдардан  бері қалыптасқан сабақ беру  әдістері,оның ішінде, студенттерге  дайын білімді бере салу, ұсынылған  тапсырманы орындату, бірсарынды  тапсырмалар жүйесі сияқты жұмыс  түрлері өз актуалдығын жоғалтты.

        Қазақ  тілі сабағы әрі тартымды, әрі  қызықты, әрі сапалы болуы әр  оқытушыныңөзіне, білім деңгейіне,  кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ.

Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт студенттеріне  қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

         Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап,  мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда  өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:

   - жағымды психологиялық  орта жасау;

   - студенттердің тіл  үйренуге деген қызығушылығын  (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;

   - ақпараттық –коммуникативтік  технолгиялармен жұмыс істей  білуге үйрету;

   -ақпараттық-коммуникативтік  технолгиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;

   - проблеманы шешуге  және шешім қабылдай білуге  үйрету;

   - кез-келген проблеманы  шығармашылық тұрғыдан  шешуге  бейімдеу;

   - өзіндік пікір,  идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;

   - пікірін, тұжырымын,  идеясын дәлелдей және қорғай  білуге дағдыландыру;

   - өз бетінше орындауға  берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен  қарауға,шығармашылықпен орындауға  үйрету;

   - студенттердің бірлескен  таным процессіне белсенді араласуына  мүмкіндік жасау;

   - студенттердің өзінің  үйренгені мен өз білімі туралы  түсініктерін ортаға салып, бірлесе

талқылап, олар туралы пікір  алысуға мүмкіндік жасау;

   - студенттерге  өздік  жұмыстарын ұйымдастыру үшін  орта құру;

            Жоғарыда айтылған мақсатқа жету  үшін оқытушының әрекеті:

   - сабақтың тақырыбына  сай мақсаттың айқын болуы;

   - негізгі мәселені  бөле көрсетуі;

   - материалдардың  өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік  мәнінің маңызды болуы;

   - студенттермен тең  құқылы түрде қарым-қатынас жасай  білу;

   - өз талаптарын  бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде  ұсыну;

   - әр пікірді, идеяны  тыңдай білу, оны сыйлау және  онымен санасу;

   - ерекше идеяларға  қолдау жасап отыру;

   - жағымды (позитивті)  және конструктивті көзқарас  ұстану;

   - сабақта ақпараттық-коммуникативтік  технолгияларды қолдану арқылы  үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;

   - студенттермен жеке  жұмыстар жүргізу үйге берілетін   тапсырманың  уақтылы және  нақтылы берілуі;

   - бағалау нормалары  сақталып, әділ бағалануы;

   - осы нәтижеге  жеткізетін –сабақтың жүйелігі.

    Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану әдістері тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Ақпараттық-коммуникативтік  технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз  бетінше жұмыс істеуге  дағдыландырады.

Ақпараттық-коммуникативтік  технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып  отыр.

        Ақпараттық  технология сабақты түрлендірудің,  ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі.

Ақпараттық технологияның  көмегімен жүргізілетін сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын

жүзеге асыруға, сабақты  шапшаң жүргізуге, студенттің өздік  жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технология жалпы компьютерлендіру үрдісінен тысқары қалған жоқ.

         Сондықтан сабақта ақпараттық  және коммуникативтік технологияны  кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі  сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық.. Мұндай сабақтар студенттерді басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы  сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін курстастарына жеткізу барысында тіл дамыту  мүкіндігіне ие болады.

       Сабақты  интернет желісіне қосылған компьютер  арқылы басқару – қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсендіреді. Компьютерді қазақ тілі сабағында пайдаланудың  негізгі мақсатының бірі – Қазақ радиосы, Шалқар бағдарламасы мен теледидар материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру

арқылы, дәстүрлі оқытушы→дәрісхана→студент  жүйесінің орнына студент→компьютер→комьютерлік оқыту бағдарлмалары→оқытушы жүйесін енгізу, оқыту үрдісін,  оқытушы мен студент рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді. Компьютердің

иллюстративтік және диалогтік  мүмкіндіктері оқу үрдісінің  уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.

         Тіл үйрену қабілеті төмен  студенттердің өзі де компьютерден  берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу  орындарында білім жетілдіруші құрал.

       Мысалы: бастауыш топтарда - интернеттен  алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін студенттердің өзіне

беруге болады. Студент  материалды іздеу барысында әртүрлі  мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда –жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасу және Қазақ радиосынан:  «Бала тілі - бал», «Атадан қалған асыл сөз», «Інжу-маржан»,  «Даланың дана арулары», Кешкі ертегі айдарларымен берілген материалдарды тіл дамыту жұмыстарына пайдаланамыз т.б.

Информация о работе Курстық жұмыстың мақсаты