Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2013 в 21:55, реферат

Описание работы

Алдымен айта кететін жағдай: Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пай дес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................................2
I.Педагогика ғылымының функциялары ..................................................................................3
II. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік............................3
III. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.........................................................4
IV. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері........................................................6
V.Педагогикалык зерттеудердін әдіснамасы............................................................................14
VI.Педагогикалық зерттеу әдістері........................................................................................17
6.1Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру...............................................................17
6.2Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі.............................................19
VII.Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері..........................................................................................................................................23
Қорытынды ................................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 68.77 Кб (Скачать файл)

- оқу  процесін тиімді  қарқында жүргізу,  бірақ күшті  оқушыларды аяқтан  тартпайтындай,  сонымен бірге  орташа және  үлгерімі төмен оқушылардың дамуына  тиімді ықпал жасайтындай етіп  ұйымдастыру;

- оқу  жұмысы белгілі  дәрежеде күш салуды қажет  етеді. Олай болмаса, балалар  жұмыс орындауға дағдылана алмайды.  Оқушылар әрдайым өз мүмкіндіктерінен  төмен оқу қарқынын қалайды.  Осыны ескерумен мұғалім әр  оқу ситуациясына сәйкес оқу  желісін тиянақты әрі нақты  белгілеп барғаны жөн;

- педагогиканың  және  психологияның жаңа жетістіктерін  пайдалану: нақты білімдер мен  ептіліктерді кіші көлемдегі  материалдар жәрдемімен қалыптастырып  бару, ал қорытынды білімдерді  қалыптастыруда – іріленген білім  блоктарын пайдалану;

- сабақ  барысында ұқсастықты, салыстыруды,  беттестіруді, қайшылықтарды  кең  қолдану, жаңа және күрделі  материалды өтуде күшті оқушыларды  қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына  - орташа және төмен оқушыларды  тарту;

- жаңа  ұғымды енгізу  бір сабақтың  танымдық міндеттерімен  ғана  байланыстырылмай, бүкіл өтілген   оқу жүйесіне негізделуі тиіс.

Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан  анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік  білімденудің де міндеті  осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің  мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің  мазмұнды толық іске асыра алуына тәуелді; қабылданған білімдердің  ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән  аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді пайда еткен:

- оқуды  педагогика, психология, әдістеме, педагогикалық тәжірибенің  жаңа жетістіктері негізінде  жүргізу, оқу процесіне педагогикалық  еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың  жаңа тәсілдерін ендіру;

- оқу дидактикасы мен  психологияның соңғы жаңалықтарын  ескерумен индуктивті оқыту логикасын  ғана емес, сондай-ақ дедуктивті  оқу әдісін де орынды пайдалану,  дерексізденген (абстракция) түсініктерді  қолданудан тартынбау, себебі  бұл нақты құбылыстардың тереңдегі  мән-мағынасын түсінуге жәрдемін  береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде  толық түсінік берілмеген абстракцияларды  қолданудан аулақ болыңыз;

- әрқандай жаңа енгізілген  ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі  қайталап отыру, пәнді оқыту  барысында қолданып, пайдалану, себебі  жаттықтырылмаған білімдер тез  ұмытылады;

- ғылыми  таным әдісін  пайдаланумен, оқушылардың ойлау  қабілетін дамыту, балаларды ізденіс,  шығармашыл жұмыстарға қосып  отыру;

- жаңа  идеялар қабылдауды  бір сәттік міндет деп білмеу  – әрбір құбылысты жаңадан  түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары  және қатынастары аумағында қарастыра  талдау;

- оқушыларды  атақты ғалымдардың  өмірбаяндарымен  таныстыру мүмкіндіктерін  қолдан  шығармау, олар енгізген  ғылым  жаңалықтарын шәкірттерге  кең жария ету;

- жаңа  ғылыми терминологияны  қолдану, ескірген терминдерден  сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің  негізгі идеяларын ашып, ұсыну,  оларды жаңа ақпараттарға ден  қоюға үйрету, жаңа мәселелерді  ұжым болып талқылауды қолдап  қуаттау;

- балалардың  зерттеу  жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды  мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тәжірибе жұмыстарының негіздерімен  таныстыру, шығармашылықты қажет  еткен мәселелерді шешуде алгоритмдерді  пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен  айналысудың сензитивтік (жас  сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау;

- танымдық  қызметтен  оқушыға жаңалық ашу,  табысқа  жету, қанағат табу сезімдеріне   бөленуге мүмкіндік беру.

Ұнамды  көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының  дамуы  мен оның іс-әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нәр алады, ой өрісі сәуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға  зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың  ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны  қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дәріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі  өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос әурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек  көрушілік жайлаған баланы оқыту  оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім  тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бәрі балалық шақтың балдәурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:

- әр сабаққа дайындалу  барысында оқушылардың ұнамды  көңіл-күйін қалыптастыру мен  қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы  оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей  әрқилы болса, оқу материалы  неғұрлым құрғақ әрі абстракт  келсе, ұнамды эмоциялар пайда  етудің барша мүмкіндіктерін  іздестіріп бағу;

- сынып  босағасын көңіл  жадыратар кейіппен  аттап, балалармен  әзілдесе, оларды жігерлендіре сөз  тауып, сабақты бастау;

- демократиялық  қарым-қатынас  стилін ғана ұстану;

- балалар  болмысына,  олардың істеріне қызыға  қатынас  жасап, араласып бару;

- сыныпта  қапелімде  болып қалатын дау-дамайды   әрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы  және намысқа тиер сөздерсіз  шешу;

- күдер  үзгендей әрі  қиын жағдайлардан шығу үшін  орайы келген әзіл-қалжыңды пайдалану;

- оқуды  әсем, бейнелі,  көңілді өткізілуі үшін оқу  процесін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра  жүргізу;

- кіші  оқушының ойлауын  оның сезімдері  мен толғаныстарынан  ажыратпау: оқу-тәрбие процесінің  эмоционал көрікті болу қажеттігі  - бала ойының даму заңдылықтарынан  туындаған талап;

- әрдайымғы көңіл-күй  көтеретіндей сәттерден ұнамды  эмоционал қалыпта өтетін тұрақты  кейіп жағдайларына өту;

- оқу  материалдары, оқу  әдістері мен танымдық еңбек  ұйымдастыру формаларының эмоционалдық  молшылығын пайдалану.

Теория  мен практиканы байланыстыру принципі негізіне классикалық  философияның ақиқат пен танымдық қызметтің  дерек  көзі – тұрмыс және практика екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан  өмірдің өзінен, практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан әулетті  белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның практикамен  тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тәрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен әдістерін  пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен  бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне  тәуелді келеді.

Оқудың  өмірімен ұштастық принципін іске асыру негізі –  теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тәжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын  міндеттері:

- мектепте  игерілетін  білімдердің қажеттігін  оларды  қоғамдық – тарихи практикамен   байланыстыра, оқушыларды сендіре,  дәлелдеу, оқу процесін білімнің, оған қоса мектепте алатын  құндылықтарының өмірлік қажетті  дүние болатынын түсініп, сезетіндей  дәрежеде алып бару;

- тұрмыс  қажеттерінен - білімге,  білімнен  өмір қажеттігіне өте  отырып, баланы «білім – бай,  қуатты  тіршілік» қағидасымен  тәрбиелеу;

- балаларға  қазіргі  заманның жаңа технологиялары, өндірістік  қатынастары, озат  еңбек әдістері  жөнінде әңгімелеу;

- оқушыларды  өз білімдерін  практикада тексеріп, қолдануға  табандылықпен үйрету, қоршаған  дүниені білім көзі  және сол  білімді қолдану саласы ретінде  пайдалану;

- өз  жұмысының өмірлік  маңызын оқушыға  түсіндіріп  бере алмайтын бірде  бір  мұғалім не сабақ болмауы   тиіс;

- мектеп  пен өндіріс  орындарының байланысын  пайдалану,  оқушылардың өндіріс  өкілдерімен  қатынастарын оқу-тәрбие жұмыстарының  жалғасына айналдыру, бұл үшін  «оқу пәні -өндіріс» байланысын  ептілікпен бағдарлап, қадағалап  бару;

- оқушылармен  бірге  «тұрмыстық қажет» сипатындағы   мәселелер мен жаттығулар түзіп,  оларды сабақ материалымен байланыстыра  шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар  өмірімен ажыралмас бірліктегі  қоршаған болмыс деректерімен  толықтырып баруды ұмытпау.

- оқуды  ауыл, қала, облыс,  республиканың  нақты болашақ  даму жағдаяттарымен  ұштастыру,  аймақтың келешек дамуына   орай кәсіби бағдарлау жұмыстарын  өткізіп бару;

- проблемді  ізденіс  және зерттеу тапсырыстары теорияны  практикамен байланыстырудың таптырмас  құралы. Оларды әрқилы жолдармен  пайдалануға тырысу;

- балаларды  еңбекке,  қоғамдық және жеке меншікке  саналы да ұнамды қатынас жасауға  баули отырып, мұндай қатынас  үлгісін мұғалімнің өз бойынан  көрсетуі.

Қорытындылай  келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан  күйде іс-әрекетте комплексті, параллель  жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дәрежелісі болмайды, әңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен  жалқылық дәрежесі жөнінде болуы  мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың  бәрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың  мәні –оқушының тән-дене және ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен  еңбек нәтижелерін қалыпты мөлшерлеп  отырады, егер қандай да себептермен  ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.

V.Педагогикалык зерттеудердін әдіснамасы. «Әдіснама»грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағьшаны береді. «Метод» «әдіс»термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретіңде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын жөне негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары  жатқанын негізге алады. Таным әдісі  табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсок  ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының  бейнесі болыл табылады.

Материалистік диалектика табиғатты  үздіксіз козғалыспен даму барысындағы  біртұтастықтың бірлігі ретінде  ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарынын деректерімен толық сәйкестік барын  көреді. Диалектика дамудың ең жалпы  зандылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік және қарама қайшьшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске  шығаруды теріске шығару, мынадай  философиялық жұп категорияларымен: себеп салдар, кажеттілік жөне кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. аныкталады. Диалектикалық өдіс таным  процесі арқылы заттар және олардың  ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда  болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың  органикалық бірлігі мен өзара  байланысында материалдық шындықгың  заңдылықтарын ашады.

Сонымен материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақгылы ғылымда пайда  болатын сұрақтарға дайын жауап  бермейді. Әдіснамалық анықтамаларды  менгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзкарастың дүниетанымдық ұстаным  қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды  кәсіби тәжірибелік іс -әрекеттер  арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы  нақтылы ғылымның әдіснамасымен  байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады. Одақгық педагогикада XX ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап іздестіру  уақыты болды.

Ғылыми білімнің жалпы  моделі философиялық алғы шарттар негізінде  жасалады, ал ол теорияның негізгі  салаларымен байланысты- табиғат, коғам  және ойлау ғылымдарына қатысты  үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан  дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да ғылымдардың  жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс -әрекеттеріне байланысты ғылымдарға орын жоқ. Сондықтан XX ғасырдың екінші жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады. Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс – әрекеттері ғылыми білімдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине, нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның әдіснамасын, теориясын, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды теориялаңдырудан тұрады. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың  ең көп тараған фундаментальдық  терең, қолданбалы және талдамалық бөлінуінен келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман) ғылымдардың бөлінуін басқаша  береді: фундаменталдық, теориялық, теориялық  – қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс-тәжірибеге шығуды қарастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін.

Информация о работе Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері