Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 14:23, дипломная работа
Бүгінгі таңда Шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, Шет тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені Шет тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, Шет тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [1;138].
Кіріспе …………………………………………………………………………...... 3
I-тарау. Шет тілін оқытуда студенттердің әлеуметтік - мәдени біліктілігін қалыптастыру
1.1 «Әлеуметтік - мәдени біліктілік» ұғымына анықтама және оның ғылымда зерттелу деңгейі ……………………………………………………...... 8
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.......................................................................31
1.5 Шет тілін оқытудағы лингвоәлеуметтік - мәдени әдіс .........................37
1.6 Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту.
Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер....................................................................................................................51
ІI-тарау. Шет тілін оқыту мазмұны және шет тілін үйрену мотивациясын көтеруде әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі .
2.1 Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы.
2.3 Шет тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненттері..........................63
2.4 Шет тілін үйрену мотивациясын көтерудегі әлеуметтік - мәдени компоненттің рөлі ....................................................................................................65
2.5 Шет тілін оқытуда әлеуметтік - мәдени компоненттің жүзеге асырылу түрлері ........................................................................................................70
Қорытынды ……………………………………………………………..................79
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….......80
Сонымен жоғарыда келтірілген ғалымдардың ( Полумина Л.Н., Ежкина Т.М.) берген анықтамаларына сүйене отырып, әлеуметтік - мәдени біліктілік дегеніміз - студенттің өздері тілін үйреніп отырған елдің тарихын, мәдениетін, дәстүрін, этикетін, салт-дәстүрін, наным-сенімдерін, әлеуметтік, тілдік мінез -құлқындағы ерекшеліктерін, т.б. білуін, және Шет тілін үйрену процесінде алған осындай білімдерді қарым-қатынас жағдайларында дұрыс қолдануға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды талап ететін коммуникативтік біліктіліктің маңызды бір аспектісі деген қорытынды жасауға болады.
1.4 Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру.
Соңғы он жылдықта қазақ қоғамы өміріндегі түбегейлі өзгерістер, атап айтқанда мемлекет шекарасының ашықтығы, мобильдіктің кеңейуі, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуы жоғарғы оқу орындарында, соның ішінде Шет тілдерін оқытуда, көрінісін тапты.
тілін оқытуда білім беру мен дағды, дамытумен шектеліп қалмай, әлеумет талабымен анықталатын қасиеттері бар жаңа типті тілдік тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізіп, білім беру үрдісінің бірінші кезекті мақсаттары болып шығып отырады және тілдік жоғары оқу орын студенттерінің кәсіптік бағдарлы өзге тілді коммуникативті дайындықдеңгейін көтеруді көздейтін жоғары білім беру стандарттарын жасауда есепке алынады. Болашақ кәсіптік қызметтің өзгешелігі тілдік жоғарғы оқу орын студенттерінің шет тілі мен мәдениеттік тәжірибелі игеруінің ерекшеліктерін анықтайды. Студенттердің кәсіби қызметі мәдени ынтымақтастық шеңберінде тұлға аралық шиеленістер мен мәселелерді шешуге бағытталған. Оның сәттілігі коммуникацияның ұлттық – өзгешелік лингвистикалық және психологиялық тәртіптік параметрлерін игеруге, өзге тілді мәдениет иесінің құндылық бағдары жүйесімен таныстыққа негізделген. Сонымен кәсіптік оқытудың бөлшегіндей әлеуметтік- мәдени құзырлықты қалыптастыру болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешуге септігін тигізеді, атап айтқанда шет ел қызметтестерімен әлеуметтік интеракцияға дайындығын қамтамасыз етеді, эмпатияны дамытады, шиеленісті жағдайларды шешудің, қабылданатын шешімдер салдарын болжаудың дағдысы мен әдетін қалыптастырады. Студенттердің өзге тілдік әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру өзге тілді әлеуметтің коммуникативті тәртібінің әлеуметтік - мәдени өлшемдерін зерттеудің арқасында мәдени аралық ынтымақтастық жағдайларында кәсіптік қызметін жүзеге асыруға мамандардың анағұрлым толыққанды тілдік дайындығын қамтамасыз етеді.
Студенттерді өзге тілді мәдени аралық қатынасқа оқыту кәсіби бағдарлы болуы керек және психологиялық ұғымдар мен оқиғаларды салыстыру мен талдауға бағытталған, кәсіптік мәдени аралық әрекеттестік әдеттегі жағдайлардың үлгісін жасауға негізделген мәдени танымдық мәселелік тапсырмалар кешені негізінде жүзеге асырылуы қажет .
Әлеуметтік - мәдени құзырлық деп өзара зерттеулі лингвистикалық мәдени ортақтықтарды салыстыру, мәдени аралық өзгешіліктерді түсіндіру мен мәдени аралық өзара түсіністіктің бұзылу жағдайларында барабар қимылдау қабілеттілігін түсінуге болады (Р.П. Мильруд, Е.С. Полат); тіл иеленуші пайдаланатын шет тілінің әлеуметтік - мәдени контексті туралы және осы контекстің жеке лингвистикалық қалыптың коммуникативті күшті әсері мен таңдауына ықпал ететін тәсілдері туралы түсініктіде айтады (М. Байрам).
Жоғарғы оқу орындарында
үлгісінің негізіне келесі ұстанымдар енгізілген:
Студенттерге шет тілін үйретуде негіз болатын оқу әдебиеті қосымша аутентті әлеуметтік - мәдени материалды іріктеуді және кәсіби бағытталған мәдени танымдық тапсырмалар кешенін жасақтауды талап етеді .
Шет тілін үйретудің әлеуметтік - мәдени мазмұнын келесі
бөлшектер құрайды: өзге тілді әлеуметтік-мәдени білімдер, дағдылар мен әдеттер; ұлттық мәдениеттің жұмыс істеу өрісі мен шағы өрісі; өзге мәдениет болмысының аспектін көрсететін жағдайлар; аутентті мәтіндер мен мәдениет танымдық сипаттағы өзге тілді тапсырмалар жүйесі .
Ұлттық мәдениет басқа ұлттық мәдениетте болатын қатынастардан өзге алуан түрлі құбылыстар, факторлар мен олардың өзара әрекетінің бірлігін көрсетеді; қайта құрушы болмыстың үрдісі мен нәтижесі, материалды және рухани құндылықтар жиынтығы; жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мазмұны мен мақсаты .
Мәдениет адам қызметінің барлық жағын қамтиды, болашақ мамандардың Шет әріптестері мен тұтынушылармен кәсіби бағытталған мәдени аралық әрекеттестікке қажетті өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлықты қалыптастыру мәселесін шешу тұрғысында оқыту мазмұны болашақ мамандар тікелей кездесетін және әлеумет пен оның өкілінің ұлттық мәдени өзгешелігі көрінетін тіршілік әрекеті өрістерімен негізделеді: қоршаған ортамен қарым – қатынасы; физикалық тіршілік етуді қамтамасыз ету; кеңестікке, уақытқа қатысы; оқу – кәсіби қызметі.
Өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлықтың құрлымы мен мазмұнына кіретіндер: кәсіби өріс лексикалық бірліктерінің эквиваленттілігі мен эквиваленттілік емес қатынастары туралы, кәсіби лакуналар түрлері туралы, лексиканың лингвистикалы-елдік және әлеуметтік-лингвистикалық толтырылуы, лексикограмматикалық құрлымдар, ана тілі мен шет тілінде тілдік және тілдік емес тәртіптің стереотиптері, мәдени аралық қатынас жағдайында шет тіліндегі тілдік тәртіптің әлеуметтік - мәдени аспектілері туралы білімдер;
аудару дағдылары;
Өзге тілді коммуникативті
Студенттердің өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыруға қажетті барлық мәдени танымдық мәселелі тапсырмалар кәсібі бағытталған сипатта болады және танымдық, ізденімпаздық, зерттеушілік түрде болады: Тұлғаның туған және зерттеп жатқан мәдениеттегі мұқтаждық – мотивациялық және құндылық - мағыналық приоритеттерін анықтау;
жатқан және туған
айырмашылық пен ұқсастықты көре білетін және оларды
мәдени аралық кәсіби қатынас контекстінде қолдана алатын
қалыптасқан екінші қайтара тілдік тұлға шығару
студенттерге шет тілін үйретудің нәтижесі болу тиіс
(Халеева, 1989).
Өзге тілді әлеуметтік - мәдени құзырлықты қалыптастырудың жасақталған үлгісі екі кезеңде іске асырлады. Бірінші кезеңде оқытудың мақсаты студеттерде мәдени аралық өзгешеліктерге психологиялық зеректікті қалыптастыру болып келеді (құндылық нысаналар, менталитет,
әртүрлі мәдениеттердегі таным тәсілдері, адамгершілік дамуы, эмоцияны ажырату және бағалау, психикалық бұзылудың ерекшеліктері, даулы жағдайлардағы жүріс - тұрыс стратегиясы, психологиялық бейімделу мен реакциясы, уақытқа, материалдық құндылықтарға, еңбекке, дінге, отбасына қатынасы).
Үлгіні іске асырудың осы кезеңінде әлеуметтік - мәдени компонент ағылшын тілін оқытудың мазмұнына танымдақ ізденушілік тапсырмалар түрінде кірістіріледі:
Психологиялық тезаурусты
Кәсіптік
маңызды мәдениетаралық
Өзге
тілді әлеуметтік- мәдени құзырлықты
қалыптастырудың екінші
Белсенді коммуникативті іс-әрекетке ауысуға, кәсіптік қызмет аясында өз мәдениеті өкілі ретінде қимылдауға, түсініспеушілікке, жалған стереотиптер жасауға, мәдениет фактілерін бұрыс түсіндіруге, кроссмәдени кикілжіңдерге жетелейтін әлеуметтік-мәдени кемістіктерді болжау мен анықтауға, коммуникацияға қатысушыларға туған мәдениеттің кәсіптік болмысты түсіндіру және кәсіптік аумақта өзге тілді болмыстың мағынасын нақтылауға; мәдениеттер диалогында толеранттық көрсетуге; барабар коммуникативті стратегияны қолдана отырып көп мәдениетті кәсіби әлемде дербес қимылдауға өзін-өзі үйретуге өту болып табылады.Сонымен қатар, аккультурация мен иммиграцияның әлеуметтік-мәдени жағдайларын қарастыру мен даулы жағдайларды шешу болашақ мамандарда клиенттің дүние танымын қабылдау дағдысын қалыптастыруға және әртүрлі жағдайлардағы пациенттің психологиялық жауап қату мен үйреншікті емес жүріс-тұрысын бағалауда релевантты мәдени өлшемдерге сүйенуде шақырады. Екінші кезеңде студенттердің әлеументтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың дидактикалық негізі олардың кәсіптік бағытталғандығы, әлеуметтік-мәдени оқытудың кәсіптік өзгешелігін тереңдетуге мүмкіндік беретін арнайы пәндік мазмұнды игеруде шет тілін құрал ретінде пайдалану болып табылады.
Информация о работе Шетел тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени біліктілігі