Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 16:48, реферат
1. Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде зерттеудің ерекшелігі мұнда, ол басқа да жеке әдістер мен тәсілдерді қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады: бақылау, әңгіме, сауалнама өткізу, мектеп пен білім мекемелерінің құжаттарымен танысу.
Мектеп тәжірибесін зерттеуде сауалнаманың бірқатар белсенді жақтары бар: сауал арқылы аз уақыт ішінде салыстырмалы деректер алуға, алынған материалдарды өңдеудің сандың әдісін қолдануға болады.
Аттестацияның негізгі
Қазіргі ереже бойынша үш
түрлі комиссия құрылады. Бас
аттестациялық комиссия
Әр комиссия өз компетенциясына сәйкес мәселе-лерді қарастырады. Ал аттестациялау комиссияның негізгі шешімі - біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген, жоғарғы санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, екінші санатты- мектеп аттестациялау комиссиясы береді.
Мұғалімнің немесе мектеп
басшысының қызметі екі
Мұғалімдерді аттестациялау
педагогтың біліктілік санат
сұраған арызы арқылы бес
Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімнің аттестациялауды аудандық білімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.
Тәжірибесі көрсетіп
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған (Ғ. Мұст). Сен менің айтқанымды ұгып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің (Ы. А.). Егер үлгіре алсам, Ақтөбеге де барып қайтпақпын (Ы. А.). Абай қажымай, жалықпай ылги ғана ынтыга тыңдайтын (М. Ә.).
Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған — 3-жақ, өс-ер-сің — 2- жақ, тыңда-йтын — 3-жақ қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)— өткен шақты білдіріп тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)— келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты (еткен шақ немесе келер шақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл — есімшенің етістікке тән касиеті. Кейде есімше тұлғалы етістік бүтіндей басқа мәнде, басқаша қызметте қолданылады: етістікке тән болып келетін белгілі бір заттың қимылын емес, керісінше заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін білдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады. Ондайда есімше тұлғалы етістік бір зат атауын анықтап тұрады немесе септеліп, кептеліп, я тәуелденіп жұмсалады. Мысалы: Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен (Ы. А.). Баладан қорыққанына Жұмабай ұялды да, ыза болды (М. Ә.). …Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің (Ы. А.). Наразы боларын да, құптарын да білмеді (М. Ә). Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал).
Берілген сөйлемдегі әкел-
Қызметі:
1. Есімше жіктеліп келіп,
2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшкен ауылды іздеп табалық (Ы. А.). Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел). Берілген сөйлемдердегі көшкен (қай ауылды?), айтқанның (кімнің аузы?), көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.
3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін аткарады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған — бағанағы шәкірт бала (М. Ә.). Баланың қытығына тиетіні — осы жері (М. Ә). Берілген сөйлемдердегі күліп тұрған (кім шәкірт бала?), қытығына тиетіні (не осы жері?) деген есімшелер адам және зат мәнін білдіріп, бастауыш болып тұр.
4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М. Ә.). Берілген сөйлемде ұялғанды, жауап айтпағанды (нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.
5. Есімше барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш кызметін де атқарады. Мысалы: Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы. А.). Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М. Ә.). Берілген сөйлемдердегі білмекке (не үшін я не мақсатпен кетті?) барыс септіктегі және сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.
Қазақ тілі.
Өткізген: Сейфуллина А.
6 «ғ» сынып 2010 ж
Сабақтың тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімше, оның жасалуы мен түрлері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты өту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сахналық көрініс
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, қималар, таблица
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуы
ә) оқушылардың көңілін сабаққа аудару
II. Сабаққа ден қою (ой қозғау)
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етіс те боп жиылдың.
Балалар, осы төрт шумақ арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?
Тақтада етістіктің мағыналық топтары жазылған, «мағыналы белдеулер» сызбасы ілінеді.
Е _________________ болымды, болымсыз
Т
І ____________________ салт, сабақты
С
Т____________________ етіс
І
К____________________ есімше, көсемше
тұйық етістік
Балалар, біздің етістіктер ширегіндегі соңғы аяқталған белдеуіміз – етіс. Стрелка етісті көрсетіп тұр. Бұл тақырыпты оның түрлерімен толық танысып шыққан болатынбыз. Өткен материалды еске түсіру үшін мына қимларадағы сұрақтарға жауап берулерің керек.
Сұрақтар:
III. Жаңа сабақ:
Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек?
Бүгінгі тақырыпта нені үйренуіміз керек?
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Түбірі етістіктен болған, бірде етістер, бірде есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады. Мысалы: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес. Естіген құлақта жазық жоқ. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар.
Осы мақал-мәтелдердегі етістіктерді тауып, оның түбірін, мағыналық түрлерін оқушылармен бірге анықтаймыз.
Есімшенің жасалу жолдары
Есімше етістіктің негізгі эәне туынды түбіріне етіс және болымсыз етістіктің тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады.
Есімшенің өзіне тән ерекшеліктері.
IV. Оқулықпен жұмыс
250 – жаттығу (есімшелерді табу, түбірі мен қосымшасын ажырату)
V. Перфокартамен жұмыс
Есімше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгілеу. Әр оқушыға жеке-жеке перфокарталар беріледі.
VI. Тақтада жұмыс
Берілген сөйлемдердегі
Қоңырау соғылды – соғылған қоңырау
Ақындар айтысты – айтысқан ақындар
Шалғын жайқалды – жайқалған шалғын
Тас қаланды – қаланған тас
Информация о работе Озық тәжірибені талдау және қорытындылау