Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 20:23, дипломная работа

Описание работы

Ол компьютерлік білім берудің жаңа салалы білім беру деңгейін анықтайды. Ол қазіргі заманға сәйкес ақпараттық- технологиялық оқу орындарында пайдаланылады. Жоғарғы білім беру оқымыстыларының ақпараттары бойынша білім беру жүйесінің нақты мүмкіндіктерімен байланысады, ол әрі студентке өзіне қажетті қазіргі заманғы оқыту жоспары, сапаны жақсарту мәселелерін шешу кәсіптік білім беру деңгейін тиімді көтеру. Ғылыми білім беруде қазіргі кездегі мамандарды дайындау мәселелері ақпараттық құрылғыларды игеру, ойлау қабілетінің спецификалық қырларына айтарлықтай назар аударылды.
Ақпараттық –технологияны кәсіптік білім беру тұлғасында және білім беруде белсенді оқытудың басты мәселелерін іске асырғандар; (В.И.Пугачев, А.Ю.Убаровым, О.Н.Бершибили, А.Л.Денисовой, М.В.Макаровой). Оқу процесінде дербес компьютерді енгізу кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Мүлкі жаңа технологиялық өзгерістерді жаңа білім беру және оқытушылардың жаңа педагогикалық шығармашылығы. Сол жағдайда ақпараттық құрылғыларды жаңа білім беру тапсырмалары көп функционалды, ал, кәсіптік білім беруде компьютерлік негізінде бастапқы принциптері. Сонымен қатар білім беру үздіксіздігі интенсивтік үйлесімдік және дағдарыстық ғылыми техникалық процесс жаңа ақпараттық ағымының өсуі барлық компьютерлік аймақтағы автоматизацияны талап етеді.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................3
І. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ..................................................................... 5

1.1. Информатика пәні бойынша құзырлықты қалыптастыру
негіздері......................................................................................................
1.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастыру мәселелері......12
1.3. Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын
қалыптастыру құралдары..........................................................................19
ІІ. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР.......30
2.1. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың
әдіс - тәсілдері............................................................................................
2.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы
бақылау әдістері .......................................................................................48
Қорытынды................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................55

Қосымша....................................................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-Студенттердің-кәсіптік-құзырлықтарын-қалыптастырудың-әдіс-–-тәсілдері.doc

— 501.50 Кб (Скачать файл)

    - ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытылатын сабақ түрлерін дұрыс жүйелеу;

    - ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқыту барысында тиімді әдістерді қолдану;

    - ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытуда техникалық және технологиялық құралдарды орынды пайдалану;

    - ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытуда қолданбалы бағдарламалар кешенін пайдалану;

   - ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты арнаулы дайындалған бағдарламаларды және әдістемелік нұсқауларды қолдану саналады.

   Жоғарыда келтірілген кескінді негізге ала отырып, студенттердің ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру өлшемдерін көрсетуге болады. Яғни,

ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың іргелі ұғымдарының (ақпарат, ақпараттық үдерістер, ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар) мән – мағынасын түсінуі;

   - компьютердің негізгі бөліктерін ажыратып, олардың өзара әрекеттесуін түсіндіруі, әртүрлі жұмыстар жүргізуге қажетті алгоритмдерді сұрыптап, компьютерге арналған бағдарлама түрінде жазуы;

  - оқу орындарында қолданылатын бағдарламалардың жүктемесін жасауы және оларды пайдалана білуге дағдысы;

   - моделдеуге қажетті әдістер мен алгоритмдерді сипаттауы және дайын компьютерлік  моделдерді пайдалануы саналады.

    Осы өлшемдер арқылы студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды негізінде кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру деңгейін анықтауға болады.

 

II- тарау. Студенттің кәсіптік құзырлықтарын                        қалыптастырудағы       педагогикалық   шарттар

 

2.1. Студенттің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс тәсілдері  

 

Әдіс­тәсіл ­ (гректің methodos ­ зерттеу, білу сөздерінен шыққан)  әлдебір мәселені шешуде пайдаланатын практикалық немесе теориялық операциялар мен амалдардың жиынтығы. Педагогика саласында оқу­тәрбие жұмысында пайдаланылатын әдістемелерді құрастыру аса маңызды  орын алады. Информатика пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты  оқытудың әдістемелері оқушы(өзіндік ізденістері мен шығармашылық қабілеттері)  мен мұғалімнің өзара ізденістерінің көрінісі іспетті, И.Я. Лернер және М.Н. Скаткин ілімдері бойынша: түсіндіру­иллюстративті, репродуктивті, проблемалық бейнелеу, жекеленген ізденістік, эвристикалық және зерттеу әдіс­тәсілдері.

Ақпараттықкоммуникациялық технологияға бағытталған тұлғалы-бағдарланған міндеттер студенттерде болжау іскерліктерін қалыптастыруы керек. Осыған байланысты оқыту технологиясы көрсетілген іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған міндеттердің негізгі үш типтерін қолдануды ескереді.

Оқытудың  жобалық әдісін пайдалануға ауысу, күрделілік деңгейі көп нұсқалылықтың болуы немесе болмауымен анықталған міндеттер жүйесінің шешімін ескереді. Шешілетін міндеттің күрделілік деңгейі оның шешімінің бірнеше жолының болуымен немесе болмауымен анықталады, ол үйренушінің ең жақсы шешімді іздеу әдістемесін меңгеру қажеттілігін ескереді сонымен қатар ақпараттық-коммуникацдялық технологияларды пайдалану арқылы «Жобалар әдісі» ақпараттықкоммуникациялық сипаттағы болжау іскерліктерінің біртұтас жүйесін қалыптастыру жөнінде толық түсінік беру керек.

Жоғарыда атап өтілген, оқытудың проблемалық - әдісін және «жобалар әдісін», оның тұлғаландырылған көрінісі ретінде, біз оқу іс-әрекетінің субъектісін күнделікті ой іс-әрекетіне, өзіндік жұмысқа ынталандыратын құралы ретінде ғана емес, шығармашылық іс-әрекетінің кез-келген түріне керекті, болжау іскерліктерін қалыптастыратын құралдар ретінде де қарастырамыз.

Сонымен, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру проблемалық принципті іске асыруға белгілі талаптарды ұсынады: проблемалық міндеттер пайда болатын кәсіптік проблемалар  құрамында  шешімін  табады.   

Сонымен, біз ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негіздеріне тоқталдық.        

Оқытуды жүзеге асыру  оқыту үдерісін ұйымдастырудың әр алуан формаларын - білу мен тиімді пайдалануды, оны үнемі жетілдіруді және жаңалауды талап етеді. Кейбір ғылыми - әдістемелік еңбектерде оқыту әдісі ұғымы оқу жұмысының формасының синонимі ретінде өте жиі қолданылады.

Информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыруды информатика мен дидактикада орталық орын иеленетін құзырлылық тәсіл негізінде ықпалды жүргізуге болады.

Көптеген зерттеушілердің  пікірінше, құзырлылық тәсілінің негізгі идеясы формалді білім беру (мектеп) жүйесінде игерілген білімдер мен біліктіліктер қосындысымен шектелуге болмайтындығында. Ұзақ мерзімдік нәтижеге жету үшін  бұл білімдер адамның формалды білім беру жүйесінен тыс жиылған кең спектрлі білімімен байланысты болуы тиіс. Құзырлылықтың даму аймақтарына оқу, жұмыс, денсаулыққа қамқорлық, саясат, қоршаған ортаны қорғау, бейбітшілік пен өзара түсіністік қозғалыстары және т. б.. Ал құзырлылықтарды қамтамасыздандыру ортасы сапасында білім беру, кәсіптік даярлық кешкі және сырттай оқыту, отбасы тәрбиесі, мәдени - ағарту қызметтері айтылады.

Құзырлылық тәсілге  бағдарланған мәселелелер қазіргі  заманғы білім беру жүйесінің ертеңгі күнінің сұранысына сәйкес келуі мәселесімен байланысты. Түрлі зерттеушілердің көзқарастарын жалпылай келе, біз егер құзырлылықтың келесі белгілері бар болса, оны кілттік ретінде қарастыруға болады деп санаймыз:

- интегративті табиғатқа  ие, өзіне мәдениет пен қызметтердің (ақпараттық, құқықтық және т.б.) кең  сферасына қатысты өзара жақын немесе біртекті біліктіліктер мен білімдерді таңдайды;

- көп  функциялы, оған ие болу күнделікті өмірдің түрлі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді;

- түрлі жағдайларда  қолдануға болады;

- айтарлықтай интеллектуалдық  дамуды қажет етеді;

- көп өлшемді, түрлі ақыл-ой үдерістері мен интеллектуалдық біліктіліктерді біріктіреді;

Біздің пікірімізше, жалпы білім беру мақсаттарының негізгі басымдықтарының бірі ретінде ақпараттық құзырлылықты, ал қарым-қатынастық құзырлылық - ақпараттық құзырлылықтың бір түрі ретінде бөліп көрсетілетін А.Л.Семенованың тәсілі бастамашыл тәсілдердің бірі болып табылады. Ақпараттық құзырлылық "адамның ақпаратты өз бетінше, белсенді өңдеу, технологиялық орталарды пайдаланып түрлі жағдайларда жаңаша шешімдер қабылдай алу біліктілігі", сондай-ақ, "компьютерлік өндірудің, ақпараттық объектілер мен модельдердің экрандық бейнеленуін операциялаудың технологиялық дағдылары" ретінде қарастырылады. Осы құзырлылық "ауызша қағаздық энциклопедиялар мен үлкен кітапханаларды пайдалануға, жеке жазуға және телевизиялық жарнамаларды қабылдауға, фактілерді ойша есте сақтауға" қатысты болады. Бұл анықтаманы бүгінгі күні ақпараттардың арналар тобын ұлғайтатын қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға  сүйену  есебінен  кеңейтуге болады.

Құзырлылық  тәсілге өтуді зерттеуді келесі түрде жалпылауға болады:

1. Отандық педагогикадағы  оқушылардың біліктіліктері мен  дағдылары мәселесі саласын зерттеу  аталған термин қолданылмаса  да құзырлар деңгейіне жиі  көтерілді. "Пәндік", "пәнаралық" және "транспәндік" құзырлар бөлінді.

2. Кілттік құзырлар  жасау идеясы жан-жақты қалыптасқан  тұлғаны қамтамасыз ету қажеттілігі  мен уақыт, оқушылардың жас  мөлшері және мүмкіндіктері бойынша  нақты шектеулер арасындағы белгілі  қайшылықтарға байланысты қазіргі қоғам талабына жауап болып табылады. Сондықтан кілттік құзырлар білім берудің нақтыланған мақсаты ретінде ендіріледі.

3. Құзырларды бақылауға  болады, бірақ бағалау қиын. Құзырларды  білім немесе білік деп атауға  болмайды, соңғысы түрлі қалыптасу сатыларында пайда болу формасына қызмет етеді. Бірақ білім мен біліктілікке қарсы қойылған құзырлар қате — бұл тұлғаның бір қалыптасу үдерісінің екі жағы. Құзырлылық өзіне білім берудің интеллектуальдық және дағдылық құраушыларын біріктіреді.

4. Құзырлылық түсінігі когнитивтік және операциялық - технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құраушыларды, оқыту нәтижелерін (білім және білік), құнды бағалау жүйелерін, әдеттерді және т.б. біріктіреді.

5. Құзырлылықтар жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде ғана емес, формальды, формальды емес және формальдыдан тыс шеңберде, қоршаған орта ықпалымен де қалыптасады.

Жоғары білім беру саласында информатикалық пәндер циклін оқытуда ақпараттық, қарым-қатынастық кұзырлардың дамуына үлкен мән беріледі.

Информатикалық пәндердің  негізгі құзырларын анықтауға Е.А.Ракитина ұсынған тәсіл ерекше қызығушылық  тудырады. Ол келесі салалардағы құзырларды бөліп көрсетеді:

1. Ақпараттық - аналитикалық қызмет саласындағы құзырлылық: қоғам мен жеке тұлға өміріндегі ақпарат рөлін түсіну, ақпарат, феномені негізіндегі теориялар мен олардың қазіргі әлем картинасының қалыптасуына ықпалы туралы білімдер; өз қызметіне ақпараттық үдерістердің ағымы заңдылықтарын    ескеру   біліктілігі,    практикалық   және   тұлғалық   мәні, қасиеттері тұрғысынан ақпаратты бағалау және талдау дағдыларын меңгеру;

2. Танымдық қызмет саласындағы құзырлылық: түрлі табиғи объектілерді зерттеуде ақпараттық тәсілдің мәнін түсіну; жүйелік-ақпараттық талдаудың негізгі сатылары туралы білім; талдау, теңестіру, жалпылау ақпаратты формалдау, себеп - салдарлық байланыстар мен айқындау; ойлаудың жүйелік - аналитикалық, логикалық - аралас және алгоритмдік стилдерінің анықталған деңгейде  қалыптастырылуы; ойларды генерациялау және оны іске асыруға қажетті құралдарды анықтау біліктілігі;

3. Қарым-қатынастық  қызмет саласындагы құзырлылық: коммуникация құралы ретінде тілмен қарым-қатынас (табиғи, формалданған және формальды) формалды тілдерді пайдалану ерекшеліктерін түсіну; коммуникацияның қазіргі заманғы құралдары мен байланыс каналдарының маңызды сипаттары туралы білім; телекоммуникацияның негізгі құралдарын игеру; құқықтық информатиканың негізгі жағдайлары мен қарым-қатынастың этикалық нормалары туралы білім;

4. Технологиялық  құзырлылық: қызметті ұйымдастырудың технологиялық тәсілінің мәнін түсіну; ақпараттық қызметтің автоматтандырылған технологияларының ерекшеліктері туралы білімі; есептерді шешу операцияларының технологиялары мен негізгі сатыларын айқындау, дербес жағдайда автоматтандыру құралдарының көмегімен; түрлі ақпараттық технологиялардың негізін құрайтын унифицирлік операциялардың орындалу дағдыларын меңгеру.

