М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 22:23, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру. Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу. Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
- Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
- М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру.

Файлы: 1 файл

курсавой мәтіні.doc

— 282.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

 

 

Сабақ тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың  өмірі мен шығармашылығы. «Сүйемін»  өлеңі.

Сабақтың мақсаты: - Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін талдай отырып, оның өмірі мен шығармашылығына талдау жасау;

- Дамытушылық сөз мағынасын, өлең шумақтарын түсіне білуіне, сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу;

- Тәрбиелік елін, жерін сүюге, ел мен жер алдындағы борышын айқын сезінетін ұрпақты тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақ;

Көрнекіліктер: ақын шығармаларына  шолу схемасы, ақын

шығармаларының жинақтары, баспасөз материалдары;

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Еске түсіру: Мағжан шығармаларын еске түсіру (алдыңғы сыныпта танысқан өлеңдерін жатқа оқиды.)

ІІІ. «Ой қозғау». Оқушылар ақынның өмірі мен шығармалары туралы білгендерін ортаға салады.

Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.

ІҮ. «Ой толғау».

  1. Қай жылы туды, қайда оқыды, ақынның отбасы туралы не білесіңдер?

Артында ұрпағы қалды  ма?

2. “Батыр Баян” поэмасы не туралы екен?

3. Қанша тіл білген? (айтқандарын түйіндеу)

4. Шығармаларын кімдер  зерттеді?

Ү. “Араласып кеткен оқиғалар”. «Сүйемін» өлеңінің жеке - жеке

шумақтары беріледі. Олар ауысқан шумақтарды ретімен оқиды.

ҮІ. «Әсер еткен шумақ, сөз тіркестері». Әр оқушы өздеріне әсер еткен шумақты, сөз тіркесін, теңеулерді жазып, сол туралы пікірін оқиды, талдайды. «Күлдей күңгірт шашы бар». Сол туралы оқушының пікірі: Бұл жерде ақын анасының көп қиындық көргенін, қартайғандығын, шашының ағарғанын айтып отыр. Анасының шашының ағарғанын «Күлдей күңгірт шашы бар...» деген жолдардан байқаймыз. «Қыс - ақ кебін, ...» Қыста жер бетін аппақ қар басып қалғанын ақын «Қыс - ақ кебін, ...» деп бейнелейді.

ҮІІ. Мағжан мен Сәкенді  салыстыру.

ҮІІІ. “Сүйемін” өлеңіне ой жалғайды, яғни шумақ жалғайды, өлеңдегі әр шумаққа мақал - мәтел айтады.

ІХ. “Сүйемін” өлеңі  бойынша плакатқа көрнекілік жасайды.

Х. Қорытындылау. Әр оқушы басқа оқушылардың сабақ барысындағы жауаптарына, белсенділігіне сараптама жасайды. Сараптама бойынша білімдері бағаланады.

ХІ.Үй тапсырмасы: «Сүйемін»  өлеңін жаттау, осы өлең бойынша  «Туған жер - тұғырың» тақырыбында шағын  ой - толғау жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы

Сабақтың ойқазығы: Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Сабақтың мақсаты: 1. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отыра, тарихи кезеңге назар аудару, поэманың тақырыбын, идеясын ашу.

Міндеттері: - Балалардың бойына ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа көздерін жеткізу; 

- Оқушыларды өз ұлтын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы. 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, салыстыру, поэма мәтінімен көрнекілік әдісі. 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасу. 

- Балалар, бүгін сабағымызды бейнетаспаны көруден бастағалы отырмыз. Бұл бейнетаспада қандай қаланың тарихы көрсетілген деп ойлайсыңдар, не себепті мен сабағымды бейнетаспаны көруден бастадым. (Оқушылар

жауабы); 

- Балалар, бейнетаспада қаланың қандай тарихи тұстары көрсетілген? 

- Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл қала «Түркістан» қаласы деп аталады. 

- Біз бүгін сабақта Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасына

тоқталамыз. Қазір сендер дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты

жазып қойыңдар. 

  • Балалар, бүгінгі «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой», - деп аталатын сабағымыздың ойқазығын қалай түсінесіңдер? (Оқушылар жауабы).

ІІ дидактикалық кезең. «Жарық жұлдыздардың бірі –Мағжан»

Сұрақ: - Балалар, «Жарық жұлдыз» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?  
- Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі болған.  
Мағжан – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға.  
Біз бүгін сіздермен Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасымен танысамыз.  
1. Поэма мәтіні бойынша жаңа сөздермен танысу.

а) сөздерді мәнерлеп оқу.

ә) сөз тіркестерін құрастыру. (тақтаға жазу).

Жаңа сөздер: дүние - мир, бесік - колыбель, несіп - доля, қиял – необузданная фантазия, шер - тоска, киелі - святой, бейіт - могила, дария - бескрайняя вода. 

2. Поэма мәтінімен жұмыс.

а) Поэма мәтінін мәнерлеп оқу және әр шумаққа ат қою. (оқушы)

  1. шумақ - Түркістан – екі дүние есігі ғой. 

2 шумақ – Тұран – ер түрік мекені.

3,4,5 шумақтарда – Тұран табиғаты. 

6,7 шумақтарда – өзен-көлдері, жер-су аттары: Оқыс, Яқсарт, Жейхун,

Сейхун, Амудария, Сырдария. 

8 шумақта – Тұран таулары: Тянь-Шань,Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.  
3. Поэма бойынша сұрақтар құрастыру.

1) Түркістан қайда орналасқан? (картадан көрсету)

2) Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің? (Түрік – ұлт атауы, түркі - туыстас халықтар атауы)

3) Поэмада «Алаш» деген сөз жиі кездеседі оны қалай түсінесің? 

(Тілімізде алты Алаштың балалары деген ұғым бар. Алаштың арыстаны –Абылай еді) 

4. Поэманы қысқаша мазмұндау.

ІІ дидактикалық кезең: «Жүйрік қиял» 

«Жүйрік, қиял» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?  
- Ендеше, поэма бойынша сатылай кешенді талдау жасаймыз.

1. Авторы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» поэмасы 

2. Тақырып – бұл тарихи туындының іргетасы. Бұл – тарихи поэма. 

Тарихи поэма – бұл белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. 

  1. Жанр түрі – өлең, поэзия, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен

қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4. Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде

оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

5. Поэма 8 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды 

білдіреді. 

6. 32 тармақты. Тармақ – өлеңнің әр жолы.

7. Поэманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – поэмада туған жерді, Отанды сүю, қорғау, оқушыларды өздеріне артылған әлеуметтік, азаматтық жүкті сезінуге, тәрбиелеуге арналған. 

ІІІ дидактикалық кезең. «Түркістан – ұлы ойшылдар мекені»

а) «Ұлы ойшыл» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Балалар, бұл жерде халқымызға белгілі адамдар туған. Олар: 

1. Әл-Фараби – ұлы ғұлама ғалым. Отырарда туған. Ғылымның барлық түріне дерлік үлес қосқан. 

2. Ибн Сина (980ж) – медицина ғылымдарының негізін салушы.

3. Ұлықбек (1394ж) – астрономия ғылымының негізін салушы. Осындай ұлы адамдар туған жер өте қасиетті мекен болып саналады. 

б) Поэма бойынша шығармашылық деңгей: «Тарихи қайраткерлер»

тақырыбында қысқаша эссе жазамыз.

ІҮ дидактикалық кезең «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді». 

Ойды бекіту:

1-қатар. Түркістан – екі дүние есігі ғой.

2-қатар. Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

3-қатар. Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң дейтін. 

Ү дидактикалық кезең: «Үй жұмысы» 

1. Поэманың 3 шумағын жаттау.

2. «Түркістан – қасиетті мекен» тақырыбы бойынша сурет салу. 

Бағалау.


 



Информация о работе М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары