Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:28, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70

Файлы: 1 файл

Жанара__а.doc

— 442.50 Кб (Скачать файл)

       Халықтық  педагогиканы мұрасының бірі  – дәстүр.

       Дәстүр  – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа  ауысып отыратын қоғам өмірінің  дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрі қарай дамитын халықтық қоғамдық –тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс. Халық дәстүрінің танымдылық –тәрбиелік мәні ұлан-ғайыр дүние. Оны тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана, адам өмірінің рухани адамгершілік қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгершілік қасиет сапаларымен сабақтасып, біте қайнасып тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.

       Қазақ  халқының ғасырлар бойы жинақталған  дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің  жоғары сапаларын тәрбиелеуге  ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, оның өміршеңдігінде тәлім-тәрбие ісінде, кең таратылғандығында.

       Адамның  туған күнінен бастап барлық  өмір жолын қамтитын әр түрлі,  рәсім, дәстүрлері бар. Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі тану жолдары соларға тәрбие беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген. Сыртқы күш қанша ықпалды болса да халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат – ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңғырту, ұрпақ тәрбиесінде басты рөлге айналдыру, қазақтың ата салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты проблема.

       Дәстүр  адамдардың рухани, мәдени тұрмысынан  бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық  сананың барлық формаларынан  орын алады. Олар саясатта, қоғамдық өмірдегі дәстүрде, халықтар арасындағы ынтымақтастықта, теңдікте, бостандықта, азаттықта, өзара көмек  дәстүрінде, құқықтық қарым-қатынас дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, оқу-білім үрдісіндегі дәстүрде, отбасы дәстүрінде, еңбек дәстүрінде.

       Сонымен,  қай халықтың болса да ұлттық  үрдісі, білікті қасиеті, өзіндік  әуені, тағылымды дәстүрі мәртебесін  биікке көтеріп тастайтыны сөзсіз. Киелі, керемет дәстүрлері арқылы  ғана әрбір ұлт өзінің ұлттық  болуы мен өзінің болашақ ұрпағының  төл келбетін қалыптастырады.

       Ұлттық  рухымыздағы дәстүр төменгі сынып  оқушыларын тәрбиелеуде тиімді  деп есептейміз. Ұлы ойшылдардың  жалпы тәрбие жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи  жағдайларда одан әрі дамытылып,  одан әрі халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті күшке айналып отыр. Осыған орай біздің тәрбиенің бүкіл жүйесі терең гуманистік мазмұнға толы болуы, ол жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталуы керек. Адамды сүю, құрметтеу, тәрбиелеу сонау балалық шақтан басталады. Егер жасөспірім басқа адаммен қарым-қатынас жасаудан өзіне қуаныш табатын болса, оған шын пейіл білдірсе, егер оны басқа біреудің тағдыры қобалжытса, егер ол басқа біреуді қунышқа бөлегеніне өзін бақытты сезінсе – ол « адам» деген атты ардақтаған гуманист болады деген сөз. Мұндай жоғары парасатты абзал азаматты тәрбиелеуге бүгінгі таңда рухани өмірімізге енген көптеген игі жаңалықтардың бірі – халықтық педагогиканың бай мұрасының алатын орны зор деп есептейміз.

       Балалардың жас ерекшелігіне сай адамгершілік тәрбие беруде халықтық құнды шараларының /ертегілер, жырлар, аңыз-әңгімелер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, этнографиялық, мәдени-тұрмыстық, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, мерекелер мен тойлар, әдеттік тағылымдар мен тәжірибелер, үлгі-өнегелер т.б. /  баға жетпес мүмкіндіктері бар. Жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруде халықтың рухани дәстүрін, мәдениетін, адамгершілік қазынасын ғылыми жүйеге келтіруде халықтық педагогиканың бай мұрасының маңызы мол екенін көреміз. Халықтық педагогиканың бай мұрасында болашақ ұрпақтың  ең шынайы абзал адамгершілік қасиет-сапалары, адамға деген сүйіспеншілік, қайырымдылық, шыншылдық, имандылық, кішіпейілділік, ұлағаттылық, қанағаттылық, еңбек сүйгіштік, бауырмалдылық ауыз әдебиетінің жан-жақты жанрлары арқылы берілген.

       Адамгершілік  тәрбиесінің мазмұны адамгершілік  қасиеттердің кең шеңберін қамтиды.  Мектеп оқушыларының, әсіресе төменгі  сынып оқушыларының жеке басын  қалыптастыруда адамгершілік сапаларының  алатын орны ерекше. Бала күнделікті өмірде адамдардың еңбегімен, олардың қуаныштарымен, сәтсіздіктерімен кездесіп отырады. Сондықтан да төменгі сынып оқушылары ең алдымен, ізгілік, қайырымдылық, сезімталдық, әділеттілік сияқты ұғымдардың мазмұнын түсініп, оларды ажыратып, айыра білуі шарт. Бұл жастағы балалардың қайырымдылық пен қатыгездік, жақсылық пен жамандық туралы өзіндік ұғымы болады. Енді оларды адамгершілік нышандарымен байланыстыра, тереңірек түсіндіру керек. Жақсылық бұрын да болған, қазір де бар. Ақан сері бір кезде «Біткен жоқ қой жақсы адам елден құрып» - демекші, қазіргі кезде жақсылықты бойына дарытқан үлкен адамдармен – көнекөз қарттармен, ақ жаулықты әжелермен кездесіп, жүздесіп ақыл-кеңестерін тыңдап, әңгімелесіп отырған өте абзал.

Тәрбие мәселесімен  тікелей айналысуға міндетті педагогика ғылымында бұл айтылып отырған тақырыпта өзіндік үлес қосушылар санына Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Қ.Бөлеев т.б. сынды ғалымдарды айтпауға болмайды. Білім министрлігінің 1991 жылғы шешімі бойынша мектептерде ұлттық тәрбие ісі қолға алынып, имандылыққа үйрететін дәрістер профессор Ә.Табылдиевтің «Әдеп әліппесі», Қ.Б.Жарықбаев, А.Алдамжаровтың «Әдептілік негіздері», Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Т.Табылдиевтің «Әдеп және жантану», Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиевтің «Қазақ тәлім-тәрбиесі» еңбектері арқылы жүргізіле бастады.

Халқымыз ұрпағын әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізеттілікке, сыйластыққа, кішіпейілділікке баулыған. Ендігі кезде әбден әлсіреген, қалжыраған дәстүрлерімізді ұрпағымыздың санасына ұялатып, қайта жаңғыртуымыз қажет. Рухани байлық, руханилық осы салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар жиынтығы. Руханилық – адам, қоғам, халық, мемлекет қуаты.

Имандылық мәселесін  жеке тақырып ретінде зерттемегенмен бұл мәселеде еліміздің біраз ғалымдары өз ойларын ортаға салып талқылап жүр.

Ғалым С.Қ.Қалиев дін арқылы жас ұрпақтың бойына имандылық қасиеттерін  сіңіруге болатынын жоққа шығармайды. Сонымен қатар, ғалым имандылыққа  тәрбиелеуде салт-дәстүрлердің өзіндік  алатын орны бар екенін айтады. «Салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (от басынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелерімен байланысты көрініс береді де біртіндеп ауыл-аймақ, ру тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады» - деп көрсетті.

Дүниежүзілік адамзат  тарихын жасаушы, оны дамытып  жетілдіруші – халық екені  сөзсіз. Осы халықтың тарихы қаншалықты тереңде жатса, оның материалдық, рухани байлығы соншалықты бай, мол болуы да анық.

Халықта «иман жүзді  адам» деген ұғым бар. Жоғарыда айтылған имандылық қасиеттерін бойына сіңірген, өзінің айналасындағыларға камқорлық жасауға әзір екені бет-бейнесінен, іс-әрекетінен, бүкіл болмысынан танып, халық ондай адамды «иман жүзді адам» дейді. Имандылықтың құрамына тектілікті жатқызамыз.

Ж.Молдабеков: «Елімізде  тектілікті тұрақтандыратын қимыл-әрекеттің  бағдары мынадай: баланы жасынан  жатқа жібермей, үйде өсіріп, қолда  тәрбиелеу, еңбек пен имандылыққа бастайтын өнер-білімді үйрету; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу; барға қанағат етушілік; қайырымдылыққа жетелік көрсету; сөз өнері мен ой өнерінің сөлін бойына жинау; өрелі сөзге, мейірімді ізетке құлақ қою; жақсыларды жебеп, еңсесін бастыртпау; ел ниетін жамандардан бүтін сақтау; тектілікке тән ерекшелік – әлеуметті тәртіпке түзеп, жарасымды әдет пен әлеуметтің абыройын асыру» деген қорытынды жасайды. Ал, ғалым, профессор К.Ж.Қожахметова, қазақ халқының этнопедагогикасын, оның теориясын, әдістерін сөз ете отырып, «қазақ халқы өзінің ерекшелігін сақтап қалғысы келді. Дін рухани бірліктің негізі ғана болған жоқ, сонымен қатар ұлттық рухтың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. Имандылықты жоғалту, ұлтты жоғалтумен теңбе-тең болды» деген ой тұжырымдаған.

Ата-баба салтында, имандылық  қасиетін қадір тұтқан, өйткені бұл  қасиетті жоғалтуды, ұлтты жоғалтумен бірдей деп түсінген. Демек, иманды адамға өз ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білетін және оны қадірлей білетін ұлтжанды адамдарды жатқызуға болады деген ой қорытуға болады.

Халқымыз өз ұрпағына имандылық қасиетті шежірелер арқылы да беруге тырысқан. Ал, шежіре тарату әркімнің қолынан келе бермеген. Шежіреші деген атаққа ие болған біліктілер 12-20 атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір жүздің тіпті жалпы қазақтың жетпіс жеті атасын тарататын жетік шежірешілер болған. Бұлар ата тегін таратумен қатар, сол аталар дәуірінде халық басынан кешкен ірі оқиғаларды да ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Имандылық идеялардың қалыптасуының  алғы шарты ата-салт. Ата салт жөнінде әңгіме жалғастырғанда жасы үлкенді сыйлаудың орны бөлек. Қазақтың қазақтығын танытатын осы үлкенді сыйлау, мейманды құрметтеу, кішіге жол көрсететін, балаға үлгі бола алатын имандылық қасиеттердің шоқтығын көрсететін ең тамаша салтымыз да осы.

Үлкенді сыйлау керектілігіне  философиялық тұрғыдан алып қарасақ, бұл  адамдардың өмірден көргені, түйгені  көп, практикалық тәжірибесі мол, тыңдай білген құлаққа құйып алар ақылы  да жеткілікті, ал мұндай адамдардың сый-құрметке бөленуі заңдылық.

Сонымен қатар қартайғанда, қайраты кеткен, күш-жігері азайған, адамдарға сый құрмет көрсету, демеу  беру – асқан адамшылық. Бұл салтта халқымыздың қайырымдылығы, үлкен  көрегенділігі, инабаттылығы, имандылығы жатыр – болашақ ұрпаққа ертең  сен де қартаясың, сен де демеуге, сый-құрметке мұқтаж боласың, деп көрегенділікпен ескерту жасағаны болып табылады.

Адам баласы, үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік сондай-ақ адамгершілік және имандылық міндеттерін  отбасында үйренеді. Отбасы – сүйіспеншіліктің және көргенділіктің алғашқы бұлағы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – деп қазақ отбасы тәрбиесін бір ауыз сөзбен топшылаған. Ана өзінің ақ сүті арқылы, ана тілін, ұлттық тәрбие рәсімдерін жан-тәнімен сусыңдауы қажетті шарт. «Ана көрген, тон пішер, ата көрген оқ жонар» демекші, бала ең бірінші ата-анасынан не көрсе соны істеуге тырысады. Сондықтан да дүниеге келген, пәк нәрестені, қоғамдық ортаға сай, көргенді, әдепті, адамгершілігі жоғары, имандылығы мол, руханилығы кең, басқа ортаға түскенде өзін-өзі меңгере алатындай етіп, алғашқы баспалдақтан өткізу, әрине ата-ана міндеті. Баласы өмірде қор болмасын деген ата-ана, оған дұрыс, жан-жақты тәрбие бергені абзал іс.

Қазақ қатты айтқанда «имансыз», деп күңіренген. Бұған  бір жақты діни түсінікпен қарауға болмайды. Жоғарыда айтылып өткен, имандылық қасиеттің бірін ұстанбаған адамға айтылған сөз.

Ал, үлкенді сыйлаудың  ең биік шыңы – әке мен шешені, демек ата-ананы сыйлау екені  ешкімнің талқысына салынбайтын  қағида. Өйткені, өз ата-анасын сыйламаған, қадірлемеген ұл мен қыз немесе келін мен бала өзгені сыйлайды деп, айту қателескендік. Қатты айттық демелік, бірақ, бұл тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде сорақылықтың шыңына шыққандықты байқаймыз. Әке-шешені қартайғанда керек емес дүниені лақтырып тастағандай, қарттар үйіне тапсыруы, оларға тіл тигізіп, тіпті қол жұмсау сияқты сорақы қылықтар ел өмірінде кездесіп жүр. Бұндай сорақылыққа қазақ халқы қалайша душар болды? Не түрткі болды? Неге осындай қылмысқа барды?, - деген сияқты толассыз сұрақтар жүрегіңе тікендей болып қадалады. Жоғарыда айтылып келген, имандылығымыз, адамгершілігіміз, мұсылманшылығымыз қайда? Өмір бойы, ата-ананы құрметте, үлкенді сыйла, досыңды ренжітпе т.т. деп, тәрбиелеп келген халқымыздың жетістігі осы ма?

Халқымыздың бойындағы  имандылық қасиеттер неге кері кетіп, ауыз толтырып айтатындай болмаған күйге жеткен? - деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Әрине, орынды сауал, өзіміз жоғарыда айтып өткендей имандылықтың ұрығын себетін негізгі көне жазба мұралардың оқылуына, оны үйренуге тыйым салғандықтың да әсері болды. Біздің бұл ойымызды тарихшы К.Ғ.Дәркенов 20-40-шы жылдарда халқымыз өте ауыр кезеңді басынан кешірді дей келе «Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмендеуі, оларға шексіз билік жүргізу олардың таным-түсінігіне кері ықпал етумен қатар, олардың бойындағы жағымсыз құбылыстарға қозғау салды. Адамгершілік мәдениеті, қарым-қатынас этикасы бұзылды, белгілі бір имандылық шеңберінен аттап өтті» - деп көрсетті.

Бұдан біздің көретініміз, 20-40-шы жылдар халқымыз үшін қасірет  жылы атап айтқанда аштық, соғыс жылдары болғаны тарихи шындық. Демек, осындай саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайдың еліміздің мәдениетіне, атап айтқанда, рухани мәдениетіне кері әсері болғаны белгілі. Бұл – ата салтымыздың бұзыла бастауының бірден бір алғы шарты болды десек қателеспейміз. Халқымыз ертеден-ақ ұрпағын ата-анасын сыйлауға, үлкенді сыйлауға, турашылдыққа, өтірік айтпауға тәрбиелеген.

Педагог, ақын М.Жұмабаев бала тәрбиелеушінің қолданатын жолының  бірі – өз тәжірибесі, дейді. Сонымен  қатар, «Адамның өз тәжірибесі – жүріп кеткен жолы. Ол жолдың жақсы, жаман жағы көз алдында сайрап тұр... Тәрбиеден мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару ғой», - деп тамаша айтып өткен. Бұдан біз педагогтың, тәрбиеші, баланы өмір сүретін заманына сай, болашаққа тәрбиелеу керектігін ескертіп отырғанын көреміз.

Ұлттық ерекшелігімізді  ескере отырып, имандылық ұрығын себу, ұлттық мәдениетімізді көтеру – ұлы  іс.

Ұлттық әдептік, мәдениет халқымыздың болашақ ұрпағын  кішіпейіл, адам сыйлағыш, ақылға тоқтағыш, еңбек сүйгіш, шыншыл, ақжүректі үлкенді сыйлайтын, отансүйгіш т.б. ізгі қасиеттерді сіңіруге аса көңіл бөлген. Бұл аталған қасиеттің бәрін біз, имандылықтың бойынан таба аламыз.

Халық мұрасының танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Және ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңі үшін мәнді, адамзаттың рухани қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей имандылық идеяларына бағышталған, сәбидің жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйтқы болатын шығармалар.

Жалпы адал болма, адамгершілікті болма, қайырымды, мейірімді, иманды, инабатты болма, Отаныңды, еліңді, жеріңді сүйме  т.т. деп дәріптейтін ұлт жоқ. Керісінше, адамзаттық моральдық-адамгершілік қасиеттердің өзегі осы – адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық, ар-ұяттылық, намысқойлық, кішіпейілділік, еліне-жұртына, жеріне сүйіспеншілікті, атап айтқанда имандылықты уағыздаған. Бұл тізбектелген моральдық қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіруде, әр ұлт лайықты пайдаланудың жолын тапқан. Әр халықтың бойында үйренерлік, үлгі-өнеге тұтарлық жақсы, ізгі қасиеттер баршылық, міне, осыны ескере отырып, имандылық идеяларды дамыту құптайтын іс. Халқымыз «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», деп бекер айтпаған.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті