Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 12:47, курсовая работа
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Сөздің шындығы керек аталмыш тақырып сонау Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Қ.Иассауи, Ы.Алтынсарин тағы басқаларының еңбектерінде арқау болған. Бала тәрбиесі туралы идеяларды өздерніңі шығармаларына арқау еткен қазақ даласының ойшылдары Ж.Баласағұн, М.Қашқари бар.
Кіріспе 3
1. Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты 5
1.1 Рухани мінез-құлықты қалыптастырудың негіздері 7
1.2 Мінез-құлық ауытқушылықтары және оларды жою мен алдын алу 10
2. Оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттер мәселелері 15
2.1 Тұлғаның адамгершілік мәдениеті 17
2.2 Оқушының ақыл-ой тәрбиесінің қалыптасуы 19
2.3 Оқушы іс-әрекетін ынталандыру 25
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31
Бала тәрбиесінің
Ондай балалармен жұмыс істеуде ұстаз мынадай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуде алдымен оқушы ықыласын тудыратын, қызықтыратын ақпараттар мен мысалдарды, ойындарды көбірек қолдану керек.
Екіншіден, әдептілік қарым-қатынас,
«сіз мәдениеттісіз бе?» деген
сынды тақырыпта пікір-сайыс
Үшіншіден,сыр-сұхбат. Қазіргі кезде қоғамымызда болып жатқан түрлі өзгерістерге сай адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі, жастарымыздың қарым-қатынас, мінез мәдениетінің өзгеруі байқалады. Осы орайда тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды қолға алсақ ұтарымыз көп. Оқушымен неғұрлым сұхбаттасу арқылы оның адамгершілігі мол тәртіпті шәкірт болып қалыптасуына әсер ете аласыз.
Осы аталған жұмыс формасын
кез келген ұстаз өз тәжірибесінде
қолданса оқушылардың өзіндік сана-
Мінезі жақсы, үлгілі оқушы мен тәртібі төмен оқушыны салыстырар болсақ есте ұстар бір жай бар. Тәртібі жақсы үлгілі оқушы сабаққа үлгіріп, берілген тапсырманы жақсы орындап, өз ортасында әдепті, ибалы болып танылады. Ал мінезі қиын дөрекі оқушының қарым-қатынасынан-ақ тәрбие деңгейі байқалып тұрады. Бір-біріне қарама-қарсы мінездегі оқышылармен жұмыс істеуде ұстаз ұлттық тәрбие беру үлгілеріне сүйенген жөн. Халқымызда сонау заманнан бері келе жатқан әдептілік нормаларын негізге алу керек. Қазақ халқының алғырлық пен батылдық, қайырымдылық пен кішіпейілдік сынды ежелден келе жатқан қанға сіңген қасиеттерін жас ұрпақ бойында жаңғырту керек. Сонда ғана жағымсыз мінезді оқышыны дұрыс жолға сала аламыз.
Адамгершілік
тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына,
еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі
бейбітшілікке қатынасын
Адамгершілік тәрбиесі балалардың адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы білімімен кемелдендіріледі. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті-адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарны қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі баланың
моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық
дағдылары мен әдеттерін
Әл-Фараби «Адам өз өмірінің қожасы. Сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.
Абай адамгершілік, әдептілік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы-мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұраншақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болды. Абайдың қоятын екінші талабы-тұрақтылық. «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсан» дейді. Үшінші талап-әділетшілдік. «Тура биде туған жоқ» дейді халық даналығы. Әділдік араша болған жерде іске алға басады.
Адамгершілік
тәрбиесінің құрамды бөлігі-
Ұлтжандылың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүйгіштікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін өкінбей өлген азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» деп аталатын еңбегінде:
«Бүгінгі жастарды
ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде
ақын-жыраулардың өнеге
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Бауыржан Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттық дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады. Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым Мәлік Ғабдуллин өзінің «Менің майдандос достарым» атты еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандос достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. «Ерлік тәрбиеден туады» деп Байыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі-қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ Спандияр Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. «Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып табылмайды. Оны адамға табиғат
істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек едйді.
С.Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі мен ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С.Көбеев балаларды туған халқын құрметтеуге тәрбиелейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің –жүректің, ақыл мен күштің бірлігі әрі келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған.
Тәрбие «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады. Балағ берілетін алғашқы тәрбие -бесік жыры. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі бала әннің ырғағымен тербеледі. Әдемі әуен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдап өскен бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып бірге сіңеді. Ананың еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын,мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен...
Бала тәрбиесі аса бір жауапты да күрделі шаруа. Тәрбие ана сүтімен, тіпті сәби құрсақта жатқанда ет пен сүйекке даритын қасиет.
Түптеп келгенде тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата-ананың баламен қарым-қатынасы да жетекші рөл ойнайды. Жас бала тез еліктегіш, иланғыш болатындықтан, жаман қылықтарды, да жақсылықтарды да қатар бойына сіңіреді. Яғни, айналасынан көргенді жасайжы, содан үлгі алады. Әсіресе маскүнемдікке салынып, балалардың көзінше әйелін ұратын балағаттап қорлайтын отбасынан шыққан жас теріс бағытқа түсіп, бұзақы болып кетуі ғажап емес. Өйткен оның тәрбиесі сондай жолға жөн сітеп тұр.
Баланы тәрбиелеу тек сөз, ақыл, кеңес айту арқылы ғана жүзеге аспайды. Іс-қимыл, әрекет арқылы да үлгі болуға болады. Кезінде данагөй халқымыз, «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ғой. Дәл айтылған нақыл. Отбасында көрген білгенін жасайтын бала өскенде де дәл сондай әрекетке барады. Бала мінезі көбінесе әке-шешесінің мінезіне өте ұқсас келеді.
Психология ғылымы мінез ортаның, оқыту, тәрбиелеу процестерінің әсерімен қалыптасатынын айтады. Егер жанұяа талап қойылмастан өз бетіне жіберілсе бала да көрінген іске әуес болып жетіледі. Кейбір ата-аналар баламыз әлі жас, әзірге не түсінер дейсің деп уақытын босқа өткізіп алады. Негізі баланы үш жасқа дейін тәрбиелей аласың.Ал одан кейінгі уақытта айтқанның бәрі бос. Әрбір ата-ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге қалыптастыруда айрықша үлгі көрсетуі керек. Еңбек тәрбиесін баланың сәби кезінен –ақ бастау артық болмас. Мектептегі балалар мінез ерекшеліктеріне қарай ұяң, тұйық, ашық, алғыр болып келеді. Мінезі ауыр балалар сабақ оқу үлгірімі, берілген тапсырманы игеріп алып кету жағы да баяу болады. Ондай кезде мұғалімнің көмегі керек-ақ. Баланы мінезіне қарай түсінісушілік танытып оқыту тиімді. Ұстаз-оқу-тәрбие процесінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуші негізгі тұлға болып табылады. Баланы шыншылдыққа, адал ниеттілікке тәрбиелеуде көршілердің, бірге ойнайтын дос,құрбыларының да әсер бар. Бала мінезіндегі адалдыққа қайшы келетін қылықтарды дер кезінде тоқтата білу де асқан көрегенділікті талап етеді. Сондықтан баланы әрқашан бақылауда ұстап бірге сөйлесіп, ой бөлісіп турған жөн. Теріс бағытағы мінез-құлық қалыптасуының алдын алу үшін бала назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Оның сөзіндегі өтірік пен шындықты ажырата білу керек.
Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық педагогиканың алатын орны зор. Халықтық педагогика дегеніміз- тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы. Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету өнегесін айтар едік. Зерттеу жұмыстарында «Халықтық педагогика» ұғымын әр түрлі мазмұн, мағынада түсіндіреді.
Халықтық педагогиканың мұрасының бірі-дәстүр. Ал салт-дәстүр дегеніміз бір ұрпақтан екінші бір ұрапққа ауысып, беріліп отыратын қоғамдық құбылыс. Халық дәстүрінің танымдық, тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние.
Балалық ашақ адам өмірінің аса маңызды кезеңі, болашақ өмірге қадам басар жолдың табалдырығы. Бұл процесс мұғалімдер, ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен педагогикалық-психологиялық қолдауды қажет етеді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің орны ерекше. Дәстүр-адамдардың рухани тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептеледі. Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жұтаңдалуына алып келеді. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан төл тәрбиесін сақтап қалу маңызды.
Халық тәрбиесінде әдеп-дәстүрлері үш топқа бөлінеді.
1.Мінез-құлық әдептері;
2.Жүріс-тұрыс әдептері;
3.Қарым-қатынас әдептері.
Мұндағы мінез-құлық әдептері баланы адалдыққа, адамгершілікке, дарқандыққа, биязылыққа, турашылдыққа, кішіпейілділікке, салмақтылық пен сабырлылыққа, пейілділікке, бауырмалдылыққа үйрету жолдарын жатады. «Көз көргенін, көсеу түрткенін біледі»,-дейді дана халқымыз.
Мінез әдептерінің келесі көрінісі бұл кішіпейілділік пен қайырымдылық. «Кішіпейілділік -кішіліктің емес, кісіліктің белгісі»,-дейді Махмұт Қашқари. «Адам баласы бір-бірінен ақыл- білім, өнер –ғылым, ар-мінез арқылы озады. Одан басқа нәрсемен озамын деген бос әурешілік» депті заманының заңғары ұлы Абай Құнанбаев.
Қарым-қатынас турасына келсек. Педагогтің ата-анамен қарым-қатынасы стилі балаға тәрбие болады. Екіншіден, мұғалім балаға теріс бағыт беру арқылы оның мінезінің теріс бағытта қалыптасуына жол бастап береді. Оқу жылы бойына мұғалімдер өз оқушысының ата-анасына барып, ақылдасып-кеңесіп отыруы керек. Жалпы үй-ішінің атмосферасын біліп, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың қалай өрбейтінін бағамдап алған жөн. Үй ішіндегілердің бірін-бірі сыйлауын, өмірге деген ортақ көзқарастарын, үлкендердің кішілерге деген қамқорлығын да байқауға болады. Үйдегі жалпы тәртіп:
Арнаулы оқушының сабаққа дайындалатын орны бар ма, баланың оқу құралдары, ойыншықтары орын-орнымен жиналған ба. Баланың дайындалуына қолайлы ма деген сұрақтар жауапсыз қалмауы керек. Оқу үшін бөлме іші лайықталған, жарықтың дұрыс түсуіне, үйде радио мен теледидар, компьютер мен бейнетаспалардың бар жоғына назар аудару керек.
Тәрбие екі түрлі: дене тәрбиесі, жан (рух) тәрбиесі. Адам баласына ден тәрбиесінің үстіне жанын, ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбиелеуі керек.
Информация о работе Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты