Оқушылардың табиғат туралы диалектикалық-материалистік таным көзқарасын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 17:39, курсовая работа

Описание работы

Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1. ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК ТАНЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................4
1.1. Диалектика және материализм ұғымдарының тарихи- теориялық сипаттамалары.............................................................................................4
1.2. Диалектикалық-материалистік танымның қазіргі заманғы теориялық негіздері........................................................................................................9
2. ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....12
2.1. Педагогикалық теория негізіндегі оқушылардың табиғат туралы диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру.....................12
2.2. Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары..............................................21
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................35
ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................................38

Файлы: 1 файл

Оқушылардың табиғат туралы диалектикалық.docx

— 82.48 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

2.2.Оқыту процесінде  оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын  қалыптастырудың педагогикалық  шарттары

 

 «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында» экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру  мәселесі  қамтылады.

Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі. Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда «екінші табиғат» деп атайды.

Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй-күйлерінің болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы (болмыссыздығы) ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы – сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гегель қалыптасу процесін саралай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен болатын.  Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі, тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.

«Екінші табиғат» қатаң түрде шынайы, бірінші төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы десе болады. Әйтседе, «екінші табиғаттың» өзіндік мәнді ерекшеліктері де жоқ емес. Екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы: біріншіден, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеді, екіншіден, «екінші табиғат» дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылды, үшіншіден, «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындады. Осылайша, екінші табиғат бірінші табиғаттың заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалды. Яғни, «екінші табиғат» болмысы – табиғи  -  рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен «екінші табиғаттың» үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, «бірінші табиғат» пен «екінші табиғаттың» ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың жалпы адамзаттық мәселесі болып табылады.

Дамудың диалектикалық концепциясының басты ерекшелігі мынада: даму дүниеде бар нәрселердің саны жағынан жәй ғана өсуі (көбеюі немесе азаюы) тұрғысында ғана түсіндірілмейді, ол ескінің құру, жойылу және жаңаның пайда болу процесі ретінде ұғындырылады. Бұл процесс сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне және керісінше өту заңына негізделеді. Сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өтуінде керісінше процесс те болады: жаңа сапа жаңа сан өзгерістерін тудырады. Бұл табиғи нәрсе, өйткені жаңа сапа басқа сандық параметрлермен заңды байланыста болады.

Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері үздіксіздіктің, бірте-бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Тірі заттың пайда болуы өлі материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі емес, керісінше, оның түбірлі сапалық өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары бар материяның мүлдем жаңа түрінің тууы деп білеміз. Міне, бұл – дамудағы үздіксіздік.

Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (үздіксіз түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрайды. Үздіксіздіктің, сапалық өтулердің осындай типтік және неғұрлым жалпы формаларына тоқталатын болсақ ол: біріншіден, бір сапаның басқа сапаға айтарлықтай тез және бірден айналу формасы; бұл өзіне тән құрылымы бар объект біртұтас система ретінде бірден, түбірлі сапалық өзгеріске ұшыраған кезде болады; екіншіден біртіндеп болатын сапалық өту формасы; бұл нәрсе бірден және тұтастай өзгерместен, сапалық өзгерістердің біртіндеп жинақталу жолымен оның жеке жақтары, элементтері өзгергенде, осындай өзгерістердің қорытындысында ғана ол бір күйден басқа күйге өткенде болады. Демек, сапалық жағынан ауысу қаншалықты біртіндеп жүргенмен де, ол үздіксіз болып табылады.

Үздіксіздік нәтижесінде пайда болған жаңа сапа жаңа мөлшерлік өзгерістер туғызады. Сөйтіп, бұл заң даму процесінің механизмін  көрсете отырып, «қалай? қайтіп дамиды?» деген сұрақтарға жауап береді. Диалектиканың даму заңдылығынан бастау алған үздіксіздік педагогика ғылымында  тігінен, көлденеңінен динамикалық икемділік пен универсалды болу қажеттігін білдіреді. Оқытуды тәжірибеге бағыттау жағы күшейтілсе және тұлғаның білім троекториясын еркін сақтап қалу, білім беру субъектісі ретінде  үздіксіз білім беру жүйесі өзіндік негіз болып табылады.

Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі «өмір бойы білім алу» қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.

Демек, «үздіксіз білім беру» термині  әлемдік практикада осыдан алпыс жыл бұрын қолданысқа енгенімен, оның негізгі идеялары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ жариялым  алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы  «өмірлік білім беру» идеясының орнына  «өмір бойы білім алу» идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр.

Н.А.Лобановтың сөзімен айтқанда «үздіксіз білім беру» біріншіден, жеке тұлғаның даму кезеңдеріне  үздіксіз білім берудің белгілі бір басқыштары мен деңгейлері, оның нақты мақсаттарын іске асыру шарттары мен мүмкіндіктері  сәйкес келеді.

Екіншіден, білім беру жүйесін біріңғай үздіксіз білім беру жүйесіне айналдыру үшін бірқатар ұстанымдарды  негізге алу керек, атап айтқанда: үздіксіздік,  демократиялық,  жалпылық және т.б. ұстанымдар.

Үшіншіден,  үздіксіз білім беру жүйесі оның сатылық және көп құрамдық құрылымынан көрінеді: білім берудің көп деңгейлілігі ( отбасы, балабақша, бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі);   мамандарды даярлаудың көп  сатылығы; оқу орындарының көп қызметтігі (оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары); білім бағдарламалары мен құрылымының  вариативтігі.

Осы қағидалардың негізінде  үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларын  қамтитын кешен қолданылады.     Бұл кешенде сабақтастықтың екі  принципі сақталады: төменнен жоғарыға  дейін; жоғарыдан төменге дейін. Ал, бұл білім беру сатыларының сабақтастығы  жүйесін қамтамасыз етеді:  отбасы → балабақша →бастауыш мектеп →арнайы орта білім → жоғары білім → жоғарыдан кейінгі білім (Білім жетілдіру). «Жоғарыдан төмен» жүйесі оқу орындарының басқару қызметін білдіреді. Демек, мұндай құрылым білім беру кеңістігінің біртұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді.  Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дұрыс интеграциялаған жағдайда білім алушылар білім берудің төмен деңгейінен жоғары деңгейіне  жеңіл өте алады.

Біздің зерттеуімізге сәйкес үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесінің  бірінші сатысы - отбасы, яғни баланың алғашқы әлеуметтік ортасы — мұнда баланың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алуға деген алғашқы іс-әрекет дағдылары қалыптасады. Бұл баланы  балабақшаға дайындаудың алғашқы қадамы болып есептеледі.

Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің  екінші сатысы — мектепке дейінгі тәрбие. Мектеп пен басқа оқу мекемелері қызметінің нәтижесі негізінен мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Бұл ерекшеліктер балабақша мен бастауыш  мектептердегі тәрбие сабақтастығының тиімділігін дәлелдейді.

Үшінші  саты – бастауыш мектеп, балабақшада берілетін тәрбие мазмұнының жалғасы және жоғары сатыларда берілетін білімнің негізі, алғашқы бастауы.

Үздіксіз білім берудің негізгі сипаты білім беру жүйесінің біртұтастығымен айқындалып, білім беру сатыларының арасындағы тығыз байланыстың болуы сабақтастықты білдіреді. Ал, бұл болса үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие беру сабақтастығын білім беру процесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында еліміздегі толассыз белең алған экологиялық ахуалды жақсартудың жаңаша мүмкіндіктері айқындалып, экологиялық білім мен  тәрбие беру мәселесіне ерекше мән беріледі. 2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі реттеліп, оның жоғары деңгейде шешілуі қажеттігі басты назарда болды.

1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың  халықаралық одағының жанынан  табиғат қорғау жөнінде білім  берудің тұрақты комиссиясы құрылып, табиғатты қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен  қарауға жұмылдыру мәселесіне  Біріккен Ұлттар Ұйымы назар  аудара бастады. 1960 жылдың аяғында  педагогикада экологиялық білім  мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негізін қалыптастыру  бағытында «табиғат қорғауға  оқыту» термині кең қолданылды. 1970 жылдың ортасында бұл терминді  «табиғат қорғауға тәрбиелеу»  термині ауыстырып,  соңғы жылдары уақыт талабына сай «экологиялық тәрбие», «экологиялық білім» терминдері  пайдаланылуда.

Экология – биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады.

Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып,  оны сабақтастықта жүргізуді  талап етеді.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы 20 жылының «Экологиялық білім беру жылы» деп жариялануы үздіксіз экологиялық білім берудің барлық өркениетті елдерде ең басты әрі көкейкесті проблема болып отырғандығын тағы да дәлелдеп берді.

Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:

- мектепке дейінгі мекемелер  мен арнаулы орта және жоғары  оқу орындарында экологиялық  білім негіздерін міндетті түрде  оқыту;

-  басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;

- қоршаған  ортаны  қорғау  саласынан ғылыми зерттеулердің, конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.

Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық,  екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.

Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің  пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады. Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, «Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», – деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі. Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз. Егер, табиғатты қорғау – әлеуметтік табиғи түзілім десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға  зерттеуіміздің мазмұнына сай, біз төмендегідей  мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдік:    

Экологиялық сана — экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын  бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті  экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.    

Экологиялық таным — ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі,  табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.

Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас «адам мен табиғат», «табиғат–қоғам» жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.

Информация о работе Оқушылардың табиғат туралы диалектикалық-материалистік таным көзқарасын қалыптастыру