М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 22:23, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру. Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу. Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
- Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
- М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру.

Файлы: 1 файл

курсавой мәтіні.doc

— 282.00 Кб (Скачать файл)

1919-1923 ж. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жүмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды" жазып, жарыққа шығарады. 1923-1927 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркем өнер ин-тында оқиды. Онда орыс өдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достыққарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сыяға ұшырады. 1924 ж. 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабаевтың 1922 ж. қазанда, 1923 ж. Ташкеште басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 ж. 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат" деген өлең жазды. Ол "Тілші" газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ" газетінің 1924 ж. 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың «Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына» деген ескертпемен «Сәлемге сәлем» деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, «уралап айқайламадың» деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан  1927-1929 ж. Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 ж. ақын "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырқа түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 ж. М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабак беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 ж. наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзия-М. Жұмабаевтың Петропавл қаласындағы ескерткішінін өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байыпты. Жұмабаев ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалықшақ", "Казағым", "Қарағым'', "Мен сорлы"). Бірқатар өлендерін махаббат тақырыбына арнады ("Жас келін", "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу"). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды ("Туған жерім — Сасықкөл"). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленді халыктарының бірлігі тақырыбы Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.

Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән («Сүй, жан сәулем», т.б.) әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі («Айда атынды, Сәрсембай», «Шойын жол»). Ол технологиялық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Жұмабаев қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психологиялық әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен Анкарадағы (Түркия) М. Жұмабаевқа қойылғап ескерткіш кестелеіп өрнектей білді [36].

Акын шығармашылығының үлкен бір арнасы — халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап "Педагогика" (1922, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Автор аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Клльцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, И.И.Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударлы. Таңдаулы прозалык шығармалар аударумен қоса «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді. Кеңестік жүйенін қуғын-сүргінінің кұрбаны болған Мағжан Жұмабаевтың есімін ақтау ісі 1958 ж. қолға алынлы. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның тандамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді. 1960 ж. Түркістан әскери округ әскери трибуналының алқасы шешімімен Мағжан Жұмабаев толығымен, біржола ақталды. Мағжан есімі ақталса да, ол жөнінде Қазақстан Жазушыдар одағы мен ғылыми мекемелергс хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзак уақыт бойы Мағажан Жұмабаевтың шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. Бірақ М.Жұмабаев шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Ш.Сариев бастаған ғалымдар тобы Мағжан Жұмабаевтың 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабаев есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған.

 

 

    1. М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

 

 

Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық  қызметіне тоқталғанда оның ұстаздық шеберлігін айтпай қоя алмаймыз. Ол туралы 1922 жылы Мәскеу – Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған Бейсенбай Кенжебаев мыналарды есіне түсіреді: «Қазақ тілі, қазақ әдебиетін М.Жұмабаев оқытқан еді… Ол ғалым, тәжірибелі шебер оқытушы, асқан методист педагог еді». Мысалы, ол шәкірттеріне «Өздерің білген бір ертекті жазып келіңдер, соны класта оқып, бәріміз бірге талдаймыз – деп тапсырма береді. Сөйтіп ол бізге әрі әдебиетті, әрі дұрыс жазуды, әрі шығарма жазуды үйретеді», - деп жазады оның бір шәкірті. Мағжан сабақ өтіп жатқанда ешқандай қағаз пайдаланбай суырып салма әдісімен өз ойын ортаға салып, оны өлеңдер, мақалдар, шығармалардан үзінділерді жатқа оқып дәлелдеп отырған.

Ш.Елеукенов М.Жұмабаевтың ақталып, халқына оралғандығы жайлы былай  дейді: «Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылады деп армандаған аяулы ақын енді міне ел-жұртының арасына қайтып оралды. Ол үшін біз мына революциялық жаңалану дәуіріне борыштымыз. Мың мәртебе соған бағыштаймыз» [10].

Ж.Аймауытов өзінің «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақалысында: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық сынау үшін оның алды, артын орап, еркін арылып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек», - деп айтқан болатын. Әрине, Мағжанның сан қырлы еңбектеріне талдау жүргізу көп ізденісті қажет ететін күрделі процесс, ол болашақтың ісі.

Сәбит Мұқанов 1932 жылы: «Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиеттеріне  жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның  еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл  өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ», - дегенін ешкім жоққа шығарған емес.

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін… бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы  ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп, мезінгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай. Бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген – ақын болмайды. Заманынан баса озып, ілгерілеп кеткен – ақын болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан, бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге алып қалатын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін», - деп жазыпты Мұхтар Әуезов.

«Мағжан – алдымен  сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы ақындарда болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмаймыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан», -депті Жүсіпбек Аймауытов [29].

«Мағжан романтизмнің болмыс-бітімі, сыр-сипаты - өз алдына бөлек және ұзақ әңгіменің тақырыбы. Бұл арада  біз қазақ топырағына баяғы бағзы  заманнан тамыр тартқан сөз өнерін дамытудағы әйгілі екі даңғылдың бірі реализм болса, бірі романтизм екенін тәптіштеп түсіндіріп жатпай-ақ, дәл осы көркемдік әдістің Мағжан ақындығына парлаған пафос, самғаған қанат бітіргенін, соның арқасында осынау білімді, өнегелі, мәдениетті ақынның өз кезіндегі бүкіл әлемдік әдеби ағымдардың шым-шытырық тылсым құпиясын игеруге дейін қалай шырқап көтерілгенін атап өтпек едік. Сонымен қатар осындай творчестволық әрекет үстінде Мағжан ақынның тілі қалай ұстарып, шеберлігі қалай шыңдалғанын айта кету де артық емес», - Зейнолла Қабдолов.

Мағжан Жұмабаевтың  өмір жолын жақсы білетін Сайфи Құдаш бір сөзінде былай дейді: «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М.Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды. Рас, бұл оның бар мүмкіндігінен аздай болған да шығар, таланттың өз күшіне сай да болмас, бірақ жұмыс істей білді, ал бастан өткен бұрылыс-қалтарыстарға ол жалғыз өзі кінәлі емес. Совет үкіметі алғаш орнағаннан кейін, белгілі бір шешімге келе алмай толқыған сәттері болды, бірақ бұл ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Москваның орталық басылымдарының бірінде редакторлық қызмет атқарды. Кейін жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжан «Қырғыздың Пушкині» деуші еді. Сол жылдары қазақ мектептерінің оқулықтарын даярлау ісімен айналысты, орыс жазушыларының В.И.Ленин шығармаларын аудару ісіне де атсалысты. Бұның бәрі де М. Жұмабаевтың қарама-қайшы пікірден біртіндеп арылуына, көзқарастар солқылдақтығынан құтылуға, маркстік-лениндік көзқарастың жолына бір дола бет қойып, тереңдей түсуіне ықпал жасап, жол ашты» [17].

Қазақтың әрбір ұлағатты ғалымдары, ақындары Мағжанды ерекше құрметтегенін, осы айтылған сан алуан пікірлер мен жақсы сөздерден көреміз. Оның еңбегінің бір тамшысын да баға бермей жерге тастамаған. Мағжан – елдің патриоты, қазақ баласы.

 

 

 

2 Мағжан Жұмабаевтың  педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік

идесының тәжірибеде қолдану маңызы

 

 

2.1 Мағжанның тәрбиелік  идеялары – тәуелсіз ел мектебінің  негізі

 

 

Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек? Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу – бүгінгі мектептің  парызы.

Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» – деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға тиісті.

М.Жұмабаев та кезінде  осы бағытты меңзеді, егеменді елдің  егемен мектебі болуын қалаған. Өйткені  оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп шығару тек ұлт мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс. Олар ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман есен тапсырды. Ал, жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай қорғай ала ма? Міне, мәселе осында, патриотизм иен ұлылықты қалыптастыру құрғақ сөзбен жасалынбайды. Оған жүйелі бағдарлама, кешенді оқу-тәрбие жұмыстары қажет. Ең алдымен ұлттық мектеп, оның концепциясы, заңдастырылған дүние болмысы қажет. әр пән бойынша оқулықтар жасалынумен қатар қазақ халқының бүкіл жан дүниесі мен болмысын танытатын, оқу-тәрбие кешені қажет. Бәрі қазақ ұлтының ұлы болмысы мен қағидаларының тоғысында қалыптасуы негізінде болуы керек. Этномәдени білім беру ол қазақстандағы негізгі ұлт төңірегінде, соның негізінде жасалынуы міндетті. Ұлттық педагогика саясатын өзге ұлт, мемлекет емес, өзіміз жасап, қалыптастыруымыз орынды болмақ. Қазақстанның келешекте әлемді өркениетті елдермен терезесі тең, өз орны бар ұлы мемлекет болуын қаласақ, ең алдымен, оның ұлттық мектебінің іргетасын қалыптастыруымыз қажет.

Еврей, жапон т.б. ұлттардың  жас буынды сәби күнінен ұлылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуі көп нәрсені  аңғартса керек. бұларда жас балаға деген құрмет ерекше. Ұрсу, жекіру, балағаттау деген жоқ.

Біздің қазақта да ертеде осындай тәрбиенің болғаны  белгілі. Бабаларымыз балаларын  ұлылыққа жақсы тәрбиелей білген.

Мағжан өз «Педагогикасында»  «Баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Баланы қорқыту – қып-қызыл зиян. Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ерлікке іспен үйрету керек. Баланы ұру, соғу ісі адамшалыққа ұнамайтын іс», - дейді [10]. Ендігі жерде мектебімізде оқу-тәрбие ісінде ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюы керек-ақ. Ұлттық қағидаларды оқу-тәрбие ісіне терең кіргізе отырып, оны әлемдік алдыңғы қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете оқу, әсіресе, қазақ, шетел тілін 3-4 жастан оқытуды қолға алу. Тәрбиенің басты ұстанымдары жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халқының да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру.

Информация о работе М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары