Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2013 в 21:55, реферат

Описание работы

Алдымен айта кететін жағдай: Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кәсіптенген адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пай дес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................................................2
I.Педагогика ғылымының функциялары ..................................................................................3
II. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік............................3
III. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.........................................................4
IV. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері........................................................6
V.Педагогикалык зерттеудердін әдіснамасы............................................................................14
VI.Педагогикалық зерттеу әдістері........................................................................................17
6.1Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру...............................................................17
6.2Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі.............................................19
VII.Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері..........................................................................................................................................23
Қорытынды ................................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Файлы: 1 файл

педагогика.docx

— 68.77 Кб (Скачать файл)

Іргелі терең зерттеулер, кұбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің  тетіктерін, зандар мен зандылықтарын, олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын  теориялық зерттеулер ашып көрсетуді  мақсат еткен нақтылы көрінбейтін  құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардын өзара байланыстары мен  тәуелділіктерін анықтаумен байланысты, оларды тәжірибе жүзінде басқару  мүмкіндіктерін білуін айқындайды. Теориялық  қолданбалы зерттеулер практикалық  іс – әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру (халыкқа білім беруді ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына  керекті әдістемелік оқу құралдарың нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және т.б. беруге бағытталған.

Көптеген жағдайларда  педагогикада негізгі идеялар, теориялық  және тәжірибелік аспектшер өзара  тыгыз байланысты. Сондықган педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық  деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы  тенденция болып отыр. Бұл тенденция  педагогиканың әдіснамасы деген  сұрақгы қарастырғаңда күмән  жоқ,бұл сұракқа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес — ал, бүл дегеніміз педагогикалық  зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.

Педагогикалық әдіснаманың  мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей  ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға  арналған ғылыми пән ретінде. Бұл  айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасның шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді  немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі  педагогика әдіснамасның пәні болып  педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф. Королев) зерттеу процесі  екендігі анықтылған.

Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама» қызметін атқаратын  әдіснамалық және жалпы теориялық  білімдер шекарасы айқыңдалуда. Әдіснамалык  білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың  категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың  басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық  пәңдердің жалпы және ерекшелік  міңдеттері, педагогиканың анықтамалы – терминдік жүйесі жатады.

Әдіснаманың көрсетілген  аспектілерін жасау «білетін туралы білім» береді. Осылайша педагогикалық  құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін  мәселелер анықталады, «білетін туралы білім», яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық  нысаналарды жасау педагогика ғылымының  түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің  өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар  жүйесі мен, ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып  отыр (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И. Журавлев).

Педагогикадағы жалпы  теориялық зерттеулерге педагогикалық  процестің мәнін, зандылықтарын, биологиялық  пен әлеуметтіктің ара қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны  қальштастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің  принциптері, оны ұйымдастырудың формалары  мен әдістері және т.б. жатады.

Әрине, қазіргі педагогиканың  кең көлемдегі сұрақгары пәнаралық  және ғылым аралық байланыстарын  диференцияландыру мен интеграцияландыру  негізінде педагог — зерттеушілер мен практиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:

- тақырыпты үйлестіруді  (дифференцировать) және оның

көкейкестілігін дәлелдей білуді;

- ғылымдағы тақырыптың  зерттелу жағдайын және пайда  болған

қайшылықтарын анықтай білуді;

- зерттеу мәселесін үйлестіре  білуді (яғни жауапты талап ететін

сұрақты);

- мақсат (қандай нәтиже  алуға болатындығын) нысана және  зерттеу

пәнін анықтай алуды.

Ғылыми зерттеуге тән  нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген  сұрақ және болжамды белгілі бір  жобаланған жауап ретінде бейнеленеді. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық  тәжірибені меңгеруді анықтаушы  эксперимент және педагогикалық  шыңдықты қайта құруды қаматамасыз  ету қалыптастырушы эксперимент.

Қойылаған міндетгерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді  қолдануын талап етеді. Теориялық  және теориялық қолданбалы міндеттерді  шешу үшін – теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстрактылықтан  нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді  шешу үшін: бақылау, әңгімелесу,анкеталық  педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.

Ғылыми зерттеулердің  басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып  табылады, себебі басынан бастап, басты  ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендігі айқын болуы керек.

Бір терминді (сөзді) бірнеше  мағынада қолдануға болмайды. Бұның  маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің  ұғымдық сипаттамасы (теориялық  сипаттама) зерттейтін құбылыстың мәнін  мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық  моделін жасаудың кепілі болады.. Соңғысы  арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы  педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар практика үшін қажетті  әдістемелік материалдар мен  нұсқаулар пакеті ретінде болашақ  педагогикалық іс-әрекеттер жобасында  қаланады.

VI.Педагогикалық зерттеу әдістері

2.1 Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру

Педагогика саласындағы  зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі  жаңа мəліметтерді алуға бағытталған  ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің  міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала  болжастыру.

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық  зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың  теориялық жəне практикалық жетістіктерін  қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады  немесе болжам жобалаумен педагогикалық  жүйелерді дамытудың моделдері  ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер –  бұл педагогикалық процестің  кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан  қырлы педагогикалық қызметтің  заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі  теориялық көзқарастарға негізделген  нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар  дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық  айналымға қосу бағытында істелетін  жұмыс.

Қалаған педагогикалық зерттеу  көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге  орай жүргізіледі. Педагогикада олардың  қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын  танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу  көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық  жəне практикалық маңыздылығы.

Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық  жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу  нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге  ідер алды деректерді жинақтау мен  оларды іріктеудің реті жəне негізгі  шаралары жасалады.

Зерттеу көкейкестілігін  негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің  теориясы жəне практикасын бұдан  былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі  аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға  қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған  келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік  тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт  пен нақты əрі ерекше жағдайларға  тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік  ғылыми идеялар мен практикалық  ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен  практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.

Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз  табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты  тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.

Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың  нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын  пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды  баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат –  қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.

Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір  саласы немесе қайшылықтарымен жүз  берген қандай да педагогикалық қатынас  алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды  қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан  бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі  зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары  мен сырлары.

Зерттеу мақсаты, объекті  жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар  жиынтығы.

Ғылыми жаңалылық тиегі  аяқталған зерттеулердің сапасын  бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі  кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық  əдебиеттер тобына енбеген білім  заңдылықтары, олардың құрылымы мен  механизмдері, мазмұны, принциптері  мен технологиясын сипаттаушы теориялық  жəне практикалық қорытындылардың  мазмұнын өрнектейді.

Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау  болуында.

Жаңалылық тиектері, теориялық  жəне практикалық маңыздылық зерттеу  типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің  пайда болу уақытына да тəуелді келеді.

Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды  қажет етеді.

Зерттеудің эмпирикалық  сатысында зерттеу нысанының  қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім  тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі  мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі  арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық  талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде  қабылданған, бірақ əлі тұтастығы  тексеріліп, бекуі қажет болжамдар  мен шамалаулар жүйесінен түзелетін  зерттеу гипотезасынан көрінеді.

Гипотетикалық сатыдағы ізденіс  жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен  олардың мəнін айқындап алу қажеттігі  арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп  алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық  деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын  жасау.

Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі  функционалдық жəне гипотетикалық  болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды  үйлестіру жұмыстары орындалады.

Теорияның белгілі қалыпқа  келуі прогностикалық сатыға жол  ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу  нысаны жөніндегі соңғы алынған  идеялық ақпараттар мен олардың  ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау  қажеттігі арасындағы текетіресті  шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті  – осы сан қилы талаптардың  объектив шешіміне негіз болу.

2.2 Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі

Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте  күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену  процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін  теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты  айқындалады, оның барша қырлары  мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің  əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық  құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі  ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары  мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп  түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре  келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады:

1) педагогикалық тəжірибені  зерттеу əдістері;

2) теориялық зерттеу əдістері,

3) математикалық əдістер.

Педагогикалық тəжірибені зерттеу  əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан  тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге  озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық  процесс қайшылықтарымен, пайда  болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей  əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен  танысу.

Информация о работе Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері