Озық тәжірибені талдау және қорытындылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 16:48, реферат

Описание работы

1. Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде зерттеудің ерекшелігі мұнда, ол басқа да жеке әдістер мен тәсілдерді қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады: бақылау, әңгіме, сауалнама өткізу, мектеп пен білім мекемелерінің құжаттарымен танысу.

Мектеп тәжірибесін зерттеуде сауалнаманың бірқатар белсенді жақтары бар: сауал арқылы аз уақыт ішінде салыстырмалы деректер алуға, алынған материалдарды өңдеудің сандың әдісін қолдануға болады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 54.73 Кб (Скачать файл)

 Білім беру төңірегіндегі мемелекеттік саясат, заң актілері, құжаттар;

 Мұғалімдердің педагогикалық  мәдениетінің деңгейі, олардың  жеке кәсіптік өлшемдері болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы.

 Мектеп ұжымының моральдық-психологиялық ауа-райы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық-техникалық мүмкіндігі.

 Мектептегі педагогикалық тәжірбиені  оқып үйрену, мұғалімдердің инновациялық  белсенділігі, мектеп басшыларының  әдістемелік жұмысты кәсіптік деңгейде іске асыруға дайындығы; мұғалімдердің арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай.

 Көптеген мектептерде әдістемелік  жұмыстарды үйлестіретін әдістемелік  кеңестер жұмыс істейді. Мектеп-тің  педагогикалық кеңесіне қарағанда  әдістемелік кеңестің бір ғана функциясы бар, ол - әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру. Оның жұмысының тиімділігі ең кемі екі жағдайға тәуелді: кеңеске кімнің жетекшілік жасауы және мүшелерінің құрамының қандай екендігі. Әдістемелік кеңеске білім берудің әртүрлі оқу пәндерінен сабақ беретін барынша тәжірибелі мұғалімдер енеді. Олар әртүрлі әдістемелік құрылымдардың жетекшілері болуы мүмкін. Көбіне әдістемелік кеңеске оқу ісінің меңгеру-шісі басшылық жасайды.

 Мектеп әдістемелік кеңесі  мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың тактикасын айқындайды. Кеңес бірлестікте, комиссияларда қаралатын мәселелерді жоспарландырады. Мектептің әдістемелік жұмыстарының жалпы бағдарламасын, семинар, практикалық материал-дардың жоспарын жасайды.

 Осылайша, әдістемелік кеңес  мектептегі әрбір мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық мәдениетін көтеру жұмысын басқаруда сайланбалы және ақылы өкілдікті танытады.

 Мектептің әдістемелі к жұмыстарының өзін ақтаған мынадай түрлерін атауға болады; Пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалім-дермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу, рөлдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткер-лік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және модельдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.

 Осылардың арасында мұғалімдердің  пәндік әдісте-мелік бірлестіктері барынша кең тараған. Ол пәндес мұғалімдермен бастауыш сынып мұғалімдерін біріктіреді де, ең кемі 4-5 пән мұғалімін топтастырады.

 Пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмысының маз-мұны көп қырлы болып келеді. Онда оқу-тәрбие жұмыстарының және оқушылар білімінің деңгейін көтеру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, озық педагогикалық тәжірибені және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу мәселелері қаралып, жаңа оқулықтар мен оқу бағдарламаларының күрделі тараулары талқыланады. Сонымен бірге тәжірибелік оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының нұсқалары, олардың нәтижелері деп талқыланады. Бірлестік мүшелері білім беретін және қадағалайтын компьютерлік бағдарламаларды талдап жасайды және сынақтан өткізеді. Оның тиімділігі мен нәтижесіне баға береді. Бірлестік жұмысының мазмұны оқушылар білімін тексеретін тақырыптық, шығарма-шылық бақылау жұмыстарын қарастыруды да қамтиды.

 Әдістемелік бірлестіктің жұмысы  сол пәннің мұғалімдерінің педагогикалық қызметін, оқушылардың білім сапасын арнайы жоспармен іске асырылады. Жоспарда жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, негізгі ұйымдық-педагогикалық шаралар (кабинеттерді безендіру, дидактикалық материалдарды сыннан өткізу, бақылау жұмыстарының мәтінін бекіту және т.б.) қамтылады, ғылыми-әдістемелік баяндамалар-дың тақырыптары, пән бойынша ашық және үлгілі сабақ-тар белгіленіп, оқушылардың білім, іскерлік және дағды-ларынынң сапасын тексерудің мерзімі мен түрі айқындалады.

 Әдістемелік жұмыстардың тиімді  түрлерінің бірі бірыңғай әдістемелік  күн (мектептің барлық педагог қызметкерлері үшін оқу тоқсанына бір рет) екі тоқсан аралығында атқарылған әдістемелік жұмыстарды қорытындылауға арналады. Бірыңғай әдістемелік күннің тақырыбы мұғалімдерге алдын ала хабарланады. Бірыңғай әдістемелік күннің қарсаңында арнайы тақырыпқа педагогикалық бюллетень шығарылып, әдістемелік талдамалардың, мұғалімдермен оқушылар шығармашы-лығын, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылады.

 Бірыңғай әдістемелік күні атқарылар жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды: ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу, оларға талдау жасап, кеңінен талқылау, жаңа әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау, өткізілген шараға баға беріп, талдау жасайтындай бірыңғай әдістемелік күннің қорытындысы мен ''дөңгелек үстел'', мәжіліс немесе баспасөз конференциясын өткізу.

 Мұғалімнің теориялық және  практикалық дайын-дығының біртұтастығы  проблемалық семинарлар мен практикумдар  барысында көрінеді. Олар мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетін ынталандырып, оны педагогика-лық инновацияға ұмтылдырады. Проблемалық семинар жұмыстарының мазмұны қазіргі заманғы педагогикалық теорияны қамтиды.

 Соңғы жылдары әдістемелік жұмыстар жүйесінде практикалық сабақтардың белсенді түрлері кеңінен қолданылуда. Олар: іскерлік, рөлдік ойындар, ойын-практикумдар, ұйымдық-әрекеттік ойындар, түрлі тренингтер. Бұл жұмыс түрлерінің даусыз жетістігі - орындалған әрекеттің көп нұсқалылығы, нақты практикаға барынша жақындығы ұжым болып талқылауға қолайлылығы және т.б. Әйтседе практикумдарды ұйымдастырушылар мұғалімдердің бұндай шараларға қатысуға ықылассыздығы, оларды жүргізуге әдістемелік дайындықтың аздығы сияқты кедергілерге тап болуда. Бұның бәріде проблемалық семинарлар мен практикумдарды ұйымдастыруға білікті басшылықтың керектігін танытады.

 Озат тәжірбие мектебі негізінен  дербес және ұжым-дық тәлімгерліктің  мақсаты мен міндетін іске  асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Қазақстан мектептерінде тәлімгерлік  дәстүрдің бай тарихы бар болғанымен бір мектеп қабырғасында ұйымдастырылған озат тәжірбие мақсатты, толыққанды сипат алады. Бұл мектептің негізгі міндеті - тәжірибелі мұғалімнің, басшының тәжірибесі өз әріптесіне әдістемелік көмек көрсету. Бұндай мектепті қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады.

 Озат тәжірбие мектебі жұмысын  бағалау екі жақты тиімділікті  ескеру тиіс. Мектеп басшысы мұғалімдердің  сабақтарына қатысып, оларға сабақ  технологиясы мен әдістемесі, жоспарластыру  мәселелерімен ақыл-кеңес беріп, білім берудің теориялық мәселелерін талқылаумен бірге мектептің педагогикалық жүйесін жетілдіреді, өзінің кәсіптік позициясының дұрыстығына көз жеткізеді. Озат тәжірбие мектебінің екінші тиімділігі - мұғалім әріптес-тердің жаңашыл, шебер мұғалімнің шығармашылық лабораториясымен тікелей танысуға мүмкіндігінің болуы деп білеміз.

 Озат тәжірбие мектебінің  құрылымында оның бір көрінісі немесе дербес буыны ретінде жас мұғалім мектебінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның мәні - жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдер тәжірибелі мұғалімнің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікте бірігеді. Оның жұмысы сабақтың және сыныптан тыс шараның мақсатын белгілеудің техникасы мен әдістемесі, сынып жетекшісі жұмысын жоспарлас-тырудың ерекшеліктері, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін анықтау сияқты арнайы жоспармен жүргізілді. Жас мұғалім мектебіндегі оқуларда сабақтың технология-лық картасын жасау, оқу процесінде компьютер құрал-дарын қолдану сияқты практикалық шаралар қарас-тырылады. Тәжірибелі педагогтің жетекшілігімен бір-бірімен араласқан жас мұғалімдер кәсіптік дамуын жолға қойып, өзінің шығармашылық қасиетін іске асыруға ұмтылады.

 Көптеген мұғалімдердің тәжірибесі  көрсетіп отырған-дай, педагогикалық шығармашылық пен белсенді әрекеттің күрт бәсеңдеуі болашақ мұғалімдердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерден соң мектептегі алғашқы жылдары бірден таза практикалық қызметпен айналысуынан туындайды. Сондықтан бұл кезеңде арнайы теориялық дайындықты үзбей оны практикада қолдану арқылы тереңдетудің маңызы зор. Жас мұғалім мектебі міне осы маңызды міндетті шеше алады.

 Мектептерге эксперименттік  жұмыстар ұйымдас-тыруға кең мүмкіндік  беріп отырған кезеңде проблемалық (инновациялық) топтың әрекеті қызу қолдау табуда. Мұғалімдердің мұндай тобы мектеп басшыларының, ғалым-педагогтардың, мұғалімдермен өзінің бастамасы-мен құрылуы мүмкін. Бұл топ озат тәжірибені өз мектебінде және одан тысқары жерлерге де жинақтап, таратуға күш салады.

 Егер проблемалық топ өз  концепциясын немесе әдістемелік  жаңалығының талдамасын жасап,  практикаға енгізумен айналысатын болса, онда ол топ ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі белгілері бар эксперимент-тік-тәжірбиелік әрекет жүргізеді. Ал ондай жұмыстар зерттеу тақырыбы мен мәселелерін негіздеу, күткен нәтижелерге болжам жасау, зерттеу әдістерін таңдау сияқты маңызды міндеттерді қамтиды. Бұл жұмыстар педагогикалық ЖОО, ҒЗИ және МБА педагог оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен іске асады. Проблемалық топтың қызметіне басшылық тарапынан ықылас қойылып, мүдделік танытылса, ол мектептің педагогикалық ұжымында жақсы инновациялық атмосфера қалыптастыра алады.

 Мектептегі әдістемелік жұмыстардың  ұжымдық түрлерінің бірі педагогикалық ұжымның таңдаған ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша қызметі. Бұл жұмыс түрінің тарихы терең болғанымен оның жұмысын-да көптеген шарттылықтар сақталып қалған. Оның негізгі себептерінің бірі - тақырыпты кездейсоқ таңдаудан туындайды. Бұндай жағдайда зерттеу тақырыбы нақты ұжымның нақты мәселелерін шешуге арналмаса, онда ол зерттеу тақырыбының өмірі қысқа және соңы сәтсіз аяқталады. Бұндай жағдайда мектеп басшылары алынатын нәтижені, оған жеткізетін мақсаттарды, әдіс-тәсілдерді анықтап, ұжымды соңынан ерте білуі, олардың сол тақырып пен жұмыс істеуге деген құлшынысын оятып, шығармашылық қасиетін жұмылдыра білуі тиіс. Бұл істе қажеттілігіне қарай ғылыми-педагогикалық күштерді бірлесіп жұмыс жасауға (кеңес,

 жетекшілік, ынтымақ-тастық) тартудың маңызы зор.

 Ғылыми-әдістемелік тақырыппен жұмыс істеудің тиімділігінің төмен болуының бір себебі -педұжымның өз мектебіндегі мәселелерді айқындап, мақсатын белгілей алмауы, бірлесе жұмыс істеуді жолға қоя алмауы. Келесі бір себеп, педагогтың зерттеу тақырыбы бойынша озат тәжірибемен теориялық негіздерді, оның үйренуге деген ынтасының болмауы. Осыдан келіп жұмысқа деген ынта жойылады, уақыт, күш босқа жұмсалады.

 Ұжымдық зерттеу тақырыбы  бес жылға жоспарлануы мүмкін. Бұндай жағдайда әр жылдың мақсаты, міндеті айқындалып, әр әдістемелік буынның (пәндік-әдістемелік бірлестік, пәндік комиисия, проблемалық топ) жұмыс көлемімен мазмұны белгіленеді, оны іске асырудың, есеп берудің мерзімдері жоспарластырады, әрбір аралық кезең ғылыми пракатикалық конференция, педагогикалық оқу, жалпы мектептік семинар, педагогикалық немесе әдіс-темелік кеңес түрінде жалпы мектептік есеппен қорытын-дыланады.

 Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педаго-гикалық оқулар, шығармашылық  есептер жекелеген мұғалімдердің,  әдістемелік бірлестіктердің әдістемелік  жұмыстарының қорытынды түрі болып табылады. Автор-лар хабарлама, баяндамаларында әріптестерін зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырады. Ал қатысушы мұғалімдер, оны өз жұмыстарының нәтижелерімен салыстырып, ұсынылатын әдістәсілдердің тиімділігіне көз жеткізе алады. Мектеп директорының ғылыми істер бойынша орынбасары қызметі енгізілген мектептерде бұл жұмыс барынша қомақты, нәтижелі болып жүргізіледі. Ғылыми-практикалық конференциялар, педоқулардың қорытындысы салтанатты сипат алып, өзге ұжымдардан шақырылып, зерттеу және әдістемелік жұмыстарының нәтижелері бойынша мұғалімдер марапатталады.

 Әдістемелік жұмыстардың түрлерін  ұйымдастырудың негізгі сипатына  тоқтала отырып, әдістемелік жұмысты  ұйымдастырудың түрлерін ескі  не жаңа, күні өткен не қазіргі заманғы деп бөлуге болмайтынын атап айтуға тура келеді. өйкені, оның тиімділігі дербес, топтық және ұйымдық қажеттіліктер мен олардың мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.

 

 Мұғалім әдістемелік жұмыстың  қандай түрін таңдаса да соңғы нәтижеде оның тиімділігі мұғалімнің өз бетінше өз білімін көтеруге байланысты болмақ. Сондықтан да үздіксіз білім беру процесін жоғары оқу орны - мұғалімдер білімін жетілдіру институты - семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жеткізу керек. Ересек адамның өз білімін көтеруі барын-ша даралығымен ерекшеленеді, содан да мұғалімнің өз білімін көтеру жұмысына тәжірибелі әріптесі, беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.

 Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарас-тырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогика-лық мәдениетті қамтиды.

 Мұғалімге өз білімін көтеру  жұмыстарын ұйымдастыруға көмек  көрсетілгенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ескерілуі тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспар-ластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.

 Мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса көңіл бөледі. Әркімге қатысты мәселелерді бірлесе талқылау мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордың, оқу ісінің меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады.

 өздігінен білім көтеру ауқымды  мәселелерді қам-тиды. Әйтсе де  педагогикалық өз білімін көтеру  мұғалімнің педагогикалық оқу  орнында оқымаған, бірақ қазіргі  уақытта мектеп үшін өзекті  мәселелерге бағытталуы тиіс. Осындай  мәселелердің қатарында педагогикалық  қатынас, оқуды дербестендіру және жіктеу, дамыта оқыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу орнында оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады.

 Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар түзіп, оны іске асыра алуына тікелей байланысты.

 

 Мектептің педагог қызметкерлерін  аттестациялау бұрынғы Кеңес  Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы  аттестациядан кейінгі кезеңде  аттестациялау туралы құжаттар  білім беру жүйесіндегі өзгерістерге  сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.

Информация о работе Озық тәжірибені талдау және қорытындылау