Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 12:47, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Сөздің шындығы керек аталмыш тақырып сонау Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Қ.Иассауи, Ы.Алтынсарин тағы басқаларының еңбектерінде арқау болған. Бала тәрбиесі туралы идеяларды өздерніңі шығармаларына арқау еткен қазақ даласының ойшылдары Ж.Баласағұн, М.Қашқари бар.

Содержание работы

Кіріспе 3
1. Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты 5
1.1 Рухани мінез-құлықты қалыптастырудың негіздері 7
1.2 Мінез-құлық ауытқушылықтары және оларды жою мен алдын алу 10
2. Оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттер мәселелері 15
2.1 Тұлғаның адамгершілік мәдениеті 17
2.2 Оқушының ақыл-ой тәрбиесінің қалыптасуы 19
2.3 Оқушы іс-әрекетін ынталандыру 25
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

Файлы: 1 файл

kurs_5137.doc

— 179.50 Кб (Скачать файл)

Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне  және өздерінің мінез-құлықтары  мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.

Мадақтау - оқушылардың  тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық  ықпал етудің тиімді жолы.

Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы  мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.

Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен  іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне  қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау  шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:

•жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;

• жазаның кек  алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;

•жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;

•жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.

Жазаның түрлері  оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне  сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.

Жарыс-жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды

 

Мінездің, ақыл –қайраттың әр түрлі болуы тәрбиенің  түрлі –түрлі берілуінен. Тәрбиенің  мақсаты-мінезді түзеу, адамшылыққа  қызмет қылу деген сөзді білдірсе керек.

Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиеші өзін тәрбиелі қылуы керек. Себебі, бала айтқанна гөрі көргенін істейді. Сондықтан да балаға қандай жақсы мінез болмасын іспен көрсету керек. Баланың бойында сан түрлі мінез-құлық болады. Жақсылық жағы да, жамандық жағы да кездеседі. Сол әр тараулы негіздің қай жағын көбірек машықтандырса, сол жағы жақсы дамымақ. Тәрбиешінің жұмысы жақсы яғни, дұрыс мінез –құлықты көбірек жетілдіру.

Мінез-құлық  дегеніміз –адамның генетикалық  ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінездегі мінін түзетуге, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тыйып ұстауға болады. Мінез-құлық адамның өзіне, маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған әске қалай қарайтынынан байқалады. Амам мінез-құлқының алғашқы көрінісі-қылық. Мұнда тұлғаның беталысы, адамгершілік талғам-сенімі көрініс береді.  Баланың еш әрекетінсіз оның еш мүмкіншілігі:таланты, мінезі, ақылы да дамуы мүмкін емес.

Баланың мінез  –құлқын дұрыс бағытта қалыптастыуға  әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші  болады, олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұларалық қақтығыстардың жалғасуы әсер етеді. Мінез –құлықтың  қалыптасуы қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.

Өскелең ұрпақты  дұрыс бағыттағы мінез-құлықта  тәрбиелеу жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесіне айналып отыр. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Мұғалім оқушылармен  қарым-қатынасын айқай мен  майда  қазымырлануға айналдырмауға тырысу қажет. Ақырында, кей уақытта бірдемені  «түсінбеу» де пайдалы. Мұның бәрі оқушылармен  көптеген дау-дамайды тудырмай, қажетті  әдеппен оқушылар арасындағы қақтығыстарға араласуға көмектеседі. Кейінгісі әсіресе өте маңызды әрі күрделі. Педагог балалар арасындағы әсіресе ересек мектеп жасында, туатын қайшылыққа өте сақ қарау керек екенін В.А. Сухомлинский атап өткен.  Ол педагогтың араласуы неғұрлым шектеулі болуға тиіс. Қайшылықтар жүйесі бар және дау-дамай мен қайшылықтардың бәрі бірдей коллектив талқысының объектісіне айналдыру қажет емес деп есептейді.Мүмкін, ірі педагогтың бұл пікірі мұғалімнің оған педагогтық әдептілік проблемасын шешуге көмектесетін қағидаларының бірі бола алады.

Жылдам өзгеріп  отыратын педагогикалық ситуация жағдайындағы мұғалімнің міндеті – бағдар ала  білу, қалыптасқан жағдайды дұрыс  бағалау және қажетті тәрбиелік  мәні бар дұрыс шешім қабылдау. Егер мұғалім балалардың қылықтарын дұрыс қабылдап және бағалап,оларды тудырған себептерді терең көре біліп қана қоймай, сонымен бірге өз бойында ұстамдылық, салмақтылық, шыдамдылық, сезімталдық сияқты мінез-құлық белгілерін дамытып отырса, бұл әбден мүмкін. Мұнын өзі педагогикалық әдепті сақтаудың сөзсіз шарты.

Қорыта айтқанда, бала мінез-құлқын дұрыс бағытта  тәрбиелеу қоғам үшін қажетті. Ал оған ата –анамен тәрбиешінің  жауапты екенін ұмытпауымыз керек.

 

 

               Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. // Қазақстан мектебі, №3, 2008ж. 2б
  2. // Бала тәрбиесі, №10, 2007ж. 23б
  3. // Бастауыш мектепте оқыту, №4, 2007ж. 12б
  4. // Бала тәрбиесі, №1, 2007ж. 8б
  5. // Қазақстан мектебі, №2, 2008ж. 14б
  6. // Бала тәрбиесі, № 2, 2006ж. 5б
  7. // Бала тәрбиесі, № 4, 2008ж. 10б
  8. // Өзіндік таным, № 2, 2007ж. 13б
  9. // Өзіндік таным, № 5-6, 2006ж. 9б
  10. // Бастауыш мектепте оқыту, № 4, 2007ж. 2б
  11. // Қазақ тілі мен әдебиеті, №9, 2008ж. 114б
  12. // Тәрбие құралы, №3, 2004ж. 17-19б
  13. Н.Тұрбекова. Ата-анамен жұмыс, 1993 ж. 147б
  14. Т. Мұсақұлов. Мектептегі тәрбие, 1967 ж. 36б
  15. С. Сатыбаев. Халық әдебиетінің тарихы негіздері.- Алматы 1992ж. 120б
  16. М. Мұқанов., Жас және педагогикалық психология. -Алматы, 1981ж. 311б
  17. И.А Зимняя., Педагогикалық психология. – Алматы, 2005ж.  319б
  18. Қ. Жарықбаев., С.Қалиев., Қазақ тәлiм-тәрбиесi. - Алматы, 1995ж. 349 б
  19. Қ. Жарықбаев., Ә. Табалдиев., Әдеп және жантану. - Алматы, 1994ж. 248б
  20. Т.Тәжiбаев., Жалпы психология. - Алматы, 1993ж. 59б
  21. Ә.Т Алдамұратов. Жалпы психология. - Алматы, 1995 ж. 371б

 
 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты