М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 22:23, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру. Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу. Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
- Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
- М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру.

Файлы: 1 файл

курсавой мәтіні.doc

— 282.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев әдіскер. Мысалы, «Ішкі сезімдердің  біреуі – іш пысу яки зерігу»  деген бөлімде былай дейді: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім  үсті-үстіне төтеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім өзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың абайын (назарын) өзіне қарата алады. Сабақ үстінде балалардың ойнауы, тыныш отырмауы бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола білмегендігінен» - деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек. Дәл бізге, біздің «бала оқымайды» – деп кінәлауға дайын мұғалімдерімізге арналған. Мағжаннан үйрену әлі кеш емес.

«Сұлулық сезімдері» деген бөлімде педагог адам тек  қана сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болу керек дейді. Осы орайда ән-музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екендігін айтады. «Тәрбиешінің міндеті – бала искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол сезімдерін өркендету», - дейді де оған жетудің жолдарын көрсетіп береді. Мағжан егерде, сұлулықты өзі сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан-тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді.

Педагог-ғалым бала тәрбиесіндегі, әсіресе қыз баланы тәрбиелеуде  әйелдің, ананың рөлінің зор екендігін  айтады. Өйткені бала анаға жақын  тұрады. Шешесі үйде баланың көзінше не істесе, қалай қимылдап, қалай сөз сөйлесе ертең ұшқанда баласы әсіресе қыз бала соны істейді. Көбіне-көп қыз бала тәрбиесі анасына байланысты. Сол себептен ананың - әйелдің балаларының көзінше өте әдепті, мәдениетті болуын меңзейді [36].

«Баланың маңайындағы адамдарының жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Бала түрлі музыка құралдарының үндерін

тындасын, сурет салып  үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Топас адам – тірі өлік», - дейді Мағжан. М.Жұмабаевтың педагогисының құндылығы, өміршеңдігінің бір көрінісі, міне, осы. Сондықтан да негізгі пәндердің бірі болып мектептерде ұлттық, әлем мәдениеттері жүру керек. Этика, эстетика пәндері біздің мектептерде ерекше оқытылуы керек.

Ол өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа  халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл  дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты  сүйе деген өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін», - дейді. Бұл сөзді. Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.

«Педагогика» кітабының  соңғы бөлімі «Баланың жалпы жаратылысына»  арналған. Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытынды бөлімі іспеттес. Бала тәрбиесінің оңай еместігін, оған екінің бірі бара бермейтіндігін, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтындығын жазады. «Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек», - дейді азамат, ақын, педагог Мағжан Жұмабаев.

Бұл оқулық соңғы жылдарда 4 рет басылды. Мұндай халықтың сұранысына ие болған шығармалар, әсіресе, ғылыми еңбектер аз. Оқулық өте жеңіл және қызғылықты оқылады, дәлелдері анық, аяғыңды басқан сайын ой салады.

Педагог, зерттеуші Алма Қыраубаева: «Болашақ мұғалімдерді қазақ баласының жан дүниесі мүлде ескерілмеген орысша оқулықтардың аудармасымен оқытпай, Мағжан «Педагогикасындағы» ойлармен нәрлендіретін кез келді. Мағжан педагогикасы – аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жаралайтын адамгершілікті педагогика», - деп жазыпты.

Халық тәрбиесінің мәселелерімен  өмір бойы айналысып келе жатқан Мұзафар  Әлімбаев бір еңбегінде: «Оқулық  – тұтас ұлттың игілігі, бүкіл  халықтың кітабы. Халық кітабы халықтың өзіндей парасатты, өңегелі, қадірлі болуы тиіс», - деп жазып еді. Мағжан педагогикасы осы талапқа толығымен жауап береді [2].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Т.Қожакеев «Көк сеңгірлер» атты еңбегінде: «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, кезінде біреулер оның балалар мінезіне, жас ұландар психологиясына үйлесімді нәрселерін идеализм, революцияға қарсы иісі аңқып тұрған жат дүниелер деп жоқ жерден қате тауып, мансұқ еткен. Бұл жала, бұл әділетсіздік енді артта қалды», - деп Мағжанның педагогикалық ойларына әділ бағасын берген болатын. Мағжанның педагогика саласындағы еңбектері жайлы мынадай қортындыға келеміз: Мағжан психология мен педагогиканы біріктіріп, байланыста ұстаған тұңғыш ғалым. Екіншіден, ұлттық санамызға, болмысымызға жақындастырып, бала тәрбиесінде оның даму заңдылықтарын білу, ұлттық психология ерекшеліктерін есепке алған.

Өз заманның ең білімдар адамдарының бірі Мағжан елінің мүшкіл халіне ерте көңіл бөлді. Оны ол өз поэзиясына, ұстаздық сөздеріне арқауы етті. Ол қазақ халқын өнер-білімге  тек өзінің педагогикалық еңбектерімен ғана шақырған жоқ. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылыққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.

Қазіргі кезеңнің өзінде психология ғылымы жаңа дамып, елімізде енді-енді жетіліп келе жатыр десек, ал Мағжанның қазақ арасында психология мәселелерін алғашқылардың бірі болып қарастыруы оның білімдарлығын байқатады. Исі қазақ М.Жұмабаевты ақын есебінде жақсы білсе, енді психология ғылымына да үлес қосқан ақын ретінде де жаңа бір қырынан тануда.

Акын шығармашылығының үлкен бір арнасы — халыққа  білім беру, педагогика саласы. Мағжанның «Педагогика» оқулығын оқи отырып мына қортындыға келеміз: ғалым ұлттық болмысымыз бен сана-сезімізге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ал отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе айтатыным өткенғасырдың басында 20-шы жылдарда педагогикалық-психологиялық трактатта айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда, әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратуға таптырылмас мұра.

М.Жұмабаевтың «Бастауыш  мектепте ана тілі» еңбегі жан-жақты  ойластырылған, сындарлы жүйемен жазылған. Мұнда ол сол кездегі тарихи жағдайдан  туатын міндеттерді қарастырды. Сондай-ақ бұл еңбегінде оқытудың сабақтан басқа түрлеріне тоқталады.

Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде тек педагогика мен білім беру, оқыту жайлы ғана жазбай, педагогика ғылымының психология

ғылымының тығыз байланысын көрсете білген. Мағжан тек қана педагог емес. Адамның көңіл күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін психолог та. Оқушыға сапалы білім мен тәрбие берудің көзі оны психологиялық тұрғыда зерттей білу деген. Ол осы еңбекті 14 бөлімге бқліп, ең алғашқысын «Тәрбиеге» тоқталады. Демек, Мағжан Жұмабаевтың айтпағы неде?! Автор әр бастамадан сәтті нәтиже алу үшін тәрбие түзу болу керек. Білім беру, оқытудың есігі тәрбиеде деген.

Мағжанның педагогикалық  көзқарасы тек мектепте, білім  беруде ғана шектелмеген. Сонымен қоса отбасы мүшелеріне де құлақ салып  тыңдайтындай еткен. «Баланы қорқыту, оны жазалау дұрыс емес. Бір нәрсені бала жазадан қорыққаннан ғана істейді, бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді», - деген Мағжан Жұмабаевтың сөзінен, ата-аналар сабақ алардай етіп жазған.

Қазақстан бүгіндері  демократиясы дамыған, өркениет елдер  қатарынан бағыт ұстап отыр. Еліміздің  Президенті ұсынған «Қазақстан – 2030» - жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығару қоғамның басты парызы. Мағжан педагогикасы қазіргі заман білім беруінің кілті, негізі. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолданғанымыз жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбеков Б. Қ 26 Этнопедагогика: Оқулық. –

Астана: Фолиант, 2007. 302-б.

  1. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 19923. Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004. 286-б.
  2. Қоянбаев. Педагогика. Алматы.2001. 205-б.
  3. С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында // Ізденіс, 2002. №4 Б: 8-12
  4. С.Сеңкібаев. Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел

мектебінің негізі // Ұлт тағылымы. 2001. №6 Б: 3-6

  1. Б.Базарбаева, О.Бөдесова. М.Жұмабаев атындағы педагогикалық

бағдарлы мектебінің болашағы // Ұлағат. 2003. №1 Б:16-18

  1. М.Бағыбаева. М.Жұмабаевтың психологиялық мұрасы // Ұлағат. 2003. №2 Б: 25-27
  2. Мұқанов С. Сынға сын. // Еңбекші қазақ. 31.1.1926. 183-б.
  3. М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие // Ұлағат.

2004. №5 Б: 36-38

  1. С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық-тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы // Білім. 2001. №3 -306-б.
  2. Жұртбай Т. Алаш ақиықтары. – Астана: Отырар. 2004. 8-б.
  3. К.Құнантаева, И.Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде //

Қазақстан мектебі. 1993. №10

  1. Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі. 1993. №2
  2. Оқулық және оқулыққа қосымшалар. – Алматы: «Санат», 2003. – 528-б.
  3. Жұмабаев Мағжан. Таңдамалы: (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер,

аудармалар). – Алматы: Ғылым, 1992. – 272-б.

  1. Аймауытов  Ж., Мағжанның ақындық туралы. "Лениннін жас" журналы, №5, 1923; Б: 9-13.
  2. Тоғжанов Ғ., Әлебиет және сын меселелері, К..-0., 1929;
  3. Мұқанов С, XX ғасырдағы қазақ әдебисті. І-бөлім, Ұлтшылдык,

байшыдық дәуірі, А., 1932; 453-б.

  1. Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпбек

Аймауытовтың  творчестволык мұрасын зерттеу  жөніндегі комиссиясының қорытындысы. "Социалистік Қазақстан" газеті. 198У, №29М;

  1. Елеукенов Ш. Магжам. А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; -603-б.
  2. Нұрп е й і с о в К., Алаш һөм Алашорда, А., 1995. -408-б.
  3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: 1996.-482-б.
  4. Қирабаев С. Шындық және шығарма. – Алматы: Жалын. 1981.-252-б.
  5. Қирабаев С. Әдебиеттің ақтаңдақ беттері. – Алматы: 1995. -282-б.
  6. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Ғылым. 1997.-503-б.
  7. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. – Алматы: Ғылым. 1997.-208-б.
  8. Ысқақұлы Д. Сынталқы. – Алматы: «Сөздік-словарь». 2005.-416-б.
  9. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Қарағанды: 2008. 553-б.
  10. Жұмағұлов С. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы. – Қарағанды: 2008. -552-б.
  11. Қамзабекұлы Д. С. Сәдуақасұлы. – Алматы: 1995. 256-б.
  12. Төреқұлов Н.  Асау тұлпар // Темірқазық. №1.1922. 453-б.
  13. Мұқанов С. Сынға сын. // Еңбекші қазақ. 31.1.1926. 206-б.
  14. Мұқанов С. Шығармалар. – Алматы: Жазушы. 1976. 486-б.
  15. Бес арыс. – Алматы: Жалын,  1992. 544-б.
  16. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы. // Лениншіл жас. №5, 1923.
  17. Шәріпов А. С.Қожанұлы- әдебиетші. – Алматы: Ер-Дәулет. 1994. 348-б.
  18. Тоғжанов Ғ. Мағжан туралы // Жаңа дәуір. 1928, №9, 34-б.
  19. Пошан. Әдебиет мәселесі. // Ақ жол. 25.Ү.1925. 
  20. Мұстамбаев Ы. Жұмабаев және «Тоқсанның тобы». // Советская степь. 24.V. 1929.
  21. Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы: Жазушы. 1991. 176-б.
  22. Омаров Б. М.Мөңкеұлының әдеби мұрасы. Филол.ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. - Алматы. 1993. 25-б.
  23. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2003. 208-б.
  24. «Екеу» Журнал туралы. // Абай.// № 1.1918. Б: 12-18
  25. Кенжебаев Б. ХХ басындағы ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989.256-б.
  26. Қирабаев. С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы: Ана тілі, 1993.
  27. Әуезов М. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі (тарихи-әдеби сын) // Шолпан. № 4-5. 1923. 116-б.
  28. Шәріпов А. С.Қожанұлы- әдебиетші. – Алматы: Ер-Дәулет. 1994. 348-б.
  29. Тоғжанов Ғ. Көркем әдебиет туралы марксшілдер не дейді? Жүсіпбек не дейді?. // Еңбекші қазақ. 22.Х. 19.XII. 1925. 303-б.
  30. Тоғжанов Ғ. Мағжан туралы // Жаңа дәуір. 1928, №9, 34-б.
  31. Пошан. Әдебиет мәселесі. // Ақ жол. 25.Ү.1925. 
  32. Мұстамбаев Ы. Жұмабаев және «Тоқсанның тобы». // Советская степь. 24.V. 1929.
  33. Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы: Жазушы. 1991. 176-б.
  34. Омаров Б. М.Мөңкеұлының әдеби мұрасы. Филол.ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. - Алматы. 1993. 25-б.
  35. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2003. 208-б.
  36. «Екеу» Журнал туралы. // Абай.// № 1.1918.
  37. Кенжебаев Б.ХХ басындағы ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989.256-б.
  38. Мұқанов С. Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер. // Еңбекші қазақ. 1. ІІІ. 1923. 206-б.
  39. Жұртбай Т. Алаш ақиықтары. – Астана: Отырар. 2004. 8-б.
  40. Мұстамбаев Ы. Көркем әдебиет туралы.//Қызыл Қазақстан. №45 1927.
  41. Мұқанов  С. Әркім  «өзінше»  ойлайды. // Жаңа  әдебиет. №3. 1928.
  42. Мұстамбаев Ы.  Біздің таластарымыз. // Жаңа әдебиет. № 5-6. 1928.

Информация о работе М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары