Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 12:47, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Сөздің шындығы керек аталмыш тақырып сонау Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Қ.Иассауи, Ы.Алтынсарин тағы басқаларының еңбектерінде арқау болған. Бала тәрбиесі туралы идеяларды өздерніңі шығармаларына арқау еткен қазақ даласының ойшылдары Ж.Баласағұн, М.Қашқари бар.

Содержание работы

Кіріспе 3
1. Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты 5
1.1 Рухани мінез-құлықты қалыптастырудың негіздері 7
1.2 Мінез-құлық ауытқушылықтары және оларды жою мен алдын алу 10
2. Оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттер мәселелері 15
2.1 Тұлғаның адамгершілік мәдениеті 17
2.2 Оқушының ақыл-ой тәрбиесінің қалыптасуы 19
2.3 Оқушы іс-әрекетін ынталандыру 25
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

Файлы: 1 файл

kurs_5137.doc

— 179.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

                                          

 

                                   

        Кіріспе

Мінез  адамның  жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың  әсерімен  пайда болатын қасиеттері. Адамның мінезі оның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарының, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып, дамып отырады.

Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ата-ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге қалыптастыруда  айрықша үлгі көрсетуі керек. Еңбек тәрбиесін баланың сәби кезінен –ақ бастау артық болмас.

Мектептегі  балалар мінез ерекшеліктеріне  қарай ұяң, тұйық, ашық, алғыр болып  келеді. Мінезі ауыр балалар сабақ  оқу үлгірімі, берілген тапсырманы игеріп алып кету жағы да баяу болады. Ондай кезде мұғалімнің көмегі керек-ақ. Бала мінезіндегі адалдыққа қайшы келетін қылықтарды дер кезінде тоқтата білу де асқан көрегенділікті талап етеді. Сондықтан баланы әрқашан бақылауда ұстап бірге сөйлесіп, ой бөлісіп турған жөн. Теріс бағытағы мінез-құлық қалыптасуының алдын алу үшін бала назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Оның сөзіндегі өтірік пен шындықты ажырата білу керек. Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияның дамыған заманында балалар ата-анасымен сұхбаттасып, тәлім-тәрбие туралы өнегелі ақыл-кеңес алудың орнына компьютерге қадалып отырады. Ондай баланың мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы қандай болмақ. Сондықтан менің таңдап алған курстық жұмысымның тақырыбы қоғамда өзекті мәселе болып отыр.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Көпшілікке мәлім кейбір ата-аналар күнделікті тіршілікте бала тәрбиесіне ат үсті қарап жатады. Пенделікке салынып күйбең тірлікте балаға мейірім, қамқорлық керектігін естен шығарып алады. Әке-шешенің қадағалауынан, тәрбиесінен тыс қалған балалар теріс жолға түсіп, көшедегі бұзақыларға қосылады. Оның мінез-құлқы да бұрыс бағытқа қарай икемделе бастайды.

Мен тақырыпты  зерттеу барысында сондай келеңсіздіктің алдын алуды алдыма мақсат етіп алдым. Яғни, балалар мінез-құлқын дүрыс  бағытта тәрбиелеу жолдарын қарастырдым. Ізденіс нәтижесінде мынадай міндеттерді белгіледім:

  • Бала мінез-құлқының қалыптасуына әсер етуші факторларды ашып көрсеті;
  • Тәрбие басы тал бесіктен басталатынын дәлелдеу;
  • Бала мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-ана мен ұстаздардың рөлі туралы толық мағлұмат беру. Міне осы көрсетілген міндеттер орындалған жағдайда мақсат орындалады. Яғни, балаларды дұрыс мінез-құлықта тәрбиелеудің тәсілдері туралы толық ақпарат жинақталады.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі: Сөздің шындығы керек аталмыш тақырып сонау Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Қ.Иассауи, Ы.Алтынсарин тағы басқаларының еңбектерінде арқау болған. Бала тәрбиесі туралы идеяларды өздерніңі шығармаларына арқау еткен қазақ даласының ойшылдары Ж.Баласағұн, М.Қашқари бар.

Мінез-құлқы  тақырыбында түрлі кітаптар мен  басылым беттерінде көлемді зерттеу  мақалалары жарияланды. Әсіресе, «Бастауыш  мұғалім», «»XXI ғасыр мектебі» деген  журналдарда осы тақырып қамтылып жүр. Менің жазған шағын курстық  жұмысым аталған еңбектердің сапына қосылады деп ойлаймын.

Тақырыптың  құрылымы: Курстық жұмыстың мазмұны әдеттегідей кіріспе бөлімнен басталады. Ары қарай негізгі бөлімде  тақырыпт толықтай ашуға тырыстым. Ол екі тарауға жіктелген. Соңында қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерді де тізімге кіргіздім.

 1. Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты

Мінез адамның  жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің  әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен  өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасынан  айқындалатын құбылыс. Ол тәрбиеге байланысты қалыптасып, дамып отырады.

Мінез ұғымын алғаш  сипаттап жазған грек философтары Теофраст және Лабрюйер мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп бағалады.

Мінез – адамның  негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.

Мінез-құлық  дегеніміз –адамның генетикалық  ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінездегі мінін түзетуге, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тыйып ұстауға болады. Мінез-құлық адамның өзіне, маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған әске қалай қарайтынынан байқалады. Амам мінез-құлқының алғашқы көрінісі-қылық. Мұнда тұлғаның беталысы, адамгершілік талғам-сенімі көрініс береді.  Баланың еш әрекетінсіз оның еш мүмкіншілігі:таланты, мінезі, ақылы да дамуы мүмкін емес.

В.И.Зябкин ұсынған  қағидалар ішінде:

-оқушының әлеуметтік  ортаға қосылуы және үлкендердің  әрекеттілігі, себебі тұлға қоғамдық  қарым –қатынас жүйесіне қосылу  үдерісінде ғана қалыптасады;

-жүйелілік;

-балаға әсер  ететін сыртқы және ішкі факторды фильтрлеу, себебі қалыптасып келе жатқан тұлға сыртқы әрекеттерден әсер алады және жағымды әсерлерді жіберетін және жағымсызын өткізетін ерекше фильтр қажет.

Баланың мінез  –құлқын дұрыс бағытта қалыптастыуға  әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші  болады. Олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұларалық қақтығыстардың жалғасуы әсер етеді. Мінез –құлықтың қалыптасуы қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – мінез-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Мінез – адамның  негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Оқушыларды  оқуда да, одан тыс процестерде  де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен  өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы  жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.

Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас  жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін.

          1.1 Рухани мінез-құлықты қалыптастырудың негіздері

Мінез  адамның  жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың  әсерімен  пайда болатын қасиеттері. Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді.  Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша, қалыптасқан табиғи мінез балаға тумысынан берілу мүмкін. Адам мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатыны, қандай іспен шұғылдану ұнайтыны да маңызды рөл атқарады. Сондай –ақ эстетикалық қызығулар мінездің жұмсақ, сыпайы, жібектей болуына өз септігін тигізеді. Адамдардың ақыл-парасаты да мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына өз үлесін қосады. Адамның еріктік сапалары жағымды мінездің жотасы деп аталады. Ал интеллектілік сезім адам мінезіндегі тындырымдылықты, ұқыптылықты, байымдылықты білдіреді.

Мінез ерекшеліктері  адам темпераментінің табиғатына да тікелей тәуелді.

  • Сангвиник –қимыл –әрекеті тез, көңіл күйі тез –тез;
  • Холерик –қимыл әрекеті тез, төзімді, сыртқы тітіркендіргіштерге жылдам реакция бере алатын, жүйесінің ерекшелігіне қарағанда тежеуден қозуға басым ұстамсыз типтегі адам. Холерик темпераментіндегі бала тәрбиеленбей, өз бетінше өссе, мінез ерекшелігінде өркөкіректік, менмендік, шыдамсыздық, жеңілдік байқалады.  Тиісті тәрбие беру әрекетінде өз мақсатына жету үшін шапшаң шешім қабылдай алатын ұшқыр, таусылмас күш иесі болып қалыптасады.
  • Флегматик –қимыл –әрекеті баяу, кездескен қиыншылыққа төзімді, көпшілік ішінде байсалды адам. Әрине, тиісті тәрбие берілмесе флегматик бала дербес әрекет етуге батылы бармайтын, тәуекелінен гөрі уайымы іс-әрекетінде сылбырлықты байқататын адам болып өседі. Жақсы тәрбиелеу нәтижесінде флегматик  тұлға өз шаруасын тап тұйнақтай етіп аяқтайтын, шыдамды, төзімді, сабырлы адам болып қалыптасады.
  • Меланхолик – сыртқа көп сыр аша қоймайтын, қимыл-әрекеті баяу, байсалды, шыдамды адамдар тобы. Тиімді тәрбие берілмесе, меланхолик бала өте сабырлы, төзімді мінез көрсетеді.

Демек, мінез  бітістерінің қалыптасуы адамға әсер ететін барлық құбылыстарға тығыз байланысты.

Мәдени мінез-құлықтарының негізгі көрінісі –адамгершілік  қатынас. Балалардың адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру мәселесі сонау алғашқы  заманда –ақ  қарастырылып келеді. Адамгершілік қасиеттерінің негізгі  ерекшеліктерін адам қарым-қатынасынан байқауға болады.

Баланың дұрыс  мінез-құлықта тәрбиеленуіне ұстаздар қауымының атқаратын қызметі  зор. Жақсы мұғалім өз оқушысына  өмірлік жолдас болады. Баланың адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жанұя мен  мектеп тәрбиесінен артық ештеңе жоқ. Кейбір жағдайда жанұя тәрбиесі нашар болса өмір

Мінез-құлықтың ережелері:

1.Жеке бастың  гигиенасы, жинақылық пен тазалық  ережелері

Күн сайын бір  мерзімде тұрып бөлмеңді желдетіп ал.

Ертеңгілік  жуыну, тісті тазалау, құлақ пен  мойындарын жуу.

Ұйықтар алдында  жуынып, бөлмені желдетіп алу керек.

Тамақ ішер алдында, жұмыстан соң және дәретке барғаннан  бастап жуынып-шайынып жүр.

Бет орамалды пайдалан, мұрныңның әр кез таза болуын сақта.

Түкіргенде  және жөтелгенде аузыңды бет орамалмен  жауып, теріс қарап қақырын.

Шашыңды тәртіпті таза ұста, ол әр қашан жуылған әдемі  қиылған болсын.

Төсекті әдемілеп жинау, ақ жаға тігу, оны жуып жүру керек.

Дастарған басында  дұрыс отыру, құралды пайдалану  орны мен әдебін сақта.

Әркез жинақы, таза киініп жүр.

Мектепте мектеп формасын, үйге арналған киімді үйде жүргенде кию керек.

Қонаққа барғанда ерекше жинақы, мерекедегідей әдемі  киінеді.

Өз киімің мен  аяқ киіміңе ұқыпты бол.

Жұмыс істейтін орныңды таза ұста.

Сыртқы киімді көрінген жерге тастай салмай ілгішке  іліп қой.

Ойыншықтарыңды  да рет-ретімен ұста. Ойнап болған соң жинау керек.

2.Сыпайылық  пен сөйлеу мәдениетінің ержелері

Сыпайлық арқылы өзінің басқа адамдарға қатынасын  білдіреді. Ондай адам ылғи да сәлемдесіп, қоштасып жүреді.  Басқаларға жылы шырайлы, ілтипаты болады. Ендеше сыпайылықтың да өзіндік ережелері бар екенін есте ұстаған жөн.

Сен отырған  бөлмеге жасы үлкен кісі кірсе, оған бірінші болып амандас.

Үлкен кісі саған  қарап сөйлесе отырған орныңнан тұр.

Өз жолдас, қатарлас құрбыларыңмен сыпайы бол, оларға оғаш ат, айдар қойып атама. Ыңғайсыз болады. Жолдасыңа ұнамай, көңіліне тиюі мүмкін.

3.Дәлдік пен  міндеттілік ережелері

Сен бұл жарық  дүниеде жалғыз емессің, өзіңнен  басқа да адамдар бар. 

Жалпыға ортақ  ережелер болады. Оны бір кісідей  сақтау керек.

Жұмыс не болмаса ойын, тіпті көңілді кештер ұйымдасқан түрде көпшілікпен өтуі керектігін естен шығарма.

Кез келген істі бастай отырып, уақытында дұрыс аяқта.

Күн тәртібін орындауға  тырыс. Дер кезінде ұйықтап, уақытында  орныңнан тұр. Осы аталған ережелер толықтай орындалған кезде бала толыққанды тұлға болып қалыптасады.

1.2 Мінез-құлық ауытқушылықтары  және оларды жою мен алдын   алу

Информация о работе Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты