Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 09:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында үздiксiз бiлiм берудiң бастапқы деңгейi мектепке дейiнгi тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметiн меңгеруге қажеттi жеке қасиеттердi тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңiл бөлiнiп отыр.
Мектепалды даярлықтың негiзгi мақсаты – 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетiлдiру, олардың бойында қарапайым бiлiм негiздерi, iскерлiк пен дағдылардың алғы шарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте бiлiм алуға бiрдей бастапқы мүмкiндiктермен қамтамасыз ету.
Кіріспе бөлім
1.1. Мектепке дайындау жұмысы- күрделі творчестволық процесс
Негізгі бөлім
2.1. Балабақша балалары - болашақ бастауыш мектеп оқушысы
2. 2. Мектепалды даярлық тобында оқыту жұмыстары
а) ойын арқылы дамыту ерекшеліктері
ә). дамытудағы рөлдік ойындардың орны
б) Драматизацияланған ойындар
2.3.Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру:
а)озат тәжірибе
ә) практика кезіндегі менің іс-тәжірибемнен
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар
Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
Екінші
деңгейдің мақсаты –
Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.
Баланың тілегі мен тәрбие мақсаты үйлескен кезде ойынға қызығушылық пайда болады. Ойнауға ауызша және жазбаша тартуға болады. Ойын заттары, ойыншықтар, ойын жарнамалары ойнауға қызығушылық тудырады. Ойнауға ұсыныс жасау арқылы оның ережесі мен іс-әрекет техникасы түсіндіріледі. Ойын шартын түсіндіру өте маңызды кезең. Ойын шартын тура басталар алдында нақты және қысқаша түрде түсіндіру қажет. Бұл кезде ойын заттарын, ойнаушылар айырмашылығын, негізгі және көмекші ережелерді, ойын мазмұнын, ойын атын айту қажет.
Ойнайтын жер ойынның
Оқу үрдісінде рөлдік ойындардың қалыптасуы
Бала ойынындағы маңызды сәттердің бірі рөлге бөлу. Олар белсенді және енжар, негізгі және қосымша болуы мүмкін. Рөлге бөлу кезінде дене тұлғасының ерекшелігіне, жынысына, жасына тәуелді болмайды. Көп ойындар рөлдердің тең құқылығына құрылған. Кейбір ойындар үшін жүргізушілер, капитандар, басқарушылар қажет. Жетекшілер мен тәрбиешілердің балалар ойынындағы рөлі маңызды. Олар ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі балалардың даулы мәселелерін шешіп беретін әділ төреші болуы тиіс. Тәрбиеші кейде рөлдерді өзі бөледі. Кей жағдайда капитандар, жүргізушілерді тағайындайды. Бала тілегі де ескеріледі. Ойында рөлдерді кезектесіп ойнайды.
Топтық ойындар кезінде
Ойын кезінде көмекші
Ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылықтары артады.
Педагогтердің интеллектуалдық ойындарға қатысуы ойындардың тәрбиелік, білімдік құндылығын арттырады.
Ойын формасында жүретін сабақ белгілі бір ережелерге бағынады.
1. Алдын ала дайындалу. Ойынның
өту формасы мен сұрақтарын
талдап алу қажет. Рөлдердің
алдын ала бөлінуі танымдық
іс-әрекеттің белсенділігін
2. Ойын заттарының болуы.
3. Міндетті түрде ойын
4. Құзіретті әділ қазылар
5. Балалардың зейінін аудару үшін өлең айту, секіру тәрізді сәттерді ойынға енгізу.
6. Ойын мұғалім мен оқушы
Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады: Қазақ тілі сабақтарында көздейтін-мақсат балаларға жалаң сөз жаттау емес әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.
Тіл дамытудағы рөлдік ойындардың орны
Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:
-адамдардың рухани өмірінің
үйлесімді болуы барлық
-білім мен мәдениеттің одан
әрі көтерілуін қамтамасыз
-Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру.
Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.
Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Қазақ тілін (кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.Бала тілін дамытуда рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары
Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай?
Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.
Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.
Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.
Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.
Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.
Драматизацияланған ойындар
Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.
Драматизацияланған ойындардың түрі
басқа ойындарға қарағанда
а) шығарманы өзгертпей дәл
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
Балаларды сөйлеуге үйрету.
Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.
Осы ұсынылып отырған ойын түрлері
қазақ тілін меңгеруде
Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер балалардың эмоционалды жайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен формаларды өз жұмысында тиімді қолдануы керек.
Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер ойын іс-әрекетін мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш буын оқытуындағы жетекші іс-әрекет ретінде қарастыруы шарт.
Мектепке дейінгі жастағы
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста
Информация о работе Мектепалды даярлық оқушыларын ойын арқылы оқыту жолдары