5. Техникалық білім аймағындағы құзырлылық (технологиялық құзырлылық): ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құрылғыларды пайдаланудың шегі мен мүмкіндіктерін, жұмыс істеу принциптерін түсіну; ақпараттық үдерістердің автоматты орындалуы мен автоматтандырылуының айырмашылықтары туралы білім; нақты техникалық құрылғының негізгі сипаттарын пайдаланып шешілетін есептер класын бағалау біліктілігі;

6. Әлеуметтік  қызметтер мен ұрпақтар сабақтастығы  саласындағы құзырлылық: қоғамның ақпараттық ресурстарының көбеюі мен сақталуына қамқорлықтың қажеттілігін түсіну; таратылатын ақпараттың сенімділігіне жеке жауапкершілікте болу қабілеттілігі мен дайындығы; тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі мәселелерінде өзі мен өзгелердің құқықтарын құрметтеу.

7. Кәсіптік іс-әрекеттің ақпараттық түрлеріндегі құзырлылық: кәсіптік қызметтегі ақпараттық үдерістердің ағысының ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсіну; кәсіби маңызды ақпараттың сипаты мен қасиеттері туралы білім; кәсіптік қызметте пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің негізгі түрлері және осы жүйемен жұмыс істеу дағдыларын игеру білімі; автоматтандыру орталары мен өзара әрекеттесудың технологиялық дағдылар мен ақпараттық технологияларды меңгеруге негізделетін ақпараттық есептеу техникалары орталарын кәсіптік есептерді шешуде пайдалануға қалыптастырылған қажеттілік.

Ресейде ұлттық беру доктринасында  жариялынған білім беру жүйесіндегі тұжырымдамалық реформа жағдайларына сәйкес орта, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ордаларында модернизация (жаңарту) негізінде ісі, ақпараттық педагогиқалық технологиялардың даму барысының іргелі, озық, ашық және үздіксіз білім беру саласынан жарқын көрініс табуы тиіс.

Бүгінгі таңда кәсіби білім берудің негізгі мақсаты - еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті, жауапкершілігі мол, өз кәсібін жетік  менгерген, білімнің аралас салаларында  бағдарлай алатын, өз мамандағы бойынша  әлемдік үлгі (стандарт) деңгейінде тиімді еңбек етуге қабілетті, әлеуметтік және кәсіби жинақылыққа бейім, әрдайым кәсіби өсуге қабілетті, кәсібі мен деңгейі сәйкес білікті маманды даярлау болып табылады.

Мамандар, мұғалімдерді кәсіби даярлаудың нәтижесі «кәсіптік  және ақпараттық құзырлық» түсінігі негізінде толықтай және жеткілікті дәрежеде сипаттау мүмкіндігін атап көрсетеді. (А.Ф. Ахремова, Н.В. Баграмова, Н.Ф.Радионова, А.П.Тряпицина ж.б.)

Мұғалімдердің кәсіби күзырлығын дамытуға бағытталған тұжырымдамалық негіздерге сәйкес, заманға сай кәсіби маман даярлаудың негізгі үлгілерін көрсету; «кәсіби және ақпараттық кұзырлық» жөніндегі түсініктің мәнін ұғыну; кәсіби білікті мұғалім болып қалыптасу   барысында ақпараттық құзырлықты құрайтын ойластыру мәнері; кәсіби педагогикалық білім беруге қолданылатын лайықты ақпараттық және технологиялық ғылыми - әдістемелік жетілдірулер түрлер құзырлықтың маңызды белгілері болып табылатынын анықтадық. Олар, білім беру саласында үнемі болып жататын өзгерістермен бірге ақпараттық құзырлық пен кәсіби құзырлық ұғымдарын ажыратуға қызмет етеді: ол, өз кезегінде негізгі, бастапқы және арнайы құзырлықтар жиынтығын құрайды. Ақпараттық құзырлықтың құралу мәселелері бұрын арнайы зерттелмеген болатын.

Информация о работе Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері