Мектепалды даярлық оқушыларын ойын арқылы оқыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 09:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында үздiксiз бiлiм берудiң бастапқы деңгейi мектепке дейiнгi тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметiн меңгеруге қажеттi жеке қасиеттердi тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңiл бөлiнiп отыр.
Мектепалды даярлықтың негiзгi мақсаты – 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетiлдiру, олардың бойында қарапайым бiлiм негiздерi, iскерлiк пен дағдылардың алғы шарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте бiлiм алуға бiрдей бастапқы мүмкiндiктермен қамтамасыз ету.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
1.1. Мектепке дайындау жұмысы- күрделі творчестволық процесс
Негізгі бөлім
2.1. Балабақша балалары - болашақ бастауыш мектеп оқушысы
2. 2. Мектепалды даярлық тобында оқыту жұмыстары
а) ойын арқылы дамыту ерекшеліктері
ә). дамытудағы рөлдік ойындардың орны
б) Драматизацияланған ойындар
2.3.Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру:
а)озат тәжірибе
ә) практика кезіндегі менің іс-тәжірибемнен
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

+тілдам.doc

— 264.50 Кб (Скачать файл)

3.  Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

4. Ойын даму тәжірибесі болып  табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.

5. Ойын - балалар қарым-қатынасының  негізгі ортасы; мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады

Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға  мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады.

Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері  мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға  отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.

Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады, себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:

Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймыз.

Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері  білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде  мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.

Сонымен қатар бұл шақта баланың  көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау  түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп  елемей, тез арада сөздік- логикалық  ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.

Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.

Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.

Баланы қоршаған заттық-кеңiстiк  орта болып табылатын топ  немесе сынып бөлмесi, ойын алаңы, оның  элементтерi  (жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материалдар және т.б.) – баланың  қажеттiлiгi мен қызығушылығын қанағаттандырып,  жеке басын дамытуға  бағытталуға тиiс. Сондай-ақ заттық-кеңiстiктiк орта оқу-тәрбие процесiнiң мiндеттерi мен мазмұнына сай ұйымдастырылады. Барлық ойындар мен ойыншықтар, сурет салу, мүсiндеу, қиып- жапсыру, құрастыру, оқыту мен тәрбиелеудiң аудиовизуалдық және ақпараттық құралдары т.б. әрекеттерге арналған құрал-жабдықтар, материалдар балалардың еркiн алып қолдануына қолайлы етiп қойылуы керек. Жиһаздарды балалардың құрбыларымен бiрлесе ойнап, әрекет етуiне, өз қалауынша жүрiп - тұруына, оңашалануына кедергi жасамайтындай барынша ыңғайлы етiп орналастыру талап етiледi. Топ бөлмесiн ұлттық ойын бұрышы, құрылыс және құрастыру  бұрышы, тыныштық және жекелену бұрышы, кiтап бұрышы, табиғат бұрышы және т.б. бұрыштарға бөлiп тастау тиiмдi. Бұрыштардың тақырыбы және онда қойылған заттар үнемi жаңартылып, мазмұны байытылып отыруы тиiс.

Дамытушы заттық ортадағы құрал-жабдықтар  төмендегiдей педагогикалық-психологиялық  критерийлерге сәйкес келуi керек:

5-6 жастағы балалардың психикалық  даму деңгейiне  сәйкестiлiгi;

жүйелi және алуан қырлы қызмет атқаруы;

баланың дене дамуына үйлесiмдiлiгi;

өзгертуге ыңғайлы жылжымалы  болуы;

мазмұны мен атқаратын қызметi жағынан  көп түрлiлiгi.

Ата-аналармен жұмыста көрнекi ақпарат  беретiн “Ата-аналар бұрышы” жасақталып, онда ата-аналардың құқығы мен мiндеттерi, педагогикалық және дәрiгерлiк кеңестер мен хабарландырулар, балалардың жеткен жетiстiктерi, шығармашылығы туралы ақпараттар iлiнедi, сонымен бірге бала тілін дамытуға көмектесетін ойын түрлері, жолдары ұсынылады.

Ата-аналармен көзбе-көз ауызша қатынас жасаумен қоса жазбаша түрде  байланыс жасау да тиiмдi. Себебi, ауызша берiлген ақпараттарға көп уақыт  кетедi, ата-аналар оны еске сақтап, жүйелi орындай бермейдi. Ал жазбаша ескертпе қағаздар, ұсыныстар  олардың тапсырмаларды ой елегiнен өткiзуiне мүмкiндiк берiп, белгiлi бiр орындау тәртiбiн ұсынады.

Ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс iстеудiң дәстүрлi  ашық есiк күндерi, жеке және топтық сұхбаттар, ортақ жетiстiктер және  проблемаларға қатысты iшiнара топтық кеңестер, жас ата-аналармен семинар – парктикумдар, топтық ата-аналар жиналыстары (тоқсанына-1 рет), конференция (оқу жылына- 1 рет) сияқты түрлерiн  өткiзу.

Ата-аналарды топ өмiрiне тарту және әр түрлi бiрлескен iс-әрекет түрлерiн, мерекелер мен сауық кештерiн, отбасыаралық спорттық сайыстар ұйымдастыруға көңiл бөлiнедi. Мүмкiндiгiнше ата-аналар арналған психологиялық көмек бөлмелерiн ұйымдастыру.

Педагогтың балалармен қарым-қатынас  стилi мектепалды даярлық сыныбы немесе тобы тәрбиешiсiнiң балалармен қарым-қатынасы тұлғалық- бағдар негiзiне құрылуға тиiс, ол әр баланы  құрметтеу және адамгершiлiкпен қатынас жасауды көздейдi. Мақсаты- баланың тұлға ретiнде қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиешi балалардың оң мiнезi мен әрекетiн қолдай отырып,  бiр-бiрiне жағымды  қатынасын   ұйымдастыру, топта өзiн емiн-еркiн сезiнуiне жағдай жасауы керек. Олардың бойындағы өзiндiк бейiм-қабiлеттерiне сүйене отырып,  мектепте оқуға қажет болатын  дағдылар мен iскерлiктердi қалыптастыру, дамытуды мақсат етедi. Ол үшiн мынадай жұмыс формаларын пайдалануға болады:

- сабақтарды шағын топтармен  өткiзу;

- әр баламен жеке жұмыс жүргiзуге  басым көңiл бөлу;

- ерекше қабiлеттi және бұрын  балабақшаға қамтылмаған балалармен арнайы жұмыс жүргiзу;

- тәрбиешiнiң балалармен пiкiр  алмасуы (баланың өз көзқарас-пiкiрiн  батыл айта бiлуiне,  өз шешiмiнiң  дұрыстығын дәлелдеуiне, тілінің  дамуына мүмкiндiк туғызу мақсатында);

- балалардың iс-әрекетiн қатаң шектеуден  бас тарту; 

- педагог пен балалалар арасындағы қарым-қатынастың тең құқылы серiктестiкке құрылуы.                                                                   

Мектепалды даярлық жұмысының  тіл дамыту бағытындағы мазмұны бағдарламаға сәйкес дайындалған оқу-әдiстемелiк кешен негiзiнде арнайы  ұйымдастырылған сабақтар түрiнде жүзеге асырылады:

Тiл дамыту (жыл бойына 32 сағат, аптасына 1 сағат):  балаларға ана тiлiнде  ауызша сөйлеуге қажеттi дағдыларды игерту; монологтық және диалогтық сөйлеу тiлiн  жетiлдiру; байланыстырып сөйлей бiлуге үйрету; балалар әдебиетi мен фольклорлық шығармалардың мазмұнын жүйелi де мәнерлi жеткiзе бiлу iскерлiгiн қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі  ең басты ерекшелік психикалық процестердің ырықты дамуы болып табылады. Бұл  дерек осы жас кезеңін зерттеумен айналысқан барлық ғалымдар тарапынан мақұлданған. Л.С.Выготский ырықтылықтың дамуы мектеп жасына дейінгі кезеңнің ең маңызды сапасы дей отырып, оны жоғары психикалық қызметтің пайда болуымен және сананың белгілік қызметінің дамуымен байланыстырады. Ол психикалық әрекетті реттеу құралы ретіндегі – белгілерді қолдану процесінде, адам психикасын қалыптастыру схемасын жасады. Белгілерді балалар ойлап таппайды, ересектермен өзара қарым-қатынас процесінде жинақталады. Яғни белгі әуелі сыртқы жағдайда пайда болып, сонан соң ішкі жағдайға, санаға ауысады. Нәтижесінде балада сананың белгілік қызметі қалыптасып, ол психиканы қалыптастыру тетігіне айналады.

    Ырықты мінез-құлық қалыптасуын  зерттей отырып А.В.Запорожец  кеңістіктегі бағдарлаудың рөлі туралы қорытынды жасаған. Оның экспериментінде балаға алдынала кеңістіктегі бір белгі көрсетіліп, соған дейін секіру қажеттілігі тапсырылған; сонан соң белгіні алып тастап, мүмкіндігінше алысқа секіру керектігі тұжырымдалған. Эксперимент нәтижесі қандай жағдайда болмасын, балалардың барлығы нақты бағдар белгіленген уақытта қашығырақ секіргенін көрсеткен. А.Запорожец зерттеулері бағдарлаудың сыртқы жағдайдан ішкі жағдайға ауысуы туралы қорытынды жасауға негіз болады. Психологияда сыртқы амалдың ішкі әрекетке ауысуы интериоризация деп аталады. Жоғарыда көрсетілген екі зерттеушінің деректерінен де мектеп жасына дейінгі балаларда интериоризацияның пайда болу ерекшелігін байқаймыз.

    Біз өз зерттеуімізде  мектепалды даярлық тобындағы  балалардың ойын арқылы оқыту жолдарын анықтауды мақсат тұттық.

    Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейінгі білім беруді  дамыту тұжырымдамасында «Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді  алты жастан бастау көзделеді,  бұл жас мектепте білім алуға  неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес» деп көрсетілген. «Мектеп» деп аталатын жаңа әлеуметтік ортада бала үлкендер (мұғалім) тарапынан айтылатын көптеген талап-тілектерді орындау және мектептің ішкі ережесіне бағынуы, 45 минуттық сынып-сабақ жүйесіне бейімделуі қажет. Ал бұл, өз кезегінде, баладан белгілі бір мақсаттылықты, ырықтылықты керек етеді. Мектепке дайындықта баланың ақыл-ойы мен жеке басын қалыптастыратын ойын әрекетінде бала мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Мысалы, ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды.

    Оқу әрекеті – тарихи  пайда болған әрекет, мектеп жасына  дейінгі баланың дамуын айқындайды. Бес-алты жасар бала үшін оқу  әрекеті оның ақыл-ой дамуы мен жеке басын қалыптастыруда жетекші рольге ие болады. Әлеуметтік білім-байлық сарапшысы – мұғаліммен тікелей өзара әрекетке түсу кезеңде, бала оқу әрекеті арқылы оқу жүйесіне араласып, іс-әрекеттің жекелеген тәсілдерін меңгереді, соның нәтижесінде балада танымдық ынта мен әлеуметтік белсенділік қалыптаса бастайды.     

    Мектепке дейінгі бүкіл  балалық шақ бойына балалар  іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте  сақтау және сөйлеу (тіл дамыту) басқа психикалық процестерге ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады. Қарастырылып отырған шақта өзге балалармен қарым-қатынас ережелерін игеру бірінші орында болады. Балалар іс-әрекетінің күрделенуі жолдасының көзқарасымен, оның құқықтары және мүдделерімен есептесу қажеттілігінің пайда болуына әкеп соғады. Өзара қарым-қатынасты меңгеру тек қана осы ережелердің практикада өзгеруінен, қалпына келуінен балалар алатын тәжірибенің нәтижесінде ғана болады.

    Бес-алты  жас – естің, тілдің  жедел дамитын кезеңі: мектеп  жасына  дйінгі  баланың  сөзді  игеріп  алатыны  соншалық,ол  ана  тілінде  емін-еркін  сөйлей  біледі. Баланың  есі бала  үшін  мәнді оқиғалар  мен мағлұматтарды  тұтып  алады  да, оны  сақтап  қалады.Мектепке  дейінгі балалық шақ адамның бүкіл өмірінде  ұмытылмас естеліктер  қалдырады.

    Мектеп жасына дейінгі  баланың есі негізінен ырықсыз  сипатта болады. Бұл бала көбіне  өзінің алдына бір нәрсені  есте қалдыру үшін саналы мақсаттарды  қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есіне сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет жасауына, іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Ырықсыз есте сақтау баланың қабылдау және орындайтын іс-әрекетінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.

    Мектепке дейінгі жастағылардың  ырықсыз есте сақтауы мен ырықсыз  еске түсіруі – ес жұмысының  бірден-бір түрі. Бала бірдеңені  есте сақтау немесе еске түсіру  жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолануды білмейді. Есте сақтау мен еске түсірудің ырықты формалары мектепке дейінгі ересек шақта жетіле бастайды. Ырықты есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын арқылы дамыту ерекшеліктері

      Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру  арқылы қалыптасады.

Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ..

Ойын дегеніміз не?

Информация о работе Мектепалды даярлық оқушыларын ойын арқылы оқыту жолдары