Курстық жұмыстың мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 19:21, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің бірі – адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімдідігін қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу.
Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігінде дамыту. Бұл бағыттағы негізгі мәселе – оқушыларды сөйлеуге,қарым-қатынас жасауға үйрету. «Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны». Сондықтан Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастың дағдыларын жетілдіруге яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шыңдауға септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

Курсовой сабакта орындалатын жумыстар.docx

— 90.55 Кб (Скачать файл)

4.Адамдардың көктемгі іс-әрекет-терін баяндап беріңдер?  
5. Көктемді неге “керемет көктем” деп атауға болады?  

1.Ауылдың көшесін дүрілге  толтырып трактор өтіп барады.  
2.Дәуренді далаға шығарып тракторлар керуенін нұсқап: Әне егіншілер дабылы соғылған, керемет көктемнің келгені. 

3. Көктемде жер жыртылып, егін егіледі. 

4. Күн қызып, жер дегдиді.  Көктем шығысымен диқандар жер  жыртып, егін егеді. Бидай, арпа, сұлы, жүгері себеді. Бұлар – дәнді дақылдар.

Ауыл адамдары бақтарына  өрік, алма, жаңғақ, шие,  
алмұрт, жүзім көшеттерін отырғызады. Ал бақшаларына қияр, асқабақ, қызылша, сәбіз, пияз, қауын, қарбыз егеді. Жеміс ағаштарының түбін қопсытып, әктейді. 

5. Көктемде күн жылынып,  жер көктейді, ағаштар бүршік  жарып, жеміс-жидектер гүлдейді. Алыстан құстар ұшып келеді. Диқандар  жер жыртып, егін егеді. Ауыл  адамдары бақтарына жеміс ағаштарын  отырғызып, бақшаларына көкөніс отырғызады. 

Міне, осылайша, оқушылар мәтіннің әр бөлігіне өздерінің бақылау нәтижесінде  жинақтаған мәліметтерді бейнелейтін  бүтін тілдік компоненттерді (өзара  байланысқан сөйлемдер тобы) біртіндеп  біріктіреді. Әр түрлі білім көзінен  жинақталған материалдарды мұқият талдай отырып әр бөлікке кіріктірген  соң, оқушылар кеңейтілген әңгіме мазмұнын байланыстыра отырып, ауызша баяндау  мүмкіншілігіне ие болады.Мәтіннің әр бөлігі талданған соң, әңгімені қайта  оқымай, бүтін логикалық байланысқа түскен материалды байланыстыра жазып  шығу тапсырылады.  
Жазу жұмысының мұндай түрі оқушыны дәл, нақты жауап беруге дағдыландырып, сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуге жаттықтырады, тіл стильдерінің тілдік құралдарын ерекшеліктерін біліп, қолдана білуге төселдіреді. 

Тұжырымдағанда, жазу жұмысының  сұрақ-жауап түрі оқушыны дәл, нақты  жауап беруге дағдыландырып, сөйлемдерді  дұрыс құрастыра білуге жаттықтырады, мәтін құрастырудағы тілдік құралдардың  ерекшелігін ажыратып, қолдана білуге жаттығады. Ал әр түрлі білім көздерінен жинақталған материалдарды біріктіріп, тұтас мәтін құру оқушылардың  сөздік қорын молайтып, байланыстырып  жазу дағдыларын қалыптастырады, ойлау  үдерісінің дамуына ықпалын тигізеді.  

1.3. Оқушылардың  әдеби тіл стильдеріндегі мәтін  бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін  дамыту әдістемесі

Мазмұндап оқыту үдерісі  ерте басталды. Жазбаша мазмұндаманың түпкі мақсаты мәтінді өз сөзімен түсінігінше әңгімелеу. Бұл тұрғыдан мәтін жазбаша сөйлеуге үйретуде ерекше қызмет атқарады. Сондықтан ең алдымен оқушы мәтін мазмұнын түсініп игеру керек. Ол үшін оқушы мәтіндегі лексикалық құрамын игерген сол сөздердің мәтіндегі бір-біріне байланысына мән беріп, грамматикалық көрсеткіштердің қызметін ескеріп, әр сөйлемнің мәнін түсіну арқылы мәтін мазмұнын игереді. Соңынан жадына сақтап, талап деңгейінде мазмұндайды.  
Тұжырымдай келгенде, оқушылар оқыған материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатынан, оқушылардың жас ерекшелігіне, дайындықтарына, білім мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдап, жүйелі мазмұндау үшін негізінен мынадай жұмыстар ұйымдастырылады: 

1.Мәтінді қабылдауға дайындау. 

2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу. 

3. Мәтінді оқу. 

4. Мәтіннің жоспарын жасау. 

5. Мәтіннің мазмұны бойынша шығармашылық жұмыстар. 

6. Оқыған мәтіннің мазмұнын жазу. 

Тіл стильдерін үйрету мен  жаттығу барысында жаздырылатын мазмұндамаларға стильдік сипат  береміз. Онда жалпы мазмұндама алудың ұстанымдарын сақтай отырып, оқушылардың  назары кейде мәтіннің жазылу стиліне аударылады.  Мазмұндама жазуда оқушыларға қиындық келтіретін жұмыстың бірі – ол мәтіннің стилін өзгертіп мазмұндау болып есептеледі. Ол үшін оқушылардың тіл стильдері туралы жүйелі білімі, дағдысы болуы шарт. Мәтіннің стилін өзгертіп жазуды стильдік талдаудан бастаған жөн. Өйткені, сол мәтіннің қай стильде жазылғандығын, оның тілдік ерекшеліктерін білген оқушы ғана оны өзгертіп жаза алады. Сонымен бірге кейбір күрделі сөйлемдерін варианттарымен ауыстырып немесе оқушылардың түсінігіне қиын сөздер мен тіркестері түсіндіріліп, даярлық жұмысы жүргізіледі. Кейде мазмұндауға өте шағын мәтіндер таңдалып, стильдік ерекшелігі айқын ажыратуға болатындай түрі алынады. 

Тұжырымдай келгенде, мазмұндамаға стильдік талап қоя жаздыру оқушылардың  стилистикадан оның ішінде стильдерден  білімдерін кеңейтіп, түсіне білуге дағдыландырады. Сол арқылы тіл мәдениеті артып, сауатты жазу мен сөйлеуге дағдыланады. 

Шығарма жаздыру. Шығарма – белгілі бір автордың өз ойынан жазған еңбегі. Шығармалар түрлі-түрлі болады: саяси, ғылыми, көркем әдеби, публицистикалық т.б. Қоғамдық үлкен мәні бар, жұртшылыққа танылған шығармалардан бастап газет-журналдарға жазылған кіші мақалаға дейінгі еңбек шығарма деп аталады. Сол сияқты мектеп оқушысының қазақ тілі әдебиетінен орындайтын шығармашылық жазба жұмысы да шығарма делінеді. Шығарма – мектепте орындалатын өте жауапты да күрделі жұмыс. Оқушының білім-танымдық дәрежесін, пікірін жүйелі жеткізе алуын, тәлім-тәрбиелік және қабілет шамасын байқататын жазбаша түрдегі ой еңбегі. Қазақ тілі мен әдебиетінен орта мектепке арналып жасалған жетілдірілген бағдарламада: «8-10-сынып оқушыларына жаздыратын шығарма түрлері тарихи курс мақсатына лайық тақырыптық (талдау), публицистикалық және әдеби-шығармашылық», - деп, үш салаға бөлетіндігі көрсетілген.  
Бұл пікірлерге негіздеп, жазбаша тілді дамыту үлесін оқушы шығармасы тақырыбы мен мазмұнына қарай негізінен, екіге бөлуге болады: 

1)көркем әдебиет туындылары бойынша шығарма;  
оқушының өз іс-әрекеті және қоршаған орта жөніндегі шығарма.  
Жоғары сыныптарда жиі жазылатын шығарманың түрі-көркем әдеби туындылар бойынша шығармалар. Оған көркем әдебиет кейіпкерлерінің образдарын ашуға және оның маңызын талдауға байланысты шығармалар жатады. Мысалы, белгілі бір кейіпкерге мінездеме беру; белгілі бір көркем шығарманың өзіндік ерекшелігі мен мәні, жазушы стилі мен оның тілі, композициясы, талданып отырған көркем шығарманың әдебиет тарихындағы орны, белгілі бір ақын я жазушының өз кезеңінде қазақ әдебиетіне қосқан үлесі т.б. Әдеби туындылар жайындағы шығармалардың дені мектеп бағдар-ламалық материалдарды қамтиды. Сол себепті мұндай шығармалардың мазмұны оқулық аясынан онша көп ауытқи қоймайды. Сондықтан жазбаша шығарма жазуға жаттықтыру түсініктеріне де байланысты жүргізіледі. Оқушының ой, іс-әрекеті: басынан кешкен оқиғасы, қоршаған орта жөніндегі өмірден көргені мен түйгені, олар жайында алған әсері, табиғат пен тұрмыс жайындағы ой-пікірлері, арман-қиялы т.б. қамтиды Мектепте оқушыларды шығарма жұмыстарына төселдіру көптеген жаттығу жұмыстарын жүргізуді, бәрінен бұрын жазба жұмысының өзіне тән ерекшелігін жете меңгеруді талап етеді. Өйткені оқушылардың жазба жұмыстары олардың шығармашылық еңбегі болып табылады. Шығармашылық жұмыс оқушылардан біріншіден берілген тақырыпты ашу үшін қажетті материалдарды жинақтап, таңдап ала білуді, екіншіден жиналған материалды тақырыптық ерекшелігіне сай дұрыс және жүйелі түрде орналастыруды, үшіншіден материалды әдеби тілде бере білуді талап етеді.  
Оқушыларда бұл аталған дағдыларды қалыптастыру мақсатында дайындық жұмыстарын дұрыс жүргізуі тиіс. Демек оқушылар оқыту үдерісінде: 

ұсынылған алғашқы кезеңдерде өздеріне етене таныс, оқушылардың қызығушылығын тудыруы; 

2) берілген тақырып бойынша  қамтылатын мәселелер анық, дәл көрсетілуі; 

3) ұсынылған тақырыптың  негізгі идеясын ашудың нақтылы жолдары көрсетілуі ; 

4) оқушылар көркем әдебиеттен  алған мәліметтерді басқа да  білім көздерінен (газет, журнал  т.б.) алынған материалдармен толықтыру икемділігіне қалыптастырылуы; 

5) оқушылар берілген тақырыпқа  сай материал жинақтау мақсатында  табиғат құбылыстарына, өсімдіктер  мен жануарлар дүниесіне т.б. бақылау жүргізуді игеруі; 

6) берілген тақырыпта  талапқа сай шығарма жазу үшін  басқа да пәндерден алған материалдар  мен мәліметтерін пайдалана білуге  жаттықтырылуы тиіс. Ең соңында,  оқушылардың алғашқы жұмыстарындағы  байқалған қателіктер мен жетістіктер  үнемі есепке алынып, кемшіліктерді  түзету жолдарын үнемі көрсетіліп  отырса, сонда ғана жұмыстан дұрыс  нәтиже шығатыны сөзсіз. 

3. Оқушылардың әдеби тіл  стильдеріндегі мәтін бойынша  
жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі 

Біз мәтіндердің қатысымдық тілдік ерекшелігіне қарай хабарлау, сипаттау және пікірлеу мәтіндері бар  екендігін айтқанбыз. Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады. Бұл  да көркем әдеби жанрына жататын  әңгіме сияқты сюжеттер жиынынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкерлер) іс әрекеттері, олардың  арасындағы диалогтар келтіріледі. 

Тағы бір ерекшелігі: мұнда  ең басты оқиғалар мен фактілерге көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл  мәтінде зат есімдер мен етістіктер молынан кездеседі. 

Хабарлау мәтінінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі.Мысалы кейіпкердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат  суреттері сипаттауға жатса, себептік негіздер, ой қорытындылары пікірлеуге жатады.  
Сипаттау мәтініне келсек, мұнда кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, заттар мен құбылыстар суреттеледі. Солардың елеулі және елеусіз қасиеттері жайында сөз болады. Сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады. 

Кітаби стильдерді оқушыларға анықтап түсіндіруде көркем әдебиет  стилін ғылыми, іс-қағаздары стилімен салыстыру әдісін қолдану керек. Өйткені әдебиетке қайшы келетін  белгілер ғылыми және іс-қағаздары  стиліне бір-біріне өте жақын  әрі ұқсас. Ғылыми, іс қағаздары стилі  тек хабарлау міндетін атқарса, көркем әдебиет стилі әрі хабарлау, әрі  адамға әсер ету күшіне ие. Бірінші  стиль бойынша тек заттар мен  ұғымдар нақтылы дәлелдермен  анықталса, көркем әдебиет стилі  нақтылы образ арқылы, мәнерлі  сөз қолданыс жолымен беріледі. Бұл стиль өзгешелігінің бір-біріне қайшы келетін белгілері: 1) дерексіздік-нақтылық; 2) образдық болмауы-образдылық; 3) заңдылық-субъективтік; 4) эмоциясыз-эмоциялық. Бұл қайшы белгілердің біріншілері іс қағаздары, ғылыми стилге тән болса, екіншілері әдебиетке тән. Міне, мәтінде жан беретін стилистиканы оқыту мектеп бағдарламасында екі басқышқа бөлініп берілген. 

Бірінші басқышта оқушылар 5-6-сыныптарды функционалды стильдің барлық түрін оқиды. Мұнда оқушылар стиль  түрлерін, олардың ерекшеліктерін айырып, тілдік құралдармен танысады.  
Екінші басқышта 7-8-сыныптарда төменгі сыныптарда танысқан мәліметтерін кеңейтіп, өздерді де әртүрлі мәтін құрай алатын болады. Ал 10-сыныпта стиль түрлері арнаулы оқытылады. 

Сондықтан 5-8-сыныптарда жазба  стильдердің тілдік құралдары оқылып отырылған бағдарламалық материалдар  арқылы үйретіледі.  
Стильдермен таныстырудың ең тиімді әдісі – үлгілер көрсету мен шығарма-ларды талдау. Мысалы, эмоциональды-обрзды көркем әдеби стиль мәтіннің үлгісі. Оқушылардың әдеби тіл стильдері бойынша жазбаша тілін дамыту үшін, жазбаша стильдердің ерекшеліктері мен тілдік құралдарын игерту 5-10-сыныптарда әр тіл стильдердің ерекшеліктері бойынша жүргізіледі. 

 

ІІТАРАУ Қазақ  тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды пайдалану әдістері

 

2.1. Жаңа технологиялардың  білім сапасын арттырудағы тиімділігі

Оқу үрдісінде  субъектіні қалыптастыруда инновациялық технологияларды  қазақ тілі сабағында тиімді қолдану.

Орыс ғалымы Л.В. Зенков  Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы –деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын  артып, өзгеріп отырған әлемдік  ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл  әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана  білу,бүгінгі күннің мұғалімнен үлкен  ізденісті, зор талапты, өз білімін  жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи  жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең  бастысы –оқушының білім  жетістіктерін жақсартуға  ықпал етеді.Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.Оқушының дайындық деңгейін саралау , оқушының жеке танымдық  мүмкіндігін ескерудің  басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс- әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып,әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру,тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері  оқушының іс-әрекеттік-компетенттік тәсілге  бейімделуіне мүмкіндік береді.Мектептегі оқытуды технологияландыру қазіргі  нарықтық экономика жағдайынан, өмір талабынан туындап отыр. Деңгейлік  саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік  тапсырмалар бірінші, екінші, үшінші деңгейде беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей, мұны барлық оқушылар орындауға міндетті. Екінші деңгей күрделенеді, бұл деңгейлік  тапсырманы орындауға  оқушылардың  барлығы құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей  алатын, өзіндік пікірін жеткізе  алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті  оқушылар орындайды.Орыс мектептерінде  өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты  – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс  сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән  дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата  білуге үйрету. Сондықтан да оқушылардың  білімін арттыру үшін сабақта  жаңа технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген  сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту  технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен  тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?»  деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту  технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға  болады?» деген мәселенің шешімін  іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі  әдістері арқылы анықталады. Бүгінгі  таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан  негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану  – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері  үнемі ізденіс үстінде. Олар заман  талабына сай оқушылардың білімін  тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын  арттыру үшін көп еңбек етуде. Қазақ  тілі сабағының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін  танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта қазақ тілі мұғалімдері  сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі  уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі – «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы». Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.

Информация о работе Курстық жұмыстың мақсаты