Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:24, дипломная работа
Елімізде саяси, әлеуметтік, эконимикалық өзгерістріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде
Кіріспе
1 Үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздірі
1.1 Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ұғымдары
1.2 Бастауыш сыныптардағы геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі
2 Үшінші сыныпта геометриялық материалды оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
2.1 Үшінші сынып математика пәнінің бағдарламасының талдау
2.2 Үшінші сыныпта геометриялық материалдарды оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану әдістері
Геометриялық фигураларды
бір-бірінен ажыратуға
Тапсырмалар:
Геометриялық материалдарды
оқытуда мынадай қағидалар
Бастауыш сыныптардағы геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемелері:
Жалпы геометриялық материалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:
Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.
Жоспар:
1 сынып
2 сынып
3 сынып
4 сынып
Мақсаты:
Геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте, сәуле, бұрыш) және оларды бір-бірінен ажыратуға үйрету.
Түсіндірмесі:
1 сыныпта қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетінде қалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Термин енгізіледі.
Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзуге қоюды, берілген 1, 2, 3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге, оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді.
3 сыныптың ІІІ тоқсанында оқушылар нүктенің латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мұғалім сызбада нүктелерді айыру үшін оларды латынның бас әріптерімен белгілеу қабылданған. Мысалы, D, K, M, O, E, A және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. (үлгісі тақтаға жазылады). Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.
Бірінші сыныпта түзу сызық туралы түсініктері әртүрлі мышықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы, жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды қағазды сызық бойынша қияды - әрбіреуінде сызық - қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып отырады.
Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы сыза білу керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан, тақтада сызылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді.
Жаттығуларды орындау
Егер нүкте қағаз бетімен
Сызықтардың да нүктелер
ABCD – сынық;
A,B,C,D – төбелері;
AB, DC, CD, DE – звенолары.
Мақсаты:
1 сыныпта кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету, кесінді салудың ерекшелігімен таныстыруСымның қиындысын алып, басы мен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп керілген жіптің үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса, тақта бетіне із түседі. Соның екі ұшын нүктемен тұйықтап, бұл кесінді деп түсіндіреді. Берілген суреті бойынша жұмыс ұйымдастырылады.
Дидиактикалық ойын арқылы кесіндіні басқа фигуралардан ажырата білуге үйрету жүзеге асырылады.
Оқулықпен жұмыс:
Оқушылар сызбадан көрсетеді және өздері түзу мен түзу кесінділерін салады.
Осылайша біртіндеп кесінді шектеулі, ал түзудің шегі жоқ, қағазда біз түзудің тек бөлігін ғана салатынымызды түседі.
Кесінді ұғымын бекітуде мына жаттғулардың маңызы зор:түзу бөліктерін айналадағы заттардан көрсету; екі нүктені кесінді арқылы қосу; бір түзуде жататын үш нүкте арқылы кесінді жүргізу; барлық пайда болған кесінділерді көрсету. Кесінділерді өлшеуге дейін тең және тең емес кесінділер туралы ұғымдар енгізіледі, осы қатыстарды бекіту әдістері түсіндіріледі. Әрі қарай сантиметр, дециметр, метр және т.б. танысқаннан кейін оқушылар кесінділерді салу мен өлшеуге көптеген жаттығулар орындайды.
Түзуге салынған екі нүкте оны үш бөлікке: екі сәулегежәне кесіндіге бөледі.
3 сыныпта кесіндінің екі ұшы қарастырылады. Кесінді ұштарында латынның бас әріптерімен белгіленеді (кез келген ретте). Суреттегі кесіндіні AB немесе BA деп оқуға болады. Кесінді AB(немесеBA)
Кесіндінің ұзындығы. Кесіндінің ұзындығы болады. Оны өлшеу үшін кесіндіге қанша ұзындық бірлігі енетінін білу жеткілікті.
Кесіндінің басына сызғыштың нөлін қойса, кесіндінің екінші ұшы оның ұзындыңын көрсетеді.
1 сыныпта нүкте мен түзу туралы білімді пайдаланып, оқушыларды сәуле туралы ұғымды игеруге әкелуге болады.
Сәулемен танысу мышықтық жұмысты орындау процесінде өтеді:
Сәуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесімен немесе жарық түсіргішті еске түсіреді. Солар сияқты математикалық сәуле де басы да, соңы да жоқ болады. Сәуле латынның екі бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі- сәуленің кез келген ішкі нүктесін белгілейді.
Сәуле MN. M-сәуле басы.
1 сынып. Бұрышты қағазда бүкпен шығарып алуға немесе әр түрлі құралдар мен бұйымдардан көрсетуге болады.
Мақсаты: геометриялық фигурулармен таныстыру (нүкте, сәуле, бұрыш) және оларды бір бірімен ажыратуға үйрету.
Балаларда бұрышпен бірге оның ішкі облысы жөнінде түсінік қалыптастыру үшін алғашқы кезендерде бұрыштардың қағаздық модельдерімен жұмыс істейді. Бірақ одан соң қағаздық модельдермен бірге “қозғалмалы бұрыш” моделі қолданылады. Әрбір оқушыға пластилин немесе шеге арқылы бекітілген екі таяқшадан тұратын осындай модель жасау тапсырылады. Осындай модель көмегімен бұрыштың өлшемі оның қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді емес, қабырғаларының бір біріне қатысты өзара орналасуына байланысты – қабырғалары неғұрлым жақын болса, бұрыш аз, ал қабырғалары арасы қашық болса, бұрыш үлкен болатынын байқайды.
Басы ортақ екі сәуле жазықтық екі бөлікке бөлінеді. Осының кіші бөлігі бұрыш деп аталады. Сәулелер бұрыштың қабырғалары деп аталады, ал олардың ортақ бастаулары бұрыш төбесі деп аталады.
3 сыныпта бұрыш үш нүкткмен белгіленеді: біреуі бір қабырғасында, екіншісі - төбесінде, үшіншісі - екінші қабырғасында. Бұрышты белгілеуде таңбасы пайдаланылады. Мысалы, ABC – ABC бұрышы. Бас нүктесі ортақ екі сәуле жазықтықта екіге бөледі. Осының кішісі бұрыш деп аталады. Сәулелердің өздері бұрыш қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыш төбесі деп аталады.
2 сынып. Сүйір бұрыш. Егер тік бұрыштың ішінде сондай төбе мен бұрыш салатын болсақ ол тік бұрыштан кіші болады. Мұндай бұрыштар сүйір бұрыштар деп аталады.
Доғал бұрыш. Егер бұрыш тік бұрыштан үлкен, бірақ екі түзуден кіші болса доғал бұрыш деп аталады.
1 сыныпта “бұрыш” ұғымымен танысқаннан кейін 2 сыныпта тік және тік емес бұрыштармен танысады. Оны былайша өткізуге болады. Балалар мұғалім басшылығымен тік бұрыштың моделін дайындайды: олар кез келген қағазды бірдей қылып екіге бүктейді, осында пайда болған қиылысатын екі түзу сызық төрт бірдей бұрыш құрайтынын байқайды. Мұғалім мұндай бұрыштарды тік бұрыш деп айтынын хабарлайды. Тік бұрыштың моделін пайдплана отырып, айналадағы заттардан, үшбұрыш сызбасынан тік және тік емес бұрыштарды сәйкес келсе(яғни олардың қабырғалары мен төбелері сәйкес келсе), онда берілген бұрыш тік бұрыш, сәйкес келмесе тік емес болады.“Тік бұрыш” ұғымын бекіту үшін оқушыларға келесі тапсырмаларды беруге болады: берілген әр түрлі бұрыштар ішінен тік бұрышты табу; тік бұрышты дәптерге салу; тік бұрышы бар үшбұрыш салу және т.б.
Барлық бұрыштардың ішінде ең маңыздысы – тік бұрыш. Тік бұрышты жақсы бұрыштықтың көмегімен тексеруге болады. Тік бұрыштың моделін қағаздан жасау оңай. Ол үшін бетті бірдей етіп екіге бүктейміз, содан кейін осы әрекетті тағы қайталаймыз. Төрт тік бұрыш пайда болады.
2 сынып. Геометриялық фигуралар туралы түсінік балаларда барлық бастауыш оқуда және одан кейінгі сыныптарда біртіндеп қалыптасады.
Алдымен, алғашқы ондықты игеруде геометриялық фигуралар дидактикалық материал ретінде қолданылады. Соған сүйене отырып, балалар санауға , есептер шығаруға, салыстыруға, жіктеуге және т.б үйренеді. Аралықтарында басқа фигуралар туралы түсініктер бекітіледі, мысалы, үшбұрыш, квадрат.
Әрі қарай көпбұрыштардың жеке түрлерін меңгеруге кіріседі. Бұл кезеңде көпбұрыштардың элементтерін жіктейді. 1 сыныпта осылайша, 3 цифрын игеруде үшбұрышты қарастырады. Үш қабырғасы, үш бұрышы, үш төбесін көрсетеді. Осындай жұмыс барысында балалар үшбұрыштың элементтерін дұрыс көрсетуге үйренеді: төбелері (нүктелерді көрсетеді), қабырғалары (бір кесіндінен екіншісіне жүре отырып, кесінділерді көрсетеді), бұрыштары (бір қабырғадан екіншісіне дейін нұсқай отырып, бұрышты ішкі аймағымен бірге көрсетеді).