Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:28, дипломная работа
Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70
Жоғарғы деңгей. Халық ауыз әдебиеті негізінде өз бойында сөйлеуін дамыта отырып, барлық өмір жағдайындағы проблемаларды ұтымды жолмен шеше білетін, шығармашылық деңгейде көріне білетін, білімі, ақыл-ой деңгейі жоғары. Халық ауыз әдебиеті арқылы сөйлеуін дамытуда барлық білімдер жүйесін меңгерген және ауыз әдебиеті жанрларын ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, өнеге-өсиеттермен ұштастыра отырып рухани қалыпты болуына белсенділік танытады.
Тәуелсіз еліміздің ертеңiн мәнді ету мақсатында балалардың сөйлеуін дамытудың маңызы зор. Өйткенi, баланың сөздік қоры мен сөйлеу мәдениеті оған өмір тәжiрибесiнде кез-келген әлеуметтiк жағайларда дұрыс бағыт тауып, шығармашылық тапқырлыққа ұмтылуға жетелейдi. Демек, бұл мәселелер өз шешімін табуда балалардың сөйлеуін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы зор және қосар үлесі мол.
Бірінші бөлімде фольклорист-
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов және т.б. өз еңбектерінде халықтық мұраның мән-мағынасын зерделеп, жас ұрпаққа үйретері мен үлгі етері мол асыл қазынаны шығармашылықтарына арқау еткені сөз болды.
А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Қоңыратбаевтың, Х.Досмұхамедовтың, М.Ғабдуллиннің, Ш.Ахметовтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін қарастыру нәтижесінде халық ауыз әдебиетінің жанрлық, мазмұндық, тәрбиелік тұрғыдан жан-жақты зерделенгендігін анықтай отырып, олардың ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұрғыдағы тұжырымдары жұмысымыздың арнаулы міндетін орындауда басшылыққа алдынды. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің педагогикалық-психологиялық негіздерін халық ауыз әдебиеті ең алдымен, баланың танымдық әрекеттерін, яғни қиялдауын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытумен сабақтастықта қарастырылды. Халықтық шығармалардың терең ойы мен көркем тілі баланы айнала қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасай алуына, өмірге өзін бейімдей білуіне, мінез-құлқын, өзіндік танымын орнықтыруға тигізетін әсері туралы айтылған ой түйіндеулер халықтық шығармаларды оқытудың ұстанымдары мен критерийлерін белгілеуде маңызды қағида ретінде алынды.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері халықтық тәлім-тәрбиенің бастау бұлағы, жасөспірімдерге туған елін, жерін, тілін, салт-дәстүрін танып-біліп, қастерлей алатын азамат болып өсуіне негіз боларлық ұлттық құндылық екендігі отандық және шетелдік ғалымдардың, педагогтар мен әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми тұрғыда дәйектелді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың нәтижелілігі оқыту әдістерін тиімді қолданумен қатар, дидактикалық ұстанымдардың да дұрыс сақталуынан көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту процесін бақылау барысында, әсіресе, жүйелілік ұстанымына басым назар аударудың қажеттігі байқалды.
Балаларға берілетін теориялық білім, білік, дағдылардың нәтижелілігі – белгілі бір тәртіпке бағынады. Мысалы, әрбір тақырыптың өзіндік ішкі жүйесі болмайынша ол жөнінде тиянақты білім бере алмайтынымыз хақ. Оқу материалдарының өзара сабақтастығы, өтілетін материал мен жаңа оқу материалының бір-бірімен байланыстылығы ұстанымы сақталғанда ғана оқушылар білім мазмұнын саналы әрі толық меңгере алады. Сондай-ақ, жүйелілік ұстанымы баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру талабының орындалуында да маңызды рөл атқарады.
Зерттеу міндетімізге орай, осы уақытқа дейінгі дәстүрлі оқу жүйесіндегі нормативтік құжаттар мен оқу-әдістемелік кешендерге жасалған талдау нәтижесінде халық ауыз әдебиетінің бастауыш білім мазмұнында алатын орны анықталды. Мектеп жасындағы дейінгі оқу бағдарламаларында, оқулықтарда халық ауыз әдебиетінің үлес салмағы, оқытудағы негізгі бағыттар, ұстанымдар сарапталды.
Халықтық шығармалар – елдің тарихы, мәдениеті, өнері, экономикасы тұрғысынан хабардар ететін бірден-бір мәдени мұра, сондықтан олардың Мектеп жасына дейінгі балалардың ғылыми-педагогикалық тұрғыда дұрыс негізделуі бүгінгі қоғамдық әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкес жетілдіру қажеттігі жөнінде нақты тұжырымдар жасалды.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің мектеп жасына дейінгі сатыдан бастап жүйелі түрде оқытылуының маңызы үлкен екені белгілі. Өйткені ауыз әдебиеті үлгілері шәкірттердің сөз өнеріне деген қызығушылығын оятуда, адамгершілік, имандылық т.б. қасиеттерін қалыптастыруда ерекше рөлге ие. Сол себепті де ауыз әдебиеті үлгілерінің мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтаудың мәні зор болмақ.
Сондықтан да балабақшаларда білім мазмұнына талдау жасау барысында негізделген тұжырымдарға сүйене отырып, балабақшада оқытылатын қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық тұрғыдан сарапталынып, олар жанрлық және ішкі жанрлық түрлерге төмендегіше жіктелінді.
1 кесте - Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық және іштей мазмұндық жағынан жіктелінуі
р/с |
Қазақ ауыз әдебиеті жанры |
мазмұны |
1. |
Төрт түлік жырлары. |
|
2. |
Бата-тілек өлеңдері. |
|
3. |
Өтірік өлеңдер. |
|
4. |
Жаңылтпаштар. |
|
5. |
Жұмбақтар. |
аспан, жер-су, адам, оның мүшелері, табиғат құбылыстары, тұрмыстық заттар, көлік, техника, оқу-білім, музыкалық аспаптар, уақыт, мерзім. |
6. |
Мақал-мәтелдер. |
Отан туралы, еңбек пен кәсіп, батырлық-ерлік, ынтымақ-бірлік, адам қасиеттері, өнер-білім, тәлім-тәрбие, тіл өнері, сөз мәдениеті, отбасы, туыстық, жақсылық, жамандық, тазалық, денсаулық, табиғат құбылыстары, жан-жануарлар. |
7. |
Ертегілер. |
хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, қиял-ғажайып ертегілері. |
8. |
Аңыз-әңгімелер. |
Қорқыт ата, Асан қайғы, Жиренше шешен, Қожанасыр, Алдар көсе. |
9. |
Батырлық ертегілер: |
Қамбар батыр, Ер Тарғын. |
10. |
Батырлар жыры (үзінділер): |
Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Қобыланды батыр, Ер Тарғын туралы. |
Педагогика ғылымында дидакт-ғалымдардың оқыту әдістеріне қатысты ұстанымдары ескерілді. Атап айтқанда, Н.В.Савиннің сөз әдісі, көрнекілік әдісі, И.Т.Огородниковтің кітаппен жұмыс, әңгіме деп атаған әдістері, сондай-ақ белгілі дидакт-ғалымдар И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиндердің түсіндірмелі-иллюстративтік, проблемалық, ізденушілік немесе эвристикалық әдістері негізге алынды.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың ой-өрісін, тілін дамытудағы маңызы мен тәрбиелік мәні халықтық ой саралау, сөз саптау ерекшелігіне талпындырып, ізгілік қасиеттерін бойына сіңірудің қайнар көзі екендігінен танылады.
Қазіргі білім берудегі
гуманитарландыру, демократияландыру
және ізгілендіру процестері білім
мазмұнындағы жалпымәдени компоненттердің
басымдылықпен дамуына
Фольклортанушылардың
зерттеулеріне сүйене отырып, халық
ауыз әдебиетінің өзіндік
Халықтық шығармаларды іздеп, жинап, зерттеу, бастыру ісімен шұғылданған ғалымдар В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев, Ш.Уәлиханов, М.Көпеев т.б. еңбектерінің, қазақ халық ауыз әдебиетін мәдени мұра ретінде игеру және оның тарихын зерттеу мәселесіне қатысты М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Б.Адамбаев сынды әдебиетші-фольклористердің, ғалымдар Ш.Ахметов, Ә.Табылдиев, К.Матыжановтардың қазақ балалар фольклорына теориялық тұрғыдан қарастырудағы тұжырымдары зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздері ретінде алынды.
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев т.б. еңбектері бойынша халық ауыз әдебиетінің оқушылардың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні айқындалды.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің
педагогикалық мүмкіндіктері
Демек, халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы.
Фольклорлық шығармалар балаларды дүние әлеміне еркін бойлай алуына, туған елдің дүниетанымын бойына сіңіруіне, туған жердің әсем табиғатынан ләззат алуына, халық түсінігіндегі әсемдікті сезіне білуіне, әдептілік, ар-ұят тұрғысынан сабақ алуына, халықтық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды үйренуіне игі әсерін тигізіп, адамгершілік-ізгілік, көркем-эстетикалық тәлім-тәрбие береді.
Халықтың рухани байлығын, асыл мұрасын дәріптеп бойына сіңіру арқылы баланы дара тұлға ретінде дамытуға мүмкіндіктер ашылады. Сан ғасырлар бойы халық педагогикасының шыңдалған, өмір тәжірибесінде сұрыпталып, бекіген қағидалары бала тәрбиелеу ісіне қалтқысыз қызмет етіп келеді, ұжымдық, яғни халықтық адамгершілік даналық, эстетикалық сезімталдық мұраттардан туған халықтық шығармалардың басты нысанасы – халықтың өзінің ой-арманындағы нағыз адам бейнесін сомдап, осы үлгіде ұрпағын, болашағын тәрбиелеуді мақсат тұтқандығында. Мұндай идеал жалпыадамзаттық аясының ізгіліктік танымына үйлесімді кірігуімен құнды болмақ.
Балабақщада қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту жас ұрпақтың бойында жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері негіздерін қалыптастыруда маңызы зор.
Балабақшада қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеуін дамыту жүйесі кешенді қарастырылды.
Балабақшадағы білім мазмұнындағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері жанрлық тұрғыдан іріктелінді.
Балалардың оқыту әдістері таңдалынып алынды. Оның ішінде эвристикалық, шығармашылықпен оқу әдістеріне басымдылық берілді. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін аталған әдістермен оқытудың тиімділігі айтылды.
Сондай-ақ, ауыз әдебиеті үлгілерін модельдеп оқыту әдістемесі ұсынылды.
Халық ауыз әдебиеті жанрларының өзіндік ерекшеліктерін айқындай келе, оларды оқытудың жолдары көрсетілді, әдістемелік нұсқаулар берілді. Ауыз әдебиеті жанрларының мағыналық, танымдық, тілдік, тәрбиелік ерекшеліктері ашылып көрсетілді. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың баланы дара тұлға ретінде дамытудағы тиімділігі мен нәтижелілігі нақтыланды.
Балалардың ой-өрісін, тілін дамыту – оның тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы күрделі іс. Халық ауыз әдебиетінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, тілдік сипаттарын осы талаптарды шешуде пайдалану маңызды.
Балалардың жүйеленген білім мазмұны өз құрылымында халық ауыз әдебиеті үлгілерімен байытылуы пәннің негізгі мақсатын орындауға септігін тигізеді.
Сондықтан да ауыз әдебиеті үлгілерінің бүгінгі білім мазмұнында алатын орнын сараптай келе, оны жетілдіру, ұлғайту жолдарын қарастырып жүзеге асыру маңызды болып саналады. Ол үшін білім мазмұнындағы ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптай отырып, оның мақсатын, күтілетін нәтижелерін айқындау, тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап, оқу әрекетін қамтамасыз ететін материалдар, жабдықтар дайындау, оқытудың түрлерін анықтау жұмыстары жүргізілгені ұтымды.
Балабақшада оқыту сапасын арттырудың басты шарты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру болса, ол өзінен-өзі оқу үрдісін жетілдіруді қажет ететіні сөзсіз. Оның маңызды компонентінің бірі – оқыту әдістері болмақ. Оқыту әдісі тәрбиешінің алға қойған мақсаты мен іс-әрекетінен көрінеді. Тәрбиешінің іс-әрекеттері арқылы білім мазмұнын игертуі мен қойған мақсаттарына жетуі қандай оқыту әдісін таңдап алуына байланысты болады. Оқытудың кез-келген әдісі тәрбиешінің бала іс-әрекетін ұйымдастырудағы мақсатты бағытталған іс-әрекетінің жүйесін көрсетеді. Әрбір оқу пәнінің білім мазмұны мен білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына, баланың танымдық және оқу іс-әрекеттерінің ерекшелігіне сәйкес оқыту әдістерінің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті