Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 22:23, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру. Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу. Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
- Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
- М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ. Өйткені олар ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен егемендікті көрді. Ғасырлар тоғысында өмір сүруде.
Жаңа ғасыр мектебін
қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен
шешілетін мәселе. Ғасыр басында
Мағжан Жұмабаев өзінің «Жазылашақ оқу
құралдары һәм мектебіміз»
Себебі оқулық мектеп үшін де, оқушы үшін де, қоғам үшін де ең басты құрал. Өкінішке орай бүгінгі оқулықтар көп көңілінен шығып тұрған жоқ. Мектепті жөндейміз деп соқыр еліктеуден аулақ болу керектігін де Мағжан кезінде көрегендікпен ескертіп кеткен-ді: «Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескертетін іс-соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады. Міне осыдан сақтану керек».
Сөздің түйіні бізге бүгін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, сыннан өткен, халықтың ойынан шығатын, мемлекеттің концепциясынан туындайтын мектеп қажет. Ол неше тұрғыдан болады, 3 сатылы ма, 4 сатылы ма, оны ойластырып, бүкіл халықтың ой елегінен өткізіп барып қабылданған жөн.
2.2 М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары
Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігінe самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бipre оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялык, жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы "Педагогика" атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазак, зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал...». Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттың мұғалімдер курсында оқытылған дерістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.
Мағжан Жұмабаев тағы да былай деді: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі (интернационалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...». «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, - баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы керек. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр», - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. «Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда, қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. ...Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат-анадан алшақтап, оған немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғалымның ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра аламағаны анық. Бұрқыраған боран мен сатырлаған жаңбырда, сақылдаған аяз бен ми қайнатқан аптапта, ұлан-ғайыр сахараны кезіп жүрген қазақтың көшпелі тұрмысында сәбидің ыстық-суыққа ұрынбай өсуіне бесіктің ғасырлар бойы игі қызмет еткенін, әрине, жоққа шығаруға болмайды. Автор осымен байланысты: «Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп себепші» дей келе, қазақ бесігінің құрылысын жетілдіре түсу қажет дейді.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол «білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері» деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды. Шытырман мәселенің арқауын осылайша түйіндеп, Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындау, есейе келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да, түсінікті нәрсе.
Ол сыртқы сезімдерді (қазір түйсіктер деп аталады) көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, «бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына ыждағат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес». Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрге сүйену қажеттігін, есту сезімін дамыту үшін түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе, бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтеді.
Кітапта зейін туралы да біраз деректер бар. «Абай дегеніміз, - деп жазды ол, сыртқы дүниедегі бір затқа яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі». Оның бала зейінін тәрбиелеу жөнінде айтқандары қысқа болса да нұсқа. Автор шәкірттердің зейінін дамыту үшін әсердің күшті, жке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір оқушылардың абай болмауының себептерін де аша кетеді.
Автор тілдің адам өміріндегі маңызы жайында айта келіп, оның ұлттық мәнін мәйекті мәнермен жеткізеді: «Ұлттың тілі кеми бастауы, - деп жазды ол, - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тымық, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр». Бала темпераментін сангвиник, холерик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндайды. Баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктері де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берілгені байқалады. Мағжнның кітабы «Педагогика» деп аталғанымен, көбіне психология мәселелерін сөз еткен. Мысалы, шағын еңбектің 17 тарауының 13-і тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика тақырыбына екі-ақ тақырып («Педагогика бөлімдері», «Жалпы педагогика») арналып, оларды автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндаған. Сөйтіп, барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған тараулары адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.
Мағжан Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М.Жұмабаевтың – осы
кітабындағы педагогикалық ой-
Оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі («Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз», «Бостандық туы», 1921), сондай-ақ, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» (1925 ж.), «Сауатты бол» (1926 ж.), «Әліппе» (ересектерге арналған, 1929 ж.), т.б. газет-журналдарда жарияланған ғылыми-әдістемелік мақалалары өз алдына әңгіме етуді қажет ететін тақырып [1,8,20].
2.3 М. Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері
Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға алғаш қадам жасаушылардың бірі де Мағжан. 1923 жылы «Бастауыш мектепте ана тілі» атты еңбегін жариялайды. Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады. Мектеп үш тұрғыдан : 1) Бастауыш мектептің міндеті, 2) Еңбек міндетінің міндеті, 3) Төрт жылдық бастауыш мектептегі ана тілінен құралуы талап етеді дей отырып, ана тілінің мақсаты мен міндетін көрсетеді. Әдіскер ғалым аталмыш еңбегінде жаттығулар мен дағдылар жүйесін ІV сыныпқа топтай отырып төмендегіше ұсынады:
І-сыныпта: а) жандағы әсерді қысылмай сөзбен жарыққа шығару; ә) аздап жаттаған өлең мысалдарды дұрыс, ашық айту, оқи білу; б) қысқа да болса, дұрыс сөйлеу; в) оқуға жаттығу; г) өзі салған суреттердің астына өзінің атын жаза білу; ғ) тақтадан, кітаптан көшіру; д) күн аттарын жазу һәм барлық балалардың аттарын тізе білу; е) ұғынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алу; ж) ертегілерді, әңгімелерді сахнаға айналдыра білу.
ІІ-сыныпта: а) естігені я көргені туралы толығырақ әңгіме айту; ә) есіткен, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру; б) біреумен дұрыс, толық сөйлесе білу; в) сурет бойынша әңгіме ете білу; г) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші ойдан шығарып айту; ғ) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; д) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; е) баспадан, жазбадан қысқа мақалаларды көшіріп жаза білу; ж) күнделік тізу; з) оқуға ұстарту.
ІІІ-сыныпта : а) бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме шығарып тәжірибе жасау; ә) балалар жиылысында пікірін дәлелдеп толық қылып сөйлей білу; г) әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу; күнделікті календарды тізе білу; ғ) балалардың өз әсерлерінен альбом тізу, журнал шығару; д) жиылыстар, экскурсиялар сықылды оқиғалардан жазбаша есеп бере білу.
ІV-сыныпта : а) белгілі бір пікірдің жобасымен толық дұрыс сөйлеу һәм жазу; ә) әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, өлшеулі, өлшеусіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу; б) әдебиет әсірінен алынатын сұлулық сезімін декламациямен тереңдету; в) оқығанды суретке салу, әдебиет әсерінен сахнаға айналдыру; г) жазбаша баяндама һәм есептен шығып жиылыстарды сөз сөйлеу; ғ) журналды тереңдету; д) спектакльге қатысу; е) мектепті оқу үйін басқаруға жәрдем қылу.
Сондай-ақ М.Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, “Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі деп қарайды. Тілдің ережелерін бала өзінің сөйлеп жүрген тілінің ережелері деп емес, “Тіл құралдың ережелері деп түсінеді”, - дейді [6]
Мектептің міндеті - бір жақтан, хат таныту болса, екінші жақтан, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Ағартушы төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің ауданын мына бағыттарда жүргізіді ұсынады:
М.Жұмабаев бала не нәрсемен айналысса да, ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білуі керектігін, болмаса тілі түзілмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмеймін балаға ешбір білім беруге мүмкін еместігін дәл аңғарған [10,15].
2.4 «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны
1922 жылы 15 қырқүйегінде
Қызылжарда өзінің «Педагогика»
Информация о работе М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары