Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 13:12, дипломная работа

Описание работы

Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен – əдістемелік қолданбалар.

Файлы: 1 файл

педагогика курсовой.docx

— 83.19 Кб (Скачать файл)

Жедел əдістер  – қысқа уақыт аралығында оқу  сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен  көзделген іс-əрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру əдісі). Бұл əдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық  психология мен педагогиканы оқытуда  кең қолданылуда.

Қазіргі уақыттары  жалпы педагогикада теориялық негізін  тауып, оқу-тəрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген əдістер  тобын келтіруге болады: суггестопедия - иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия - дəрі-дəрмек қолданып оқыту. Бұл əдістердің бəрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне  қозғау салып оқытуға бағытталған.

Сонымен, əдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, əрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі  де жоқ емес.Осынысына көз жібере отырып, зерделі ұстаз оқу мақсатына, мазмұнына, алдындағы оқу субъектіне сай келетін нақты əдіс таңдайды, оны қолданудың жолдарына мəн  береді.

 

3.4. Оқу құрал – жабдықтары

 

Оқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал - жабдықтарымен  іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу  жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға  жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен  бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені  тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу  жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:

- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи  объекттер ж.т.б.;

- есіту(аудио)құралдары-радио,  магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;

- есіту-көру  құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар  ж.т.б.;

- сөздік  құралдар - оқулықтар, мəтіндер;

- оқу процесін  авмоматтастырушы құралдар –  тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық  жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары; 

- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.

 

3.5. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу.

 

Педагогикалық қызмет əдістері мен  жабдықтарын таңдау көптеген объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар:

- оқу заңдылықтары  жəне оларға негізделген принциптер;

- адамның  оқу, тəрбие жəне дамуына байланысты  жалпы мақсаттар; 

- нақты білімдену  –тəрбие міндеттері;

- оқуға болған  ынта деңгейі; 

- нақты оқу  пəнінің əдістемелік ерекшеліктері; 

- материал  мазмұны; 

- материал  игеруге бөлінген уақыт; 

- оқу материалының  саны мен күрделілігі; 

- оқушылардың  дайындық деңгейі; 

- шəкірттердің  оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі;

- дəріс түрі  мен құрылымы;

- оқушылар  саны;

- балалар  қызығулары мен ықыласы; 

- оқу еңбегі  процесінде қалыптасқан ұстаз  бен шəкірт арасындағы қарым-қатынас  (қызметтестік не əміршіл - əкімшіл);

- материалды  – техникалық қамсыздандырылуы;

- педагогтың  тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік  деңгей- дəрежесі.

Аталған жағдайлар  мен шарттарды ескере отырып, оқытушы  нақты əдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дəріс өткізудің жағдайына  орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды  біріктіре пайдалануды көздейді.

 

 

 

 Қолданылғын  әдебиеттер:

 

1.Қоянбаев Ж.К. Педагогика. –  Алматы, 2001. 
2.Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997. 
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000.

4. С.Б.Бабаев. Жалпы  педагогика. – Алматы, 2011. 

Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.

Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ  тәлім-тәрбиесі. А., 1995.

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 


Информация о работе Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы