Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 17:39, курсовая работа
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.
КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1. ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК ТАНЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................4
1.1. Диалектика және материализм ұғымдарының тарихи- теориялық сипаттамалары.............................................................................................4
1.2. Диалектикалық-материалистік танымның қазіргі заманғы теориялық негіздері........................................................................................................9
2. ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....12
2.1. Педагогикалық теория негізіндегі оқушылардың табиғат туралы диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру.....................12
2.2. Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары..............................................21
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................35
ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................................38
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан. Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады Көптеген ғалымдар (М.Фамин, В.И.Фурсов, В.В.Журавлев, Ә.Н.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков және т.б.) экологиялық тәрбиенің философиялық тұжырымдамаларын анықтап, табиғатқа саналы көзқарасты адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде қарастырған, белгілі психологтар болса (Т.Тәжібаев, М.Мұқанов. Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б.) жеке тұлғаны тәрбиелеудің психологиялық аспектілеріне мән берген. Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері В.А.Сухомлинский, Н.К.Скалон, А.Н.Захлебный, М.Н.Сарыбеков, Т.В.Кучер, Ғ.К.Ділімбетова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. еңбектерінде көрініс тапса, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жолдары А.А.Сотников, К.Ж.Сарманова, Ұ.Ә.Есназарова, К.С.Құрманбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделенген.
Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастың ұлттық салт-дәстүрлер мен байланысы, халық педагогикасын зерттеген ғалымдардың (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Р.Төлеубекова, Қ.Аймағамбетова, Р.Дүйсембінова және т.б.) еңбектерінде көрініс алады.
Бастауыш сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін тікелей зерттеген ғалымдардың (С.Н.Николаева, А.М.Пушнина, Н.Н.Кондратьева, Г.В.Кирикэ, Е.И.Золотова, Н.Ф.Виноградова, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.М.Мұханбетжанова, П.Г.Самарукова, Н.А.Рыжова, Т.В.Христовская және т.б.) еңбектерінде табиғаттың тұлғаны қалыптастырудағы ықпалы туралы құнды ғылыми-әдістемелік тұжырымдар берілсе, мектепке дейінгі тәрбие мәселесін қарастырған ғалымдардың еңбектерінде (Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, Қ.М.Меңдаяқова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова және т.б.) тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылады.
Көптеген ғалымдар жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық, әдістемелік аспектілерін жүйеге келтіреді (Н.А.Гладков, Я.И.Габев, С.Н.Назарова, Е.А.Сластенин, А.В.Чигаркин, М.Н.Фомин, Е.З.Батталханов және т.б.), кейбірі экологиялық іс-әрекеттің мәнін айқындап, мазмұнына жан-жақты сипаттама береді (С.Н.Соломина, И.Д.Лаптев, В.А.Ясвин және т.б.). Оқытудағы сабақтастық проблемасына қатысты құнды ой тұжырымдар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренконың еңбектерінде көрініс алса, оқытудың әдіснамалық ұстанымы ретіндегі сабақтастық С.М.Годник, З.А.Мукашев, А.В.Петров, А.В.Самускевич, Э.А.Баллердің еңбектерінде зерделенеді. Бірқатар ғалымдар (Б.Г.Ананьев, Ш.И.Ганелин, А.К.Бушля және т.б.) сабақтастықты ағарту жүйесінің әр түрлі буындары арасындағы байланыс ретінде қарастырса, енді бірі (И.Т.Суравегина, Н.М.Мамедов, И.Д.Зверев, В.Л.Горохов, А.Н.Чилингаров, А.Н.Захлебный және т.б.) экологиялық білімнің үздіксіздігін сабақтастық ұстанымын орындаудың құралы деп түсінеді. Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың ғылыми тұрғыда негізделмегенін дәлелдейді. Демек, отбасында, балабақша мен бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие берудегі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; кіші жас балаларына қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады. Осы қарама- қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды. Егер, үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие беру сабақтастығының теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, құрылымдық жүйесі, шарттары, әдістемесі анықталса және оларды жүзеге асыруға байланысты тұжырымдама мен соған сай әдістемелік кешен жасалып, практикаға енгізілсе кіші жастағы балалардың экологиядан білімі толысып, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады. Ал, бұл болса оларға табиғатты қорғауға, онымен достасуға көмектеседі.