Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 20:23, дипломная работа

Описание работы

Ол компьютерлік білім берудің жаңа салалы білім беру деңгейін анықтайды. Ол қазіргі заманға сәйкес ақпараттық- технологиялық оқу орындарында пайдаланылады. Жоғарғы білім беру оқымыстыларының ақпараттары бойынша білім беру жүйесінің нақты мүмкіндіктерімен байланысады, ол әрі студентке өзіне қажетті қазіргі заманғы оқыту жоспары, сапаны жақсарту мәселелерін шешу кәсіптік білім беру деңгейін тиімді көтеру. Ғылыми білім беруде қазіргі кездегі мамандарды дайындау мәселелері ақпараттық құрылғыларды игеру, ойлау қабілетінің спецификалық қырларына айтарлықтай назар аударылды.
Ақпараттық –технологияны кәсіптік білім беру тұлғасында және білім беруде белсенді оқытудың басты мәселелерін іске асырғандар; (В.И.Пугачев, А.Ю.Убаровым, О.Н.Бершибили, А.Л.Денисовой, М.В.Макаровой). Оқу процесінде дербес компьютерді енгізу кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Мүлкі жаңа технологиялық өзгерістерді жаңа білім беру және оқытушылардың жаңа педагогикалық шығармашылығы. Сол жағдайда ақпараттық құрылғыларды жаңа білім беру тапсырмалары көп функционалды, ал, кәсіптік білім беруде компьютерлік негізінде бастапқы принциптері. Сонымен қатар білім беру үздіксіздігі интенсивтік үйлесімдік және дағдарыстық ғылыми техникалық процесс жаңа ақпараттық ағымының өсуі барлық компьютерлік аймақтағы автоматизацияны талап етеді.

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................3
І. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ..................................................................... 5

1.1. Информатика пәні бойынша құзырлықты қалыптастыру
негіздері......................................................................................................
1.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастыру мәселелері......12
1.3. Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын
қалыптастыру құралдары..........................................................................19
ІІ. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР.......30
2.1. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың
әдіс - тәсілдері............................................................................................
2.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы
бақылау әдістері .......................................................................................48
Қорытынды................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................55

Қосымша....................................................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-Студенттердің-кәсіптік-құзырлықтарын-қалыптастырудың-әдіс-–-тәсілдері.doc

— 501.50 Кб (Скачать файл)

Барлық білім беру жүйесі оқыту тәсілдерінің алмасуының негізіндегі түбегейлі өзгерістерді бастан кешіріп, информатика пәнін танымның нақты ықпалды әдістері орналасқан, қоршаған әлемді талдаудың жүйелік – ақпараттық тәсілін  қалыптастыратын жүйе құрушы рөлге жатқызады.

Информатиканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
үйрену мазмұны, формалары мен әдістерінің жүйелік әдістерге ие болуы 
кездейсоқ емес, немесе кейбір еңбектерде атап өтілгендей жүйелік тәсіл принциптеріне негізделеді.

Тәсілдер мен жүйеге көзқарасты жалпылай келе жүйе түсінігі мен оған байланысты түсініктерге, модельдер, құрылымдар анықтама береміз.

Жүйе - бұл кейбір құрылымдарға біріктірілген, өзара байланысты элементтер жиынын бейнелейтін күрделі объект.

Құрылым - бұл біртұтас, күрделі объект құратын элементтерді біріктіру тәсілі.

Жүйенің барлық ұйымдастырылуы; оның құраушы элементтері, құрылымы осы жүйенің тағайындалуына бағынатын анықталған мақсатқа ие. Табиғатпен құрылған жаратылыстық, яғни, табиғи және адам құрған жасанды жүйелер бар, оларға материалдық және ақпараттық байланыстар тән.

Мамандыққа байланысты қызметтегі жүйелік тәсілдің мәні келесі түрде берілуі мүмкін: “өзің жұмыс  істеп отырған объектінің барлық жүйелік байланыстарын ескеру қажет”.

Нақты объектінің біршама қарапайымдандырылған ұқсасын бейнелейтін, жұмыстың ыңғайлылығын (көрнекілік, ену мүмкіндігі және сүйену жеңілдігі, бағасының арзандығы) қамтамасыз ететін және түпнұсқаның бізді қызықтыратын  қасиеттері мен сипаттамаларын көрсете алатын модель жасанды жүйенің мысалы болады. Адамдардың табиғат пен қоғам табиғат туралы білімдерінің толық жүйесін бейнелейтін барлық ғылымның міндеті - ол қарастыратын объектілер мен үдерістерде жүйені табу. Нақты әлем туралы біздің білімдеріміз – бұл ақпараттық  моделдер жүйесі.

Білім көрнекілігі оны  бейнелеудің барлық мүмкін нұсқаларын ұсынады: графиктер, кестелер, сүлбелер, желілер және т.б.

"Белгілік  жүйелерді кұру, нақты объектілерді  сүлбелеу олардың қасиеттерін,  атрибуттарын және қатынастарын бөлу, моделдерін құру, дедукция, редукция және   рекурсивті   ойлау   абстракция   деңгейлерін   бөлу,   жағдайды   болжау, заңдылықтарды, орнатуларды және ережелерді талдау, ең соңында алгоритмдердің жеке санын құрастыру және оларды бағалау - мұның барлығы қазіргі заманның интеллектуалдық қаруы, ақпараттық мәдениеттің қалыптастырушылары болып табылады"

Пәндердің және жалпы информатика курсының мазмұнын қалыптастырудағы жүйелік тәсілді Ю.С. Брановский, М.М. Буняев, Л.Л.Каймина, Н.Д. Коваленко, А. Кувалдина, Л.Ю. Монахова, А.М. Сохор, И.Г. Фомичева және т.б. пайдаланды.

"Ақпараттық ғылымдар" үдерісінің қалыптасу үдерісін  бейнелеу қазіргі заманғы зерттеушілердің информатика мен ақпараттықкоммуникациялық гехнологияларда пайдаланатын түсініктері мен терминдерінің тізімін кұру, түсініктер арасында қатынастар құру болып табылады және осы зерттеулерде жүйелік тәсіл пән тезаурусын қалыптастыруға, информатика курсы мазмұнында моделдеудің  тезаурустық әдістемесінің  пайда болуына мүмкіндік береді. ; Т.А. Кувалдина информатика мазмұнының (мектеп информатикасы мысалында) моделін құруды тезаурустық -  әдіс және желілік модельдеу негізінде қарастырады. Бұл, модел жалпы білім беретін мектепті бітірушінің информатика пәні бойынша білімін бейнелейді. Автор мазмұнды сұрыптау мәселесінің оқыту теориясы мен практикасының негізгі мәселесі ретінде болғандығын және болып қала беретіндігін ескерте отырып оқу бағдарламаларының жалпы білім берудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларына жауап бере алатын, әсіресе бұл мәселенің информатиканы оқытудағы өзектілігін баса айтып, біртұтас ғылыми - әдістемелік негізде құрылуы тиіс екендігін көрсетеді.

Информатика мен ақпараттықкоммуникациялық технологияларды оқытудың көпнұсқалылығы қазіргі кезде информатика тілі жасалатын, курстың негізгі түсініктері айқындалатын, оқыту мазмұны мен құрылымы анықталатын курстарды жобалау және іске асыру үдерісіне мүмкіндік береді.

Информатиканы оқыту  нәтижесіне қойылатын талаптардың  өсуі мен оқу және оқу әдістемелік құралдардың жетімсіздігіне байланысты оқыту мазмұнын сұрыптау информатика пәні оқытушылары үшін айтарлықтай өзекті де күрделі мәселе болуда. Аталған мәселенің шешілгіштігінің кілттік жауаптарының бірі информатиканы оқыту курсының мазмұнын моделдеудегі негізгі түсініктерді жүйелеу болып табылады.

Оқу курстарының  мазмұнын моделдеудегі жүйелік тәсіл әртүрлі әдістерді қолдануда   бейнеленеді.   Т.А.Кувалдина   Петри   желісінің   негізінде   желілік модельдеу әдістемесін тезаурустық әдіспен үйлестіріп оқу пәнінің білім қорының тұжырымдамалық моделін ықпалды құрады және тезаурустық әдісті қолданудың ізінде түсініктер жиынын жүйе түрінде, яғни, түсініктер арасындағы қатынастың өзара байланысының сипаты түрінде бейнелеуге болатындығын, түсінікті анықтау толықтығын немесе білім моделінің "тереңдігін" талдаудың ізі болып табылатындығын атап көрсетеді.

   Желілік моделдеу түсініктер жүйесін мақсаттарды бөлу принципін іске кіру моделі, яғни, білімнің тұжырымдамалық моделдері түрінде бейнелеуді қамтамассыз етеді. Білім моделін құру үшін түсініктерді сүрыптау әдісі түсініктер құрамы мен құрылымын ықпалды анықтауға, олардың арасындағы өзара байланысты айқындауға мүмкіндік береді. Жасалған әдістемеде пайдаланылған формалды – логикалық сүлбелер немесе түсініктердің модельдік құрылымдары түсініктер құрылымын талдаудың ықпалды әдістемелік ортасын, және түсініктерді жүйелеуді бейнелейді.

Мазмұн көлемін бейнелеу үшін тезаурустық әдісті (мәні жүйелік болып табылатын) педагогикалық ақпаратгықкоммуникаицялық ортада студенттерде тұлғалық тезаурус қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың қолданылу  мүмкіндіктерін   зерттеуде   Л.Ю.   Монахова да   қолданады.   Зерттеуші тезаумент түсінігін енгізеуді: "Тезаумент - жеке адамның танымында нақ осы мезетте пәндік аймаққа сәйкес ықпалды пайдаланылатын білімдердің, біліктіліктердің және дағдылардың артық қорын құрайтын оған белгіленген тұлғалық тезаурустың бейнеленуі" танылады...

Л.Ю. Монахова; білім берудің негізгі міндеті студенттің сәйкес гылыми тезаурусқа  барабар тезаументін қадыптастыруда дец санап, келесі анықтаманы ұсынады: "Ғылыми тезаурус - ғылыми пәндік аймақтың қазіргі кездегі арнайы қатынастарға сәйкес семантикалық құрылымданып, синтаксистік детерминделген ашық       ақпараттық негізі деген анықтаманы ұсынады.

Тұлғалық тезаурус - қарастырылатын пәндік аймақты функциялау және тиімді бағдарлау мақсатында жеке тұлғаның меңгеруіне белгіленген, ғыными тезаурусқа сәйкес келетін логикалық тұйық ішкі жиындар .

Таным модельдердің дәстүрлі әдістерінің қазіргі заманғы  жаңаруында толығырақ іске асырылады  деп қорытында жасайтын Е.А. Кашина, жүйелік тәсілді информатиканы оқыту үдерісінің мазмұны мен құрылымына қолданады.

Модельдер әдісі  келесі міндеттерді бөліп көрсетіп, информатиканың интеграцияланған  міндеттерінін графигін құруға мүмкіндік береді:

  • дүниетанымдық;
  • әдіснамалық;

          - қолданбалы.

Әрбір міндет түрлерінің мазмұнын бөліп, олардың жалпы құрылымындағы модель мазмұны мен дидактикалық принциптерді іске асыратын өзара байланысын көрсетуге болады.

  • жүйелілік принципі;
  • белсенділік (өз бетінділік) принципі;

         - қиындықты сатылық бөлу принципі;

         - теория мен практиканың байланысы принципі.

Аталған тәсіл ойлау  қызметтерінің төмендегідей тәсілдерін үйренуді қарастырады:

  • заңдылықтарды іздеу;
  • аналогтық ойлау;

-объектілер  мен түсініктер арасындағы иеархиялық тәуелділіктерді іздеу классификация);

  • салыстыру;
  • жалпыны табу;
  • дербесті бөлу;
  • логикалық ойлау қорытындыларын кұру.

Аталған сапаларға ие болу, әcіресе ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдануда маңызды, "... дамыған ақыл-ой барлық кезде ешқандай оқыту жағдайы мүмкін емес уақытта да өмір сүруге қажетті мәліметтерді табуға ие болады. Талқылай білетін адам барлық уақытта пайдалы, ұмытуға болмайтын және ескіруі мүмкін емес мәліметтерді табу қаруына ие болады"

Маманның  дайындық сапасы тікелей оқыту мазмұнының оңтайлылығына, оқыту үдерісін ұйымдастыруға, оқу сабақтарын өткізу формалары мен әдістеріне тәуелді. "Оқыту мазмұны" термині көптеген гылыми көздер арқылы жаңарып отыратын "оқыту" мен "мазмұн" түсініктерінің арасындағы үздіксіз байланысты біріктіреді.

Жүйелік тәсіл оқыту мазмұны арқылы оқу сабақтарын, оқыту үдерісін, оқу сабақтарын жүргізудің формалары мен әдістерін жобалап, барлық қажетті және принципиальды мәнді компоненттерді оңтайлы есепке алуға мүмкіндік береді.

З.Ф. Мазур жүйелік  тәсілді морфологиялық талдау және жалпылау мақсатында пайдаланып, оқу сабақтарын жобалаудың автоматтандырылған жүйесін ұсынады. Автор ұсынысының негізгі идеясы педагогикалық ғылым оқу сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізудің көптеген әдістері мен тәсілдеріне ие, бірақ нақты педагогтың мүмкіндіктері шектеулі, оқу сабақтарын жобалаудың автоматтандырынған жүйесін құруды негіздеуге саяды.

"Жобалауды оңтайландыру  математикальік моделі келееі  табысты оқыту формуласымен өрнектелуі мүмкін көпфакторлы мәселе болын табылады:

U=f(С, О,М,Ғ,S,UO,UU,PU,MS, LU, PF).

мұндағы С - оқыту  мақсаты; О - білім беру мазмұны; М - оқыту  әдістері; Ғ -оқытудың ұйымдастырылған формалары; S - оқыту ортасы; UO - оқыту шарты; UU- меңгеру деңгейі; РU- оқытушының кәсіпқойлығы; МS - оқушылардың моивациялық ортасы; LU - мұғалімнің жеке сапалары; РҒ - оқушылардың психологиялық - физиологиялық ерекшеліктері"

Қазіргі заманғы  зерттеулерде модельдеу (оқыту мазмұны, оқыту формалары және т.с.с.) негізгі орындардың бірін иемденеді. Көптеген ғалымдар таным модельдердің дәcтүрлі әдістерінің уақытқа байланысты жаңаруында және модельдеудің жаңа формаларында жүйелік талдау элементтерін қолдануда толығырақ іске асырылады деп санайды.

Кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» арнайы курсының мазмұнын  педагогикалық бағыттылық тұрғысында талдай келе оның стандартты олданбалы бағдарламалық орталарға (МS Word, МS Ехсеl, МS Ассеss және тс.с.) негізделетіндігін және педагогикалық қызметке байланысты кейбір мәcелелерді шешуге оқытуға бағдарланғандығын атап өту қажет. Арнайы курстың міндеттері мен мазмұны педагогикалық қызметті ұйымдастыру түрлеріне тәуелді қалыптастырылады.

Кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» арнайы курсының әдістемелік негіздерін жасауды зерттеу және оны жүргізу арнайы курстың 050111 - информатика мамандығы студенттерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыру дайындығы жүйесіндегі мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын және құрылымын анықтайды.Арнайы курс әдістемесі қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланушының міндеттеріне бағдарланған:

  • қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникациялық технологиялармен танысу;
  • студенттерді жаңа технологиялық мәдениетке қатыстыру;
  • болашақ қызметке қызығушылық пен шеберлікті арттыру;
  • студенттің ақпараттық мәдениетінің деңгейін арттыру;

-техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру кешенін қолданудың әдістемесін меңгеру.

Информатиканы оқытуды дифференциациалау мәcелеріне  арналған И.И.Данилинаның зерттеулері, ғалымға кез-келген оқу пәнінің мазмұнын құрастыруда үш аспектіні бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, олар:

  • ғылыми аймақтың оқу пәніне барабар бейнеленуі;
  • оқушылар әрекеті арқылы материалды меңгеруді қамтамасыз ету;
  • оқытылатын материалды игеру сапасы мен деңгейінің құрастырылымдылық тексерілгіштігі.

Аспектілердің мазмұнын аша отырып, И.И.Данилина; олардың біріншісі пән мазмұнын "бастапқы жуықтауда" береді және оқу пәнінде бейнеленген білім жүйесінің аталған аймақтағы ғылыми білімдермен қандай өлшемде сәйкес келетіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Басқа екі аспектіні өз кезектерінде мазмұнды сұрыптау үдерісін бағыттайтын, шектеулер жүйесін құрудың теориялық негізі ретінде қарастыру қажет. Мазмұн моделі "бастапқы жуықтауда" нақты тұрғыда негізгі түсініктер жүйесінде және олардың мазмұндық бағыттардағы  ядросы  болып анықталады".

Информатика курсының негізгі  түсініктерінің қалыптасуы мен дамуы тізбегін ашатын мазмұндық бағыттарын алғаш рет 1988 жылы А.А.Кузнецов бөліп көрсетті және ары қарай А.Г.Гейн, А.И.Сенокосова, және В.Ф.Шолохович еңбектерінде дамытылды.

Информатиканың  салалық курсын оқытуды құрастыру  оқыту салаларына, мазмұндық бағыттарға қатысты инварианттарға негізделуі тиіс. Салалық курс мазмұнын модельдеуді зерттеушілер информатиканың мектеп курсы қорында жүргізеді.

Сала сапасында келесі бағыттар бөлінеді: экологиялық (табиғатты пайдалану міндеттерінде), гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми, физика-математикалық және бағдарламалық бағыттар.

Информация о работе Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері