Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 17:39, курсовая работа
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.
КІРІСПЕ.........................................................................................................2
1. ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК ТАНЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................4
1.1. Диалектика және материализм ұғымдарының тарихи- теориялық сипаттамалары.............................................................................................4
1.2. Диалектикалық-материалистік танымның қазіргі заманғы теориялық негіздері........................................................................................................9
2. ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-МАТЕРИАЛИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....12
2.1. Педагогикалық теория негізіндегі оқушылардың табиғат туралы диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру.....................12
2.2. Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары..............................................21
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................35
ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................................38
Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы — табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада — экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.
Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.
Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады.
Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель «Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама… табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады»,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит «… табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды»- дейді, ал неміс философы Л.Фейербах болса «адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды»,- деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат
- қоршаған ортаның тазалығы
мен адам денсаулығының
- экологиялық білім беруді
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап, бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
«Сабақтастық», «үздіксіздік» ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай өзгеруді білдіретін болса, белгілі бір кезеңде сандық өзгерістер құбылыстың жаңа сапаға өтуіне әсер етеді, сөйтіп өзгерістердің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сабақтастықтың философиялық заңдылықтары мен мәні бірқатар ғалымдардың (Э.А.Баллер, Б.С.Батурин, А.И.Зеленков, Г.Н.Исаенко, З.А.Мукашевтың және т.б.) зерттеулерінде қарастырылып, сабақтастықтың терістеуді терістеу заңының маңызды жақтарының бірі екендігіне мән беріледі. Солардың ішінде Э.А.Баллердің көзқарасынша «сабақтастық – жүйеліліктің өзгермелі элементтерінің тұтастай немесе бөлек түрде ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс пен танымның бірнеше сатылары мен кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни бір жағдайдан келесі жағдайға көшуі» болып саналады.
Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын ұстанатын а)деструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару); ә)кумуляция (ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); б)конструкция (құру, жаңаны жасау, қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз – тарихи процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты, өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады. Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды. Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.
Одақтық энциклопедияда сабақтастық – «даму процесінде құбылыстар арасындағы жаңаның ескіні ығыстыра отырып, оның кейбір элементтерін өзінде сақтап қалатын байланыс» деп берілсе, педагогикалық энциклопедияда «Оқытудағы сабақтастық – оқу пәнін оқып-үйренудің түрлі сатыларында оның бөліктері арасында қажетті байланыстар мен дұрыс арақатынасты құрудан тұрады» деп көрсетілген. Олай болса, сабақтастық ұғымы оқытудың әрбір сатысында оқушылардың білімдері мен біліктеріне, жаңа оқу материалын түсіндіру формаларына, әдістері мен тәсілдеріне және оны бекітуге бағытталған барлық жұмыстарға қойылатын талаптарды сипаттайды.
Сонымен ғалымдардың берген анықтама-түсініктеріне және Білім заңына жасаған талдау білім беру жүйесінің әрбір буыны немесе сатысы бір-бірінен бөлініп, жекеленіп қалмай, келешекте берілетін біліммен сабақтастықта жүргізілгенде, бала бұрынғы сатыда алған білімін еске түсіру арқылы жаңаны қабылдауға ұмтылыс жасайды деп ой тұжырымдауымызға және: сабақтастық - үздіксіз білім беру процесіндегі баланың дене және рухани дамуының ішкі үйлесімді байланысы мен жеке басы дамуының бір сатыдан екінші сатыға өтудегі ішкі дайынды, ал үздіксіз білім беру процесіндегі (отбасы→ балабақша → бастауыш мектеп) экологиялық тәрбие сабақтастығы – баланың қоршаған ортадағы әсемдікті сезініп,оны бағалай білу қасиеттері мен дағдыларының мектепке дейінгі кезеңнен бүкіл ғұмырындағы түрлі сатылар арасындағы байланысы деп өз анықтамамызды беруге септігін тигізді.
Әлбетте, «экологиялық тәрбие сабақтастығын» тиімді жүзеге асыру кіші жас балаларының өзіндік педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты екені белгілі. Өйткені баланың бұл ерекшеліктерін ескермей экологиялық тәрбиелілігін жүзеге асыру мүмкін емес. Біз өз зерттеуімізде баланың әрбір жас кезеңіндегі ерекшеліктеріне, жеке басының мінез-құлқының қалыптасуына, қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдауына, қоғамның оларға қоятын талаптарына тоқталамыз.
Отбасында баланың қарапайым іс-әрекетке деген талпынысы мен оны іске асыра білу дағдылары пайда болып, жетіле түседі. Мұның жәй талпынудан, ниет білдіруден өзгешелігі сол – бала өз мақсатын ұғынумен қатар, оған жету жолдарына ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балаларда қоршаған дүниеге деген қызығушылық басым болып, таным үрдістері қалыптасып, бақылампаздығы, ережеге бағына білуі жетіледі, мінез-құлқы орныға бастайды. Табиғаттағы заттардың жалпы белгілерін сыртқы қасиеттеріне, материалына, қажетіне қарап ажырата бастайды, заттарды топтап, құбылыстар арасындағы қарапайым себепті байланыстыруға әрекет жасайды. Белгісізді анықтауға бағытталған тәжірибесіне сүйеніп, ата-аналарынан көптеген сұрақтарға жауап алуға талаптанады.
Сол себепті экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ұсынылатын материалда балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескеріп оны тәрбие процесінде тиімді пайдаланған дұрыс. Балалардың отбасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген қызығушылығы, оларды сырттай бақылауы, өсімдіктерді басып-жаншып сындырмау, өзен-көл суларын ластамау, қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға ғана тән табиғат қорғау іс-әрекеттерінің ата-аналардың ықпалымен жүргізілуі балалық шақтан дағдыға айналып, күнделікті өмірде орындауға тиісті міндеттерге айналуына мүмкіндік туғызады
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып, жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс табады. Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуға бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда бұл жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.
Бұл жаста балалар судың қажеттілігін, бастау, бұлақ, қайнардың қайдан пайда болатыны туралы түсініктерді тәрбиешілердің көмегімен түсініп, суды үнемдеп жұмсау дағдылары пайда бола бастайды. Қыс айларында топ бөлмесіндегі ауладан әкеліп қойған бұтақтарды бақылау барысында жасанды түрмен бүршіктер, жапырақтардың пайда болғанын еске түсіріп, табиғи құбылыстардың нәтижесінде барлық ағаштар бүршіктеніп, жапырақ жайып, кейбіреулерінің гүл жаратындығы жөнінде түсінік қалыптасады. Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат беріліп, олардың пайда, зиянына тоқталып, өсіп тұрған жерін қоршап қою сияқты іс-әрекет түрлерін атқара алады.
Бастауыш сынып. Бастауыш сыныптың табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер білім ұясы саналатын мектептен көп қызық дүние, үлкен жаңалық күтеді. Мектеп жасындағы балалар үшін мұғалімнің айтқанының бәрі заңды, бәрі орындалуға тиісті жағдайлар болып саналады. Бұл жастағы балалар сенгіш, тіл алғыш, қоршаған ортадағы өзін қызықтыратын нәрселерге, іс-әрекетке еліктеушілігі басым және оларға араласуға ынталы болып келетін әсерленгіш қасиеттері мен есте сақтау қабілетінің қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сол себепті бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие беру жұмыстарына балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес лайықтыларын ғана пайдаланып, оларды тиімді қолдана білген жөн. Бастауыш сыныптағы ана тілі мен дүниетану, музыка мен бейнелеу өнері, математика мен еңбекке баулу пәндері негізінде экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыз ету, оқу бағдарламасына сәйкес әрбір пәндегі табиғатқа қатысты берілген тақырыптардың оқушыларға экологиялық тәрбие берудегі мүмкіндігін пайдаланумен қатар, балалардың қоғамның бір мүшесі ретіндегі табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын арттыруға да ықпал етуге болады.
Біз жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кіші жастағы балалардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруда олардың жас кезеңдерінің, ыңғайлы кезең екендігін, нақты компоненттерді тірек ете отырып (мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік) шешімін іздестіруге болатынын дәлелдейміз.
Мотивациялық-құндылық компонент – балалардың табиғатпен қарым-қатынасындағы мотивтерінің (түрткілерінің) жиынтығы, қоршаған орта жөніндегі ұғымдар мен табиғатқа деген жағымды көзқарасының қалыптасуы, табиғатпен мәдени қарым-қатынас жасауды өз деңгейінде зерделеп ұғынуы. Эмоционалдық-сезімдік компонент – қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде эстетикалық әсерге бөленіп, табиғаттағы әдемілікті көңіл-күймен сезінуі, табиғатқа және оның объектілеріне деген қызығушылықтарының артуы, табиғат аясындағы мінез-құлық этикасы. Іс-әрекеттік компонент – табиғатты қорғауға байланысты пайдалы іс-әрекет дағдыларының қалыптасуы.
. Бұл бағыттар сабақтастық факторлары мен сабақтастықтың белгілі бір педагогикалық шарттарын сақтаған кезде ғана жүзеге асады. Жүзеге асырылған экологиялық тәрбие сабақтастығы құрылымы аталған мәселелерге жеткілікті көңіл бөледі, пәндік жүйені жетілдіре отырып, оның кемшіліктерін жоюға мүмкіндік туғызады. Ол оқушыларға қызығу туғызатын, мағыналы түсінікті материал арқылы берген кезде пайдалы болады; пәндер арасындағы сабақтастықты тереңдетеді, сол арқылы жалпы идеяға біріктірілген және уақыт бойынша шоғырландырылған әртүрлі ақпараттарды көбірек қабылдауға мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде (отбасы→ балабақша → бастауыш мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады. Көпсатылы оқу жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі бойынша «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы» (2003ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясы» мен «Білім туралы» Заңында, бірқатар ұсыныстар беріліп, жаңа шешімге бағыттап отыр. 2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» мемлекеттік экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі берілген. Алайда жоғарыда айтылғандардан экологиялық білім мен тәрбие мәселесіне бүгін ғана аса назар аударылып отыр деген ой туындамауы керек.