Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:23, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80

Файлы: 1 файл

социо-культ.компетенция_47 стр.doc

— 376.00 Кб (Скачать файл)

3.Әлеуметтік-лингвистикалық-іскерлік  қатынас  жағдайларына сәйкес  тілдік  этикет үлгілерін, тілдік  бірліктерді барабар пайдалану  қабілеті.

Бизнес пен коммерция  саласында істейтін шетелдіктерге  арналған оқу кешені оқыту мақсаты, қолданылатын тәсіл мен әдістері бойынша әр алуан . Осы мақалада  «ең технологиялық жарамды  ретіндегі» [12;193] іскерлік қатынастың Шет тілі сабағында әлеуметтік-мәдени тәсілді қолдану ерекшеліктері талданады, өйткені әр түрлі мәдениеттер өзгешелігін білу жалпылау мен стериотиптерден  құтылуға, «өмір сүру мен репрезентацияға [19;14] әр мәдениет құқылы  бірыңғай көп мәдениетті қауымдастық ретіндегі әлем туралы ой қалыптастыруға» мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік - мәдени құзырлық пен оның барлық  компонеттерін (лингво-елтанымдық,   елтанымдық,   әлеуметтік  -  лингвистикалық,   жалпы     мәдени )

шетелдік студенттерде қалыптастыру әлеуметтік-мәдени тәсілінің  анықталушы мақсаты болып табылады. Әлеуметтік - мәдени құзырлық іскерлік қатынас мәдениетінің әр түрлі типтері туралы білімді, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктер мен фактілерді анықтауға қабілетін, іскерлік қатынас мәдениеті құбылыстарын барабар интерпретациялау дағдыларын және іскерлік мәдениет  аралық қатынас

жағдайларында өзара  қатынас стратегиясын таңдау үшін осы  білімдер, дағдылар мен шеберліктерді  пайдалану шеберлігін дамытуды көздейді.

           Оқыту  процесі мәдениеттер  диалогы шеңберінде орнатылған  кезде әлеуметтік - мәдени  құзырлықты  қалыптастыру   мәдениет  пен тіл  фактілерін

қосарлау нәтижесінде  орындалады. «ағылшын тілі шет тілі ретінде: іскерлік қатынас аумағы»  пәні мазмұнында  өзіне іскерлік қатынастың әдеттегі жағдайларын кіргізетін әлеуметтік-мәдени құзырлықты дамытуға бағытталған блоктарды бөліп көрсетуге болады.  Оларды  ауызша (АМ) және жазбаша модуль (ЖМ) , «Оқу» және «Аудирование» модуліне бөлуге болады.

Әлеуметтік  мәдени құзырлықты дамытатын сырмаларға жататыны:

          1.Туған  және өзге тілді мәдениеттің мәдени және тілдік фактілерін салыстыруға, олардағы ортақ және өзгешелікті анықтауға негізделген жаттығулар.

          2.Өзге тілді іскерлік мәдениет  дәстүрлері мен жүріс-тұрыс   стериотиптерін анықтауға бағытталған  танымдық-ізденушілік сипаттағы жаттығулар.

          3. Аутентті материал  қолданылған  жаттығулардың әр түрі . Мысалы , аутенттік  іскерлік   және  коммерциялық  жаңалықтарды тыңдау .Оқу мен тыңдау        дағдыларын    белсендіретін     жарнамалық    сипаттағы     мәтінмен 

жаттығудың   әр түрлерін   жеке бөліп көрсетуге болады  .           

         4.  Екі  қызмет  атқаратын   елтанымдық   сипаттағы  мәтіндерді  оқу  : оқушылардың  белсенді  және  пассивті  сөздігін   молайтады   және  елтанымдық   құзырлықты   дамытады .

         5.  Рөлдік ойындар , мәселелі – коммуникативті  тапсырмалар .

          6. Оқу   орындары, мамандықтар мен компаниялар, төлемдер   атауларын, және   номинацияларды да   ауызша   және   жазбаша іскерлік   тілде дұрыс қолдану   дағдыларын   қалыптастыруды көздейтін тапсырмалар .

         Әлеуметтік мәдени   құзырлығы  қалыптасқан   студенттер  іскерлік   дискурс үшін   өзекті мынадай   дағдылар мен шеберлікті   игерген  болады :

1)Ағылшын   шынайы  болмысына  жүгінетін  дәлдемелерді  қолданып  оқылған тақырыптар шеңберінде   шет  тілінде   жеке өз   айтылымдарын  тұжырымдай алады .

2) Іскерлік қатынастың    әлеуметтік - мәдени    жағдайына  сәйкес   мағыналы ауызша немесе   жазбаша мәтінді   продукциялауды  біледі   және ұйымдастыру   принциптерін  біледі .

3) Коммерциялық және  іскерлік   тақырыптар  бойынша   публицистикалық    мәтіндердің  жалпы  мағынасын түсінеді .

4) Қажетті    этикеттік   мәліметтері бар .

Әлеуметтік   мәдени   тәсіл шеңберінде    қолданылатын  болжамды тапсырмалар .

1. "Әр елдердегі  іскерлік қатынастар  ерекшеліктері" ел танымдық сипаттағы    мәтінді оқу , "оқу" және "айту "  модулі .

Студенттер тобы  немесе  жеке әр  студент  лексикалық  қорын кеңейтуге   және лексикалы - грамматикалық  қиыншылықтарды  жоюға мәтін алды  тапсырмалары , мәтінішілік  (негізгі әлеуметтік -мәдени   ақпаратты  табуға  бағдарланған     сызбаны     толтыру)   және   мәтіннен    соңғы     тапсырмалары

 (көрсетілген елдер іскерлік   дискурсының   ерекшеліктерін    талқылау  және  салыстыру, іскерлік мінез - құлықтың  шынайы және жалған  стереотиптерін  анықтау ) бар  микромәтіндер алады .

Әр елдердегі  іскерлік қатынастар  ерекшеліктері [4].

1 - топ. Жапония. Иілу  – Жапониядағы    сәлемдесудің   дәстүрлі түрі, неғұрлым  төмен  иілсе   соғұрлым   үлкен   құрмет. Соңғы кезде    шетелдік әріптестермен  қатынаста қол алысу  кең таралып жатыр. Иығынан қағу, құлаш   жайып   құшақтау жөнсіз болады . Жапондық   әріптесін  атын атауға   болмайды.Бұлай  тек  жақын  туыстар мен   достар ғана   қатынасады .  Жапондықтар ұқыпты, нақты. Кешігіп қалмауы   үшін Жапондық белгіленген   уақыттан бұрын  келуі мүмкін. Бала кезінен  жапондықтар   өз амбицияларын  тежеуді   үйренеді . Келіссөздер  мен іскерлік   әңгімелерде   жапондықтар   дау – жанжалды   жағдайлардан қашқақтайды . Жапондықтардың   іскерлік қатынастарындағы   тура "жоқтың" болмауы  қиын  жағдайлардың    себебі болуы   мүмкін . Шетелдік   делегация   сәтті  келіссөздерге  сенуі  мүмкін , ал  шындығында   оның   ұсыныстары  сыпайы түрде    қабылданбаған  болып   шығады . Жапондықтар   қонақтардың    көңілін көтеруді   ұнатады  және оны  жақсы

орындайды .Кейде  іскерлік  кездесулер   алдында  көңіл  көтеретін    бүтін бір бағдарламасы   болуы   мүмкін : мейрамханалар, экскурсиялар.

            Бұл   жапондықтар  үшін   жеке   байланыстар орнатудың   мүмкіндігі   болып   табылады.   Жапонияда    сыйлықтың маңызы     өте   зор. Сыйлықтың сыртқы   орамы, қабы  кейде     сыйлықтың өзінен    де маңызды   болмақ .  Сыйлықты   екі қолмен алу керек .

2- топ.  ОАР  -   африкандық континенттің  ең дамыған   елдерінің бірі . Оның  шамамен бестен  бір бөлігін ақ нәсілді   тұрғындар құрайды. Сондықтан мұнда Еуропа елдері   мен Америкаға тән этикет  нормалары бар. Сонымен қатар африка   мәдениетімен  байланысты   бір қатар   ерекшеліктер де   баршылық . Мәселен, амандасу  кезінде  қол алысады , бірақ  Европа  мен АҚШ –а қолды  әлде қайда жұмсағырақ  қысады. ОАР лықтар  уақытқа   өзгеше  қарайды. Тіпті іскерлік қатынастардың  баяу  қарқыны   тұспалданатын  " африкалық уақыт " термині бар . Ол келіссөздер де   көрінеді . Келіссөздер   біршама   ұзаққа    созыла береді да , келісімнің   кесімді   шешімі   кейінге   қалдырыла  беруі  мүмкін. Бірақ   егер сіз келісімге  келсеңіз, міндеттемелер  орындалады. Шетелдік қонақты   мейрамханаға, үйге шақырады (көптеген оңтүстік африкалықтар  өз бақшасы   бар үйлерде  тұрады). Бұл жағдайда   бір бөтелке шарап пен  гүл шоғы   өте жақсы  сыйлық   болмақ . Сыйлық – сувенирді де  беруге  болады.

1.Визиттік карточкалармен  жұмыс , этикеттік   білімдерді  өзектендіру ( бұл тапсырма  әсірессе көптілді топта өнімді) Студенттер  ықтимал  іскер   серіктестерінің    визиттік  карточкасын  алады ( оларды таңдау  топтың тілдік  құрамы  мен  оның   қатысушыларының болуы  мүмкін   іскерлік байланыстарна тәуелді )  және оларға   сөйлеудің  дұрыс түрін  көрсетеді . Нәтижесінде    іскерлік  қатынастың  әлеуметтік - мәдени  жағдайына барабар  кәсіптік және жеке атауларды  таңдау дағдысының  қалыптасуы    тексеріледі .

. Сонымен, әлеуметтік - мәдени тілді қолдану   Шет іскерлік   қатынасының дәстүрі мен мәдениеті   ерекшеліктерін  жақсы сіңіруге  септігін  тигізеді, іскерлік Шет тілінің лингвистикалық және стилистикалық    өзгешеліктерін  

зерттеу үшін   мотивациялық  фактор болып  табылады  және   оқыту процесіне     кәсіптік компонент  қосады . 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ғылым қол жеткізілген  жерден  тоқтап қалмады. Қазір басқа  да қызықты әдіс-тәсілдер жасалуда, олардың көмегімен студеттерді  оқытудың алға қойылған мақсаттарына қалай да жету үшін оқытудың жағымсыз жағдайларына қарсы тұруға, оқулықтар мен бағдарламалардың қатал шеңберінен шығуға тырысады. Қазір оқытудың күрделі кешені ескерілу қажеттілігі түсініледі – тілдік ортаның және шет тілді тәжірибелік қолдануда студеттерде табиғи қажеттіліктің болмауы, оқушыларда тіпті бір жас ерекшілікті топтың, шет тілдік сөйлеуді табысты игерудің әртүрлі психолого-педагогикалық алғышарттардың болуы.

Сонымен, біздің ойымызша, Шет тілін   оқытуда студенттердің әлеуметтік -  мәдени  біліктілігін қалыптастыру болып табылатын зерттеуімізде біз нақты нәтижелерге қол жеткіздік.

Шет тілін оқытудағы  өзекті мәселелердің бірі лингвоелтанушылық  аспектіні және мәдениетті дайындау болса, әртүрлі әдістемелік арсенал  түрінде: көшірме, үлестіру материалдары, кесте, сызба, әсіресе слайдтар және кинофильмдер, елтану мазмұнындағы мәтіндер жазбаларының кассеталарын  пайдалану өте тиімді болады. Сонымен қатар, өзекті қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, оқушыға маңызды мақсат, ниеттерді ескеру маңызды.

Осылайша, шет тілін  осы тілде сөйлейтін халықтың ұлттық мәдениетімен тығыз байланыста оқытуды ұйымдастыру, оқытудың, соның ішінде оқу материалдарының лингвоелтанушылық реңкі оқушылардың коммуникативтік танымдық ниетін күшейтуге, жалпы әлеуметтік - мәдени ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, жұмыстың әдістері мен нысандарын түрлендіруге жағдай жасайды, оқытуды тәрбиелеумен үйлестірудің жалпы дидактикалық талабын тиімді жүзеге асырады.

Біздің пікірімізше, оқытудағы  осындай тәсілдерді жүзеге асыру  ниетті, белсенділікті, студенттің  сабақтағы бастамасын көтеруге мүмкіндік береді, яғни білім алуға және шет тілі бойынша шеберлік пен дағдыға тілек, қажеттілік туындайды.

 

Пайдаланған әдебиеттер  тізімі

 

1. Романова Р.З.  Язык  и культура  : лингводидактический   аспект  - А .:1998. cтр. 138.

2.  Гез Н.И .,Гальскова Н.Д. Методика  предподавания иностранного языка М.: 2003. стр. 27.

3. Сафонова В.В. Культуроведение  в системе  современного языкового   образования  иностранные   языки в школе ; 1990, № 6 .стр. 2 .

4.  Артемева  В.А  . Психология  обучения  И.Я – М.: Просвещение, 1969.стр. 58.

5. Верщещагин Е.М ., Костомаров Г.В.:Язык и  культура, Лингвострановедение  в предподавании  русского языка как  иностаранного,  Изд .2, перераб., дом –М : русский  язык , 1976. стр .58.

6. Шукин А.Н. Обучение  иностранным  языкам , Теория  и практики . Учебное пособие для предподователей и студентов.  Москва , Филоматис. стр.165.

7. Тер – Минасева  С.Г. Язык  и межкультурная   коммуникация. Учебное пособие   М . Слово 2000 . стр134.

8. С.Г.Агапова Основы  межличностной и межкультурной  коммуникации.Серия  "Высшее образование " - Ростов на Д .: Феникс,2004. стр.96.

9.   Әкімішова   Ж.Ә. Тіл – мәдениет феномені  мәселесі . стр.27  .

10. Қазақ Совет   энциклопедиясы  7 том, 1997 . Бас редакторы   М.Қ Қаратаев .  стр.3.

11. Қазақ Совет   энциклопедиясы  11 том, 1997. Бас редакторы  М.Қ.Қаратаев . стр.8.

12. Ахмет  Байтұрсынов   Шығармалары  . Алматы, Білім, 1989. стр.1.

13. Сепир   Избранные   труда по  языкознанию и культуре. Под редакций: Кибрина  А.Е.  Москва . Прогресс, 1993. стр. 15..

18. Борисов Л.П.  Компетентностное  деятельной подход  и  модернизация содержание  общего оброзование. Стандарт и   мониторинг. Москва, русский  журнал 2003  №1. стр.127.

19.  Ибраймова Г.К.  Шет тілін оқытуда әлеуметтік  мәдени   біліктіліктің   мазмұны. Магистрлік   Диссертация, Алматы, 2006 .стр.105.

22.Полушина Г.А. Текстотека учебника как основа формирование  социокультурыный  компетенции, Автор.т дисс… канд.пед.наук ., Москва,1995.

23. Воробьев Г.В. Развитие  социокультурной  компетенции  будущих учителей  иностранного языка . Иностранные  языки  в школе  2000 №4 

24. Аскарова Г.К. Шет тілдері оқулығына қойылатын талаптар  // Вестник , 2003/1.

25. Coombs J.C. The World Crisis in Education. - Oxford University Press, 1985.

26. Сафонова В.В. Изучение языков международного общения в контексте диалога культур и цивилизаций. – Воронеж: Истоки,

28. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению, 2-е изд. - М.: Просвещение, 1991.

29. Тер-Минасова С.Г.  Язык и межкультурная коммуникация. – M.: Слово/ Slovo, 2008.

30. Қамбарова З.Ж.  Шет тілін оқытуда  тілдік университеттегі  төменгі курс  студенттерінің  әлеуметтік - мәдени  біліктілігін қалыптастыру . Магистрлік   Диссертаци, А,2010

31. Құнанбаева С.С   Қазіргі  шет тілдік білім берудік теориясы мен практикасы. –Алматы :ҚазХҚжӘТУ,2010.

32. Смағұлова А.С.  Шет тілі   сабақтарында  мәдениетаралық  қарым –қатынасты  дамыту және  лингвоелтанымдық  ақпараттар кезінде  мәдениетаралық  қарым –қатынасты үйрету әдістемесі. Магистрлік   Диссертация, А,2010.

33. Ариян М.А. Лингвострановедение в преподавании иностранного языка в старших классах средней школы // Иностранные языки в школе 1999 - №2.

34. Борисенко М.К. Некоторые аспекты преподавания элементов лингвострановедения на французском языке // ИЯШ. 2002 - №3.

35. Верещагин Е.М., Костомаров  В.Г. Лингвострановедение в преподавание  русского языка как иностранного - М, 1980

36. Кащук С.М. Лингвострановедческий  подход при обучении английскому  языку в младших классах // ИЯШ 2009 - №2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі