Мектепалды даярлық оқушыларын ойын арқылы оқыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 09:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында үздiксiз бiлiм берудiң бастапқы деңгейi мектепке дейiнгi тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметiн меңгеруге қажеттi жеке қасиеттердi тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңiл бөлiнiп отыр.
Мектепалды даярлықтың негiзгi мақсаты – 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетiлдiру, олардың бойында қарапайым бiлiм негiздерi, iскерлiк пен дағдылардың алғы шарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте бiлiм алуға бiрдей бастапқы мүмкiндiктермен қамтамасыз ету.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
1.1. Мектепке дайындау жұмысы- күрделі творчестволық процесс
Негізгі бөлім
2.1. Балабақша балалары - болашақ бастауыш мектеп оқушысы
2. 2. Мектепалды даярлық тобында оқыту жұмыстары
а) ойын арқылы дамыту ерекшеліктері
ә). дамытудағы рөлдік ойындардың орны
б) Драматизацияланған ойындар
2.3.Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру:
а)озат тәжірибе
ә) практика кезіндегі менің іс-тәжірибемнен
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

+тілдам.doc

— 264.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

Мектепалды даярлық оқушыларын ойын арқылы оқыту жолдары

 

 

 

 

  ЖОСПАРЫ

 

Кіріспе бөлім

1.1.  Мектепке дайындау жұмысы- күрделі творчестволық процесс

Негізгі бөлім

2.1. Балабақша балалары - болашақ  бастауыш мектеп оқушысы

2. 2. Мектепалды даярлық тобында оқыту жұмыстары

а) ойын арқылы дамыту ерекшеліктері

ә). дамытудағы рөлдік ойындардың орны

б) Драматизацияланған ойындар

2.3.Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру:

 а)озат тәжірибе

ә) практика кезіндегі менің іс-тәжірибемнен

  Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың көкейкестілігі:

Қазақстан Республикасының 2010 жылға  дейiнгi бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк  бағдарламасында үздiксiз бiлiм  берудiң бастапқы деңгейi  мектепке дейiнгi тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметiн меңгеруге қажеттi жеке қасиеттердi тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңiл бөлiнiп отыр.

Мектепалды даярлықтың негiзгi мақсаты  – 5-6 жасар балалардың дене дамуы  мен  психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетiлдiру, олардың бойында қарапайым бiлiм негiздерi, iскерлiк пен дағдылардың алғы шарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте бiлiм алуға бiрдей бастапқы мүмкiндiктермен қамтамасыз ету.

5-6 жасар балалардың мектепалды  даярлығы отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе  жалпы бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды сыныптарында, мектепке дейiнгi шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негiзiнде жүзеге асады. Зерттеу мақсаты: 5-6 жастағы балаларға айналамен таныстыру арқылы білім беру, тілін  дамыту, құзіреттілікті меңгертуге бағытталған тәжірибелерді талдау,жинақтау;

Зерттеу міндеттері: мектепалды даярлықты ұйымдастыруда ойын арқылы оқыту жолдарын анықтау және негіздеу;

- мектепалды даярлық тобында оқыту және тәрбиелеу және құзіреттілікті меңгертуге байланысты жұмыс түрлерін қолданудың тиімді жолдарын белгілеу:

Зерттеу  болжамы: Егер даярлық тобында ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімді  ұйымдастырылса, мектепке келіп түскен бала төмендегідей жетістіктерге жетуіне болады:

-оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді;

-сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті  қалыптасады;

-өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну  қабілеттері ашылады;

-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің  артуы;

-өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

-интеллектуалды ойлау қабілеті  дамиды;

-белгілі бір іс-әрекетті орындағанда  жігерлі еңбек етуі, шығармашылық  тапқырлығы үстей береді.

Мұғалім алдындағы балаға субъект  ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген субъект қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:

  • Ақыл-ойы дамиды;
  • «Мен» жүйесі қалыптасады;
  • Шығармашылық белсенділігі артады;
  • Коммуникативті құзіреттілігі артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім   

   Мектепке дейінгі жас  кезінде балалардың денесі мен  ақыл-ой өрісі төменгі жастарға  қарағанда недәуір өсіп қалады. Бірақ 3-5 жастың арасында бала  бойының өсуі шамалы тоқталып қалады да, мектепке кіргенше тез өсетін болады. Бала бойының өсуі салмағының өсуінен шамалы алда жүреді.

 6 жастағы баланың бойы -116 см., салмағы -21,5 кг.шамасында болады.

Көкірек қуысы, иығы, жамбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен қолының саусақтары ұзарады. Дене мүшелерінің дамуы бір-бірімен өте тығыз байланыста өтеді.

Баланың мінез-құлқын реттеуде жоғары ми қабығының мөлшері артып, жоғары жүйкенің қызметі жетіле түседі, мидың  маңдай бөлігі шапшаң дамиды, сондықтан  күрделі талдаулар мен жинақтауларды  түсінеді. Байланыстырып сөйлеуі қалыптасып, 30-60 сөзден әңгіме құрай алады. Өзін қызықтырған әңгіме болса, 150-200 сөзді пайдаланып, әңгімелеп бере алады. Бұл жастағы балалар ойын, еңбек, т.б. әрекеттер кезінде сөйлеу белсендігі алдыңғы кездегімен салыстырғанда 2-3 есе төмендейді. Мұның себебі, сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге ауысуынан. Ойлауы-көрнекі ойлау, шығрмашылықтың кейбір элементтері кездеседі. Мұқият тыңдау, (зейіні) есте сақтау, талдау, салыстыру, қарапайым қорытынды жасау қабілеттері дамиды. Өз шамасына сай кедергілерді жеңуді, қолы жеткен нәтижесін дұрыс бағалауды, өзара көмектесуді игереді, бірге ойнайтын балалар тобы пайда болады. Бұл кезде баланың білуге ынтасы артып, тілі, ақыл-ой қабілеті, қиялы белсенді дамиды, өзіне тән дербес іс-әрекетті жақсы орындай алу дәрежесіне жетеді.

Мектепке дейінгілердің анотомо-физиологиялық  дауының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды /оқу, еңбек/ орындауға  мүмкіндік туады. Өткен ғасырлардағы  кейбіреулердің айтуынша, бала қозғалмай, не  бәлендей нәрсемен айналыспай көп отырса, осының салдарынан «жұмсалмай қалған қуаты» жиналады да, соны жұмсау қажеттілігі оны ойнауға итермелейді. Бұл пікірге көпшілік психологтар қарсы болғанымын тек жұмсалмай қалған күші барлар емес, күш-қуатын тауысып, шаршап отарған баладан «Ойнайсың ба?» деп сұраса «ойнаймын» деп жауап береді. Осыны еске алып Австрия психологы  К. Боллер «жұмсалмай қалған қуат» теориясы баланың не себептен ойнайтынын толық дәледей алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен байлныстырады. Рахаттану теориясы, бәлкім, әуелгі пікірге қосымша ретінде пайдасы бар болар. Себебі бала ойыны сол кезде мәз болып рахаттанумен ұштастырылмаса, екінші рет ол ойнағысы келмес еді.

   Мектепке дейінгі білім  беру мекемесі мен бастауыш  мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: бастауыш мектеп жағдайында мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.

Ойын әрекетiнің мектепалды даярлық  топтары мен сыныптарында  жетекшілік рөлi сақталуы тиіс. Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Барлық арнайы өткiзiлетiн сабақтар барысында ойын түрлерi (ережелi, дидактикалық, ұлттық, қимылды, сюжеттi-рөлдiк т.б.) кеңiнен қолданылуы тиiс. Ойын тәрбиешi мен баланың, балалардың бiр-бiрiмен еркiн ынтымақтастығы негiзiнде құрылып, баланың өзiндiк белсендiлiгiне, өзiн барынша толық ашуына ықпал ететiн деңгейде ұйымдастырылуы тиiс.

Ойын - мектепке дейінгі  балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала  өмірінде тәрбиенің  шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын  негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да -   болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек :  әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді.

Кеңестік педагог А.С.Макаренко "Баланың ойынға деген құмарлығы  бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен  бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі - ойыннан тұрады", -деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Балаларды ойынға қатыстыру  қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы  мәдениеттің сәтті берілуі, балаларға  ересектер тарапынан ұсынылатын ойынның мазмұнына да байланыста болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін, әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет екендігін де ескере кеткен жөн. Егер де тәрбиеші алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды.

Ойын кезінде жан-жақты  тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңде  ойын әрекетінің психологиялық негізін  құрастырған жағдайда ғана табысты  іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т.б. қалыптасады.

Баланың кез-келген әрекеті  белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталғанын педагог-тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта  өзгертуге мүмкіндік беретін  шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын  алады. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірибесімен, білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген нәрселерді тәрбиешілері мен ата-аналарынан үйренеді.Әр түрлі білімдер, әсерлер баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемен су береді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың аузына алып барады. Бұл баланың жоғары интеллектуалдық деңгейде ойын міндетін шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша болуы да мүмкін, тәрбиеші жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша тәжірибелікке ұқсас ұжымдық әрекет етуді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізсек, онда оның ең негізгі ерекшелігі - қиялдауы жойылып кететінін ескергеніміз жөн.

Екіншіден, ойын жақсы таныс  бейнеленгенімен, бірақ өмірлік жағдайда аз жинақталған болса, еріксіз дағдарысқа енеді. Сонымен бірге бала күнделікті өмірде нақты, анық білімдерді ғана емес, сондай-ақ түсініксіз, жорамалданған пікірлерді де алатындығы белгілі. Мысалы, бала теңізшінің кім екенін біледі, бірақ оның қандай іспен айналысатындығын білмеуі мүмкін. Өзінің түсінігін толықтыру үшін ойын үстінде сұрақтар қойып, соған жауаптар алу арқылы, айқын білімін толықтырып отырады.

Ойынның ұзақ болуын, эмоционалды  қанықтығына жету үшін және ойын міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа бағытталған тактикалық тәжірибесін байытуы, оны бірте-бірте шартты ойын жоспарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында мектеп жасына дейінгі балаларды шынайылылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды, әр баланың жан дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз кезегінде балалардың біріккен құрбы-құрдастарымен әрекетінде және тәрбиелеу қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады.

Ойын бір жағынан, баланың  жақын даму зонасын дамытатындықтан, мектеп жасына дейінгілердің негізгі  әрекеті болып табылады.Мұнда  жаңа прогрессивті әрекеттің түрлері  туады және өзінің мінез-құлқын еркінше  басқаруын, ұжымдық, шығармашылық әрекет ету ептілігін қалыптастыруымен байланысты.Ал екінші жағынан, өнімді әрекеттің түрлері оның мазмұнымен қоректенеді және баланың үнемі өмірлік тәжірибесі молайып отырады.

Ойында баланың дамуы  ең алдымен, оның мазмұнының әр түрлі  бағыттылығына байланысты өтеді. Дене (қозғалмалы), эстетикалық (ән-күй), ақыл-ой (дидактикалық, сюжетті-рөлдік) тәрбиесіне тура бағытталған ойын түрлері бар. Барлық ойын түрлерін тікелей ересектердің қатысуымен және баланың белсендігінің түрлі формасымен үлкен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топ - бұл ойынды өткізуде және дайындықта ересектердің жанама түрде қатысуы. Балалардың белсенділігі (ойын әрекеті мен шеберлігін белгілі бір деңгейде қалыптастыру жағдайында) инициативті, шығармашылық сипатқа ие, балалар өз беттерінше ойын мақсатын қоюға қабілетті, ойынды дамытуға және міндеттерін шешуде қажетті тәсілдерді табады. Өз бетінше ойнайтын ойындарда балалардың инициативасын көрсететіндей жағдайлар жасалады. Бұл топқа әсіресе, өзінің даму қызметімен құнды, әр баланың жалпы психикалық дамуына үлкен мәнге ие танымдық және сюжеттік ойындарды енгізуге болады.

Екінші топ - бұл әртүрлі үйрететін ойындар, ересектер ойынның ережесін айтып немесе ойыншықтардың құрылымын түсіндіріп, белгілі бір нәтижеге жету үшін әрекет етудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бұл ойындарда тәрбиелеу мен оқытудың нақты міндеттері шешіледі: бұлар белгіленген бағдарламадағы тақырыптар мен ережелерді меңгеруге бағытталған. Оқыту ойындары мектеп жасына дейінгілерде адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде маңызды. Ойынды үйретуде балалардың белсенділігі негізінен репродуктивті сипатқа ие: олар берілген бағдарлама әрекетінде ойынның міндеттерін шешуде, тек қана оларды жаңадан өндіреді. Балалардың құрастыруы мен ептілігінің негізінде шығармашылық элементтері көп кездесетін өздік ойындарды ойлап шығарады.

Ойындағы жетістіктер  баланың сабақтарда жүйелі білім  алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.

Әртүрлі ойындарды баланың  жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында  және дұрыс қолданғанда "мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын" өз деңгейінде шешуді қамтамасыз етеді.                                                

Сонымен бірге, әртүрлі  ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, ," мынадай жалпы  ережені беріп отырмыз: 

1.  Ойын - әртүрлі жастағы балаларды  өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.                 

2.  Ойын - бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.

Информация о работе Мектепалды даярлық оқушыларын ойын арқылы оқыту жолдары