Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 12:47, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Сөздің шындығы керек аталмыш тақырып сонау Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Қ.Иассауи, Ы.Алтынсарин тағы басқаларының еңбектерінде арқау болған. Бала тәрбиесі туралы идеяларды өздерніңі шығармаларына арқау еткен қазақ даласының ойшылдары Ж.Баласағұн, М.Қашқари бар.

Содержание работы

Кіріспе 3
1. Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты 5
1.1 Рухани мінез-құлықты қалыптастырудың негіздері 7
1.2 Мінез-құлық ауытқушылықтары және оларды жою мен алдын алу 10
2. Оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттер мәселелері 15
2.1 Тұлғаның адамгершілік мәдениеті 17
2.2 Оқушының ақыл-ой тәрбиесінің қалыптасуы 19
2.3 Оқушы іс-әрекетін ынталандыру 25
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

Файлы: 1 файл

kurs_5137.doc

— 179.50 Кб (Скачать файл)

Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиеші өзін тәрбиелі қылуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргенде көп еліктегіш келеді. Сондықтан да балаға қандай жақсы мінез болмасын іспен көрсету керек. Осы күнгі ғылымды тәрбиешілірдің пікірі: балада әр түрлі өнердің негізі болып туады. Жақсылық жағы да, жамандық жағы да болады. Сол әр тараулы негіздің қай жағын көбірек машықтандырса, сол жағы жақсы дамымақ. Тәрбиешінің жұмысы жақсы яғни, дұрыс мінез –құлықты көбірек жетілдіру дейді.

Енді тәрбиенің  шарттарына келейік. Адамның өміріндегі күшті нәрсе тәрбиенің қуаты болса да тіршілік шарттары адамның жаны мен денесінің өзгеше шарттарына –туған, өскен ортасының шарттарына тірелуі. Тәрбиенің белгілі қойып қойған жолы жоқ. Балаға әсер беретін нәрсе тек қана тәрбиеші ғана емес, басқа да белгісіз әсер етуші нәрселер де болуы мүмкін. Ол нәрсе жаратылыс (дүние), ойы, іші, өскен ортасы, замандастар, туған жұрты, оның діні, тілі һәм басқа да нәрселер. Бұл шарттардың әсері ылғи жүре береді деуге болмайды. Себебі адам есейген сайын өзгеріп отырмақ. Өзгертуге себеп болатын нәрселер –адамның жан сипаттары. Жан сипаттары адамды өзгертіпбір толқымалы халге түсіретін халге түсіретін уақыты да болады. Сол кезде өнегесі, тәртібі күшті орта жолықса, тәрбиенің бетін жақсы жаққа бұрып әкетуі мүмкін. Баланы бұзуға, түзетуге себеп болатын бір шарт –жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке –шешесінің берген тәрбиесі болуы керек. Ата –ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге «ұяда не көрсе, соны іледі» деген тауып айтылған мақал. Бұл тұрғысында «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген нақыл ата –ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбиемен мінезді түзеуге болмайды деуге дәлел емес. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілдікті, үлкен көңілділікті, әдептілікті, әдепсіздікті, шыдамдылықты, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол әрине, ата –ананың тәрбиесі. Баланың жас күнінде мінез –құлқы түзелмесе, түпкілікті мінез болып қалады. Буыны қатқан соң түзеуге болмайды. Жаста алған мінезді жүре түзеп әкетуге адамның жанында өзгеше қуаты болуы керек.

Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата- ананың тәрбиесінен соң күшті  болмаса, бара –бара әсерлер адамды замандас, жолдастың аздығы не болмаса  түрлі мінез жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген, жасқыншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ. Ашық көңілді, сауықшыл, ел жұрттың баласы да сауықшыл ер болмақ. Діндар елдің баласы діндар келеді.

Тәриеге үлкен  әсер беретін шарттың бірі –мектеп. Баланың ақылын арттырып, білім беретін, ілтипатты, табанды, талантты, ыждиһатты қылатын өмірлік азық беретін жақсы мектеп болу керек.

Бұл күнге дейін  тәрбие ғылымы күшейіп, етек алып, кәмелетке  жетпеген кейінгі басқышта жүрген ғылым. Мұның себебі бұл күнге шейін адам денесінің саулығы мен қалтасының қалың болуын ойлап, мінездің, жанның таза, сау болын ескермегендіктен. Үрім –бұтағының ахлақты болғанынан ақшалы болғанын артық көргендіктен. Адамдық көзбен тереңнен тексерсе дәрігерден тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтырған болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады. Ахлақты, ақылды адам көбейсе –Отанның күзетшісі, қорғаны. Олай болса тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсырған болады.   

Ақыл –ой тәрбиесі тәрбиеленушінің ақыл –ойын дамытып, жігер –жігер қайратын (сезім -қабілеттерін), өмір құбылыстарының заңдылықтар жан –жақты ұғынуын, ой тйіндей білуін іске асыру үшін жүргізілетін әсерлі әрекет. Ақыл –ой тәрбиесінің нәтижелі болуы тәрбиеленушінің ой –сезіміне, қабілетін, жігер-қайратына, ынта-ықыласына, икемділігіне, болмысына байланысты. «Санасызға сан айтсаң да ұқпайды», «жетесізге жеті айтсаң да ұқпайды» деп халық бекер айтпаған. Бірақ педагогика ғылымы тәрбиеленушілерге «ұқтырудың», қызықтыру, әсерлендіру, ынталандыру, тағы сол секілді тәсілдерін ұсынып, адамның ақыл –ойын дамытуға болатынын дәлелдеп көрсетеді.

Ақыл –ой  тәрбиесі ең әуелі тәрбиеленушінің  ойын дамытып ақыл –санасын қалыптастыруды көздейді. Ол үшін  тәрбиеші түсіндіру  білім беру, ақыл айту, үлгі –өнеге көрсету,ақылдасу, пікірлесу сынды іс әрекеттердің тәлімді тәсілдерін қолданады. Тәрбиеленушінің ой –қабілетін, түсінігін қалыптастыру үшін «оңайдан- қиынға, аздан- көпке» тәсілі қолданылып, оның ықыласын арттыру көзделеді. «Сенен түк шықпайды», «түсінгің нашар» деп шыдамсыздықпен оқушыныңм сағын сындырып, жанын жасытатын ұстаздар ақыл-ой тәрбиесінің сабырлы салтын бұзып, тәрбие ісіне зор зиян келтіреді. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, білім беру, ақыл айту, үлгі –өнеге көрсету, ақылдасу, пікірлесу кезінде де тәрбиеленушінің бейімді, жақсы жақтарын тауып, оны дамыта білу қажет.

Халықта «ақылы асса, аға тұт» деген сөз бар. «Ерекше  қабілетті» тәрбиеленушінің феномендік ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оның ақыл –қабілетіндегі «артықшылықты» ардақтап, дамыта білу қажет. Бірақ артықшылықты артық бағалауға болмайды. Әр нәрсенің қалпы бар. «Дарынды» тұлғаның да қабілетінде де, іс –әрекеттерінде де қайшылықтар болады. Соны таба біліп, тәрбиелеуші тәлімін тәптіштеп тәлімді тәсілмен жүргізуге тиіс. Халық «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп өсиет айтады.

Ақыл –ой  тәрбиесі, көбінесе, білім беру ісінде жан-жақты жалғасып, тәрбиеленушінің  ойлану ауқымын, ой қисындылығын, білуге құштарлығын, ғылымға бейімділігін дамытады. Сөйтіп, ақыл –ой тәрбиесі адамгершілік, эстетикалық, экологиялық тәрбиелермен байланысып, тәрбиеленушінің саналы, білімді, ойлы, ақылды болып тәрбиеленуіне себепші болады.

Ақыл-ой тәрбиесі жан –жақты сапалы жүргізілсе, ол тәрбиеленушінің  алдын –ала болжай білу, ой түйіндеу білу, ой саралай білу, ой қорыта білу қабілеттерін дамытады.

Ақыл-ой тәрбиесінде  оқыту ісінің жетекшілік мәні зор. Адамның  ақыл-ойының қалыптасуы үшін, оның біліктілігін қалыптастырып дамыту, танымдық қасиеттерін  қалыптастыру қоғамдық, саяси –әлеуметтік өмір қозғалысына сәйкес болу қажет.

Ақыл-ой тәрбиесінің  негізгі мақсаты-тәрбиеленушінің  ойлау қабілетін дамыту десек, ол үшін ойлай білуді, ой –қисындарының  айқын болуын алгоритмдік тәсілдермен  қалыптастыру керек. Бұл тәсілдер, әсіресе, бағдарламалап оқыту ісінде кеңінен қолданылады. Яғни жүйелі бағдарламалар арқылы тәрбиеленуші тәжірибелік мақсаттарды орындау барысында өзінің біліктілігін, ақыл –ойын дамытады. 

                  2.3 Оқушы іс-әрекетін ынталандыру

Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабыекенін түсіну керек. Ұжымның талабы-жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі. Қоғамдық пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдістерінің бірі.

Қоғамдық пікір  ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетінің, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдық пікірдің негізгі нысандары-ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындарда, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашық әңгімеде кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілу болып есептеледі.

Қоғамдық мінез-құлықты  қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесіне келсек. Іс-әрекет –адамдардың қоршаған ортаға белсене  қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан  дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Бала іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамдарға, қоғамға, ұжымға пайдалылығынан анықталады. Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық –психолгиялық талаптар:

-іс-әрекеттің  мақсатының анықтығы, оның жеке адамдарға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру;

-оқушылардың  ортақ істе сезімталдықпен орындауына  қолайлы жағдай жасау;

-баланың мүддесі  мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдық жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.

-іс-әрекетті  дұрыс ұйымдастыру балалардың  белсенділігіне байланысты.

-жұмысты жоспарлау,  жеке тапсырмаларды бқлу, оның  нәтижесін тексеру сынды тағы  да басқа міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілеті еңбекте көрсеткенде дамиды.

-тәрбиешілердің  басшылығы, жұмыс барысында кеңестер  беру, балалардың ынтасын арттыру.  Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдардың  және моральдық жағдайды сақтау.

-оқушылар ұжымының  қоғамдық пікірі арқылы іс-әрекеттердің  нәтижесін қорытындылау.

Педагогикалық талап әдесі іс-әрекеттердің бір  түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: «Егер жеке адамның  басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен –өзі түсінікті нәрсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын»,- деп педагоикалық талаптар әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.

Оқушылардың өмірінде педагогтың талап қоюы шешуші рөл  атқарады. Нақтылы педагоикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны  іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің  өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді  қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді. Жаттығу әдісі-мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары-тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі. Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайына жеткізеді.

Жаттығу әдісінің педагогикалық ерекшелігі – жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ойын-бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың  мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін  сезінуге үйретеді. Ойын –балалардың  бойына бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін қалыптастырады. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипаттағы қасиеттерге үндейді.

Ойын- мектеп балаларының  негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп  бекер атпаса керек. Ойын үстінде  баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Ойын мазмұн мен түріне қарай: мазмұнды-бенелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. 

Мазмұнды-бейнелі  ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті  етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті  құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, даусы ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, құыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды пайдаланады.

Мазмұнды-бейнелі  ойынның бір ерекщелігі: оны балалардың өздері жасауында. Яғни, ойын қызметі  айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс ойындары қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс ойынныда бала сызық бойынша әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні мен түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістерді дамытып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Ауызша ойналатын  дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына  еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша  бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда  оларды белгілі бір тәртіппен  жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс –әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Тәрбие әдістерінің  келесі бір тобы, ол тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады. 
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.

Информация о работе Мінез – құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты