Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:23, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80

Файлы: 1 файл

социо-культ.компетенция_47 стр.doc

— 376.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

 

 Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3

I-тарау. Шет тілін   оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени     біліктілігін қалыптастыру

     1.1 «Әлеуметтік - мәдени  біліктілік» ұғымына   анықтама  және  оның ғылымда  зерттелу  деңгейі ……………………………………………………...... 8

        1.4  Жоғарғы оқу орындарында    студенттердің  өзге  тілдік  әлеуметтік -  мәдени  құзырлығын  қалыптастыру.......................................................................31

     1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік  - мәдени  әдіс .........................37

     1.6 Шет тілі  оқуының бір бөлігі ретінде  шет тіл мәдениетін оқыту.

           Шет  тілдік мәдениетті оқытудағы  мақсаттар және әдістемелік   міндеттер....................................................................................................................51

ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны  және  шет тілін  үйрену мотивациясын көтеруде  әлеуметтік - мәдени   компоненттің рөлі .

      2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді  қолдану және олардың қорытындысы.

      2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының  негізгі  компоненттері..........................63

      2.4 Шет тілін үйрену  мотивациясын  көтерудегі  әлеуметтік - мәдени  компоненттің рөлі  ....................................................................................................65

     2.5 Шет тілін  оқытуда  әлеуметтік - мәдени   компоненттің  жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70

Қорытынды ……………………………………………………………..................79

Пайдаланған әдебиеттер  тізімі ……………………………………………….......80

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық  қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана  алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып  табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін  өзара тығыз байланыста   қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен  тығыз байланысты  қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт  дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні  сөзсіз [1;138].

           Негізінен Шет тілінің  әлеуметтік - мәдени біліктілігін оқыту  мәселесі  ғылымда орын алған жаңа бағыттың бірі екендігіне қарамастан әртүрлі отандық және әлем ғалымдарының Халеева И.И, Тер-Минасева С.Г, Сысоев В.П, Выготский Л.С, Құнанбаева С.С.   зерттеу жұмыстарының  нысанына  айналған..

           Сонымен бірге мәдениеттану біліктілігі  тілді нақты бір жағдайда қолдануды  анықтайтын және міндеттейтін  фактор ретінде оған көп көңіл бөлу керек деген С.В.Сенченконың пікірмен  келісеміз. Әлеуметтік-мәдени біліктілік біздің түсінігіміз бойынша  нақты бір әлеуметтік ортада  тілді лингвистикалық, психологиялық, мәдени қабылданған әлеуметтік ережелерді білу. Бұл ережелерді оқушыға  меңгерту  табиғи  жолмен әлеуметтік және қатысымдық ара-қатынасы кезінде сол қоғамның өміріне әлеуметтік мәдени құрамдас  бөлігін енгізген білім берудің мазмұнын жаңарту керек. Шет тілін оқыту мазмұнының әлеуметтік-мәдени құрамдас бөлігі студенттің мәдениетаралық еркін қатынас алуға себеп болатынын таныстыруға, әртүрлі ұлттардың мәдениетін түсініп, құрметтей білуге, үйретеді десек, оның мұндай маңыздылығы әлеуметтік-мәдени біліктілікті теориялық және практикалық тұрғыдан тереңірек зерттей түсуді қажет етеді. Қоғамдық  сұраныспен  ұштасып жатқан әлеуметтік мәдениет құрамдас бөлігін енгізген білім берудің  мазмұнын жаңарту керек. Шет тілін оқыту мазмұнының әлеуметтік - мәдени құрамдас бөлігі студенттің мәдениетінің диалогқа еркін қатыса алуға себеп болатын тұлғалық қасиеттерін дамытуда  маңызды рөл атқарады .

             Өз кезегінде әлеуметтік - мәдени  біліктілік  қатысым құзіреттері:  тілдік біліктілік, сөйлеу біліктілігі,  оқу-танымдылық  біліктілігімен  қатар жүретін  негізгі құрамы.

            Сонымен, әлеуметтік - мәдени біліктілік дегеніміз не?

Әлеуметтік-мәдени біліктілік дегеніміз - оқып жатқан тіл елінің немесе  елдерінің әлеуметтік - мәдени ерекшеліктері туралы білімін кеңейту, тілдік және тілдік емес іс-әрекетті сол  ерекшеліктерге сай қолдана білуін дамыту, өз елі мен оқып жатқан тіл елінің жалпы және жеке мәдени ерекшеліктерін айыра білу (Н.И. Гез., Н.Д. Гальскова) [2; 27]

            Осы ережеге  қарап, бұл іскерлік  өзінің негізі бойынша өте  күрделі және оны  меңгеруге  еңбек керек екенін көрсетеміз. Әлеуметтік - мәдени қатысымға түсу үшін жақсы дайындық қажет. Аудармалардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады .

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі .

           Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мәселесінің бірі мәдениетаралық қарым-қатынасты Шет тілінде сөйлеуші ұлттың тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай дұрыс қолдана алатын білімді де, мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігі  өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттердің  әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастырудың  маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл өзектілігі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты. Соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған  халықтың  салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгідей ғаламдық жаһандану кезеңінде, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған ХХІ ғасырда әлемнің көшбасшы елдері мен алпауыт мемлекеттерінің жетегінде кетпес үшін, жас тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еліміздің экономикасын көтеріп, өндірістерін жандандыру маңызды болмақ. Ол үшін ең алдымен отандық білім және ғылымды дамыту қажет. Әрбір қазақстандық қызметкер, болашақ білікті кадрлар – бүгінгі студенттер, оқушылар мен жастар білімді болуы тиіс. Біртұтас  әлемдік  қауымдастықты қалыптастыру үрдістері мен  интеграциялық  қалыптастыру үдерістері, халықаралық қарым–қатынас салаларының кеңеюі сияқты ғаламдық процестер қатарына  халықаралық   ынтымақтастықты ғылыми білім-беру  тұрғысынан қамтамасыз ету мен қарым–қатынас  салаларында  мәдениетаралық байланысты арттыру мәселесін  білім беру жүйесінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының басым міндеттерінің біріне айналдырып отыр. Қоғам өмірінің барлық жақтарының  ғаламдану нәтижесінде өзара тәуелді, біртұтас дүниежүзілік   және әлеуметтік-мәдени  көп өлшемді кеңестіктің қалыптасу  динамикасы мен қарқыны білім беру жүйесінің алдына халықаралық кәсіби–мәдени ынтымақтастықты  жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлау міндетін; түрлі әлеуметтік мәдени  бірлестік өкілдерінің белсенді қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік маңызы зор міндеттерді қояды.

Зерттеу мәні.  Жоғары оқу орындарында   Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік  - мәдени  біліктілігін қалыптастыру   әдістемесі.

Берілген жұмыстың мақсаты. Шет тілін оқыту кезінде студенттерге, әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастырудың теориялық негізде анықтау. Осы негізге сүйене отырып арнайы әдістеме жасау.

Берілген жұмыстың міндеттері. Қарастырылып отырған  мәселенің ғылымда зерттелуін  анықтау «әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымының тілін оқыту процесінде қолданудың  мазмұнын ашып көрсету.

Жаңа электронды-педагогикалық  технологияларды қолдану арқылы  студенттердің  әлеуметтік-мәдени біліктілігін қалыптастыру процесін ғылыми - практикалық тұрғыдан негіздеу. Шет тілі елінің мәдениеті бойынша сабақтар мен талаптардың мақсаттарын қалыптастыру.

 

Ағылшын тілі сабағындағы  шет тілі елінің мәдениеті туралы зерттеу фактілерін талдау. Сабақта қолданылатын тіл және мәдениет реалияларын қарастыру және олардың шет тілі сабақтарында практикалық қолданылуын,тәрбиелік құндылығын талдау.

Теоретикалық  маңызы. Шет тілі сабақтарында мәдениеттанулық фактілер қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. Берілген тәсілді теория түрінде дәлелдеу және оны қолдануда лайықтылығын талдау қажет.

Практикалық маңызы. Жүргізілген жұмыс нәтижелері шет тілі сабағында мәдениет туралы фактілерді және білім беру мен тәрбиелеу мақсатында реалиялардың кейбір ерекшеліктерін де қолдану қажет деп  қорытындылауға мүмкіндік береді.

Ғылыми жаңалығы:

  1. Әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың лингвомәдени,

лингвокогнитивтік, прагматикалық, коммуникативтік парадигмалары анықталды, олардың ұқсас және айырым белгілері көрсетілді;

  1. Жалпы білім берудің ішінде тілдік білім берудің өзіндік әдіс-тәсілдері,

қиындықтары мен психологиялық  бейімділік пен қабілеттілік өлшемдері  айқындалды.

  1. Шет тілін оқыту арқылы әлеуметтік-мәдени біліктілікті

қалыптастыруды зерттеген  қазіргі ғалымдардың тұжырымдамалары салыстырылып, әдістеменің бағыттары анықталды. Соның ішінде «қазақ-ағылшын тілді тұлғаны» қалыптастыруда тиімді қолданылатын әдістерге талдау жүргізілді.

  1. Әрбір ұлт тіліндегі реалияларды таныту арқылы сол ұлттық әлеуметтік-

мәдени болмысын тіл үйренушіге терең сіңірудің түрлі жолдары көрсетілді.

Әдістер: 1. Лингвомәдениеттанымдық әдіс. Әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті қалыптастыру үшін ең тиімді әдіс. Себебі, бұл әдіс арқылы оқытылатын екінші тілдің ұлттық-мәдени болмысын терең тануға болады және аударуға келмейтін төл ұлттық тіл бірліктеріне ұқсас баламаны оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, қазақ тіліндегі «Абылайдың асындай», «Асан қайғыға салыну» сияқты прецедентті тұрақты тіркестерге балама табу үшін тура аударымайды, мағынасына қарай, молшылық, қайғыға түсу, мұңдану ұғымдарының мәнін қолдануға тура келеді. Сондай-ақ ағылшын тілінде қыз бала мен бойжеткен сөздерін сипаттайтын, яғни жас ерекшелігіндегі өзгешелігіне қарай  таңбаланған тіл бірліктері  жоқ.  Тек жалпы қыз ұғымын білдіретін girl сөзі ғана кездеседі. Ал орыс тілінде девочка және девушка сөздерінің қазақ тіліндегі (қыз бала-бойжеткен) балама аударма атаулары бар. Сондай-ақ ағылшын тіліндегі bank' - өзен жиегі мен shore – теңіз жағалауын білдіретін  екі сөз орыс тілінде бір ғана «берег» сөзімен ғана таңбаланады. Ал қазақ тілінде өзен жиегі, теңіз жағалауы немесе өзен жағалауы, теңіз жиегі деген тіркестер жарыспалы қолданыла береді. Осындай ерекшеліктер лингвомәдениеттанымдық әдіс арқылы жүзеге асырылады.

           2. Контент-талдау әдісі. Берілген мәтінді ойда тиянақтап, негізгі айтылмақ ойды, басты идеяны, ол мәтінннің нәтижесін тезистеу үшін, санада терең сақтап, тілдік қолданыста еркін пайдалану үшін, әрбір мәтін арқылы осылайша тілдік қолданыстың жүйесін игеру мақсатында контент-талдау әдісі қолданылады.

3. Салыстырмалы-сипаттамалы  әдіс. Шет тілін оқыту барысында бұл әдіс өте жиі қолданылады. Әсіресе фразеологизмдерді, бейнелі сөздерді аудару кезінде оларға дәл келетін баламаны табу кезінде ағылшын тіліндегі тілдік бірлікті мәтін мазмұнындағы қолданысын нақты айқындау үшін қазақ немесе орыс тіліне аударып, салыстыру әдісін қолдану, Шет тіліндегі сөйленістің сауатты шығуына мүмкіндік береді.

4. Ассоциациялық эксперимент әдісі. Ағылшын ұлтының өкілі мен қазақ ұлтының азаматына ассоциациялық эксперимент жүргізіп, нәтижелерін салыстыру арқылы, қарапайым ойлау деңгейіндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Мәселен, қазақ баласы «бақыт» деген ұғымға өмірге келу, жетістікке жету, балалы болу, ұрпақ өсіру, ата-ананың амандығы, баланың қызығын көру деп ассоциация беруі мүмкін.  Ал ағылшын ұлтының өкілі бүкіләлемге саяхат жасау, ғарышқа ұшу, мақсатқа жету, сүйіктіммен мәңгі болу, т.б. деп жауап беруі мүмкін. Олар үшін қазақ секілді балалы болу, ұрпақ жалғастыру аса маңызды бақыттың қатарына жатпайды. Ассоциациялық эксперимент арқылы әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктің әр ұлт өкілі үшін тепе-тең емес екенін аңғаруға болады.

Ғылыми болжамы: Тілді меңгерту арқылы өзге елдің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен етене танысудың, сол елдің тұрақты азаматы сияқты әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру үшін жан-жақты (мәдени, әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлттық-этнографиялық, дәстүрлі) ақпаратты тіл арқылы меңгертудің тың әдістемелік технологиясы қажет болды. Осы технологияның маңыздылығын жұмысымызда айқындап көрсеттік. Әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктің лингвомәдени, лингвокогнитивтік, дискурстық, мәдениаралық коммуникация аясында қалай қалыптасатыны жөніндегі ұсыныстарымыз болашақта қазақстандық дипломаттарды дайындауда, мемлекетті танытушы өкілдерді (представитель) даярлауда, шетелдегі елші-корреспонденттердің тұлғасын қалыптастыруда кеңінен қолданыла алады. Сондай-ақ жалпы қазақстандық азаматтардың әлемдік элита ортасында еркін қарым-қатынасқа түсе алуына септігін тигізеді. Жұмыста ұсынған ғылыми жаңалықтарымыз арқылы ағылшын-қазақ тіліндегі кейбір ұғымдарды танытудағы ұштастыққа көз жеткізуге болады. Мәселен, ағылшын және қазақ ақындарының абстрактілі ұғымдарды тану деңгейі, яғни лингвокогнитивтік өрісі ұқсас болып келеді. «Өмір» концептісі қазақ ақындарында тартыс, күрес, бірде буырқанатын, бірде толқынмен тербелетін теңізбен символданса, ағылшын ақындарында да өмірдің тыныш кезі мүлгіген мұхитқа, өмірдің қиын сәттері мұхиттың дауылына, штормға теңеледі.

Сондай-ақ ағылшын, қазақ поэзиясында символдау ерекшелігі жағынан ұқсастықтар кездеседі. Мысалы, емен – жалғыздық символы, тұманды түндер – қайғы, мұң символы, т.б. Осындай екі елдің ойлау дәрежесіндегі бірізділікті тіл арқылы айқындап, жастардың әлеуметтік-мәдени құзіреттілігіне сіңірудің тәсілдері  әлемдік қарым-қатынастың биік шыңына қол жеткізуге мүмкіндік береді

 

I.  Шет тілін   оқытуда студенттердің әлеуметтік  - мәдени   біліктілігін қалыптастыру.

1.1  «Әлеуметтік  - мәдени  біліктілік » ұғымына   анықтама  және  оның ғылымда  зерттелу  деңгейі.

            Қазіргі  таңда   Қазақстандағы   Шет тілін   үйретудің  ең негізгі  міндеттерінің  бірі – тілді  шынайы және   толыққанды  қарым–қатынас құралы  ретінде  үйрету.  Сондықтан  да,  отандық  әдістемеде дұрыс  мәдениетаралық  қарым – қатынас  және  мәдениет  диалогын  жүргізуге қабілетті  тілдік тұлға даярлау мәселесі  алдыңғы орынға шықты.

           Жаңа заман  талаптары  Шет тілін оқытушы ұстаздардың алдына жаңа міндеттер   қойып отыр  соған сай Шет тілінде қарым - қатынасқа түсу  бұрынғыдай  белгілі бір пәннің,  уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдениетаралық  байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани  құндылықтарына  құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға таныстыру мәселесіне  бағытталып отыр.

Информация о работе Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі