Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 17:39, курсовая работа
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.
КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1. ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК ТАНЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................4
1.1. Диалектика және материализм ұғымдарының тарихи- теориялық сипаттамалары.............................................................................................4
1.2. Диалектикалық-материалистік танымның қазіргі заманғы теориялық негіздері........................................................................................................9
2. ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....12
2.1. Педагогикалық теория негізіндегі оқушылардың табиғат туралы диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру.....................12
2.2. Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары..............................................21
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................35
ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік
алған алғашқы жылдарынан бастап білім
беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде.
Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын
жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық
әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға
ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі
“Білім туралы” заңының қабылдануы. Президент
Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан – 2030” атты
Қазақстан халқына жолдауында болашақта
білім беру жүйесін баса дамытуға оның
дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса
мән беріп, осындай-ақ аса маңызды сенім
жүктеліп отырған жастарымыздың болашқта
мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай,
өз мүддесінен гөрі жалықтың мүддені жоғары
қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға
сапалы білім беру саналылыққа тәрбиелеу,
жеке бас құндылығын көтеруі, оқу-ағарту
саласыгның үлесіне тиеді. Осыған байланысты
білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен
сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді
нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.
Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз
байланысты болғандықтан, айналадағы
орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі
мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді
пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен
қарау қоғамның да алға қарай дамуына
негіз болады. Айналдыра ортаның қолайлы
болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек
етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз
етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір
адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін
қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған
бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін
ұмытпаған жөн. Өзіміз иұрған жердің табиғатын
сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарастары
қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік
саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен,
экологиялық жағдайымен танысудың маңызы
зор. Тақырыптың зерттеу мақсаты – Дүниетану
сабақтарында оқушылардың экологиялық
білімін қалыптастыру мен тәрбие жолдарын
анықтау. Оқушыға өзін қоршаған өмірді,
оның құбылыстарын танып білуге бастауыш
сынып оқушылардың тілін, ой-өрісін дамытып,
оларды өздігінен жұмыс істеуге шығармашылыққа
жетелейді.
Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.
Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.
'''Материализм'''-«материя» болмайтын ештеңе жоқ деп пайымдайтын ілім; «материя» мұнда басым, ал сана-сезім немесе ойлау-екінші ретті дейтін ілім. Диалектикалық материализм бүкіл тарих бойындағы адамзат ой дамуының игілікті жемістерін сын көзбен пайдалану негізінде революцияшыл таптың күрес тәжербесі мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырылып жасалды. Марксизм тұғаңға дейінгі философиядағы материалист бағыт ұзақ даму тарихы болғанымен ғылыми дәрежеге көтерле алмай, тар шеңбердің құрсауында қала береді. Оның басты кемшіліктерінің бірі ол диалектиканың кей кезде ғана көрініп қалып тұрған ұшқындарын былай қойғанда негізінен метафиа қалыптан шыға алмауы, яғни даму турсындағы идеялармен басын біріктіре алмай одан бөлектеніп қалуы. Ескі материалистердің басым көпшілігі табиғат пен қоғамды қозғалатын механикалық түрі арқылы ғана түсіндірмек болып, механистік дәрежеде қалып қойды. Мұның үстіне олар тек табиғатты түсіндіруде ғана материалисттік көзқараста болып, қоғам өмірін тануда идеалісттік тұрғыдан шықпады. Бұл күрделі кемшіліктердің салдарынан марксизмнің ең әрі кеткенде дүниені өзінше әр қилы түсіңдіру міндетін ғана атқара білді, ал оны өзгертудің ғылыми теориялық құралы болудан алыс жатты. Осы тәрізді философиядағы диалектика бағыт та сынар жақ, теріс дамыды, түгелдей дерлік идеалистік көзқарасқа негізделді. Бұған даму жайындағы философия ілімді жан-жақты және терең жасақтап дамытқан Гегельдің диалектикасақ дәлел бола алады. Маркс пен Энгельс философия бағыттардың керектң жақтарын, негізгі рациональдық дәндерін жоғарыда айтылған кемшіліктерін аршып алып, бастарын жай ғана біріктіре салған жоқ.
Ескі материализмді де ескі диалектик ілімді де табиғат тану ғылымдарының ең соңғы табыстары тұрғысынан бүкіл адамзат қоғамы дамуының тарихи тәжірбиесі тұрғысынан сыңға алып, басынан аяғына дейін ұайта құды, оларға жаңа мазмұн, жаңа түр, яғни жаға өмір берді. Материализмді диалекті әдіспен байтып шыңдап оны шың мәнінде ғылыми диалектик дәрежеге жеткізді, диалектиканы аяғына тік қойып, материализмнің мызғымас негңзңне алып, оны ғылыми материалистік сатыға көтерді. Мұның осынша жемісті болып шығуының тағы бір басты себебі Маркс пен Энгельс идеализмді оның ақырғы ұясынан-тарихтан қуып шықты, қоғам өмірі дамуының заңдылықтарын материалистік тұрғыдан түсінуді ашты, басқаша айтқанда тарихқа ғылыми көзқарасты жасақтап бекітті, Сонымен Диалектикалық материализмді басқа да ғылыми салалары тәрізді өзіне тәң тексерістің зерттейтін пәні бар. Басқа ғылымдар зер салып сырын ашатын дүниені ол да зерттейді. Бірақ табиғат пен қоғамның және адам санасының жеке салаларындағы нақтылы қасиеттер мен заңдылықтарды іздестіретін дербес ғылымдармен салыстырғанда Диалектикалық материализм пәннің үлкен ерекшілігі бар. Диалектикалық материализмнің өарастырып зерттейтіні –дүниедегі механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, тарихи, экономикалық тағы басқа сапа жағынан белгілі заңдылықтардың жүйесі емес табиғат пен қоғам өмірінің және адам ойының жалпыға тәң заңдары. Мысалы осы замандағы теориялық физиканың бір саласын болып есептелетін квант механикасы микробөлшектердің (электрон, позитрон, мезон, протон және нейтрон тәрізді «элементралық» бөлшектер мен солардан құрылатын атом ядросы, атом, молекула тәрізді күрделі бөлшектер) қозғалысын зерттейді. Диалектикалық материализм болса, ол бұл бөлшектердің ерекше тіпті үйреншікті ұғымғы сыймайтын қасиеттері мен қозғалыс заңдарын іздестіру міндетән мойнына ала алмайды. Дәл осындай квант механикасы да Диалектикалық материализмнің пәнін – болмыс пен сананың жалпыға тән дамузаңдарын зерттеуге тиіс емес. Дегенмен көңіл аударатын ерекше жағдай мынада.
Диалектикалық материализмнің негізгі арқауы, ірге тасы – материя туралы ілім. Материя дейтініміз – адамның санасынан сырт оған тәуелсіз өмір сүретін объективті реалдық дүние. Үздіксіз қозғалыста болатын материядан басқа әлемде еш-нәрсе жоқ, болуға тиіс емес. Дүниедегі сан жетпейтін көп бұйымдар мен құбылыстар осы материяның әр қилы түрлері немесе қасиеттері болып табылады. Материяның айрылмас қасиеті (атрибуты), оның өмір сүруінің формасы – қозғалыс. Қозғалыссыз материя жоқ, материясыз қозғалыс жоқ. Материя уақыт пен кеңістік ішінде қозғалады. Соңғы екеуі де – материя болмысының формалары. Материя қандай объективті (санадар тыс) болса, бұлар да сондай. Материяны уақыт пен кеңістіктен айырып алуға болмайтыны сияқты, уақыт пен кеңістікті де материядан айырып алуға болмайды. Дүниенің кілті жаратылыстан тыс бір күште, болмаса құдайда, ең алдымен абсолюттік идеяда болды, материялық дүние осы идеяның «кері болмысы», соның туындысы, немесе материялық бұйымдар адам түйсіктерінің комбинациясы, материяның өмір сүруінің шарты – оны адамның, болмаса түйсікті басқадай бір организмнің қабылдауы, деп уағыздайтын идеалистік, мистикалық көзқарастардиалектикалық материализмгемүлде жат. Жаратылыс тану ғылымы сан рет дәлелдегендей, материя мәнгілік, шексіз. Оның өмір сүруінің басы да болған жоқ, соңы да болған емес. Қандайда болмасын философияның негізгі мәселесі – ойдың материяға, сананың табиғатқа қатысы туралы мәселе. Мұны диалектикалық материализм табиғат, материя алғашқы (бірінші), ой, сана соңғы (екінші) деп шешеді. Материяны мәңгілік дедік. Ал, сана мен ой материя дамуының белгілі бір сатысында ғана, яғни homo sapiens (ақылды хайуанның) жаралуына байланысты пайда болды. Бұлар материяның аса бір жоғары құрылымның, мидың атқаратын қызметі, материялық шындықтың бейнесі болып табылады. Сананың қайнар бұлағы – осы материялық шындық, срытқы дүние. Өйткені ол өзінің сансыз көп қасиеттерімен, адамның сезім мүшелеріне әсер ету арқылы миға қызмет еткізеді, ал мидың қызметі сол әсерді сана көріністеріне айналдырады.
Жоғарыда айтылғандай, Диалектикалық материализм – тек табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары жайлы ғана емес, ойлаудың да жалпы заңдары туралы ғылым. Мұның мәні: диалектикалық материализм – материялық дүние дамуының адам ойлауында бейнелеу заңдары мен формаларын, объективті ақиқатқа жету заңдарын зерттейді деген сөз. Диалектика заңдары дегеніміздің өзі – материялық шындықтың өзіне тән объективті заңдарының субъективті бейнесі. Ойлау – сол реалды шындықтың адамға жасайтын әсерінің туындысы, мұнысыз ол «жеке-дара» өмір сүре алмақ емес. Бірақ оны айна тәрізді жансыз бейне жасаудың құралы деп қарауға болмайды. Ойлау – относительді тәуелсіз, белсенді әрекет жасауға, абстракция, анализ, синтез деп аталатын процестерді іске асыруға қабілеті бар құбылыс. Оның реалды шындық процестері мен бұйымдарын сырттан жинақтап, қорыта бейнелеуге мүмкіндігі бар. Мұны адамның жалпы, қорытпалы ұғымдар тудыра алатын қабілетінен көруге болады. Осындай ғылыми ұғымдардың тууы оларға сәйкес келетін белгілі бір заңдардың қисындастырылуымен парапар. Осы айтылып отырған қорытпалы ғылыми ұғындар мен қисындастырылған заңдарда материялық дүние құбылыстарының қозғалысы, дамуы ішкі қайшылықтары мен жаңа сапаға өтуі, өздеріне тән объективті заңдылықтары қалай бейнеледі, қорытылады және сөз арқылы белгіленіп, қайталады, - міне, диалектикалық материализм осыны зерттейді. Басқаша айтқанда, ол логикалық ұғымдар мен категориялардың диалектикалық мәнін, олардың таным процесіндегі ролін зерттейді. Сондықтан да диалетикалық материализм басқа жеке ғылымдарды дүние танымының бірден-бір дұрыс әдісімен қаруландырады, дүниенің объективті заңдарын ойлауда дәлме-дәл бейнелудің жолын көрсетеді, басқаша айтқанда, олар үшін ақиқат танымының ғылыми методологиясы қызметін атқарады. Қоғам дамуының қайшылықтары мен заңдарын ғылым тұрғысынан зерттеп, санада дұрыс бейнелеу әрқашан да прогресшіл таптардың мүддесіне сай келеді. Олай болса, адамзат тарихындағы бірден-бір ғылыми-философия – диалектикалық материализм революцияшыл жұмысшы табының, оның маркстік авангарды коммунистік партияларының дүниеге көзқарасы, бейбітшілік, демократия және социализм-коммунизм жолындағы күресінің жауынгер теориялық қаруы болып табылады.
Диалектика және оның алтернативасы |
|
Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебеп заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көнегрек философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасы дүниегекеліп, қалыптасты. Қозғалыстының түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен – ақ байқалған болатын. Сократ қарама – қарсы пікірлерді қарастыра отырып ақиқатқа жетуді, яғни айтыса білуді, дәлелді, дәйекті сөз жүесімен қарсыласты жеңуді диалектика деп ұғынды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінде философия мен жаратылыстану ғылымдарында диалектиканың дамуына Д. Бруно, Н. Коперник, Н. Кузанский, Р. Декарт, Б. Спиноза сияқты ойшылдар үлес қосты. Диалектиканың екінші тарихи формасы неміс класикалық философиясында идеалистік негізде қалыптасты. Бұл ағымның аса көрнекті өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель дүниеге деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама – қарсы қойды. Диалектиканы дамытуға, әсіресе, Г. Гегельдің қосқан үлесі мол болды. Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея деп білді. Абсолюттік идея үнемі өзіндік қозғалыста болады, ол дамуының әр кезінде табиғат, адам болмысы түрінде нақты көрініс табады. Маркс пен
Энгельс Гегельдік диалектиканың "мәнді
дәнін”, - даму идеясын ғана сақтап қала
отырып, нақты, шынайы материалдық және
рухани дүниенің біртұтас даму диалектикасын
қалыптастырды. Диалектиканың ең жалпы
заңдары объективті дүниеге де, рухани
салаға, адам ақыл – ойы мен санасына да
ортақ, тұрақты әрі мәнді байланыстарды
қамтиды. Диалектикаға қарама – қарсы даму концепциясы және ойлау тәсілі есебінде метафизиканың негізгі белгілері мыналар: біріншіден, метафизика тұрғысынан алғанда объект бөлшектердің механикалық жай қосындысы ретінде қаралады. XX ғасырдың басында орыс
философы В. И. Ленин "Философиялық
дәптерлер” деген Диалектиканың негізгі емес
деп аталатын заңдары дамудың және өзіндік
дамудың жеке жақтарын ашып көрсетеді.
Оларға мән мен құбылыс, жеке мен жалпы,
мазмұн мен түр, себеп пен салдар, мүмкіндік
пен шындық, қажеттілік пен кездейсоқтық
арасындағы диалектикалық өзара байланыстар
жатады. Сөйтіп диалектика – сыртқы
дүние мен рухани жан дүниенің байланыстары
мен даму заңдылықтары туралы теориялық
білімдер жүйесі, дүниеге шынайы, нақты
көзқарастың түп негізі, ой - өріс әдісі. | |
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады. Оқу – танымдық іс - әрекет – бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады. Оқу – танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу – танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу – танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл – ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді. Танымдық іс – әрекеттің өзге
әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі
– оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен»,
әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның
бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты.
Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім
алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын
оятуға, ақыл – ойының дамып, жетілуіне
түрткі болатын танымдық Оқушының танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс- әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу – танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы – кітаптар, лабораториялық құрал – жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т.б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады. Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды. Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес. Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін
тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке
тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар
мен ой-сана операциясының бағыттылығымен
(талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау,
т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен
бейімделінеді. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендіруде оқу материалының маңыздылығы
дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай
білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра
білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына
да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа
оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде
қатысушылардың арасында ақпарат алмасу
қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды
игеруіне және оны практикада қолдануына
қызмет ететін мәліметтер қамтылады. Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу- танымдық іс-әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Белгілі бір дәрежеде оқу-танымдық
іс-әрекетті белсендірудің қажеттігі
туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік
жүйенің (мазмұн, әдіс-тәсілдер, оқыту
формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы
негізінде оқу-танымдық іс-әрекет міндеттерін
жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу-тәрбие
үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар
жүзеге асуы тиіс: Оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс. Оқу-танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк
– экономикалық дамуында жетекшi роль
атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай
түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының
жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi
– рухтың материяға, сананың болмысқа
қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының
басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы
– ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң
жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды
қалыптастырады. Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары
бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын
жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский
«Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта
күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше
алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi
жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi. - психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы; - денелiк дамуға – дене
бiтiмiнiң өз жасына сай болуы; - әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы; - жалпы дамуға – оқушының
жан – жақты үйлесiмдi дамуы, -
деп қорытындылай келе, сыныптан
тыс уақытта бастауыш сынып
оқушыларын дамытудың ғылыми
– теориялық негiзiн айқындай
отырып, бастауыш сынып оқушыларымен
жүргiзiлетiн жұмыстардың Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың бiр ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт – дәстүрiне, әдет – ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып көрсетедi. Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудiң ғылыми – педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын орнының маңызы зор екенiне тоқталады. ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн негiзге ала отырып тұжырымдайды. Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң
мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн ұйымдастыруға
байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова,
С.Қ.Әбдiлдинаның еңбектерi арналған. Бiз,
тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды
адамгершiлiкке тәрбиелеуде жоғарыда аты
аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми
тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе,
«Тарих тағылымдары» атты бастауыш сыныптарға
арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда
оқулықтардың мүмкiндiктерiн негiзге алдық.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк
тәрбие берудiң ғылыми – теориялық негiзiн
айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп
алып отырған ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан
тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те,
бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу
барысында айқындадық. |