Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:23, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80

Файлы: 1 файл

социо-культ.компетенция_47 стр.doc

— 376.00 Кб (Скачать файл)

тағам және сусындар; Coca - Cola – американдық  жаратылысты  тәтті  алкогольсіз  сусын, fast –food – гамбургер , балық және  чипсы,   пицца және тауық   сияқты тез дайындалып  кіші ресторандарда  сатылатын тағам . Қарым – қатынас   процесіне  қатысу  көп нәрсені, атап айтқанда  коммуникативтік  құзырлықты немесе  коммуникативтік жүріс – тұрыс  білімін талап етеді .

               Қазіргі заманғы   лингвистикада  коммуникативтік  құзырлықтың астарында  лингвистикалық құзырлықты, яғни  тілдік материал  мәліметтерінң   белгілі жиынтығын  игеру жатқан,  қатынас жағдайлары  және  міндеттері мен  тіл құралдарының  ара қатысын белгілеу  шеберлігі және  жүріс - тұрыстың  әлеуметтік   ережелері мен айтылған сөздің   коммуникативтік тиімділігін ескере отырып тілдік қатынасты   ұйымдастыру   қабілеті  түсіндіріледі.

               Коммуникация     процесі   ретінде  коммуникативтік   тәсіл  оқуда  кең 

болашағын  ашады; тілді тек  тіл құрылымы тұрғысынан емес, орындайтын коммуникативтік  функцияларын  ескеріп қарастыруды талап етеді.  Шет тілін үйрену мәдениет  танымдық білімдерді (мәдениет   фактілері) сіңіруді ғана емес, сонымен бірге үйреніп  жатқан тіл  иелерінің   менталдығы   мен  осы ел халқының   коммуникативтік жүріс – тұрыс  ерекшелігін   түсінуге даярлығы   мен қабілетін қалыптастыруды көздейді  ұлттық мәдениетті  игерумен тығыз  байланысты  .

              Орыстың коммуникативтік мінез  – құлқының  негізгі  ерекшеліктеріне  кіретіні: көпшілдік, адалдық, сезімдік, сырлы  сұхбат басымдығы, зиялы қатынаста сүймеушілік, тақырыптық  алуандылық, қатынасқа  үшінші  жақтың кірісу  бостандығы,  доминанттық, дауда  компромиссіздік,  тұрмыстық   көңілсіздік және басқалары [18;127].

              Ағылшындық  коммуникативтік    жүріс – тұрысы  ерекшеліктері:  аз сөздік, дауыстап сөйлеудің   төменгі деңгейі, өзін –өзі  бақылау  дәрежесінің   жоғарылығы   зиялы  қатынастың   дамығандығы,  зиялы   қатынастың   тақырыптық   табуленуінің   жоғары деңгейлігі, жазбаша қатынастың  үлкен рөлі .

            Ұлттық   мәдениет   туралы, тіл иелері   коммуникативтік   мінез – құлығы   туралы   айтқанда  вербалды  және вербалды  емес  мінез – құлық , жүріс  - тұрысты   ажыратады. Қоғамда  тарихи дәстүр, салт, әлеуметтік жағдайлар  әсерінен  қалыптасқан   қатынасқа түсушілердің   мимикасын, тұрған  тұрысын, қимылын  қоса  қатынастың  ұсынылып  отырған ережелерін    көрсететін қатынас   дәстүрлері мен  ережелер жиынтығын  вербалды емес   коммуникативті  жүріс – тұрыс   деп немесе   вербалды емес тіл ( қатынастың мақау тілі ) деп аталады. Вербалды емес  тілдер   тек коммуникацияға емес , ең алдымен студенттің ішкі дүниесін   және оның  оқытатын  вербалды тіл иелеріне, олардың мәдениетіне, олардың өмір сүру амалдарына қатынасын қалыптастыру үшін маңызды.Бұл тұрғыда  күнделікті  мінез –құлық  тілі   аса маңызды   болмақ  [9;48].

           Сонымен , вербалды  емес   мінез  –құлық   коммуникативті   болмақ  және ұлттық  шартталған, шет тілін   оқытуда ол ескерілу тиіс. Бірақ  қимыл тілі  жалпы адамзаттық  тіл еместігін  бәрі бірдей  түсінбейді  да қимыл   символикасын  бір мәдениеттен екіншіге көшіреді, соның   нәтижесінде  коммуникация жоқ болады немесе қиындайды. Соңғы  уақытта  "қимылдық"  мәселе   әдіскерлердің   көзіне түсе   бастады .

            Сонымен, Шет тілін  оқыту  мазмұнын   елтанымдық  біліммен  қанықтыруды   оны оқытудың   бастапқы  кезеңінен    бастаған маңызды.  Бұл білім беру   мазмұнын іріктеуге жаңы тәсілге себепкер болады. Бұл кезде барлығы мәдениетаралық коммуникацияға  жұмыс істеуі үшін  және тілін үйренуші елдің   ұлттық мәдениетімен  байланысты қамтамасыз   ету үшін  әр компонентті   тілін үйренуші   ел мәдениеті   туралы ақпартпен (білім, тілдік материал,жағдайлар ,тақырыптар,  дағдылар мен  шеберліктер ) байыту қажет болады .

             Шет    тілін   үйренудің   алғашқы    кездерінде    ел танымдық    ақпарат

қызықты сипат алды. Қызықтылық пәнге   танымдық қызығушылықтың  алдында болатыны белгілі, ал жарқын   әсерлер студенттерді   оқуға  деген   қызығушылығын  оятуға  көмектеседі. Оған негізгі себепкер бола алатындар : танымдық қызмет  саласын  тереңдету  мен кеңейтуге  ұмтылу, тіл иесі халқының   мәдениетіне  қызығушылық.. Екінші  жағынан, әлеуметтік - мәдени  компонент  қатынас құралы  ретінде  шет тілін  анағұрлы   саналы меңгеруге  түрткі болады . .

Жалпы білім  беретін  орындардың  жоғары сатысында  ОӘК   мазмұны студенттердің жетекші шет тілді елдердің, бірінші кезекте Ұлыбритания мен АҚШ мәдениеті   мен менталитеті туралы  түсінік   қалыптастыруды  аяқтауды 

көздейді . ОӘК  материалына  алыдыңғы     ағылшын тілді  елдер  өмірінің  баяндалмаған  немесе қажетті деңгейде баяндалмаған  тұстары туралы  сан алуан мәліметтер  кірістірілген: мемлекеттік құрылым,әлеуметтік қамсыздандыру, қазіргі заманға  қоғамдағы жастар   құқығы мен жағдайы, жастар субмәдениеті  міселелері, кино мен театр, географиялық  жағдайы және  оның ұлттық   мінездің кейбір  тұстарын қалыптастыруға  және өмір салтына   әсер етуі,  шет тілді елдер  өкілдерінің   әлемдік мәдениет пен  ғылыми – техникалық  прогреске  үлесі   және т.б . сұрыпталғын   мәліметтер  7 циклға бөлініп алынды :

    1. How   different world is ?
    2. Western democracies . Are they democratic ?
    3. What is hot with young  generation ?
    4. Is it  easy  to be  young ?
    5. Is the  system of social  welfare fair ?
    6. What helps you to enjoy  yourselves ?
    7. Inventions that shook the world .

Тілін үйренуші  ел туралы  мәліметтері бар барлық  мәтіндер   аутентті болып табылады .

ОӘК–те көру  көрнекілігі  құралдары  кеңінен пайдаланылады: слайдтар, фотографиялар, хаттар, жарнамалық  хабарландырулар, маңдайша жазулар, карталар  т.б . Елтанымдық   білімдер  ОӘК –ң  мазмұндық негізін құрайды. Ел  мәдениеті  туралы мәліметтер   әр мәтіндер, айтылған сөйлемдер  мен  оқу тапсырмаларына  экспозициялар өзегінен өтеді. Тілін үйренетін ел  мәдениетімен  танысу алдында болған  білім мен ұғымдарды жаңадан алынғандармен, өз елі туралы, өз туралы біліммен  салыстыру жолымен жүреді.

Басқа сөзбен  айтқанда  өзгеше мәдениеттер  диалогы орын алуда. Шет құрдасы  мен өзін, бөтен ел мен өз елін  салыстыра отырып  студенттер бірігуге, жақындасуға септесетін  жалпы мен өзгешені  айқындайды .Өз кезегінде  ол елге,оның адамдары мен  салт – дәстүріне  ізгі көзқарас пен   түсінушілікті дамытады. Салыстыру студенттерден, кез –келген мәселе бойынша  жеке пікірін, жеке белсенді өмірлік ұстанымын  көрсетуді талап етеді, ал ол болса өз елі мен   өзге елдер туралы  білім көлемін үнемі көбейтуге және тереңдетуге  ұмтылысты ынталандырады .

         Сонымен,  танымдық аспект   мотивация   тудыруға   септігін тигізеді. Танымдық  аспект міндеттерін  жүзеге  асырудың  бір  құралы  болып  Ұлыбритания  мен АҚШ  шынайы  болмыстарына  түсініктер беретін лингвоелтанымдық   сөздік   шығады. Жұмыс дәптердің әр циклы  соңында «Link List» айдарында  студентке берілген  циклда  ел  мәдениеті туралы  жаңа білімін  жазып белгілейді, осы мәліметтерді  туған мәдениетінің   тиісті фактілерімен салыстырады. Берілген  тапсырма танымдық  аспект  мазмұнын меңгеру бойынша тест бола алады. Таным процесінде бастысы ел туралы мәлімет жинақтау  ғана    емес, а дамдарды, өз   құрбыларын,  олардың    ойлау

үлгісін,  мінез –құлығын, жалпы адамзаттық  құндылықтарға   қатынасын   тану 

болып  табылады. Бұл  жерде көп нәрсе  мұғалімге  байланысты,оның өзі тек сөздін емес, сонымен бірге  қимылдан, дауыс  ырғағынан, ымынан көрініс табады .

 

  2.5  Лингвоелтанымдық   сипаттағы  мәтіндермен жұмыс .

        Студенттер мотивациясын көтеруде   лингво – елтанымдық    сипатты  мәтіндермен   жұмыс әдістері  өте  нәтижелі   болып табылады .

        Шет тілін  оқыту процесінде   мұндай мәтіндерді   пайдалану   мәтіннен   шет тілді   елдер мәдениеті    туралы ақпаратты   алу, ана тілі  болмысын  Шет   тілінде    жеткізу және   өз мәдениетін   көрсету, өз аумағы мен елінің  

болмысы мен ерекшеліктері   туралы  жалпылама   айту шеберлігін   дамытуға   септігін тигізеді. Осындай  мәтіндерді    үй оқулары  сабақтарында  қолдану ерекше сәтті болады .

         Мұндай мәтіндермен  жұмыстың  бір әдісі «right or wrong» пайымдауларына түсінік беру  мен талқылау  болып табылады .  Елтанымдық сипатты    мәтіндермен  жұмыстың осындай әдісі оқушыға  оқып жатқан мәтіннің  негізгі, басты  идеясын табу дағдысын  дамытуға,оның жалпы  мағынасын   түсінуге   көмектеседі , және   де  мазмұнын  қысқаша   айтып беру

шеберлігін   жетілдіруге  септігін  тигізеді, оның өзі коммуникативтік   дағдыларды дамыта түседі  [ 11;123].

Осындай жұмыстың  алгоритмі  төмендегідей  болады :

  1. Берілген  мәтінді зерттеу   мотивациясын  көтеру үшін  оқушыларға мақсатты  нұсқау беру .
  2. Қиындықтарды алып  тастау , бейтаныс сөздерді   түсіндіру  және аудару .
  3. Мәтінді   оқу және аудару .
  4. Right or wrong , true or false   пайымдауларын пайдаланып   мәтінді талқылау .
  5. Берілген  мәселе бойынша   студенттердің өз пікірін айтуы .
  6. Ана тілі  мен  оқып – үйреніп   жатқан тіл мәдениеттеріндегі   болмыстарды теңеу   және салыстыру. Берілген мәтінге   мақсатты нұсқау   келесі түрде   болуы мүмкі : Read the imformation  and  say what it is about: how they forecast  the weather  in the USA - weather they have in the USA. how Americans forecast  the weather  in  the old  times. Мәтінді оқып болғанан кейін  студенттер келесі пайымдауларды пайдаланып   талқылау студенттерге әлдеқайда қызықты болады : right or wrong?

1. Americans don’t think much  about the  weather .

2. Americans rarely talk  about the weather ?

3. Americans use  information from  different sources  .

4. The old Famers’ Almanac publishes  forecasts  for the year .

5. Many  specialists  give information for  a full  weather report .

Оқушылардың   коммуникативтік  дағдыларын дамытуға  және  өткен  тақырыпты бекітуге   мынадай  тапсырмалар  көмектеседі :

       - Give  a weather  forecast   for your  region  for tomorrow .

       - Tell  about climate  in your region.

       - Discuss  with your  partner  climatic   conditions   in your area .

       - Compare  climate in USA  with climate  in   your region .

Жұмыста  әдістеме мен  қатынасудың  коммуникативтік  әдіс принциптерін  пайдалану  сабақта  әлдеқайда  еркін жағдай тудыруға, студенттердің тәуелсізденуіне, өз қателерінен  қорықпауға, ұжымда жұмыс  жасау шеберлігіне қолайлы жағдай туғызады.

         Тесттер «Test» термині ағылшыннан  аударғанда  тексеру, сынау , сынақ   дегенді   білдіреді [7;46].  Қазіргі  уақытта   шет тілін   оқыту   тәжірбиесінде  мұғалімдер   тілдік   дағдылар   мен    тіл    шеберлігінің    қалыптасу    деңгейін  бақылау үшін,   аудитивті    мәтіндер   мазмұнын   түсінуін   тексеру үшін  тест түрлерін кеңінен қолданады. Бақылау формасы ретінде жеке-жеке сұрау өте көп уақытты талап етеді. Тексерудің топтық түрі фронталды сияқты (сұраққа жауап) әр оқушының мәтін мазмұнын  түсінуін анықтап,  бағалауына мүмкіндік бермейді.  Аудитивті мәтінді түсінуін  тексеруде тест формасының көптеген артықшылықтары бар, оларға мыналар жатады:

1) Тексеріліп жатқан  шеберліктің  психофизикалық  табиғатына сәйкестігі;

2) Нәтижелердің  обьекивтілігі, мұғалімнің жеке ойы, көңілінен бағаның тәуелсіздігі;

3)  Уақыттағы үнемділік  (өткізу мен тексеру кезінде);

4) Барлық оқушыларды  бір мезгілде қамту; 

5) Барлық оқушыларға  бақылау  үшін бірдей жағдай  жасау. Бір мәтінге тест тапсырмалары әр түрлі болуы мүмкін.

Мынау солардың кейбірі:-

«Multiple choice» - « А True­False test» - «To match» - «To arrange in the logical order»- «To insert the omitted wards», etc.

Идиомалар. Халық  мәдениетінің ажырамас  бөлігі болғандықтан  идиомалар  ұлт мінезін  көрсетеді, тиісінше, тілін үйренетін ел туралы студенттердің лингво-елтанымдық құзырлығы вербалды компонентін қалыптастыру үшін жақсы материал қызметін атқара алады.

 Бұл әдістеме, бідің  ойымызша, келесі компоненттерді  қамту керек: 

1) Идиомалы  сөйлемдері бар мәтін. Мәтін ретінде  аутенттіде, осы мақсат үшін  арнайы құрастырылған үлгілер де қолданылуы мүмкін.

2)Берілген идиомаларды  пайдалану бойынша тілдік лексикалық  дағдыларды қалыптастыруға бағытталған  мәтіннен бұрын және мәтіннен  кейінгі  жаттығулар. Мұндай қалыптастырудың мысалы ретінде  ағылшын тілі сабағында пайдалануға болатын мына тапсырмаларды келтіруге болады:

1. Pre- reading task. Answer the fallowing question: What do you understand by success? What does it mean to you? 2. Read the following text.

            Әлеуметтік - мәдени құзырлықты қалыптастыру. Іскер адамның ауызша және  жазбаша   сөйлеу мәдениеті   оның қызметінің сәтті қорытындысына  әсер етеді және қатынастық  көптілді  орта бәсекелестері   алдында қосымша артықшылықтар  туғызады. Іскерлік қатынастық типтік әдептегі  жағдайларында сыпайы вербалды және вербалды емес жүріс-тұрыс іскерлік дискурс негізгі заңдарына, оның лингвистикалық және мәденитанымдық ерекшеліктері білуіне негізделеді. Бұл мәселе әсіресе гуманитарлық  мамандықтардың  Шет студенттерін оқыту  кезінде  өзекті. Олар тілді кәсіптік салада пайдалану мақсатында оқып үйренеді: іскерлік қатынастың Шет тілін меңгеру негізін құрайтын кәсіптік құзырлық лингвист - аудармашы, лингвист - оқытушы, туризм мен менеджмент мамандары үшін.

           Іскерлік қатынас тілін игерудің  жоғары деңгейі  келесі  компонеттерді   қалыптастыру нәтижесінде  мүмкін  болады:

1.Тілдік - іскерлік  бағыттағы   ауызша және жазбаша айтылымдарды  қолдану үшін  тілдік  материалын  меңгеру.

2.Дискурсивтік–іскерлік қатынас жағдайына байланысты мәтіндерді  түсіндіру мен  өңдеу, әр түрлі  типті мәтіндер құрастыру шеберлігі.

Информация о работе Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі