Үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:24, дипломная работа

Описание работы

Елімізде саяси, әлеуметтік, эконимикалық өзгерістріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде

Содержание работы

Кіріспе
1 Үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздірі
1.1 Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ұғымдары
1.2 Бастауыш сыныптардағы геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі
2 Үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
2.1 Үшінші сынып математика пәнінің бағдарламасының талдау
2.2 Үшінші сыныпта геометриялық материалдарды оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану әдістері

Файлы: 1 файл

Үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану.doc

— 1.41 Мб (Скачать файл)

 

 

Үшінші сыныпта  геометриялық материалды оқыту үрдісінде  ақпараттық технологияларды қолдану

 

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

 

Елімізде саяси, әлеуметтік, эконимикалық өзгерістріне сай білім  беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде ...  қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық технологияны енгізу және тиімді пайдалану » - деп, ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамыту және оның мүмкіндіктерін әлемдік ақпараттық ортаға ену мақсатында қолдану ұсынылып отыр.

Осыған орай бүгінгі  ұстаздардың алдында оқушыға  білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай  білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Оқыту технологиясы мен  әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз  байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені  оқыту керек?», «Не үшін оқыту  керек?», «Қалай оқыту керек»? деген  сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл прцесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық  технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында «Біз  білім беруді жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп тоқталып кеткен болатын. [1].

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында «Білім жүйесін жаңғырту барысында бізге  келесі шараларды іске асыру маңызды. Біріншіден, оқу үрдісіне жаңа әдістемелер және технологияларды енгізу» деп айтқан болатын.

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттері шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының  азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болып табылады. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:  үшінші сыныпта геометриялық материалды тиімді игеру үшін ақпараттық технологияларды қолдану. 

Осы мақсатқа жету үшін біз  алдымызға мынандай міндеттер қойдық:

  • нақты мәселелер бойынша арнайы әдебиеттерді қарастыру;
  • математика сабақтарында қолданылатын ақпараттық технологиялар түрлерін қарастыру;
  • үшінші сынып оқушыларының математика сабақтарында геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігін қарастыру;
  • үшінші сыныпта ақпараттық технологияларды қолдану жолдарын анықтау;
  • эксперимент және бақылау сыныптарын таңдауда жүргізілген жұмыстарды сипаттау;
  • констативті экспериментті өткізу;
  • эксперименттің қалыптастырушы кезеңін жүргізу;
  • бақылау кезеңдерін өткізу және оның нәтижелерін сипаттау;
  • үшінші сынып оқушыларының геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдануды эксперименттік түрде зерттеу.

Жаңалығы: математиканы оқыту үрдісінде геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану бойынша сабақтар конспектісін құрастыру.

Практикалық маңыздылығы: үшінші сынып оқушыларының геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану.

Ғылыми мәселенің шешу жағдайының қазіргі бағасы: қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану.

Зерттеу пәні: үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту үрдісінде қолданылатын ақпараттық технологиялар.

Зерттеу объектісі: үшінші сынып оқушыларын математикаға оқыту үрдісі.

Теориялық және әдістемелік негізі: үшінші сынып оқушыларының геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану.

Болжамы – егер үшінші сыныпта математика сабақтарында  ақпараттық технологиялар қолданылса, онда оқушылардың геометриялық материалды игеруі жеткілікті деңгейге жетеді.

Зерттеудің  ғылыми әдістері: 1. Теориялық: зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттердің теориялық талдауы; 2. Эмпирикалық: оқушылардың әрекет өнімінің және құжаттарының талдауы, бақылау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сауалнама; 3. Қалыптастырушылық: педагогикалық эксперимент.

Қорғауға шығарылады:

  • үшінші сынып оқушыларының геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаты мен міндеттерін анықтау;
  • геометриялық материалды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану көрсеткіші мен жұмыс тәжірибесін жүргізу.

 

 

1  Үшінші  сыныпта геометриялық материалды  оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды  қолданудың теориялық негіздірі

1.1 Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ұғымдары

 

Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз  байланыстағы білім беру жүйесінің  барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері  жаңа ақпараттық және коммуникациялық  технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы АКТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.

 Технология түсінігі  практикалық есептерді шешу үшін  ғылыми және инженерлік білімдерді  пайдалану мағынасын білдіреді.  Олай болса ақпараттық технология  ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін және соның негізінде қандай да бір әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдау үшін ақпарат өңдіру болып табылады.

«Ақпараттық технология»  терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты прцестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» - мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса,  «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады [4].

Енді осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Қазіргі мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан, бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлауға болады.

Жаңа ақпараттық технологияның  негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде  шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көруіне мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [2].

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер

 

Оқыту технологияларына байланысты түсініктерді 1 суреттен көруге болады. Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Оқушылардың геометриялық материалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында  интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада геометриялық фигураларды салады. Келесі сабақта олар өздері фигураларды, тақтаға салып көреді.

Математика сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс  түрінде де қолданысын табады. Бұл  оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс  түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жобасын дайындайды.

Жаңа ақпараттық технологияның  басты тиімділігі – бұл мұғалімге  математика сабақтарындағы оқу үрдісін  түбегейлі өзгертуге, оқытудағы  пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге  және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сабақта компьютерді  пайдаланудың тиімділігін былай  саралап көрсетуге болады.

  1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.
  2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің  көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
  3. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін математика сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СТО стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады [5] .

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.

Қазіргі заманның даму қарқыны  мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз [4].        

 Ақпараттық және  коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты өңдеудің әр түрлі алгоритмдерін, әдістерін, механизмдерін және түрлі құрылғыларын сипаттайтын ортақ түсінік. Маңызды жаңа АКТ құралдары ретінде сәйкес программалық қамтамасыз етілген компьютер және ақпарат орналасқан телекоммуникация құралдары болып табылады.

 Мүмкіндіктері онда  орнатылған программалық қамтамасыз  етумен анықталатын дербес компьютерлер  кез келген білім беру жүйесінің  ақпараттық ортасы үшін негізгі  АКТ құралдары болып табылады. Программалық құралдардың негізгі  категориялары – жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрал-саймандар. Жүйелік программаларға, біріншіден, дербес компьютер қолданушысының программалармен және барлық басқа програмалардың құрылғымен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін операциялық жүйелер жатады. Сонымен қатар, бұл категорияға қызметтік және сервистік программаларды да жатқызуға болады. Ал қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның инструментариі, яғни мәтінмен, графиктермен, кестелік мәліметтермен және т.б. жұмыс істейтін технологиялар болып табылатын программалық қамтамасыз ету жатады.

Информация о работе Үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану