Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 09:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында үздiксiз бiлiм берудiң бастапқы деңгейi мектепке дейiнгi тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметiн меңгеруге қажеттi жеке қасиеттердi тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңiл бөлiнiп отыр.
Мектепалды даярлықтың негiзгi мақсаты – 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетiлдiру, олардың бойында қарапайым бiлiм негiздерi, iскерлiк пен дағдылардың алғы шарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте бiлiм алуға бiрдей бастапқы мүмкiндiктермен қамтамасыз ету.
Кіріспе бөлім
1.1. Мектепке дайындау жұмысы- күрделі творчестволық процесс
Негізгі бөлім
2.1. Балабақша балалары - болашақ бастауыш мектеп оқушысы
2. 2. Мектепалды даярлық тобында оқыту жұмыстары
а) ойын арқылы дамыту ерекшеліктері
ә). дамытудағы рөлдік ойындардың орны
б) Драматизацияланған ойындар
2.3.Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру:
а)озат тәжірибе
ә) практика кезіндегі менің іс-тәжірибемнен
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар
жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер.
Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.
Сабақтың барысы:
-Балалар біздер бүгінгі
боламыз.
- Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
- Зымыран.
-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.
Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін
құрастырады.
Құрастыру жұмысы болады. Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.
- Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?
Балалар: - 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш.
Өте жақсы. Жұлдыздарымызды
Балалар табан іздеріне салынған сандарды
рет санымен қатар
Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.
Балалар сандарды жұбымен қояды.
Дидактикалық ойын «Не жетіспейді».
Сергіту сәті (ойын)
Балалар ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады, қимылдар жасайды:
"Балапандар» (Утята)
IV тур. Ұпайы көп екі балаға
арналған логикалық
1. Қайсысы алма?
Міне, балалар, қазір қолдарыңдағы жұлдыздарыңда санаймыз. Кімнің жұлдызы көп болса, сол бала «Лидер » болады. Лидер анықталды. Осымен сабағымыз аяқталды.
Келесі сабақ :
Сабақтың тақырыбы: Мектептегі 100 күн.
Сабақтың мақсаты: Балалардың 100 күн ішінде өткен сабақтар мен тәрбие шараларын «Бауырсақ» ертегісі желісімен жүргізіп, бала бойына сіңірген білімдерін тиянақтау.
Ашық сабақтан алған әсерім – балалардың кәдімгі ересектердей ой түйетіндігін, пайымдайтындығын, айналаға сыни көзбен қарайтындығын байқайсың.
Сонымен бірге, практика барысында мен ата-аналарға кеңес – тізім ұсындым:
Ата-аналар, балаларыңызбен бірге оқыңыз!
1. Алтын сақа.- Алматы: Балалар, 2005.- 60б.
Бұл кітапта балаларға арналған әр түрлі тақырыптағы қазақ ертегілері жинақталған.
2. Андерсен Х.К. Таңдамалы
Бұл әлем балалар әдебиетіне арналған 50 томдықтың бірі. Кітапқа Данияның аты әлемге әйгілі ертегіші-жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің таңдамалы ертегілері енді. Оқиғалары қызықты, балалардың ой-өрісін кеңейтіп, қиялын саңқияға жетелейді.
3. Ағила Сауран ертегілері.- Алматы: Баур, 2006.- 104б.
Балаларға және көпшілік қауымға арналған бұл ертегі кітабы еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша шығарылған. Онда «Аң патшасы», «Аяулым сұлу», «Өмір-өзен», «Сиқырлы қазына» секілді тағы басқа түрлі-түрлі тақырыптағы көптеген қызықты ертегілер жинақталған.
4.Әлем халықтарының ертегілері
Бұл кітапқа әлем халықтарының, Еуропа, Азия елдерінің әр түрлі тақырыптағы ертегілері енгізіліп, жинақталған.
5. Жапон ертегілері.- Астана: Аударма, 2003.- 80б.
Бұл кітаптағы жапон ертегілері өзінің кішкентай оқырмандарын қиял-ғажайып ертегілер еліне шақыратын әсерлі де қызықты дүние болады.
6. Қазақ ертегілері.- Алматы: Алматы кітап ААҚ, 2004.- 344б.
Қазақ ертегілері жинағына жиырма қазақ халқының аузында сақталған, өзінше өңделген, өзгертілген ертегілер енген. Жинақ үлкен төрт бөлімнен тұрады: «Қиял-ғажайып ертегілер», «Хайуанаттар туралы ертегілер», «Тұрмыс-салт ертегілер», «Аңыз ертегілер». Ертегілер жинағы оқырмандарды халық ертегілерінің, халық данышпандылығының тамаша бейнелерімен таныстырады.
7. Қазақ ертегілері.- Алматы: Көшпенділер, 2006.- 392б.
Бұл кітапқа қазақ халқының әр түрлі тақырыптағы ертегілері толықтырылып, жинақталған. Бұнда Алдар көсе туралы хикаялар да енгізілген.
Сондай-ақ, ата-аналар бұрышына төмендегі сауалнамаларды ілдім:
Ата-аналарға арналған сауалнама
Баланың аты-жөні
Туған жылы, күні
Қызығушылығы
Мекен-жайы.Үйінің телефоны, көршілерінің немесе туған-туыстарының телефоны.
Ата-анасының жұмыс орны,қызметі,телефоны. Білімі. Қызығушылығы.
Отбасы құрамы.18 жасқа дейінгі балалардың туған жылы.
Әлеуметтік жағдайы
Тұрғын үй жағдайы
Құрметті ата-аналар!
Ата-аналар,балалар және мұғалімдермен тығыз ынтымақтастық байланыста болу үшін төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз.
Балабақшадан нені күтесіз?
Балабақшада не көңіліңізден шықпайды?
Балаңыздың мінезіне тән қандай ерекшеліктер бар?
Тәрбиешілер тарапы жағынан қандай ерекше жеке көңіл бөлуді талап етеді?
Балаңыздың бойында қандай қабілеттер бар?
Оның жасында ата-аналарының бойында қандай қабілеттер болды? Одан әрі қалай ақталды?
Сіз баланыздың қандай пәнге бейімділігін байқадыңыз?
Қай пән бойынша қиналады?
Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?
Психологтың көмегі керек пе? Қандай сұрақтар бойынша қажет?
Жақсы білім деп нені есептейсіз?
Мектепке, сыныпқа қандай көмек көрсетер едіңіз?
Басқару саласындағы қызығушылыққа қайсысының рөлі басым а) ананың, б) әкенің?
Сіз қандай ата-анасыз?
Кез келген өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?
Балаңызбен қарым — қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
Өзіңізді балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кездің өзінде ұстай және игере аласыз ба?
Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айта аласыз ба?
Балаңыз уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
Баланың көз жасына еркелеген дөрекі мінезіне уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
Әрқашан жасаймын, келісемін — 3 ұпай
Кейде ғана келісемін — 2 ұпай
Келіспеймін — 1 ұпай
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0-16
Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30
Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39
Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Баланың мектепке дайындалуына қалай көмектесу керек?
Әр ата — ана баласының темпераментін білу керек.
Бұл баланы оқытуда негізгі кілті болуы мүмкін.Егер бала флегматик болса, балаға барлығын көрсетіп, қайталатып отыру керек.
Егер бала холерик болса, ата — аналар әрқашан жаңа тапсырмалар беріп отыруы керек. Егер тапсырмаларды бермей, жаңартып отырмаса баланың білімге деген құштарлығы сөніп , бала босап кетуі мүмкін.
Егер бала меланхолик болса, ол бәрін баяу және жете орындайды.Ата — ананың міндеті: уақытында баланы қолдап, мадақтап отыру.
Сангвиник — балалар алаңғасар болып келеді.Бұндай балаға ата — анасы оның зейінін әр бөліктерге әрқашан аудартып отыру керек.
Тест тапсырушы баланың ата — анасына кеңес
Бірінші. Күйгелектенбеу. Ата — ананың кернеулік жағдайы балаға ауысуы мүмкін.
Екінші. Ата — ананың бағдары көп кедергі келтіруі мүмкін.Бала анасының айтқан жауабынан аса алмай, өз жауабын ұмытып қалуы мүмкін.
Үшінші. Баладан жоғары нәтиже көрсетуін талап етпеу керек.
Ата-аналарға арналған кеңес
Баламен тест алдында мектепке бару, мектепті аралау, мұғалімдермен таныстыру. Бұл баланың тест беру барысында өзіне -өзі сеніп , жайлы сезінуіне көмектеседі.
Кейбір ата — аналар өз балаларын данышпан деп бағалайды, кейбіреуі балаларының жетістіктеріне көп көңіл бөле қоймайды.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Сіздің балаңыз ерте оқып үйренді, алты жасқа дейін: өздігінен — 7 ұпай, біреудің көмегімен 5-ұпай.
Тез және көп оқиды — 2 ұпай.
Өздігінен немесе біреудің көмегімен сөздік, энциклопедия оқуға қызыға бастады — 2 — ұпай
Тез оқып үйренді ме? Бірақ оқу барысында қиындықтар туындайды — 1- ұпай
Есікті жауып алып оқи ма? Оның достары өзінен жасы үлкен — 2 ұпай
Ересектермен еркін сөйлеседі — 2 ұпай
Көптеген тақырыптарда сұрақтар қоя ма? Сұрақтарға жауаптары әрқашан дайын ба? Күтпеген сұрақтар — 1 ұпай
Кейде алаңғасар бола ма? Бірақ, қорытынды жасай алады ( мысалы, өзінің көрген киносы бойынша ) — 2 ұпай
Қоршаған ортаға байланысты әңгімені жалғастырып әңгімелесуге тез араласады және өз бағасын бере алады — 1 ұпай
Әділетсіздіктер өзіне қатысты болмаса да, әділетсіздіктерді тез сезінеді — 2 ұпай
Әзілді түсінеді және әзілдесе алады -2 ұпай
Сөздік қоры мол , сұхбаттасу барысында қолдана алады — 2ұпай
Информация о работе Мектепалды даярлық оқушыларын ойын арқылы оқыту жолдары