Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Кіріспе......................................................................................................................6
1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34
2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55
Қорытынды............................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65
Философиялық, психологиялық, физиологиялық, медициналық әдебиеттердi талдай отырып, «био-социо» проблемасы не биологиялық және әлеуметтiк, не тума ара қатынастар ретiнде қойылып қарастырылғаның байқауға болады.
Материалистiк тұрғыдан психологтармен қабiлеттiлiктердiң қалыптасуында табиғи, тума факторлардың ролi шешiледi. Олар, қабiлеттiлiктердiң қалыптасуының негiзiнде жатқан, анатомиялық -физиологиялық нышандар ретiнде қарастырылады, ал қабiлеттiлiктердiң өздерi - ол нақты бiр iс-әрекеттiң үрдiсiндегi даму нәтижесi. С.Л.Рубинштейн жазған: «Адамдар арасындағы бастапқы табиғи өзгешелiктер дайын қабiлеттiлiктердегi өзгешелiктерде болмайды, ал дәл нышандарында болады. Нышандар мен қабiлеттiлiктер арасында өте үлкен қашықтық бар; бiрi мен басқаларының арасында – тұлғаның бүкiл даму жолы жатыр».
Психолог Б.М.Теплов қабiлеттiлiктер туралы айтқанда, бiр адамды басқа адамнан айыратын, дара-психологиялық өзгешелiктер деп... қабiлеттiлiктер деп кез келген жалпы дербес өзгешелiктер емес, ал, қайсыларының бiр iс-әрекеттiң жемiстi орындалуына қатынасы бар болса, қайсыларынан бiр iс-әрекеттiң немесе көп әрекеттердiң орындалу мүмкiншiлiгi және жемiстi дәрежесi тәуелдi болатын болса, тек солар ғана, - деп байқаған. Олар нақты дағдыларға, икемдiлiктерге немесе бiлiмдерге айналмайды, дегенмен... сол бiлiмдер мен дағдылардың жеңiл және тез әдеттенуiн түсiндiре алады.
Психологтар арасында дарындылық мәселесiмен көрнектi қабiлеттiлiктер зерттеушiсi Н.С.Лейтес айналысады, ол, мектепте байқауға болатын, балалардың үш категориясын ажыратады. Бiрiншi категория – ол интеллекттерi ерте өрлеген оқушылар. Екiншi категорияға – ол, белгiлi бiр пәндерге немесе iс-әрекет түрлерiне (оның iшiнде мектептен тыс түрлерi) ғана қабiлет-қарымы ашылып, бүкiл болмысымен жарқырап көрiнетiн оқушылар. ¦шiншi категория – ол потенциалды, әлi анық көрсетiлмеген қабiлеттiлiктерi бар оқушылар.
Н.С.Лейтес «Ақыл-ой дарындылығы туралы» еңбегiнде, айналадағыларды керемет ақыл-ой қабiлеттiлiктерiмен таңдандыратын, жалпы қабiлеттiлiктерi ерте өрлеген бiрнеше балалардың мүмкiндiктерiн көрсетедi. Н.С.Лейтес, өзiндiк психологиялық шыңдықты (реалдылықты) көрсету үшiн қызмет ететiн, балаларға қатынасты алғанда «дарындылық» терминiң шартты деп санайды. Баланың жас ерекшелiктерi – көңiл қоюды қажет ететiн, балалар дарындылығының негiзгi аспектерi болып табылады. Олар дамудың маңызды алғышарттары болып табылады, оларды балалар дарындылығының компоненттерi деп санауға болады. Бастауыш сынып оқушыларында - ол игеруге дайындығы, орта буын оқушыларында ерекше белсендiлiгi мен бейiмдiлiктер өрiсi, жоғары сынып оқушыларында - саналы өзiндiк реттеуге және өз-өзiн жетiлдiруге бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгi. Оларды қабiлеттiлiктерi дамыту үшiн уақытында қолдану керек.
Дарындылықтың тағы бiр аспектi – қабiлеттiлiктердiң жалпы, нақты әмбебап iшкi алғышарттары ретiнде саналатын, баланың жоғарғы деңгейдегi белсендiлiгi мен оны өзiндiк реттеуi. Өзiндiк реттеуi табандылығынан, пайда болған қиындықтарды жеңу үшiн салған күшiнiң ептiлiгiнен, мақсатқа жетуге талпынушылығынан көрiнедi.
Зерттелушiлердiң барлығы вундеркиндтердiң белсендiлiгi мен биiк өзiндiк реттеушiлiгiн белгiлейдi. Оларды бiлуге құмарлық, сүйiктi iсiмен үнемi айналысуға ұмтылуы, өлермендiк, ойын-сауықтан бас тартуы, қиындықтарды кездестiру және оларды жеңу, оларға бiр түрлi қанағаттанушылық бередi.
Дарындылықтың тағы бiр аспектiсi – барлық жастағы балалардың жеке тұлғалық ерекшелiктерi, олардың дара өзгешiлiктерi. Балалардың белсендiлiгiнiң және өзiндiк реттеуiнiң дара өзгешiлiктерiне әлеуметтiк факторлар, тұқымқуалаушылық факторлар, жүйке жүйесiнiң дербес-типтiк қасиеттерiнiң ерекшелiктерi және сигнал жүйелерi арақатынастық ерекшелiктерi әсер етедi.
Сигнал жүйелерi арақатынасының ерекшелiктерiне орай И.П.Павлов адамның жоғары жүйке жүйесiнiң 3 түрiн келтiредi. Олар көркем, ойлағыштық және орта болып бөлiнедi. Бiрiншi түрге жататындар әсершiл, қызу қанды, ашық, ақжарқын болып келсе, екiншiлерi көргенi мен естiгенiн әуелi ой елегiнен өткiзiп, талдағанды, саралағанды жақсы көредi, ал үшiншiлерi халықтың негiзгi бөлiгiн құрайды, сондай-ақ, аса талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түрге жататындығына орай қабiлетiн де анықтауға болады.
Адам қабiлетiнiң әр қилы болуын ұлы физиолог сигнал жүйелерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiмен түсiндiредi. Әдетте ол адамдарда әр түрлi болып келедi. Мұны оқу үрдiсiнде көріп байқап жүрмiз. Кейбiр оқушының ойлау жүйесi мен зерделеу деңгейiнiң өзге құрылымынан жоғарырақ тұратыны шындық. Бiрақ оның барлық пәндерден үздiк болуы екiталай, өйткенi, белгiлi бiр пәнге ғана бейiм оқушының ми қабатында «доминанта ошағы» деп аталатын кеңiстiк болады. Яғни, ол өзi ерекше қадiр тұтып, қастерлейтiн пәнiнiе ғана қабiлетi ашылып, бүкiл болмысымен жарқырап көрiнедi де, өзге пәндерге келгенде әлгiндей белсендiлiгi тежелiп қалады. Бұл үрдiстер, әлбетте, бiзге көрiнбейдi. Әйтсе де баланың дүниесiн, физиологиясы мен психологиясын жетiк бiлетiн сезiмтал ұстаздар мұны айна-қатесiз дәл ажырата алады. Демек, қайсы бiр ұстаз болсын өзiнiң бүкiл оқу-тәрбие жұмысын оқушылардың әлгiндей психологиялық ерекшелiктерi және заңдылықтарымен үйлестiре, сабақтастыра атқаруы тиiс. Сонда ғана жұмыстың нәтижелi болары ақиқат.
Бiрақ бүгiнгi күндерде дарынды балаларды оқытуын ұйымдастыруға керектi көңiл бөлiнбейдi, жиi дамудың тежеуi болады. Балалар қабiлеттiлiктерiнiң анық көрiнiсi мен дамуын қамтамасыз ету үшiн, жалпы ақыл-ой қабiлеттерi жоғары деңгейде дамыған балаларды таңдап алуы және олардың оқуын ұйымдастыруы өте маңызды болады. Әдетте мектептерде дарынды балалармен жұмыс iстелуiне айрықша көңiл бөлу қажет, сонымен бiрге бiр кластан басқа сыныпқа оңтайлы көшуi, қосымша өтпелi факультативтердiң енгiзiлуi, белгiлi бiр пәндердiң әр қилы бағдарламалар бойынша оқылуы қарастырылу керек. Бұл жұмыста оқу-тәрбиенiң жекеленуi, олардың дербес мүмкiндiктерiн ескере отырып оза дамытып оқытатын бағдарламалардың құрастырылуы, тұлғаның бойында басталған өзгерiстердiң коррекциясының жүргiзiлуi – басты бағыты болу керек.
Ғалымдар ескертедi, дарынды балаларға қатынасты педагогикалық бағдарларда екi шектiлiктерден сақ болу қажет. Бiр шектiлiк – ол сондай баланың дамуы ешқандай қатысушылықты талап етпейдi деп санау: ұстаздың қатыспаушылығы қабiлеттiлiктердiң дамуына қауiптi болу мүмкiн, өйткенi қабiлеттiлiктердiң көбiсi жас алғы шарттарына тәуелдi болады, және керектi кезеңдi өткiзiп алғанда, қабiлеттiлiктердiң дамуы бөгелу немесе тiптi дамымай қалуы мүмкiн.
Басқа шектiк - қабiлеттiлiктiң қалыптасуына тым асып араласуы. Баланың жүйке жүйесi тұрақсыз, баланың ми мүмкiндiктерi шектелген. Артық жүктеме, аса шаршағандық баланың денсаулығында өзгерiстерге соқтыру мүмкiн және оның әрi қарай даму жолында жарамсыз көрiну мүмкiн.
Дарындылық озгешелiктерiмен негiзделген, дарынды жеткiншекке дұрыс дара тiл табысу принципiн сақтау қажет. Осыған байланысты мектеп жасының аяғында баланың жалпы дарындылығының көрiнiсi түсу мүмкiн екенiн есте ұстау қажет. Н.С.Лейтес дарындылықтың төмендеу себептерiн бөлiп көрсеткен.
Бiрiншiден, бастапқы оқудағы озуы, әрi қарай өз маңыздылығын жоғалтқан, сондай қабiлеттiлiктердiң дамуымен байланысты болған, балалар кездеседi. Мысалы, ерте вербалды немесе ерте есептеу икемдiлiгiнiң дамуы бастауыш сыныптарда балаға бiрiншi болуға мүмкiндiк бередi, бiрақ басқа оқушылар оған жетiп алғаннан кейiн, ол баланың жетiстiктерi сыныпта көрiнбейдi.
Екiншiден, ақыл-ой белсендiлiктерiн, оның өзiндiгiн, өнертапқыштығын абстракты ұғымдармен, сұлбалармен жұмыс iстеуде бiлдiре алады, ал нақты, маңызды материалға анализ жасауға қойылатын талаптар қиындатады, белсендiлiгiн тежелейтiн, сондай балалар кездеседi.
Үшiншiден, сирек жағдайларда, еңбекке қабiлеттiлiгiнiң, еңбек сүйгiштiгiнiң, табандылығының жетiспеушiлiгi, қиындықтарды жеңуге икемсiздiгi қабiлеттiлiктердiң дамуында кедергi болуы мүмкiн.
Төртiншiден, жасы есейген сайын, ақыл-ой әрекеттерiне қызығуының басылуымен, оқуға немқұрайлылық бiлдiруiмен байланысты болатын, тұлғаның бағыттылығында өзгерiстер пайда болуы мүмкiн, олар қабiлеттiлiктердiң дамуын бөгелтедi.
Коррекциялық дербес бағдарламалар қабiлеттiлiктердiң дамуын төмендететiн себептердi ескередi және себептердi жоюға бағытталған.
Психологтардың пайымдауынша, қабiлетсiз ұстаз болғанмен қабiлетсiз шәкiрт болмайды. Бұл пiкiрдi орыстың заңғар жазушысы ѕәм ұлы ойшылы Лев Толстойдың «Барлық мүмкiндiктер балалардың бойында» деген даналық сөзi де тереңдете түскендей. Демек бiз, ұстаздар, сол ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкiндiктi дер кезiнде аша бiлуiмiз, дұрыс жолға бағыттай бiлуiмiз керек-ақ. Сайып келгенде, бұл бәрiмiзден де аса үлкен жауапкершiлiктi, сезiмталдықты, ыждағаттылықты талап етерi сөзсiз.
1. 2. Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды
және iығармашылық компоненттерiнiң байланысы
Бұрынғы оқу жылында жүргiзiлген зерттеу жұмыстарының қорытындыларын көрсетiп және шыққан нәтижелердi талдай отырып мынаны ескеремiз: бiрiншiден – физикалық-математикалық мектеп лабораториясындағы балалардың интеллектуалды қабiлеттерi мен креативтiлiгi дарындылық жөнiнде айтуға мүмкiндiктiң болатын деңгейiнде тұр, екiншiден – интеллект және креативтiлiк деңгейi сияқты дарындылықтың екi түрлi компоненттерiнiң арасында мына бiр келесi сипаттағы өзара байланыстар көрiнiс бередi. Олар:
а) баланың креативтiлiгi орташадан жоғары интеллект деңгейiнiң болуын ұйғарады;
ә) интеллект деңгейiнiң жоғарғы көрсеткiшiмен творчестволық компонент айқындалып, интеллектуалды дамудың жоғарғы нормасы кезiнде өз максимумына жетедi;
б) интеллект көрсеткiшiнiң әрi қарай артуынан креативтiлiктiң деңгейi төмендейдi.
Интеллектуалдық тұрғыдан дамыған бала тапсырмаларды орындаудағы шапшаңдықты қамтамассыз ететiн ойлау операцияларының, алгоритмдерiнiң, стандартты схемалардың арсеналын күрт өсiрiп жiбередi. Сондықтан да креативтiлiк және оны құралайтың интуитивтi және аналогиялық-ассоциативтi процестер интеллектуалды операцияларды толықтыра түседi. Бұл салада теориялық ұғымдарының жасалуы да маңызды, әсiресе категориялық аппараттың реттелуiнде. Даралықтың психофизиологиялық зерттеулерiн ерекше бөлiп көрсету қажет.
Осы дарындылықтың құрылысындағы мотивациялық компоненті де дарындылықтың көрiнiп дамуы үшiн қажеттi шарт. Балалардағы дарындылықтың құрылымы әр түрлi болады. Мысалы, бiреуiнде таза интеллектуалдық әрекеттер басым болса, ал басқасында интуиция мен аналогиялық - ассоциативтi ойлау процесi басым.
«Даралық» терминi бiрнеше мағынаны бiлдiретiнiн ескерту қажет: «дара өзгешiлiктерi» терминiнiң синонимi ретiнде, адамның интегралды сипаты ретiнде, жеке тұлға дамуының жоғары деңгейi ретiнде, т.б. Осы жұмыста ол «дербес өзгешiлiктер» ретiнде қарастырылады теориялық ойдан емес, ал қысқалық ойынан. Олардың негiзiн Б.М.Теплов орната бастады, ол басқа сұрақтар арасында адамның психофизиологиялық қабiлеттiлiктерiнiң тұқымқуалаушылық мәселесiн де қарастырды.
Дарындылықтың ең маңызды сипаттарының бірі – креативтілік (шығармашылық). Шығармашылықпен айналысу – адам белсенділігінің ең жоғарғы көрсеткіші, жаңа нәрсе жасау қабілеттілігі, ол адам іс-әрекетінің кез келген сферасында көріне алады.
Сонымен бірге креативтілік – интеллектінің ең жоғары көрсеткіші емес. Зерттеудің көрсеткеніндей интеллектіні дәстүрлі әдіспен (IQ анықтау) бағалау шығармашылық мүмкіндік туралы тікелей қорытындылауға жол бермейді.
Шығармашылық ең алдымен маңызды ақыл құрылымын, ақыл-ой процесінің маңызды қасиеттерін білдіреді. Шығармашылық процесінің кез-келген әрекет аймағында - қиял, интуиция, ақыл-ой белсенділігінің түсініксіз компоненттері мәнді мағынаға ие.
Көптеген іс-әрекет аймағында реальды шығармашылық жетістіктер жоғары интеллектіні талап етеді, бірақ мидың жоғары дәрежесі шығармашылық көріністерге әкеп соқпауы да мүмкін.
Қазіргі уақытта шығармашылық мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған көптеген тесттер бар. Шетелде шығармашылықтың алғы шартын бағалауға бағытталған дара және топтық әдістердің жаңа нұсқалары жасап шығарылуда.
Біздің елімізде көбінесе жетілу аспектілерінде
креативті зерттеулердің
Психолог В.С.Юркевич әдебиеттер негізіне сүйене отырып, дарынды балаларға арнайы эксперименттік жұмыстар жүргізіп және бақылай отырып, мынадай қорытындыға келген: шығармашылық, дарындылық және интеллектуалды дарындылық – бұл жеке тұлғаның әртүрлі типтері, дарындылықтың әр түрлі типтері.
Креативтілік ақыл-ой дарындылығының компоненті болып қала ма немесе оны өзінше, дарындылықтың ерекше түрі ретінде қарастыруға бола ма деген сұрақтар пікірталас күйінде қалады. Дарындылықтың өзі – бұл шығармашылық дарындылық деген көзқарас та бар.
Мектепке бару-бала өміріндегі шешуші кезең. Ол өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық рөлін жоғалта бастайды. Кіші сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесіні бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырған- да, әдеттен тыс жаңалықтар кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінін жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы .мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибиелі ұзтаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен -ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары