Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 22:23, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру. Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу. Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
- Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
- М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру.
Кіріспе
М.Жұмабаевтың поэзиясының
негізгі күшті жақтары –
Жүсіпбек Мағжанды қазақ поэзиясындағы Абайдан кейінгі ірі тұлға деп көрсеткен. Ақынның ұлттық өлеңге еңгізген түрлік, көркемдік жаңалықтарына тоқталып, өзіндік мектебі бар жаңа бағыт деп санайды [41, 36]. Шын мәнінде қазақ әдебиеті Мағжанмен мақтанатын болады деген осыдан жетпіс жыл жуық бұрын айтылған пікір бүгінде шындыққа айналып отыр.
Жүсіпбектің осы мақаласы Мағжанның көңіл-күйін жарқыратып ашатын, анда-санда мұң-шерге орап жеткізетін сыршылдығын алдымен ұзақ дәлелдеп алған соң теңеу таба алмай қиналады. Суретшілдік жағынан Мағжанмен иық теңестірерлерді орыс, еуропа ақындарынан іздеп, кейде қазақ ақынының өресі биік екенін қазақ қауымына түсіндіріп еңсесін көтеріп тастайды. Сондықтан Мағжан дүниетанымын өзінің әр кездегі өзгерісіне лайықты баяндай келе, тамаша пікірлер білдірген.
Мағжанға қайрат-жігер беру мақсатында 1924 жылы мамырдың 16-сында Жүсіпбек Молдағали Жолдыбаевпен қосылып, Мағжанға жолдастық хат жолдайды. «Сен – қазақтың ақынысың. Алаштың қайғысын жырлайсың, ұлтыңды өліп-өшіп сүйесің, онымен бірге күйзелесің. Қазақтың келешегінен үміт жоқ болса, онда жойылып кету халіндегі халыққа көркем әдебиеттің керегі қанша? Біз сенен кеудемізге рух пен қуат құйып, дертімізден айықтыратын, бақытқа бастайтын сөз күтеміз.
Сен – қазақтың байрағысың. Мейлі тасбақа аяңмен жүр, бірақ өмірден үмітіңді үзбе, өмірге орал, ХХ ғасырда тұрғаныңды ұмытпа! Өрісіңнің кеңеюін тілеп, қайғылы сезімнің құрсауынан өз-өзіңді ептеп босатуыңды қалаймыз» - деген өтініш-тілектің қаншалықты қуатты, өрелі, биік, оралымды екенін көріп, сыншылдық қаламға осынша ойлардың іліккеніне қуанамыз, әрі талантты ақын інісін заман талабынан сырт қалмауға шақырғанын түсінеміз [25,229].
М.Жұмабаевтың өлеңдерін 1922
жылы Қазанда Б.Күлеев кітап
етіп бастырып шығарды.
М.Жұмабаевтың талантын алғаш тани білгендердің қатарында қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов те бар. Ол «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (тарихи-әдеби сын) атты мақаласында әдеби дамуға шолу жасай келіп, ондағы соны жаңалыққа тоқталады: «Ол жаңалық – жаңа басталып келе жатқан сезімшілдік, сыршылдық (романтизм) дәуірі. Бұрынғы ауызша әдебиеттен, одан бергі Абай заманынан бері қарай келе жатқан реализм сарыны көбінесе құрғақ ой, жадағай сөз (рассуждение) күйі осы күнгі терең сезім, нәзік сыр күйіне айналып келеді. Бұның белгісі М.Жұмабаевтың соңғы «Ертегі», «Қорқыт» сияқты өлеңдерінде бар» деген жолдар «Шолпанда» 1923 жылы № 4-5 сандарында жарияланған. Бұл жерде Мұхтар Мағжанды қазақ поэзиясының дамуындағы жаңа бір саты, бағыт деп жоғары бағалаған [43].
С.Қожанов М.Жұмабаевтың
Мағжанды ұлтшыл ретінде «талқандау» мақсатымен 1924 жылдың қараша айында Мәскеуде тағы бір жиын болып өтті. Жиын ресми түрде Мағжан Жұмабаевтың 1923 жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағын талқылауға арналғанымен де, шығармашылықтан гөрі саяси сипат алғандығы көрінеді. Оған Н.Төреқұлов, Ғ.Мұратбаев, Ғ.Тоғжанов, Сапарбеков, Ж.Сәрсенбин және т.б. қаламгерлер қатысады. Күн тәртібінде қойылған мәселе туралы өзіміздің оқушы, жас ақынымыз Өтебай Тұрманжанов баяндама жасады. Баяндама бойынша көп адам шығып сөйледі. Университет оқушыларынан басқа Нәзір, Ғани, Ғаббас, Жекен шығып пікір айтты. Қызу да үлкен айтыс болды.
...Бірқатар
сөйлеушілер «Мағжанның
Ж.Аймауытовтың атақты мақаласынан кейін Ғ.Жүсіпбектің осы мақаласынан кейін Ғаббас Тоғжановтың 1926 жылы жазылған «Мағжанның ақындығы, Жүсіпбектің сыны» деген еңбегі жарық көреді. Жүсіпбек Мағжанды байшылсың, ұлтшылсың, түрікшілсің деп айыптамай, оны «ұлт ақыны» десе, Ғаббас: «Жүсіпбектің сөзінің шеті «ұлт, ұлт»» деп қана бітеді. Оның ұлт ішіне көзі түспейді. Ұлт ішінде бай барын, кедей барын көрмейді. Маған ұлт ішінде қайсысының ақын екенін Жүсіпбек айтпайды. Ақпан төңкерісіне дейін қазақтың теңдік көксеген байы да, кедейі де бір келді. Сыртқы жаумен, орыс патшасымен екеуі де күресті. Ұлт қозғалысын бұл кезде бай табы, байшыл окығандар бастады. Бірақ бұл сөзден қазақтың бай-кедейінің тап жігі болған жоқ деген сөз шықпайды. Жүсіпбектің өзі де айтып отыр ғой. Төңкеріске дейін де қазақ арасында болыс, би байдан сайланды. Ел сөзін осылар бітірді. Қатарға енген кедей бұқара болған жоқ. Кедей сөзі ешкімге өтпейтін. Мұны «Марксизм мұнарасымен» сынап отырған Жүсіпбек көрмейді. Мағжан қазақты жалпағынан алады. Бай, кедей деп айырмайды. Біз бұлай демейміз. «Марксизм мұнарасына» шығып, тым жоғары көтеріліп кеткен Жүсіпбек бай, кедейдің барын көрмесе де, Мағжан оны көрмеді деуге болмайды. Қазақ ортасында Мағжанның өскені рас болса, оның көрмеске лажы жоқ. Мағжан тұрмыс құрығынан шыққан емес. Ол қазақтың бай, кедейін білген, көрген, көріп қана қойған жоқ, тілегін тілеген. Кедей белгілі таптың ғана пайдасын сөйлеп, отырғанын ақынның өзі де білмей қалады. Біз Мағжанды бай ақыны, байшыл ақын дейміз деп, мәселеге басқаша көзқараспен қарап, ақынды «байшыл» деп дәлелдейді [21].
Ғ.Тоғжанов Мағжанды «байшыл» ақын деп дәлелдеп жатқанымен де оның ақындық қуатын жоғары бағалайды. «Мағжанның жақсылығынан біз безбейміз», - деп тарауға айқайлатып тақырып қойған. Ғаббас «Өлеңнің сыртын Мағжандай келтірген (бір Абай болмаса) қазақта әлі ақын жоқ. Мағжан сөзге еркін ақын, күшеншек ақын емес. Көркемдік, шеберлік, әдемілік жағынан Мағжанда үлгі қыларлық қасиет көп. Біздің еңбекші адамдарымыз, жас ақындарымыз Мағжанның сыртқы сұлу, әдемі сөздеріне терең ой, тура жол сала білсе, бәйгеден келгені», - дегенді кездейсоқ айтып отырған жоқ [21]. Ғаббастың сынында сол кезде үстемдік құра бастаған тұрпайы әлеуметтік талдауды басшылыққа алғанымен де сыншылық талғамы Мағжанның бұлақтың суындай мөлдір поэзиясының құдіретіне бас иеді. Сөз ретінде айта кету керек, қазақтың алғашқы профессионал сыншыларының бірі Ғ.Тоғжановтың бүкіл сыншылық қызметінде тұрпайы социологиялық сипат, таптық принцип басым болғанымен де Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын мойындаған. Кейін 1928 жылы мамырдың 6-сы күні Мәскеуде өткен қазақ әдебиетінің жай-күйін талқылаған жиында баяндамашы Ә.Бәйділдин Ғаббастың сыни пікірлеріндегі осындай «екіұштылықты» қатты сынға алады. Жиынға катысып отырған Ғ.Тоғжанов шығып сөйлеп, кейбір мәселелер жайлы түсініктер бере келіп, Мағжан туралы өз ойын тағы да ашық айтады: «...Мен әлі де айтам - Мағжан көркемдік жағынан артық. Сондай көркемдікті біздің жалпы жазушыларымызға үйренуі керек. Сәкеннің көп әңгімелері мылжың, ешкім оқымайды. Сөйтіп жүріп біз мазмұнды жақсы етсек болды, түрді орыс жазушыларынан-ақ үйренеміз дейді. Мағжаннан үйренуге несіне арланады?» [22,34].
Ресми саясат Мағжанды қаншама саяси соққылардың астына алып жатқанымен де, ақынға жылы қабақ танытқандар баспасөз бетінде сирек те болса, көрініп қалып отырды. «Еңбекші қазақ» газеті Мағжанды айыптаумен болды да, ал «Ақ жолдың» ақынға іш бұрғандығы байқалады. Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінде Пошанның «Әдебиет мәселесі» атты мақаласы жарияланды. Сол кездегі қазақ әдебиетінің өзекті өңірлерін барлаған мақалада ақын шығармашылығы жайлы оң пікір айтылды: «Мағжанның өткен заманға құлаш ұра беретін себебі -өзінің өмірден тез сүйініп, тез қуанатын, ойнақы жүрек романтиктігі. Романтик ақын қай уақытта болса да көрікті көңілге қоңыр өмір үйлеспеген соң аласұрыс, сұлу қиял әуенімен әуреленеді. Мағжанның іздегенде тапқаны қазақтың ескі заманы болды. Кенеттен болған ұлы өзгерістің самалы күшті ақынның жүрегіне үлкен әсер беріп, өмірді тұрақсыз біліп, атты алысқа айдап жіберді» [23].
Мағжан Жұмабаев ұлттық сипаттағы бүкіл қазақ әдебиеті «ұлтшылдықпен, «байшылдықпен», «ескішілдікпен» айыпталып, бұл туралы жылы сөз естудің өзі қиынға айналып бара жатқанда Ыдырыс Мұстамбаевтың «Жұмабаев және «Тоқсанның тобы» «Советская степь» басылымында 1929-жылдың 24-мамырында мақаласы шықты. Мақала бастан-аяқ Мағжанды қолдап, ақын шығармашылығының күрмеуі қиын қырларына ойлы көзбен карауға шақырады дерлік. Партиялық басылым бетінде орысша жазылғанын ескере отырып, автордың негізгі пікірлеріне тоқтала кетейік. «Біздің баспасөзімізде бір саяси құбылыс еленбей қалды», - деп бастайды Ыдырыс өз сөзін. «Ол - Мағжанның «Тоқсанның тобы» өлеңінің шығуы. Бұл өлеңді Голощекин жолдас та өлеңнің біз үшін маңызы зор, себебі ол Қазақстандағы социалистік құрылыс жетістіктерінің жоғары екендігін көрсетеді және оны біздің кешегі дұшпандарымыз, ұлтшылдардың көсемі ақын М.Жұмабаев та мойындаған болатын деп», - жоғары бағалаған [24].
Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың түпкі мақсаты «ұлтшыл», «байшыл» атанған Мағжан Жұмабаевты, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов сияқты ұлттық әдебиеттің қаймақтарын тарихтың сахнасынан, әдебиет майданынан күшпен қуып түсіруге алғышарттар жасау болатын. Большевиктер бұл ойын жүзеге асыруға біршама жақындап қалса да, бұл міндетті жүзеге асыра алмады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
Зерттеу тақырыбының пәні: педагогика ғылымының қалыптасу үрдісі
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеті, беріледі. Курстық жұмыстың бірінші тарауы «Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері», - деп аталады. Бірінші тарау Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы, тағдыры, ақындық еңбектері, репресия ұшыраған кезі және де Мағжан Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері толықтай ашып көрсетіліп, талданады. «Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы» атты екінші тарауда М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары, оның педагогикалық еңбектерінің бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері, «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны, автордың тәрбиелік идеялары қарастырылады. Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі. Қосымшада Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының қазіргі кездегі рөлі, орны көрсетілген.
1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері
Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 ж. Қызылордадағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттық жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихына дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоу-си, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 ж. шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 ж. Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. «Садақ» журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913-1916 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. «Бірлік» ұйымы жұмысқа белсене араласып, «Балапан» қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, М.Жұмабаев "Қазақ" газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Акмола облыстық, қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. "Алаш партиясының Ақмола обл. комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуык абақтыға отырып шықты. Екінші жаллы қазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалык етті. 1918-1919 ж. Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті [17, 20].
Информация о работе М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары