Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................6

1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34

2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55

Қорытынды............................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65

Файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейнг дарынды балаларды окыту және тарбиелеу багыттары.doc

— 490.50 Кб (Скачать файл)

Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен бөтен,  бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін.  Ресейлік психологтар  (Д. Богоявленская [14],  А.В. Брушлинский [15],  В.Н. Дружинин [16],  Н.С. Лейтес [13],  А.М. Шумакова [6],  В.С. Юркевич [17]): “дарындылықтың жұмысшы,  жиі қолданылатын концепциясы”  деп берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен классификациясын бөледі:

· психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері;

· дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі;

· дарындылықтың көрініс беру формасы;

· дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің ауқымдылығы,  дамудың жас ерекшелігі.

Потенциалды дарындылық -  бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін,  белгілі психикалық алғышарттары потенциалды  болатын баланың психологиялық  ерекшелігі.  Бірақ бала,  бұл  мүмкіндіктерді тап осы уақытта  қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды.  Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін  (жанұялық қиын жағдаймен,  квалификацияланған  мұғалім  - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа).

Потенциалды дарындылықты анықтау,  кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы мүмкін.  Өйткені әрі қарай дамуы туралы,  тек кейбір белгілер бойынша айтуға болатын,  әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.

Ерте дарындылық мысалы ретінде  “вундеркиндтер”  (“таңқаларлық бала”  мағынасында)  деп аталатын балалар бола алады.  Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер,  қандай да бір іс-әрекет түрінде  тамаша табыстарғ жетеді  (музыкада,  суретте,  ән айтуда тағы басқа).  Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етді  (ерте әріп танып,  оқу,  хат,  санау  тағы басқа).  Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей,  дарындылық музыкада  ерте көрінеді.  Ал одан кешқұрым,  сурет өнерінде көрінеді.  Ал  математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды.  Ғылым жетістігінде мәнді нәтжелерге жету,  әдетте кешқұрым өтеді,  ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты.  Осы клетірілген дарындылық классификациясымен қатар,  әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде.  Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:

· интеллектуалды,  оның түрі  -  академиялық;

· көркемдік,  шығармашылық  (креативтілік);

· модерлік немесе әлеуметтік;

· психомоторлы немесе спорттық.

Мектеп жасына дейінгі балаға деген қатынас, оған бiлдiретiн көзқараспен байланысты тәуелденедi. Бiлiмдi жаңарту дегенiмiз – ол алдымен, даралық деңгейлерде мектеп жасына дейінгі балаға деген көзқарастың өзгеруi және де ең алдымен бiлiм беру, тәрбиелеу және медициналық мекемелерде жүзеге асырылады.

Ожеговтың сөздiгiнде  дарындылық –  «табиғаттан берiлген ерекше қабiлет» деп түсiндiрiледi.  Адам ойлау, iзденiмпаздық – табиғаттың адамзатқа берiлген тамаша сыйы. Бұл  қабiлет барлық адам бойынан табылары да сөзсiз. Дегенмен, табиғат оны бәрiне бiрдей етiп бөлмей, бiреуге көптеу, бiреуге аздау, ал үшiншiлерiне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.

Бiз дарынды деп белгiлi бiр қабiлетi көпшiлiктiң орташа қабiлетiнен ерекшеленетiндердi айтып жүрмiз. Өмiр сүретiн орта, берiлетiн тәрбие осы ерекшелiктiң одан әрi дамуына көмектеседi немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердiң табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсiби ұстаздық, кез келген ерекше қабiлеттi қушыны дарынға айналдыра алады. Мiне, осы бiр айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген  «тар жол, тайғақ кешулерден» өтiп, өз жолын ендi тауып келедi.

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгiлi бiр даму сатысының  соңғы нәтижесi деп түсiндiредi. Кезiнде Платонның өзi ақындықты «өнер мен бiлiмнiң арқасында емес, құдайдың анықтауы мен көрiнетiн сезiмi» туындайды деген болатын. Ал Сократ өзiнiң ерекше қасиетiн түсiндiргенде «маған көмекке әрдайым мейiрiмдi пiрiм – гений келедi» - деген екен.

«Тұлғаның бойында белгiлi тума қабiлеттерiнiң болуы, - бұл негiзгi фактор, - деп ХХ ғасырдың басында  Дьюн жазған, - педагог тұлғаның бойында жоқ нәрсенi қолдана алмайды. Бұл қатынастық бойынша тұқым қуалаушылық тәрбие барысында кедергi жасайды».

Ф.Гальтонның айтуынша: «Адам кең шеберлi ақыл-ой қабiлетiмен және жұмыста жiгерлiлiкке ие болса, оның мұндай қабiлеттерiне ешқандай күш төтеп бере алмайды»,- дедi. Негативизм бағытының тағы бiр өкiлi Л.М.Термен болса: «Көптеген дарынды балаларға зерттеу жүргiзе отырып, бәрi де тұқымға байланысты деп шешiм қабылдады, яғни баланың нерв жүйесiндегi туа бiткен ерекшелiктерге байланысты»- дедi.

Әлбетте, дарындылықтың  тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берiлетiндiгi сөзсiз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмiрге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кiм айтады?

Канада ғалымы Д.Хебб «генотиптiк интеллект» деген ұғымды енгiздi. Бұл таза тұқым қуалайтын  интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас  орната отырып, «фенотиптiк интеллектiнi»  құрайды. Соңғысының деңгейi бәрiмiзге белгiлi тест әдiсiмен анықталады. Д.Хеббтiң ойынша ген арқылы берiлу мен сыртқы ортаның әсерiнiң арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8-тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келедi: ой-өріс (интеллект) – бұл мәдени-әлеуметтiк орта мен индивидтiң (адамның) тәжiрибесiнен пайда болатын өнiм, ал осы тәжiрибенi ассимиляциялап (жинақтап) тиiмдi пайдалана бiлуiнiң 80% генотиптiк құрылымға байланысты.

Д.Хеббтiң және басқа  да гендiк дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик- ғалымдар мен бiлiм қызметкерлерi тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бiрiншi қарсылығы «қатып қалған интеллектiнi» жоққа шығарудан басталады. Сегiз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50% ғылымның әр түрлi саласынан әр дәрежеде ой-рiс деңгейiн көрсете бiлген. Сонда оқушы 8 жыл iшiнде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.

Нақты, шүбә келтiрмейтiн немесе көпшiлiк мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетiстiктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушiлердi көп қиналта қоймайды. Тiптi, кейбiреулерi мұны дұрыс заңды нәрсе ретiнде қабылдау керектiгiн алға тартады. Белгiлi ағылшын психологi Г.Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйiндейдi: «Термометрдi алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бөлiктерi туралы мәлiмет өте мардымсыз болды... түбiнде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргiзу арқылы дамыды емес пе». Сөйтiп, Г.Айзенк дарындылық туралы түбегейлi, тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын [18].  ХIХ – ХХ ғасырлар тоқысында психологияда дарындылық мәселесiнде функционалдық көзқарас туындады. Психологтар ақыл-ой дарындылығын диагностикалау үшiн бес негiзгi функцияны өлшеп, зерттеу керектiгiн айтады. Олар: ой, зейiн, ерiк, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан iздеу керектiгiн айта бастады. Содан әр түрлi, өзара қарама-қайшы шиеленiскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы  және арнаулы  деп екiге бөлiп қарастыруға көштi. Немiс ғалымы В.Штерн жалпы дарындылық - интеллектiден өзгеше, оны индивидтiң өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен мiндеттердi орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабiлетi деп түсiндiредi [19].

Арнаулы дарындылықтың  жалпыдан айырмашылығы белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылады. Орыс психологтары мұны көркемөнер, музыкалық  және математикалық деген түрлерге бөлсе, Батыс зерттеушiлерi оны сенсорлық, моторлық, техникалық, сондай-ақ кәсiптiк деп тарқатады. Мектеп жасына дейінгілердің өзiне ғана тән жеке ерекшелiктерi оқу, еңбек, өзге де үрдiс үстiнде жарқырап көрiнедi. Осыған орай зерттеушiлер оларды әр түрлi топтарға бөлiп қарастырады. Оқушылардың әлеуметтiк құрамы және оқу-тәрбие iсiнiң деңгейiне орай көп тараған түрлерiн келтiредi. Бұлардың қатарына олар «жан-жақтыларды», «интеллектуал-теоретиктердi», «практиктердi», «қоғамдық-ұйымдастырушыларды», «ойнақы» және  «инерттi»  түрлердi жатқызады. Cонда көптеген бiрiне-бiрi байланыссыз арнаулы факторлар түбiнде ақыл-ой қабiлетiн, яғни интеллектiнi құрайды. «Интеллект» дегеніміз не? деген сұраққа қатысты нақты анықтамалар жүйесі бар. Н.С.Лейтестің есептеуі бойынша интеллект кең мағынада - барлық танымдық іс-әрекет, ал интеллект тар мағынада - адам-ның ақыл-ой қабілетінің сферасын сипаттайтын жалпылама түсінік.

Интеллектің бірнеше  анықтамалары бар, бірақ осы уақытқа  дейін нақты қабылданған анықтамасы жоқ.  Өздеріне тән  ерекшеліктері  бар екі анықтама жиі  кездеседі. Бірінші анықтама бойынша, интеллект абстрактілі символдар және қатынастар негізінде пайда болады. Екінші анықтама бойынша, интеллект жинақталған  тәжірибені  қолдана отырып, жаңа ситуацияға бейімделуі,  яғни негізінде оқуға деген қабілетпен теңестіріледі.

Бірінші анықтамаға байланысты мынадай мәселеге назар аудару керек, абстракцияға деген қабілеттілік – интеллекттің тек бір жағы. Екінші анықтамаға байланысты мынаны ескеру керек, интеллект бір жағдайға бейімделген кезде ғана пайда болмайды, сонымен бірге оған белсенді әсері кезіңде де пайда болады.

Қорытындылай  келе, адам интеллектісінің маңыздылығы  мынада, ол қоршаған әлемдегі қарым-қатынасты  және заңды байланыстарды ашады,  ақыл-ой процестерін таниды және оларға әсер етеді (рефлкесия және өзін-өзі  басқару), пайда болған өзгерістерді байқайды, шындықты қайта жасауға мүмкіндік береді.

«Интеллект» сөзі психологияда «дарындылық», «ақыл-ой дарындылығы» сөздерінің синонимі ретінде қолданады. Сонымен интеллект тесттерін  «дарындылық тесттері», интеллектуалды коэфициент IQ – ақыл-ой дарындылығының көрсеткіші деп аталады және де бұл айқын: интеллект дегеніміз –танымдық сфераны  сипаттайтын  нағыз орталық, адамның  ақыл-ой қабілетінің ядросы.

Ақыл-ой қабілеті арнаулы қабілетке қарағанда  көп жағдайда жалпы қабілет деп аталады. Шынында да, мысалы мынандай салыстыру, талдау, жоспарлау... сияқты ақыл-ой қасиеті әр түрлі білім салаларында өте кең байқалады. Мұндай жағдайда олар жалпы, яғни әр түрлі іс-әрекет түрлері үшін жалпы болып табылады. Адамдар бір-бірінен тек ақыл-ой дарындылығы жағынан ғана ерекшеленбей, сонымен бірге өзіндік ақыл-ой әрекеті жағынан, яғни тұтас интеллект бойынша ерекшеленеді.

Интеллектіні  анықтауға бағытталған зерттеулер екі ерекше концепцияға негізделген. Ф. Гальтонның –Дж.Кеттелдің идеялары бойынша интеллект өзін қарапайым, нақты функцияларда көрсетуі керек, ал А.Биненің идеясы бойынша интеллектінің белгілері әр қашанда жинақтап қорытатын комплексті сипатқа ие болады. Осы екі концепция да тесттерді құрастыруда жиі қолданылады, көпшілігі кейбір өзгерістерге қарамастан, осы уақытқа дейін тестологтардың тәжірибесінде сақталып қалған.

Психологияда  интеллектіні бір тұтас деп санауға  болады ма, адамның ақыл-ой мүмкіндігінің  дәрежесі түрлі іс-әрекет сферасында бірдей ме деген сұрақтар пікір таласқа  түсіп келеді.

Шетел психологиясында  интеллект құрылымын анықтау  түрлі тесттік әдістердің негізінде  көптеген зерттеулер, факторлы талдау арқылы жүргізілді.

Интеллектінің құрылымын ең алғаш зерттеген, ағылшын  психологы Х.Спирмен барлық интеллектуалды факторды жасады. Оған қарсы өзінің отандасы Э.Торндайктың  бір-біріне тәуелсіз ақыл-ой қабілеті туралы көзқарасын қостайтын американ психологы Я.Терстон «алғашқы ақыл-ой қабілеті» қатарына  сәйкес жасалған мультифакторлы кесте жасап шығарды. Интеллектінің жалпы факторын ең маңызды деп санайтын  Спирменнің дәстүрін жалғастырушылар және бір жағынан Терстонды қолдайтын фактористер арасындағы талас бірте-бірте басылды. Қазіргі кезде түрлі қабілеттегі жалпы фактор маңызды роль атқаратыны тәжірибие жүзінде  мойындалған.

Бірақ, Дж. Гилфорд жасаған интеллект құрылымының моделі кең қолдау тапқан. Құрылым көптеген үйлесімді операцияның – ақыл-ой  әрекетінің тәсілдерін, ойлау процесінің мазмұның және ақыл-ой әрекетінің нәтижесінің мүмкіндігін қарастырады [20].

Осы моделге  сәйкес операцияның 5 түрін бөліп көрсетуге болады:

-  таным (қабылдау процесі, тану, ақпаратты түсіну);

-  ес (есте сақтау механизмі және ақпаратты қайта жаңғырту);

- дивергентті ойлау  (қиялға сүйенеді және жаңа идеяның пайда болу құралы ретінде қолданылады);

- конвергентті  ойлау (түрлі мүмкіндіктерді қамтуға  қарағанда нақты жауапты «көздеу»);

- бағалық ойлау  (стандартты және анықталған критерийлерді салыстыру механизмі).

Әрі қарай ойлау  процесінің мазмұның 4 топқа бөледі, яғни операциялар нақтылы – бейнелік ақпаратқа (фигуралы мазмұн), немесе белгімен бейнеленетін, яғни әріп, сан, код түріндегі ақпарат (символды мазмұн), немесе вербальды идеяларға және түсініктерге (семантикалық мазмұн), немесе адамның қарым-қатынасына байланысты ақпарат  (мінез-құлықтық мазмұн) түрінде қабылданады.

Сонымен бірге  ойлау әрекетің нәтижесін  6 типке  бөледі:

-  тұтас (жеке  мәліметтер);

- класстар (жалпы  қасиеттері бойынша топтастырылған  мәліметтер жиынтығы);

- қатынас (заттар  арасындағы айқын байланыстар);

- жүйелер  (тұтас  жүйені жасайтын ақпараттар);

- трансформациялар (қайта құру, ақпараттың ауысуы);

- импликациялар  (қорытындылар, алынған ақпараттағы  жаңа байланыстарды белгілеу).

Осылай әрбір операция қандай да бір мазмұн типіне қатысты  орындалуы және нақты нәтиже түрін  береді. Осы 3 параметрдің байланысы 120 әр түрлі сапалы өзгеше ақыл-ой қабілетінің пайда болғаның көрсетеді.

Ағылшын психологы, Лондон университетінің профессоры Дж. Айзенк интеллектінің 3 түрін бөліп көрсетті:

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары