Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Кіріспе......................................................................................................................6
1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34
2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55
Қорытынды............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65
Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің, жаңа кезеңінің ерекшеліктерін сезбейді, бұл лардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін
Баланың ішкі позициясының
екінші жағы оның білім мен іскерлікті
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұны мен шын мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқу кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағұлматтар ала бастайды.бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе граматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталықты алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттілігі және т.б.сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа пәндерінің өздерінің күтпеген, таң-қаларлық жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. бұл оқу іс-әрекетініңнегізгі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағыжәне үйдегі мінез - құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән.Баланың бұл кезеңнен қиналмай өтуі-оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінң белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандайда бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды [27].
Кіші сынып оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтары негізгі үш тиіпке бөлінеді. Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек,сабақты жіберуге болмайды барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық – физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ат-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсініктіде айқын жеткізуі,олар дың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Кіші сынып оқушылары
бастан кешіретін қиыншылықтардың
екінші типі мұғаліммен, кластағы
жолдастарымен, отбасында болатын
қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға
мүмкіндігінше жылы шырай таныта
және мейірбан бола отырып, мұғалім
қайткенмен беделді де қатал
тәлімгер болып табылады,ол белгілі
бір мінез – құлық ережелерін ұсынып,
одан ауытқудың қандайын болса
да тоқтатып отырады. Ол үнемі
балалардың еңбегіне баға береді.
Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшіктік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепке балалардың біреулері тым-тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін). Бірінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке – дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының “астарына” көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші класс оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі мұғалімге және оның іс-әрекетін сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.
Мұғалім барлық балаларға
бірдей қарап,бәріне бірдей талап қойғыш
болғанда,нашар оқитындарды
Баланың мектепке
барумен оның отбасындағы
жағдайы өзгереді. Оның жаңа міндеттері
мен жаңа праволары пайда
Бала олармен санасып,үй іші істерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі қақтығыстарын шамадан тыс көрсете бермеуі керек.
Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші кластағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды,кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрады. Бірақ 1-інші класста оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар,таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материал- дарының өзіне ықылас нашар қалыптасады.мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайдылыққа салынады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады.Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.
Оқуға “тоюды” болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымды тапсырмалар алуында, тиіс ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұырас-уында жатыр.Сонымен бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты.
Мектепке келген жаңа
бала даралық сапаларымен таңыла
отырып, бір ортаға бейімделіп, төселеу
кезеңін бастан кешіреді.Бұл жолдағы қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы
қиындықтармен пара-пар Яғни баланың құрдастарымен,
мұғалімен, мектебімен, сыныбымен қатынасты,
сабаққа көзқарасы, өзіндік сана-сезімі,
тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну,
ұғыну деңгейлері-осының бәрі бала психикасына
едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының
жай-күйін жйі бақылап, жаңа ортаға баулу
үшін, алдыңғы тәрбиеленушілердің психикалық
ерекшеліктері туралы алғашқы деректер
өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі
оқуға психологиялық ұрығынан даярлығын
анықтау барысында алынады.
Баланың мектептегі оқуды
табысты бастауы үшін қажетті
психикалық сапарлар кешені - мектепке
психологиялық даярлық мазмұнын
құрайды.Ол
Мектепке оқу қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толық- қанды оқу әрекетін қалыптастыру- өтпелі кезеңге тен психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің түйісер тұсындағы дағдарыс құбылысының бала психикасына әсері іс-түссіз жоғалып кетпейді.
Психикалық даму дағдарысы
осы уақытқа дейін баланың
ересектер-мен қарым-қатынасы кезеңіндегі
қиындықтармен мінез-құлық
Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру бихевиористік бағыттағы балалар психологиясына да тән: “тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар”. Бұған қарсы ТМД кеңестігінде, Л.С.Выготскийден дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс ретінде қарастырылды .Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал дағдарыстың оған қылықтар арқылы көрінуі-бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым-қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі; яғни оң жағымды жаңа құрылымдардың “келесі беті”.Баланың психикалық дамуы диалектикалық үрдіс. Ол біркелкі, тегіс өтпейді: ішкі қақтығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт қайшылықты түрде жүреді.
Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Себебі, осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын көрінеді [27].
Белгілі балалар психологы Е.Е.Кравцова 7 жас дағдарысының рөлін ерекше бағалайды:”баланың, бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады”. Осы дағдарыстың өту нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады [28].
Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогиялық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланын, тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа таяу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдайы анық Жол-7жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екндігі.
Бала дамуын күрделі
үрдіс деп санаған Л.С.
6-7 жасар бала қоғамдық
қатынастар әлеміндегі өз
Әлеуметтену – нақты
құндылықтар, білім, нормалар жүйесін меңгеру арқылы жүзеге
асатын тарихи үрдіс. Бұл нәрестелік шақта-ақ
басталып,
Дағдарыс кезеңі біртіндеп өтіп, жеті жастағы балада жаңа құрылымдар қалыптаса бастайды. Олар: көңіл-күйін тұрақтандыраалу іскерлігі, қызығушылықтарының артуы, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасының ерікті сипатқа ие болуы. Бала қоғамдық өмірге кірісуге талпынып белгілі бір әлеуметтік орын алуға ұмтылады.Бұл талпыныс мектепке барумен қанағаттандырылады.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары