Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:28, дипломная работа
Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70
«Бала тәрбиесі – бесіктен» деп тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұстанған. Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетінің тамаша үлгілері – бесік жыры, төрт түлік жырлары, өтірік өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз әңгімелердің әрқайсысының баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.
Қазіргі кезде біздік қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында адамгершілік тәрбиесінің мәні мен оның проблемалары күрделендіріп отырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екендігін адам құқығы мен бостандығын танитындығы, демократиялық қоғам мен құқықты мемлекет құруға бекем бел байлағандығын азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген.
Қоғамның тарихи даму тәжірибесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді. Соның ішінде философия ғылымы адамгершілік тәрбиесін ең негізгі проблема деп қарастырды. Ал, жалпы педагогика мен психология адамгершілік тәрбиесі теориясын жеке адам және қоғам туралы ғылымдардан бөліп қарамайды, оның ажырамас бөлігі деп есептейді. Ол әр уақытта да философия, социология, психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.
Ғылыми диалектиканың дүниетанымы ілімі адамгершілік теориясы мен практикасының методологиялық негізі болып есептелінеді. Дүниені ғылыми танып білу табиғаттың біртұтастығы, табиғат пен қоғам құбылыстарының өзара байланысы және олардың даму заңдарының бір-бірімен сабақтастығын ғылымаралық байланыс білдіреді.
Халық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізде, алдымен дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар. Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күннен бастап дене тәрбиесі қолға алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы іспеттес.
Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуі үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған ата-бабамыз «тәні саудың – жаны сау» деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттрінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған.
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелер адамзат тарихымен бірге айтылып келе жатыр.
Адамгершілік тәрбиесі туралы ұғым қоғамның рухани мәдениеттің бір көрінісі ретінде өмірдің тарихи-әлеуметтік мәнін, міндеттерін айқындайды.
Біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың адамгершілік саналылығын тәрбиелеу қоғам дамуының басты айқындаушы міндеті болып табылады.
Ғылыми философиялық, психологиялық әдебиеттерде адамгершілік тәрбиесі туралы жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Адамгершілік деген ұғым педагогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория, сондықтан мұның анықтамасына талдау жасауда оның қандай фактормен байланысты екенін анықтап алу керек. Ең алдымен, адамгершілік әлеуметтік, экономикалық бағытпен байланысты. Бұл адамгершіліктің әлеуметтік негізін көрсетеді. Тарихқа көз жіберсек, адамгершілік ұғымы көп ғасырлар бойына діни көзқарас негізінде түсіндіріледі, ал қазіргі ғылым адамгершілік ұғымын рухани, мәдени негізде түсіндіреді.
Адамгершілік тәрбиесінің жүйесі сезім, сана және адамгершілік әдет-дағды /категориялары/ ұғымдарымен анықталады. Әсіресе Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында бір-бірімен сабақтастықта байланысты болуы айрықша орын алады.
Балалар мұғалімнің, ата-ананың бас –көз болуымен адамгершілік ережелерді, қағидаларды өзінің күнделікті өмір сүру барысында қабылдайды. Алайда адамгершілік ережелер, үлгілер, нормалар мәңгі өзгермейтін категория емес, ол қоғамдық экономикалық, әлеуметтік жағдайдың, құрылыстың өзгеруіне байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында адамгершілік ең негізгі құндылық болып келеді.
Адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы адамгершілік тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Шығыс философтары мен
ойшылдары өздерінің ой-
Тәрбие туралы ой-пікірлер ҮІ ғасырдағы Орхон –Енисей жазуларынан басталып Орта ғасыр ғұламалары мен /әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Жүгінеки т.б./ алтын орда дәуірі оқымыстылары /С.Сараи, Қ.Жалайри т.б. / ІУ-УІ ғасырда өмір сүрген ақын –жазушылар /Асан-Қайғы, Шалкиіз, Бұқар, Махамбет, Әсет т.б./.
ХІХ
ғасырдың ІІ жартысында /Шоқан,
Ыбырай, Абай/ одан кейін ортамызға
қайта оралған қазақтың ұлы
зиялылары А.Байтұрсынов, М.
Адамгершілік, имандылық ғылымдық тұрғыдан қарағанда үйренетін
жайлар аз емес. Міне, Ы.Алтынсарин /1841-1889/ тарихтағы зиялылар арасында өзінің ортасында терең ойы мен ағартушылық педагогикалық асқан еңбегімен айрықша ерекшеленеді.
Ыбырай
Алтынсарин қазақ
Дала
ұрпақтарын оқу мен өнерге, мәдениетке,
адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.
Мысалы:
Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестом
Біздер
Ы.Алтынсариннің еңбектерінде
Ы.Алтынсариннің
адамгершілікке тәрбиелеу
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан,
Суық болса жөргегін
Қорғасын оттай балқытқан
Айналасына ас қойып
Иісін көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан.
Кім сендерді, балалар, тербететін
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін,
Жалқау болсаң, балалар,
Жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Ы.Алтынсариннің бұл шығармасынан біздер ата-ананың баланы сүйіп, еркелететіндігін, баланың ата-ана жөнінде міндеттерін және ата-ана баланың табиғи тәрбиешісі екенін, қазақ халқының болжамдылық қасиеті, ерекше мейірімділігі бар екенін көреміз.
Абай /1845-1904/ мұрасы – қазақ елінің энциклопедиясы деп аталып, әлемдік тарих төрінен орын алды. Ғұлама ойдың иесі Абай адам тәрбиесінің ең өзекті мәселелерін өзінің шығармаларына арқау еткен. Мәселен; «Ғылым тапбай мақтанба» /1880ж./ деген өлеңінде
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз», - деп жаман әдеттерден сақ болуды, ал оның орнына
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз».....
деп жағымды қасиеттерді көрсетеді.
Прозалық
және музыкалық– поэтикалық
«Ата-анаға көз қуаныш» әнінде дана, ақылғөй ақын жастарды қайғы –қамсыз, алаңсыз өмір сүрмеуге, оқу – білімге ұмтылып, өз болашақтарын ойлауға, ата-ананың үміті мен сенімін ақтауға шақырады.
Абай
әнші-ақынның идеялық тұлғасын
биік адамгершілік және
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ-барды, ертіңгіні термек үшін
Көкірегі сенімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, қөңілін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан сауық, ойда жоқ әуел баста –ақ.
Абай
өзінің жан сырын халыққа
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ зиялылары өз ұлтының тағдырына ой жіберіп, барлық күш-қайрат, ақыл- ойларын халқын қалайда іргелі елдер қатарына қосуды арман етті.
Бүгінде ортамызға қайта оралған А.Байтұрсынов /1873-1937/, М.Жұмабаев /1893-1938/, Ж.Аймауытов /1889-1931/, М.Дулатов /1885-1938/, Ш.Кұдайбердиевтің /1858-1931/ мәдени-рухани мұралары жас ұрпаққа тәрбие, білім беруде кеңінен пайдалануда.
Халық педагогикасы туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді. Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегендер А.Якушевич, О.Диваев, В.Радлов, Г.Потанин, В.Затаевич. Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканы зерттеген Г.Н.Волков, Е.Н.Ханбиков, А.Э.Измайлов, С.Р.Раджбаев, Н.С.Сафаров т.б.
Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың , жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарындағы алатын орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұрғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, методологиялық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Сейсенбаев, Х.Арғынбаев, Н.Сәрсенбаев, С.Ұзақбаева, А.Мұханбаева, М.Балтабаев т.б. Бұл зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әр түрлі мазмұн-мағынада түсіндіріледі.
Халықтық педагогика – көп арналы, қыры-сыры мол, күрделі ғылым.
Ол ұлттық өмірге немқұрайды қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуіне қамтамасыз етуге тиіс.
Халықтық
педагогика – тәрбиенің
Ал
халық педагогикасының зерттеу
негізінде халық ауыз
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті