Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:23, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80

Файлы: 1 файл

социо-культ.компетенция_47 стр.doc

— 376.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен, біз реалия лингвоелтануды оқытудың басты объектісі екенін көріп отырмыз. Және егер біз оқытылып отырған тіл елінің біліміне негізделген  лингвоелтанушылық     материалды    анықталған, қалыптасқан   хабардар бөліктермен енгізетін болсақ, онда бұл енгізу тілді меңгеруге мүмкінді береді, тек коммуникативтік қызмет тұрғысынан ғана емес. Белсенді сөйлеу қызметінің құрылым деңгейі қаншалықты биік болса, оқытылып отырған тіл елінің саяси, экономикалық және мәдени өміріне жағымды қатынасын қамтамасыз ететін ішкі сарын соншалықты мықты және берік болады. Осылайша, мемлекеттік үлгіде бекітілген тәрбиелік, білім, дамушы және ең бастысы тәжірибелік мақсаттары жүзеге асырылады.

 

 

2.3  Шет тілін оқытудың   мазмұны және  шет тілін үйрену  мотивациясын  көтерудегі   әлеуметтік - мәдени   компоненттің рөлі. Шет тілін оқыту    мазмұнының негізгі   компоненттері .

          Шет  тілдерін оқыту   әдістемесінде   мазмұн мәселесі   өзектілердің  бірі   ретінде қалып  отыр. Білім беру   мазмұнының  қоғамның әлеуметтік    тапсырысымен өзара   байланысы   маңызды мағынаға  ие болуда. Оның дамуымен  және әлемдегі тарихи түбегейлі  өзгерістерге  байланысты білім беру  мазмұны да,  мақсаттары да   тұтастай өзгереді [16:40].

          Қазіргі уақытта    тек тілді   үйретуде    ғана емес , осы  тіл  иелерінің   өзге тілді   мәдениетіне  де   үйретуде  пәні ретінде  шет тілінің  рөлі   өсуде [14;55]. Шет тілін  оқыту  әдістемесінде    әлі   күнге дейін  осы пәнді   оқыту   мазмұны    туралы   бірынғай   пікір жоқ . Бұл мәселеге    қатысты бірнеше көзқарастар   бар .

          Осы зерттеудің   мақсаты шет тілін оқытудың  мазмұнын  жетілдіруді ниет қылғандықтан   бұл жұмыста білім беру    мазмұнының   жалпы дидактикалық   концепциясына  сүйене  отырып     шет тілін   оқыту  мазмұнының  ерекшеліктері    көрсетілетін    болады және   оның  компоненттеріне    талдау    жасалатын     болады.     Кейбіреулер    білім     беру 

мазмұнының  құрамдас  бөліктері   нақты  тіл  материалы (лексика,  грамматика 

фонетика , орфография) білімі, дағдылары   мен  шеберлігі, оқу  мен ауызша  сөйлеу  үшін  тақырып, мәтіндер, ана тілінде болмайтын   тілдік ұғымдар  деп есептейді .

          Білім беру   мазмұны  белгілі  түрде   ұйымдастырылған оқу   материалы  оқу пәні  мазмұны  мен оны  оқыту   үрдісінің   өзара  әрекеттестігінен    құралатын күрделі   диалектикалық   бірлік  ретінде   де қарастырылады .[17;38]

           Осы  концепцияға  сәйкес  шет тілін оқыту  мазмұны   материалды  әдістемелік   ұйымдастырудың   негізгі бірліктері (сөздер,  типтік    фразалар,   

мәтін,  потенциалды  мәтін  ретіндегі  тақырып) мен  жаттығулардың  негізгі типтері   кіретін  оқу пәні мазмұнынан тұрады. Шет тілі  бойынша  оқу  үрдісінің   мәдениетаралық  жағдайлар әрекеттестігіне  бағытталғанына байланысты  мәтіннің    аутенттілігі   сияқты (оқу  жағдайларына емес, шынайы  жағдайлар үшін   жасалған саны  мәтіндер) сипаттамасы   ерекше мәтінге  ие болады .

           Шынайы  коммуникация  мәтіндер  типінің   көптігімен  айрықшаланады. Мәтіндердің  жоғарыда  көрсетілген типтері  мен түрлері  педагогикалық   үрдіс қатынасының   әртүрлі  жағдайларында  шешімін табатын  коммуникативті   міндеттер  және тақырыптармен   ара қатынаста болады.

Егер   оқу мазмұнының  барлық компоненттерін   түзу бойымен түзіп шығуға  талпынсақ, онда осы концепция шеңберінде  тіл материалы, мәтіндер, тақырыптар, жаттығулар  білім, дағды мен шеберлік туралы  айтуға болады .

           Бұл мәселені   төменде келтірілген   түсіну  тіпті  өзгеше. Шет тілін   оқыту  мазмұны  деп студенттердің  ана тілінде    болмайтын    тілдік   ұғымдар,

сөйлеу  шеберлігі  қалыптасатын  әр топ аралық  шеберліктер, тілдік  дағдылар, графикалық  және дыбыстық  безендірілген  мәтіндер  де   түсіндіріледі .

           Шет тілін   оқыту барысында студентерде сан алуан шеберлік  пен дағдылар  қалыптасады. Оларға әдетте тілдік шеберлікті (сөйлеу, оқу және  түсіну), грамматика немесе   тілдік шеберлік  құрамына элементтер  ретінде кіретін   дауыстап айту дағдыларын, лексиканы қолдану  дағдыларын  қосады. Жоғарыда аталғандардың  бәрі даусыз   шет тілі мазмұнына кіреді, өйткені шет тілін  оқытудың  тәжірибелік   мақсатына  жету үшін   негіз болып  табылады.[6;95]

          Белгілі әдіскер  С.Ф.Шатилов,  білім беру  мазмұны  компоненттерін  біршама  өзгеше топтастырады . Ол   4  негізгі  аспектті   белгілейді. [20;89]

1.Тиісті түрде  ұйымдастырымды  тиіс  тілдік  материал. Оны   ұйымдастырудың   3  деңгейі бар :

        а)  сөз   дайын сөйлемшелер  ;

        б)  сөйлеу үлгісі  ( сөйлем,  фраза );

        в)  мәтін , тақырып .

2. Тіл қызметінң   түрлерін игеруді   қамтамасыз  ететін  дағдылар мен  шеберліктер. 

3.  Жаттығулар жүйесі.

4.  Мәтіндік материал  .

Шет тілін  оқыту  мазмұнын  талдай отырып   өзге  лингвистер,  психологтар  мен әдіскерлер  сияқты  Г.В.Рогова да «тіл» мен «сөйлеудің»  диалектикалық  бірлігін  түсінуге  сүйенеді [15;35].

             Білім  беру мазмұнының   бірінші компоненті   ретінде   Г.В. Рогова  лингвистикалық,  басқа   сөзбен  айтқанда,  тілдік  материалды   белгілейді:  

қатал  сұрыпталған   фонетикалық , грамматикалық , лексикалық   минимум мен сөйлеу    материалы,  және де   жағдайлы – тақырыпты   келісілген, әртүрлі   ұзындықты  тілдік   сөйлемдер үлгілері.

              Екінші компонент  - психологиялық, яғни  қалыптастырылатын  дағдылар мен  шеберліктер.Үшінші – оқушылардың оқу тәсілдерін  меңгерумен  оларға жаңа  пәнді  танумен, өз бетінше  еңбектенуді  дамытумен  байланысты   әдістемелік  компонент .

             Айқыны,  білім беру   мазмұны   коммуникативтік  жақты күшейтуді  мәжбүрлейтін  әлеуметтік  тапсырысқа  байланысты, оқу  «мақсаттар   трансформациясында: өзге  тілде сөйлеуге   үйрету - қатынасқа үйрету» көрініс табады. Олардың   бәрі өзге тілді  тілдік қызметте    өзара байланысты, өзара  тәуелді  және білімдік, дамытушылық  және  тәрбиелік  нәтижелер  түрінде  көрінеді.

Осы  кезеңде   психология, лингвистика, әдістеме деңгейінде  тараудағы оқытудың   негізгі  мақсаттарына  жауап беретін   шет тілін  оқыту  мазмұнының  оңтайлы   компоненттерін  іздестіру   жүргізіліп жатыр. Сонымен, шет тілін   оқыту  бағдарламасын  жасақтауда  білім беру  тұрғысындағы  жетекші  әдіскерлердің  жоғарыда келтірілген көзқарастарын  ескеру  қажет  және   мүмкіндігінше   ол   өз    кезегінде   кейбір факторларға (оқыту   мақсаты,

жағдайы,үлгісі) тәуелді, оқу жоспарына   кіргізу қажет, өйткені   олар негізгі   мақсат – коммуникативтік  мақсатқа анағұрлым  тиімді   жетуге   негіз    болады

[ 5;104].

            Соңында    қоғамның дамуымен    бірге білім беру    шет тілін   оқыту мазмұнын жаңа қорлармен   толықтыру мүмкіндігіне ие болады, олардың өз кезегінді шет тілін өте тиімді   игеруін   қамтамасыз  етеді, тілді үйренудің    мотивациялық   шеңберін    күшейтеді .

 

2.4 Шет тілін үйрену   мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени  компоненттің рөлі .

              Жоғарыда көрсетілгендей, оқыту  үрдісінде  елтанымдық ақпаратты   қолдану  студенттердің   танымдық  белсенділігін   көтеруді қамтамасыз  етеді, олардың коммуникативтік   дағдылары  мен шеберліктеріне, және ең  мотивацияға    қолайлы жағдай туғызады, тілмен өз бетінше  жұмыс  істеуге  ынта  береді   және тәрбиелік    міндеттерді шешуге   көмектеседі [8;57].

            Осы жұмыстың авторы, «тұлғамен   мәдениет ара   қатынасын    анықтауда тұлғаның   қалыптасу   генезисін   әлеуметтік    қауымдастықтан  (кіші әлеуметтік топтан, ақыр соңында, ұлттан) бөлек    түсіну   мүмкін  емес.

Орыстың немесе  немістің, поляктің  немесе  француздың  ішкі жан  дүниесін   түсінуге ықыластық болса, орыс немесе  тиісінше  неміс, поляк, француз  мәдениеттерін зерттеу  қажет» деген   Верещагинаның   сөзімен толық келіседі [3;76].

             Білім беру мазмұнының  әлеуметтік  - мәдени  компоненті    студенттерді  мәдениет   диалогына қосу, жалпы  адамзаттың   мәдениет  дамуындағы  ұлттық    мәдениет   жетістіктерімен таныстыру   тұрғысында  үлкен   потенциалға ие. Мәдениеттер   диалогы   контекстінде   шет тілін оқыту оқушының тұлғалық дамуында  қуатты фактор болып табылады. «Мәдениет диалогы»  ұғымы шет тілін оқытудың  қазіргі заманғы  әдістемелік теориясында  кеңінен  қолданылса да, өзін нақтылауды қажет етеді .

              Мәдениеттер диалогын  студенттің   туған мәдениеті  мен   үйреніп  жатқан   тіл  иесінің   мәдениетімен өзара  әрекеттестігі   ретінде   түсіну таяз   болатыны анық.Қазіргі заманғы психолингвистикалық ғылымда  мәдениеттер  диалогы  мәдени заттармен, әрекеттермен (дәлірек,  әрекеттерді жүзеге асыру құралдарымен алмасу, яғни операциялармен алмасу) алмасу деп, және бөтен  мен өз мәдениетінң  бейнелері    өзгешелігіне   рефлексия кезіндегі  басқа  

мәдениет иелері  сана салтын   түсіну мақсатында нақты  және мәтінде суреттелген сөздермен   ассоциацияланған   сана салтымен   алмасу деп те түсіндіріледі.

               Бөтен мәдениетке    араластыру  үрдісі   кезінде   мәдениеттер   диалогы   контекстінде  оқушы өз мәдениетінің   танымдық құралдарына, бөтен мәдениетті тану кезінде   бөтен мәдениет туралы  жасақталған жаңа білімдерге сүйенеді. Дәл   осыда    оқушының     мәдениетаралық     қатынасқа    теңбе - тең

қатысу қабілетінің  маңызды құрамдасы  ретіндегі  олардың   екінші қайтара   тілдік  санасын   қалыптастырудың  мәнісі бар [4;87].

 

                Екінші  топқа  тілдік  бірліктер  симантикасында   тілін    үйренетін   ел 

мәдениетін     көрсететін   фондық ,  коннотивті    және      эквивалентті       емес

лексиканы  студенттердің  білуі кіреді. Студент  неғұрлым   көп ұғымдарды   қолданса  және  ол игерген және  пайдаланатын   елтанымдық   және лингвоелтанымдық   ақпараты  неғұрлым алуан түрлі болса,оның  тәжірибесінде   ассоциативті  көрсетілген   әлем суреті   соғұрлым ауқымды, шет тілі  құралдарымен   белгілеу мен қолдану  үшін  оның симантикалық   және мәндік   сүйеніштері көп болады.

                 Бұл жерде   әлеуметтік - мәдени   компонент  тарих, әдебиет, география және  т.б.  бойынша   шынайы  білімді, яғни туристке  маңызды болатын  білімді хабарлауды ғана   ұйғармайды.Фактілерді білу студент мәдениетаралық   құзырлығын дамытуға   қандай  дәрежеде   негіз болатынында  ғана маңызды болмақ .  Осы білімдерді   игеру  технологиясы   студенттерді   өзге мәдениет  феномендерін  өзінің, бастапқы    мәдениетімен   салыстыра отырып   түсінуге үйрету тиіс.

Оқытудың дәл осы    аспектісі   олардың білімқұмарлығын, әлемді сезіну мен  әлемтанудың   өзге тәсілдеріне   қызығушылығын   және оны бақылау  қабілетін, бар және жинақталып жатқан  мәдени тәжірибесіне   рефлексияға   қабілеттілігін  дамытуға үндейді .

                  Экстарлингвистикалық   елтанымдық  ақпарат   көп мөлшерде   өмір, ғылым, әдебиет, өнердің   әртүрлі облыстарынан   мәдениет  танымдық    мәліметтерді   жиыстыратын пән аралық  байланыстармен  айқындалады .

                 Мұғалімнің міндеті   студенттің  тілге   мәдени феномен ретінде   құнды көзқарасын дамыту   ғана  емес, сонымен бірге  өзге әлемді  түсіну  феномендерін  байыптау   барысында  қоғамдық  өзара   байланыс  пен жеке құндылықтарды   рефлексиялау  мен  сіңіруді ынталандыру да болып табылады.

Әлеуметтік - мәдени   компонент  Никитенко, Осиянованың [13;68] тәсілдерінде   айтарлықтай толық   жүзеге асырылған, онда осы компоненттің  құрамдас бөлімдерінің   барлығы көрсетілген . Оқу процесінде   сөздің бір мезетте   шынайы болмыс  белгісі   мен  тіл  бірлігі   болатынын   ескеру қажет .

               Эквивалетті емес   және фондық   лексика комментарийді    қажет етеді, мұғалімнің ерекше назар   аударуын талап етеді.  Эквивалентті емес сөздер  қатаң, тура мағынада  аударылмайды да олардың мағынасы  түсіндіру жолымен ашылады. Мысалы  ретінде мерекелер мен символдар атауын алуға болады: ағылшын  тілінде, мысалы, көлік атауы; double – decker; американ тілінде: drugstore - дәріхана, дәмхана; strong bath – денені сулы  ысқышпен сүрту .Орыс тілінде   жоғарыда көрсетілген   лексиканың баламасы жоқ .

             Фондық лексика ішінде жеке тұрлаусыз  белгілерінің    семантикалық бөлшектері  түйіспеуінен  өз фондарымен  ерекшеленетін  сөздер болады [19;105].

Фондық  мағыналарды   лексикалық  бірліктерге айқын   байлаусыз сипаттау  мүмкін емес .  

                Бұл сөздер әрине ,  бір ерекше көрікті нәрсемен   ассоциаланып  тіл мен  мәдениет    иелері санасында    болады және   жиі қандай  да  бір  ұғым арқылы    суреттеледі, мысалы: Sir Walter Raleigh (Уәлтер Рэли) - теңіз жүзуші; Америкадан Европаға  темекіні алып келеді; Bristol  (Бристоль) – порт және  қала , шығанақ   арқылы  үлкен көпір .

                Фондық  лексикаға  қандай да  бір  деңгейде  болмыс та  сәйкес келеді – тек   белгілі  бір  ұлттар мен халықтарға  тән  материалдық   мәдениет  заттары, тарих фактілері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фольклорлық кейіпкерлердің  мифологиялық жәндіктер т.б. атаулары  [4;88].

Шынайы болмыста   мәдениет пен  тіл арасындағы   байланыс немесе  жақындық   аса  көрнекті   байқалады:  рухани және  материалды  өмірде, яғни   мәдениетте, жаңа болмыстардың   пайда болмысымен  тілде де болмыстар пайда болады. Ағылшын тілі    материалында болмыстарға   мысал ретінде   өмірдің түрлі әлеуметтік, саяси, тұрмыстық   жақтарын  білдіретін келесі сөздерді,  топонимдер  мен антропонимдерді  келтіруге болады.  мысалы:  этнографиялық болмыстар, тұрмыс болмысы :kilt - плиссирленген   белдемше,

Информация о работе Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі