Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:28, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70

Файлы: 1 файл

Жанара__а.doc

— 442.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің рухани құндылықтық  мәні мен оның ғылыми-әдістемелік  тұрғыда зерттелу деңгейі арасындағы; халық ауыз әдебиеті үлгілерінің  баланы дамытудағы педагогикалық мүмкіндіктерінің тереңдігі мен оның оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылуы арасындағы; халық ауыз әдебиеті үлгілерінің білім мазмұны жүйесіндегі алатын орны мен олардың оқу бағдарламаларында қамтылу деңгейі арасындағы; халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың әдістемелік жүйесінің жаңаша негізделуі мен қазіргі оқу үрдісіндегі қалыптасқан бағыттар арасындағы қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін бекіте түседі.

Қазақ Совет энциклопедиясында: «...Ауыз әдебиеті шығармаларында халық өзінің өмірін, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, әлеуметтік-таптық көзқарасын, еңбек кәсібін, басынан кешірген тарихи жағдайларын, қуанышы мен күйінішін, арман-мүддесін, таптық-қоғамдық тілектерін т.б. бейнеленген. Ауыз әдебиетін тудырушы және оның иесі – халық...» делінсе, фольклортанушылардың зерттеулері бойынша да халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігі дәлелденеді.

Бірінші ерекшелігі –  халық ауыз әдебиеті шығармаларының белгілі авторының болмауы. Мұның  себебін ауыз әдебиетін зерттеуші-ғалым М.Ғабдуллин былай түсіндіреді: «...ертегі, әңгіме жырлардың қайсысын болса да, әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан, авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал, шығармалары ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторлары халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін – халық әдебиеті деп танушылық, міне, осылай туған.

Екінші ерекшелігі –  ауыз әдебиеті шығармаларының көп нұсқалылығы. Бұған Алпамыс жырын, Қожанасыр  әңгімелерін әр халықтың өз мұрасына балап, өзінше айтып келгендігі дәлел. Өйткені әр халықтың жадында бұларға қатысты сан түрлі нұсқадағы еңбектер сақталған.

Үшінші ерекшелігі –  ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы  сөздер мен сөйлемдер, сөз тіркестері, тұрақталған ұйқастардың жиі  кездесетіндігі.

Төртінші ерекшелігі – ауыз әдебиеті шығармаларында өнердің бірқатар түрінің араласып келуі. Сол себепті халықтық шығармаларда сөз өнері, ән-күй, жыр, би, сахналау т.б. көркем өнер түрлері өзара ұштасып, кірігіп жатады. Небір дүлдүл жыршы-жырау, ертекшілердің бір басынан өнердің барша түрі табылып, олардың есте сақтау, шебер орындаушылық қабілеттілігі арқасында халықтық шығармалар ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.

Халық ауыз әдебиеті шығармаларын іздеп, жинап зерттеуге В.В.Радлов, Н.Березин, А.Алекторов, Г.Н.Потанин, П.М.Мелиоранский, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин, Ж.Көпеев, М.Қалтаев, т.б. үлкен үлес қосты.

М.Жұмабаев: «Қазақ тілінде  қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді  тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр», - деп қазақ сөз өнерінің туындылары туралы дәл пайымдаған. Ал А.Байтұрсынов: «Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп көрсеткен.

Фольклорист-ғалым М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті», - деп айтқан Қай халық болмасын ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған шығармаларын балаларға арнаған. Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш.Ахметов: «Балалар ауыз әдебиетін жасаған – халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе жоқ. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қиялын өлең етіп, ән етіп тұңғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек, мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған» - деп, баланы өз өмірінің жалғасы ретінде ұққан қазақ халқы да асыл мұрасын әрқашан балаға арнаудан, айтып-дәріптеуден жалықпағандығын айтады.

Халық ауыз әдебиеті қай  заманда болмасын балалардың қызыға тыңдап, сүйіп оқитын шығармалары  болған. Балалар қызықты ертегі, жырларға үлкендердің айтуымен, оқып беруімен ерте жастан-ақ қанық бола бастайды.

Ш.Ахметов балалар  фольклорын бірнеше сатыға бөліп  көрсете отырып, «Балалар фольклоры  тек балалардың психологиясымен, олардың  жас ерекшелігімен санасудан  туған және оларды тәрбиелеу ісінен шыққан игілік», -деп орынды баға берген.

Әсіресе, түркі халықтарының фольклорын жинап-зерттеуге, жариялауға айырықша еңбек сіңірген академик В.В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюрксих племен» атты еңбегінің 3-томын қазақ фольклорының үлгілеріне арнаған. Зерттеуші өзінің осы еңбегін былайша түсіндіреді: «Қазақ тілінің мұндай тазалығы мен қолтумалығы, сондай-ақ, оның кең таралғандығы бұл бөлім бойынша мүмкіндігінше толық материал жинап, әдебиет үлгілерінің бүкіл бір томын арнауға мәжбүр етті. Мені бұған итермелеген тағы бір жай қазақтардың басқа тайпаластарынан суырып салуға ұста, тамаша шешендігімен ерекшеленетіндігі болды». В.В.Радловтың бұл еңбегіне фольклорист-ғалымдар Б.Уахатов, С.Қасқабасов, К.Матыжановтар: «В.В.Радловтың осы кітапқа негіз болып отырған айтулы еңбегі – тек көлемі жағынан ғана емес, ғылыми мәнділігі тұрғысынан да қазақ фольклорына арналған ең алғашқы толыққанды жинақ. Біріншіден, бұл қазақ ауыз әдебиетінің барлық дерлік жанрын толығырақ қамтыса, екіншіден, жинақта халық тілінің ерекшелігі толық сақталған. Аталған басылымның тағы бір құнды жағы қазақ фольклорын жанрларға бөліп орналастыруында», - деп баға береді.

Қазақ фольклоры мен  этнографиясын ғылыми тұрғыда зерттеп, жарыққа шығарушы Г.Н.Потанин ертектерді тез арада жинап алу керектігін, мұның халық тұрмысындағы жағдайларға  байланысты ұмытылып, жоғалып кетуі мүмкін екендігін ескерткен. Сондай-ақ, бұл іске жұртшылықты тарту ісін ұйымдастыру жолдарын көрсеткен. Ол ғылым үшін қажетті ауыз әдебиеті шығармаларының нұсқаларын жинауға да атсалысты. Г.Н.Потанин сол кездегі ескерілмей, зерттелмей жүрген балалар фольклорына көңіл бөліп, оны жүйелеуде, бастыруда көптеген нақты іс-шаралар жасағаны тарихтан белгілі.

Халқымыздың ұлы тұлғалары  Шоқан, Абайлардың балалық шақтарында халық ауыз әдебиетімен сусындап өскендері мәлім. Осы ұлы адамдардың сана сезімінің, арман-қиялының ерте оянуына ауыз әдебиеті түрткі болғаны анық.

Шоқан туралы еңбекте  былай дейді: «Жасөспірім Шоқанның өз құралпастарына қарағанда сана-сезімінің  ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып  қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің  бірі – Айғаным. Ә.Марғұланның Айғанымды Шоқан үшін «халық даналығының сарқылмас бұлағы,» - деуі сондықтан.

Ал М.Әуезов «Абай жолы»  роман-эпопеясында Абайдың Зере әжесінің әңгімелерін тыңдағысы  келгенде; «Е-е,  бұлдыр-бұлдыр күн  өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» - деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді. Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Қара мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті, көш бойы да Абай айтқыза беретін болды», - деп жазады. Шоқан мен Абайдың ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін оятқан Айғаным, Зере әжелерімен қатар, сол кездердегі Арыстан, Барлас сынды ақын-жыршылардың да әсері болды.

Қазақ халқының ойшыл  ғалымы Ш.Уәлиханов ғылыми ізденісін  осы ауыз әдебиеті ескерткіштерін жинап, қағазға түсіру жұмысынан бастаған. Атап айтқанда, бұл салада «Қозы-Көрпеш–Баян сұлу» жыры, «Едіге» жырының нұсқалары, «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы», «XVIII ғасыр батырлары туралы аңыз-әңгімелер» және т.б. еңбектері бар.

Ш.Уәлихановтың халық  ауыз әдебиетінен тарихи өлеңдер, жоқтаулар, айтыстар, батырлар туралы аңыз-әңгімелер, қазақ-қырғыз халқының мифтері, әдет-ғұрыптары туралы мол мұраларды хатқа түсіруінің фольклор тарихы үшін зор маңызы болды.

Орта Азия мен Қазақстан  халықтарының фольклорын зерттеуде  Ә.Диваевтың еңбегін ерекше атауға болады. Ә.Диваев қазақтың «Қырық өтірік», «Тазша бала», «Алдар көсе», «Жиренше шешен» тәрізді ертегілері мен аңыз-әңімелерін жинап жариялады. «Балаларға тарту» деген еңбегінде бесік жыры, тақпақтар, ойындар, өтірік өлеңдер, төрт түлік туралы жырлар т.б. ауыз әдебиеті үлгілері көрініс тапты. «Ә.Диваев ауыз әдебиетінің үлкенді-кішілі қай жанрын болмасын, жинап алысымен ретке келтіріп, орысшаға аударып, түсініктемелерін жазып, жариялатуға асыққан. Және қай жанрды жинамасын, қазақтың тұрмыс халінен, әдет-салтынан, тарихы мен күнкөріс кәсібінен мағлұмат берердей үлгілерін баспа бетіне ұсынуды әдетке айналдырған.

Әрі ақын, әрі ғалым  М.Ж.Көпеевтің қазақ фольклорын жинау, жүйелеу жөніндегі еңбегі ерекше. М.Ж.Көпеевтің ел аузынан жинаған «Мес» атты қолжазба мұралары «Тұрмыс салт жырлары», «Аңыздар», «Ақын-жыраулар туралы», «Айтыстар», «Ертегілер», «Батырлар жыры туралы» деп топтарға бөліп шығарған ғалым С.Дәуітов «Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ел ішінде аңызға айналауына ақындығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы да себеп болса керек» - дейді.

Қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнанбаев халық ауыз әдебиетінен  нәр алып, шығармашылық еңбегіне арқау  еткен. «Абай» энциклопедиясында Абайдың  баласы Тұрағұл әкесінің халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігі жайлы былай деген: «Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, иә өзі айтып отырғыш әдеті бар еді. Біреуге айтқызғанда бұрын есітпеген кісіше ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң айтушының адасқаны болса айтып береді. Қазақ ертегісінде есітпеген, білмеген ертегісі кем шығар, қазақтың ертегісінен бұрын қай жерлерде жүргені, көршілесі, күндес елдері кім екені, қаракеті не екенін, елдің арманы, білімнің қандайлық кезінде шығарғандығы көрінеді деуші еді». Абайдың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің мән-мағынасын асқан шеберлікпен көрсете білгендігін «Қара сөздерінен» көруге болады. Ол өзінің «Жиырма тоғызыншы» сөзінде: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар», - дей келіп, «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. «Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Осындай білместікпен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек», - деп ескертеді. Бұл қағида бүгін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өйткені бастауыш сынып оқушыларына ұсынатын мақалдарды іріктеудің бір критерийі етіп, Абай тұжырымын алуымыз қажет деп есептейміз.

Халық ауыз әдебиетінде  адам баласының дүниеге келуінен бастап, қартайғанға дейінгі өмірі, тұрмысында кездескен, басынан өткерген жағдайларының суреттелуін терең сезіммен ұғынған Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп парасатты ой түйіндеген.

Қазақ халық ауыз әдебиетін  мәдени мұра ретінде игеру және оның тарихын зерттеу мәселесіне әдебиетші-форльклористер М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Б.Адамбаев, С.Садырбаев, Б.Уақатов, С.Қасқабасов және т.б. үлес қосты.

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған халық ауыз әдебиетінің дүниетанымды кеңейту, ақыл-ойды өсіру, тіл дамыту, тәлім-тәрбие беру жолында қашан да таптырмас әрі өміршең құрал болғандығы сан ғасырлар бойы дәлелденіп келеді.

Фольклорист-ғалым М.Ғабдуллин  өз еңбектерінде ауыз әдебиеті туралы ғылыми тұрғыда түсініктер беріп, ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылықтарын, қазақ ауыз әдебиетінің зерттелу жайын қарастырды. Сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар, төрт түлік мал жайындағы шығармалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, батырлар жырына кеңінен тоқталып, олардың тақырыбы, түрлері, өзіне тән ерекшеліктері туралы «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ фольклористикасы» атты еңбектерінде зерделеді.

Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің балаға тигізер әсерін, үлгі-өнегесі мен тәлім-тәрбиесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырған бірден-бір зерттеуші ғалымның бірі – Ш.Ахметов. Ол қазақ халық ауыз әдебиетінің мән-мағынасын ашып, әрбір жанрға жеке-жеке тоқтала отырып, әрқайсысына анықтама беріп, өзіндік ерекшеліктерін сипаттап, баланың ақыл-ойын, қиялын, танымын, тілін дамытуда атқаратын қызметін дәлелді түрде көрсетіп берді.

Ш.Ахметов «Қазақ балалар  әдебиеті тарихының очеркі» атты еңбегінде: «Балалар әдебиетінің негізі ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар  әдебиетін зерттегенде, халық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі», - деп айтқан. Ғалым балалар фольклорын мынадай кезеңдерге бөліп, түсіндірген: «Балалар фольклорындағы бірінші сатысы және ең бастысы бесік жырымен ашылады; балалар фольклорының екінші сатысы «Тұсау кесу» жырымен басталады; үшінші кезеңі балдырғандарды айналадағы өмірмен, жәндіктер тіршілігімен жөне өздеріне ең жақын мал шаруашылығымен таныстыруға бағытталады; төртінші кезеңі балдырғандарды енді жыл мезгілдерімен, соған байланысты өзін қоршаған ортамен таныстыруға бет бұрады; бесінші кезеңінде ойын-сауық көркіне байланыстыра отырып, балаларды дұрыс та анық сөйлеуге жаттықтыру үшін жаңылтпашты қолданады; алтыншы кезеңінде балалардың ақыл-ойын дамыту үшін жұмбақ жанрын пайдаланады.

Ш.Ахметов үлкендер тарапынан  балалардың дүниетанымын қалыптастыру, тіршілік қалпын таныстыру, тәлім-тәрбие беру, ақыл-ойын өсіру, тілін ұстарту  «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» - деген халық қағидасына сүйене отырып, кезеңдерге бөлген. Осы еңбекте халық өлеңдері, жаңылтпаш, өтірік өлеңдер, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілердің маңызы туралы жазған. Ғалым «Қазақ балалар әдебиеті» атты еңбегінде балалар ауыз әдебиетіндегі эстетикалық идеалға, оның ішінде бесік жыры, тұсау кесу жырындағы эстетикаға айырықша тоқталған. Сонымен қатар төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығын, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілердің тәрбиелік мәнін ашып берген.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті