Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 13:12, дипломная работа
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен – əдістемелік қолданбалар.
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөніндегі арнайы ғылым қалыптасқан.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика
мұғалімдерді белгілі жас тобындағы
балаларды тəрбиелеу
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушыы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, «Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «пайс» - балалар және «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика – бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде. Сондықтан «педагогика – бала тәрбиесі жайындағы ғылым»,-деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика – жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Педагогика
пәні. Білім, білімдену процесі
тек педагогиканың ғана
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру
– озат əрі жаңашыл
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық
құбылыс жағдайын, педагог пен
оқушы іс-əрекеттерінің
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық
жағдаяттарды табиғи тұтастық
күйінде эксперименталды
Теориялық
қызметтің болжау, болжастыру деңгейі
педагогикалық құбылыстардың
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) –
- жаңалау – тəрбие жəне білім
беру тəжірибесін жетілдіру
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне
реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)-
ғылыми зерттеу нəтижелерінің
оқу-тəрбие ісіне болған əсер-
Өзінің қоғамдық
қызметтерді орындауға қажет
қабілеттерінің дамуына себепші
болған əлеуметтену процесінде адам
тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі.
Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы
ауыспалы жағдайлар мен шарттарға
икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне
жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы
мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен
іске асыра алу сияқты процестерді
де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге
байланысты міндеттердің шешімі бірде
мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам,
сол үшін арнайы ұйымдастырылған
мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның
ынта-ықыласына негізделсе, кейде
кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге
орай жүргізілетін, нақты мақсатқа
бағыттала ұйымдастырылған
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған – үлкендердің бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
– басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
– бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу
əдістерін шығармашылықпен
– психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
– адамды жан-жақты жəне көптарапты
зерттеуде педагогиканың
Жекеленген əдістемелер – оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика
тарихы – əрқилы тарихи дəуірлердегі
педагогикалық идеялар мен
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика ж.т.б.
Зерттеу əдістемесінің
(методика) дайындығы ғылыми ізденіс
логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме
өте күрделі де сан қилы қызметтермен
байланысты нысан болған білімдену
процесін аса жоғары шынайылылықпен
зерттеуге мүмкіндік беретін
теориялық жəне эмпирикалық əдістер
(метод) тобынан құралады. Əдістердің
тұтастай бір бөлігін қолданудан
назарға алынған проблема жан-жақты
айқындалады, оның барша қырлары
мен шектері түгелдей зерттеуден
өтеді. Педагогикалық зерттеу
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен – əдістемелік қолданбалар.
1. Педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы.
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Информация о работе Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы