Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................6

1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34

2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55

Қорытынды............................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65

Файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейнг дарынды балаларды окыту және тарбиелеу багыттары.doc

— 490.50 Кб (Скачать файл)

 Сфералар:

- интеллектуалды;

- академиялық жетiстiктер;

- шығармашылық немесе тиiмдi ойлау;

- қатынастық немесе лидерлiк;

- көркемдiк әрекет;

- әрекеттер;

1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СФЕРА. Бала ойының өткiрлiгiмен, байқағыштғЈымен және ерекше ойда сақтау кабiлеттiлiгiмен көрiнедi, анық көрiнетiн және жан-жақты бiлiм құмарлылығын бiлдiредi, көбiнесе бiр немесе басқа бiр iске берiлiп кiрiседi, бiлiмдi шың көңiлiмен және жеңiл игередi, өз ойын  жақсы баяндау шеберлiгiмен бiлiнедi, алған бiлiмiн практика жүзiнде қолдана бiлетiн қабiлеттерiн  көрсетедi, оның құрдастары сезiктенбейтiн нәрселердi көп бiледi.

2. АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖЕТIСТIКТЕР  СФЕРАСЫ. ОҚУ. Бала жиi өз әрекетi ретiнде оқуды тандайды, сөйлеуде бай сөздiк қорын бiлдiредi  және күрделi синтаксистiк құрылымдар қолданады; оған оқығанда зейiнiн ұзақ мерзiмге сақтай алады; оған оқығанды түсiнедi және ерекше есте сақтайды; символдарды, әрiптердi және сөздердi ұзақ уақытқа есте сақтай алады; заттардың, әрiптердiң және сөздердiң жазуына төтенше қызығушылық бiлдiредi; мәнерлеп оқу шеберлiгiн көрсетедi. МАТЕМАТИКА. Бала есептеулерге, мөлшерлерге, заттарды өлшеу және ретке келтiруге үлкен қызығушылық бiлдiредi; математикалық белгiлердi (сандар мен таңбаларды) оңай қабылдау және есте сақтау қабiлеттiлiгiн көрсетедi; қосу және азайту қарапайым тәсiлдерiн оңайшылықпен орындайды; уақытты немесе ақшаны санауды жақсы түсiнедi; математикаға қатынасы жоқ iс-әрекеттерде математикалық түсiнiктер мен дағдыларды жиi қолданады.

3. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ (креативтiлiк) бала төтенше бiлiм құмарлы болады, оны қызықтыратын жұмысқа, iске, сабаққа берiлiп кетедi; жоғары энергетикалық (қуаттылыј) деңгейiн (жоғары өнiмдiк көптеген әр түрлi заттарға қызығушылығын) көрсетедi; жиi өзiнше iстейдi (тәуелсiз); бейнелеу iс-әрекетiнде, ойындарда, мәлiметтер мен идеяларды қолдануда өнертапқыш болып келедi; нақты жағдай бойынша көптеген әр түрлi пiкiрлер жиi айтады.

4. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ЛИДЕРЛIК. Бала жаңа жағдайларға (ситуацияларда) жеңiл бейiмделедi; басқа балалар ойындар мен сабақтарда оны серiктес ретiнде жиi таңдайды; бөтен адамдар айналасында өзiне сенiмдiлiк сақтайды; басқа балалардың ойындарына немесе iстерiне басшылық етуге бетбұрысы (тенденция) бар; басқа балалармен және ересек адамдармен қарым-қатынасқа жеңiл түседi.  

5. КӨРКЕМДIК ҚЫЗМЕТ СФЕРАСЫ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРI.

Бала визуалды (көзбен шолу) ақпаратқа өте зор қызығушылығын бiлдiредi; көрген ұсақ бейнелерiне дейiн есте сақтайды; уақытының көбiн сурет салу немесе жабыстыру iсiмен өткiзедi; өзiнiң көркемдiк iстерiне байсалдылықпен қарайды және олардан үлкен ғанибет, сүйсiнушiлiк алады, өз жасына сай емес дағдылық көрсетедi; көркемдеушi құралдарын  қолданады; дәстүрлi материалдарды қолданып эксперименттер жасайды; суреттер көрiнiстерiнiң немесе суреттердiң үйлестiруiн ойлап құрастырады; оның сурет шығармалары көп бейнелер енгiзедi; оның жұмыстары жақсы үйлестiруiмен, құрылысымен және бояуларымен ерекшеленедi; жұмыстары шығармашылық дербестiгiмен ерекшеленедi; МУЗЫКА. Бала музыка сабақтарына ерекше қызығушылық бiлдiредi; музыканың мазмұнын және көңiл-күйiн iлтипат етiп сезiнедi; қысқа ритмикалық бөлшектердi жеңiл қайталайды; таныс мелодияларды алғашқы үндерiнен таниды, сүйсiнушiлiкпен қайталайды, екi нотаның қайсысы жоғары немесе   төмен екенiн айырады.

6. ҚИМЫЛ - ӘРЕКЕТТIК СФЕРАСЫ. Бала, нәзiк және нақтылық моториканы қажетсiнетiн iс-әрекетке зор қызығушылық бiлдiредi; көру-моторлық келiсiмдiлiгi (координациясы)  жақсы болады; қимылды қозғалыстарды жақсы көредi (жүгiру, секiру, өрмелеу); қимылдауның диапазоны кең түрде болады (баяудан   жылдамға дейiн, саздылықтан кенетке дейiн), қозғалысты  жаттығуларды орындағанда тепе - теңдiктi жақсы сақтайды (бөренеде, трамплинда); манёвр жасағанда денесiн жақсы ұстай алады (бастағанда, тоқтағанда, бағыттарын арнайы өзгерткенде); өз жасына сай әдеттен тыс күшiмен ерекшеленедi, негiзгi қозғалыс дағдылары жоғары деңгейде дамығанын көрсетедi (жүру, жүгiру, өрмелеу т.б.).

Психологиялық әдебиеттерде дарынды балалардың ақыл-ой әрекеттерiнiң сипаты мен тұлғалы ерекшелiктерi көрсетiлген. Мысалы, Ю.З.Гильбухтың [25] көрсетуi бойынша мыналарды ескертедi: «Жоғарғы танымдық белсендiлiктiң және бiлiмге құмарлықтың ерте бой көрсетуi, ақыл-ойға негiзделген операциялардың тез және дәл орындалуы, сөздiк қордың бай болуы, вербалды ассоциациялардың шапшаңдығы мен бiрегейлiгi, шығармашылық ойлау мен қиялының жоғары дамығандығы, оқу iскерлiгiнiң негiзгi компоненттерiне ие болуы». Ал Л.Халлингоурт болса, мына ерекшелiктердi көрсетедi: «Мектептi жек көру, конформизм, философиялық мәселелерге шолу, физикалық, интеллектуалдық және әлеуметтiк дамудың сәйкеспеуi». Д.Уитмор болса: «Өз өзiн жетiлдiруге ұмтылысы, өз өзiне қанағаттанбаушылықты, реалистiк емес идеяларды, шыдамсыздықты көрсетедi»,- дедi.

Белгiлi психолог Н.С.Лейтес қабiлеттi баланың негiзгi қасиеттерi мыналар деп көрсетедi:

- ұқыптылық, жинақтылық, зейiннiң тұрақтылығы, еңбек ету қабiлетiнiң жоғарылылығы;

- ақыл-ой, логикалық ойлауының тездiгi, кез келген жағдайды талдап, салыстыра бiлуi;

-  барлық күш-қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуi.

Дарынды балалардың когнитивтi дамуын сипаттауда А.И.Савенков өзiнiң «Дарынды бала, психикалық даму ерекшелiктерi» деген еңбегiнде былай көрсетедi: «бұл деген зейiннiң ең жоғарғы шоғырлануы, ғажап есте сақтауы, ойлау бейiмдiлiгi, дивергенттi түрдегi есептердi шешуге қабiлеттiлiк, болжауға бейiмдiлiк». Ю.З.Гильбух дарынды балалардың ақыл-ой әрекетiндегi реттеушi дағдылардың мына қатарын ұсынды:

1) тапсырманың мәнiн ұғыну мақсатында қойылып отырған тапсырманы өз инициативасы бойынша мұқият талдауын жүзеге асыру;

2) орындалатын әрекеттердi алдын-ала жоспарлау;

3) мақсатқа бағытталған iзденiстi байқауды жүзеге асыру үшiн манипуляциялардың шектелген мөлшерiн қажетiне қарай пайдалану;

4) қойылған мақсаттың нақты образын құруға дағдылану, келешек өнiмнiң сапасының критерийлерiн ұғыну;

5) осы бағдардағы орындалатын әрекеттерге бағыну;

6) танымдық процестiң барысына бақылау жүргiзу.

Д.Б.Богоявленская дарындылықтың белгiлерiн инструментальды және мотивациялық деп бөледi. Инструментальды белгiлерге мыналар жатады:

1) іс-әрекеттiң ерекше стратегиялары: қызметтi шапшаң меңгерiп кету, оны орындаудағы жоғары нәтижелiлiк, әрекеттiң жаңа тәсiлдерiн пайдалану және шығару, iс-әрекеттiң жаңа мақсаттарын қалыптастыру;

2) іс-әрекеттiң  дербес стилi мен өз-өзiн реттеудегi жеткiлiктi жүйесi;

3) бiлiмдердiң ең жоғарғы құрылымдылығы, күрделiден қарапайымды, қарапайымнан күрделiнi көре бiлу;

4) оқытудың ерекше түрi.

Ал мотивациялық белгiлерге мыналар жатады: жоғарғы таңдау сезiмдiлiгi, белгiлi iспен айналысушылық, жоғарғы танымдық қажеттiлiк, қарама-қайшылықты ақпаратқа жол беру, стандартты тапсырмалар және жетiлуге деген ұмтылыс. Нақ осындай белгiлердiң бала мiнез-құлқында бiрде бiреуiнiң болмауынан арнайы мамандар бұған назар аударып және оларда дарындылықтың немесе баладағы жоғарғы потенциалды мүмкiндiктердiң бар екендiгi жөнiнде пiкiр тууы қажет. Баланың iс-әрекетiндегi дарындылық көбiнесе жабық күйде болады. Осының салдарынан баланы «перспективасыздар» қатарына қосып, оның қабiлеттерiн дамыту үшiн қажеттi көмектер мен қолдаулар көрсетiлмейдi. Дарындылығы әлi жабық, құпия күйiндегi балалардың қабiлеттiлiгiнiң  масштабы дәстүрлi әдiстердiң көмегiмен бағалау өте қиын. Мұндай балаларды бiр ғана сәтте жасалатын психодиагностикалық зерттеулер арқылы байқау мүмкiн емес. Мұндай процестер ұзаққа созылады. Ол үшiн баланың мiнез-құлқын талдауда әдiстердiң көп деңгейлi кешенiн қолданып, балаларды әр түрлi iс-әрекет  қатыстырып, оның жеке өмiрлiк ортасын байыту керек, оларды оқытудың инновациялық формасына кiрiстiремiз. 

Жан Пиаженiң пiкiрi бойынша, интеллектiң қызметi (функциясы) ақпаратты өңдеу болып табылады және ағзаның асты қорыту қызметiне ұқсас. Өкпе үшiн демалу қалай қажет, солай ми үшiн оқу табиғи қажет. Ақыл-парасатты танып бiлуге адамның талпынысы, аштық және шөлдеу сияқты, сондай маңызды қажеттiлiк.  Ал зерiгу, сiрә, - адам ағзасы үшiн ең жарамсыз құбылыс. Егер де сiз бiр нәрсеге қатты алдансаңыз, сiз аш екенiңiздi және шаршағаныңызды ұмытасыз. Ал егерде iшiңiз пысса, зерiксеңiз, еш нәрсемен шұғылданбай жүрсеңiз, онда сiз кез келген ақпараттық деректер, ескi газеттiң жыртылған үзiндiсiне дейiн,  iздей бастайсыз.

Ғалымдар, сондайлық дарынды және талантты балалардың  миының биохимиялық және электр белсендiлiгi жоғары болады деп   тұжырымдайды. Олардың миы өте үлкен «аппетитiмен» және де интеллектуалды асты «қорыту» гаргантьюалық қабiлеттiлiгiмен ерекшеленедi. 

М.Карненiң байқауы бойынша, ерте жастағы дарынды балаларды себептi-шығармалы байланыстарды байқау және соған сәйкес қорытындылар жасау қабiлеттiлiгi ерекшелендiредi. Олар әсiресе альтернативтiк модельдер мен жүйелердiң құрастыруына алданады. Бұл  қабiлеттiлiгi көптеген интуициялық  секiрулердiң негiзiнде жатады (кезеңдерден «секiрiп кету») және тек дарынды балларға тән болады. Оларға нейронды информацияны тез өткiзу тән, олардың iшкi ми жүйесi тым тармақтанған, байланыстар саны көп болады. Сонымен қатар дарынды балалардың, ерте сөйлеу және абстракты ойлау негiзiнде құрылатын, есте сақтау қабiлеттiлiгi жақсы болады. Оларды информацияны және тәжiрибенi жүйелеу және  дәрежелеу қабiлеттiлiктері, жинап алған бiлiмдерiн кеңiнен пайдалану икемдiлiгi айрықша бiлдiредi. Олардың жүйелеу және дәрежелеу бейiмдiлiктерi, дарынды балаларға тән, сүйiктi құштарымен, - коллекциямен бейiмделедi. Өз коллекцияларын ретке келтiру, жүйелеу және коллекциядағы заттарды қайта құрастыру оларды үлкен құанышқа жеткiзедi. Дегенмен, ұқыпты тұрақты экспозицияны рәсiмдеу олардың мақсаты болып табылмайды. 

Бәрiнен жиi, күрделi синтаксистiк құрылыстармен (конструкция)  ерiп жүретiн, бай сөздiк қоры, сұрақ қою шеберлiгi айналадағы адамдардың дарынды балаларға көңiлiң аудартады. Кiшкентай «вундеркиндтер» создiктер мен энциклопедияларды қанағаттанып оқиды, олардың пiкiрi бойынша, олардың өз ұғымдарын және қиялдағы оқиғаларын бiлдiре алатын, сөздер ойлап шығарады, ойлау қабiлеттерiн белсендiретiн, ойындар таңдайды.

Талантты мектеп жасына дейінгі балалар танымдық белгiсiздiкке оңай қарсыласады. Сонымен бірге қиындықтар оларды тоқтатпайды. Олар күрделi ұзақ мерзiмдi тапсырмаларды қуана қабылдайды және  де оларға дайын жауабын таңытқанды жек көредi. Осы себептен класта конфликтер болады (бастауыш мектеп мұғалiмдерi өздерi қойған сұрақтарына, өздерi жауап бергенiн таңдайды, өйткенi балалар дұрыс жауабын тауып бермейдi деп ойлайды).

Дарынды мектеп жасына дейінгі балалардың көпшiлiгiнде, оқу қызығуын басып, математикалық қабiлеттерi басымды (доминантты) болады. Дарынды баланы бiр нәрсеге көтерiңкi зейiн қоюымен, оған қызықты сферадағы жетiстiктер нәтижелерiне жiгерлiлiк бiлдiруiмен ерекшеленедi. Осыған есептiң шешiмiне шому дәрежесiн қосуға болады. Оған бiр құмсалғыштағы құґрылысты немесе жағадағы платинаны салып бiтiру, түскi ас уақытынан немесе болатын жаңбырға қарағаннан маңызды болады. Өмiрлiк тәжiрибесi аз болғандықтан ондай балалар жиi, шамалары келмейтiн, батыл iс бастайды. Оларға үлкен адамдар жағынан  түсiнушiлiк және бiрәз басшылық қажет, сәтсiздiктерге  екпiн қойып  назар бөлмеу керек, одан да бiрге тағы бастап көру керек.

Сонымен, америка психологтарының - М.Карне мен Тэкэкс [26] швейцар психологы Ж.Пиаженiң зерттеулерi, мектепке дейiнгi жастағы дарынды балаларды таңдауға және қабiлеттiлiктерiн айқындауға, зерттеулерiнен алынған тәжiрибенi қолдануға мүмкiндiк бередi.  

Дарындыларды ерте жастан тану проблемасы, кiшкентай балалары бар ата-аналарға арналған, М.Карне және оның университеттiк әрiптестерiмен (штат Иллинойс) жасалған эксперименталдық проекттiң негiзi болып табылады. Бұл балалардың қабiлеттерi бар критерийлар бойынша орта деңгейден жоғары. Ата-аналар өздерiнiң кiшкентай балаларын оқыту үшiн М.Карненiң бағдарламаларын қолданады, сонымен қатар, осы бағдарламалар арқылы балалармен ынталандырлық қатынастар дағдыларын өздерi де бiлiп игередi. Мамандардың айтуы бойынша, ата-аналар балаларының толық дұрыс дамуына шың қызығушылықтарын бiлдiрдi. Бiрақ, ұқсас бағдарламалар сирек шығады және қысқа эксперимент тәрiздi өтедi.

Ерте жастан қабiлеттерiн танып бiлу және арнайы оқыту бағдарламалары балада оқуға және өз-өзiне деген құнарлы қатынастың дамуына болысады. Прингл, Лондонда жүргiзген, бөлшектi зерттеулерiнде баланың қабiлеттерiн уқытында танып бiлуге үндейдi, қалайда бала үшiн ертеден қолайлы жағдайлар жасау мүмкiндiк жағынан айтқанда өте дұрыс.

Дарындылықты немесе ерекше қабiлеттiлiктi балалық шақта жалпы, универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтiсiмен, тұлғаның есеюiмен  бұл қабiлет өзiнiң арнаулы қырларын көрсетедi, пәндiк дәрежеге, мазмұнға ие болады.      

Адамның психологиялық бейнесiнiң дарындық, бiрегейлiк проблемасы психология тарихында күрделi замана тағдыр болды. Бұл проблеманың практикалық маңыздылығы және өзектiлiгi (актуалдылығы) анық: оқыту мен тәрбиелеу, бағдар және мамандық таңдау, еңбек тиiмдiлiгi, ғылым және мәдениеттiң дамуы, адамның дербес өзгешiлiктерiмен байланысты. Бұл проблема психологияның теориясы үшiн де өте маңызды, өйткенi, кез келген жалпы психологиялық түрлерiнде iске асырылады, және де ол өзi алуан дербес вариациялар iшiнен тек бiр ортасы ретiнде болып көрiнедi және қалыптасады. «Қатаң айтқанда, психологияның бiрде бiр тарауында дербес ерекшелiктерге қатысты сұрағынан ымырасыз алдануға болмайды; ондай алаңдаушылық, кез келген ғылыми зерттеулерге тән, тек уақытша ғана өзiн шектеуге мүмкiн», -деп Б.М.Теплов жазған. 

Б.М.Теплов дербес өзгешелiктердi зерттеу екi мiндеттердiң шешiлуiн қарастырады - дейдi. Бiрiншiден, олардың тұрақты түрлерiн (формаларын) бөлiп алу және бiлу; екiншiден, олардың шығу тегiн түсiндiру. Психиканың дара-өзiндiк сипаттарының қалыптасу себептерi өте әр түрлi- ананың жаңа туған баламен өзара қатынастық ерекшелiгiнен бастап, адамның ұжымда және жалпы қоғамда алатын орнына дейiн.     Бұл себептердiң талдауына көптеген психологиялық әдебиеттер арналған, онда адамның жеке тұлғалығын, даралығын қалыптастыратын, өзiндiк психологиялық және әлеуметтiк-психологиялық факторлар жөнiнде айтылған. Бiрақ басқа да жолдың болуы мүмкiн: «адамдағы биологиялық және әлеуметтiк» ұстаным тұрғысынан.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары